Об утверждении требований к защите свидетельства о рождении Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 601 қаулысымен бекітілген Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Туу туралы куәлік бланкісінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленуге тиіс.
Тармақ 2
2. Туу туралы куәлік бланкісінде екіжақты мөр болады. Туу туралы куәлік бланкісі қазақтың оюлары, өрнектері қолданылып жасалған (ауданының кемінде 30 %-ы) жиекті рамкадан және тангерлік тордан тұрады.
Тармақ 3
3. Міндетті қорғаныш элементі ретінде биіктігі 250 мкм-ден аспайтын микрошрифт, сондай-ақ гильоштық элементтер пайдаланылады. Графикалық элементтерде сызықтықтан (штрихтік) басқа бейнелік құрылымдар болмайды.
Тармақ 4
4. Туу туралы куәлік бланкісі түпнұсқа сутамғы белгісі, арнайы қорғаныш дақтары бар, ақтығы 94-96 %, құрамында мақта немесе зығыр талшығының мөлшері жоғары сапалы қағазда жасалады, тығыздығы - 100-120 г/м2. Бейнелілігі - мөрдің әр жағында кем дегенде 4 бояу пайдаланылады. Бұл ретте температураның әсерінен өзінің түсі мен қанықтығын өзгертпейтін, түрлі түсті көшірмелеуге кедергі келтіретін пастельді қоспалары бар бояулар пайдаланылуы қажет.
Тармақ 5
5. Туу туралы куәлік бланкісінде қатты мұқаба және сыртында атауы жазылған бумвинилді қаптама болуы, біржақты мөрі бар жапсырылған қосымша парақ болуы тиіс.
Тармақ 6
6. Туу туралы куәлік бланкісінде жеті мәнді нөмір болады.