Облыс сауда мекемелері мен базарларда сатылатын ас тұзының сапасын бақылауды күшейту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс сауда мекемелері мен базарларда сатылатын ас тұзының сапасын бақылауды күшейту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 01.02.2007 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті, стандартқа сәйкес емес тұздарды сату жиіленуіне және тамақ өнімдерінде йодтың жетіспеулігі негізінде аурулар кобеюде әсіресе Республиканың оңтүстік аймақтарында көп тараған және Қазақстан Республикалық "Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі туралы" заңын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, Республикалық мемлекеттік кәсіпорын "Қазақстандық стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы" Қызылорда бөлімшесі (Ә.Әмірғалиев), мемлекеттік қадағалау жөніндегі Қызылорда аумақтық бөлімшесі (Е.Куюков) облыстық санитарлық эпидемиологиялық стансиясы (Е.Қуандықов), "Аралтұз" АҚ (А.Бишеков), облыстық өнеркәсіп және сауда департаменті (С.Мырзашев): -йодталмағон және жасанды тұздарды сатуға тыйым салсын, ас тұзын тарату мен өңдіруде, өндіріс талаптары мен стандарттың орындалуына жүйелі бақылау жүргізуді қамтамасыз етсін; -тұзды міндетті түрде йодтап, ас түзын өндіруді қамтамасыз етіп, бекітілген әдіспен дайын өнімдегі йодтың құрамына өндірістік және лабораториялық бақылау жүргізсін;
Тармақ 2
2. Кеден басқармасы (Қ.Боранбаев) ас тұзының, әкелінуіне және қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттары болуына қатаң бақылау жүргізсін. З. Облыс ірі базарлар егелері "Аралтұз" АҚ сауда нүктелеріне орындарды бөлсін.
Тармақ 4
4. Маркетинг және нарықтық ақпарат, департаменті (Е.Боктүрсынов), облыстық санитарлық эпидемиологиялық стансасы (Е.Қуандықов), РМК "Қазақстан СМСО" Қызылорда облыстық бөлімшесі (Ә.Өміргалиев), облыстық дөнсаулық сақтау басқармасы (Д.Даулетбаев) өндірілетін және сатылатын тұздың сапасы туралы және тұрғындар арасында тамаққа йодталған тұзды қолданудың қажеттігін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұпақты жарнама жүргізіп отырсын.
Тармақ 5
5. Б.Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімнің бірініші орынбасары Т.Кенжебаевқа жүктелсін.