О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оценки имущества Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мүлікті бағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат): 319-баптың 5-тармағындағы "мүлiктi бағалау жөнiндегi мемлекеттiк органның" деген сөздер "мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат): 32-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "мүлікті бағалау жөніндегі мемлекеттік органның" деген сөздер "мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын.