Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного жилищного фонда Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) биометриялық сәйкестендіру – жеке басты физиологиялық және биологиялық өзгермейтін белгілері негізінде сәйкестендіретін шаралар кешені;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тұрғын үй қоры – коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорына не мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорына тиесілі және республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына кіретін тұрғынжайлар;
Тармақша 3
3) коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер;
Тармақша 4
4) мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры – мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы тұрғын үйлер;
Тармақша 5
5) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қарауындағы тұрғын үйлер;
Тармақша 6
6) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй). Модульдік (мобильді) тұрғын үй деп жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұруына арналған және пайдаланылатын объект түсініледі;
Тармақша 7
7) тұрғынжайды жекешелендіру – Заңға сәйкес жүзеге асырылатын, азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды меншігіне сатып алуы;
Тармақша 8
8) қызметтік тұрғынжай – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді ротациялау жүзеге асырылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимі бар тұрғын үй;
Тармақша 9
9) қызметтік тұрғынжайға теңестірілген тұрғынжай – коммуналдық тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан осы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлеріне берілетін тұрғын үй;
Тармақша 10
10) жатақхана – еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе иесімен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын ғимарат;
Тармақша 11
11) тұрғынжайдың қалдық құны – тұрғын үйдің табиғи тозуын шегергендегі тұрғын үйдің бастапқы құны;
Тармақша 12
12) өтініш беруші – осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жекешелендіруге өтініш берген тұлға;
Тармақша 13
13) тұрғынжайды жалдау шарты – оған сәйкес жалдауға беруші жалдаушыға тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін ақы төлеп пайдалану құқығын беретін шарт;
Тармақша 14
14) жалдаушы – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін пайдалануға алушы тарап;
Тармақша 15
15) бюджеттік ұйымдар – мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар;
Тармақша 16
16) ведомстволық тұрғынжай қоры – мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған, тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша ауысу тәртібімен лауазымға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін орындау кезеңінде тұру үшін одан әрі жекешелендіру құқығынсыз беруге арналған қызметтік тұрғынжайлар;
Тармақша 17
17) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімінің веб-порталы) – Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналасқан, тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарттар бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;
Тармақша 18
18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлері, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, егер олар мемлекеттік қызметте, мемлекеттік кәсіпорында немесе бюджеттік ұйымдарда (мемлекеттік сайланбалы қызметте болу мерзімін қоса алғанда) кемінде 10 (он) жыл (жиынтығында) жұмыс істесе, сондай-ақ егер еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:
Тармақша 1
1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;
Тармақша 2
2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;
Тармақша 3
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтiк тұрғынжайларға теңестiрiлген тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендiре алады. Ғарыш қызметі саласында 15 (он бес) жылдан астам жұмыс өтілі бар ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіреді. Қызметтiк тұрғынжайға теңестiрiлген тұрғынжай берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Тармақ 4
4. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары мен судьялар, мемлекеттік қызметте, бюджеттік ұйымдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда немесе судья лауазымында (мемлекеттік сайланбалы қызметте болған мерзімін қоса алғанда) кемінде 10 (он) жыл (жиынтығында) жұмыс істесе, сондай-ақ еңбек қатынастары мынадай:
Тармақша 1
1) ұйымның таратылуы, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына;
Тармақша 2
2) одан әрі жұмыс істеуге кедергі келтіретін сырқатына;
Тармақша 3
3) зейнеткерлікке шығуына;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымында болу мерзімінің аяқталуына байланысты негіздер бойынша тоқтатылса, жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, олар өздері тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіре алады. Қызметтік тұрғынжай берілген жұмыскер қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс істеген мерзіміне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғынжай берілген Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар қызметтік тұрғынжайда кемінде 5 (бес) жыл тұрған болса, олар өздері тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.
Тармақ 5
5. Еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен 10 (он) жыл және одан көп болған құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері немесе әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен немесе әскери қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар өздері тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген тұрғынжайларды немесе жекешелендіруге жататын қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы. Еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен 20 (жиырма) жыл және одан көп болған құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері немесе әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен немесе әскери қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар өздері тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген тұрғынжайларды немесе жекешелендіруге жататын қызметтік тұрғынжайларды өтеусіз жекешелендіруге құқылы. Құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен немесе әскери қызметтен шығарылған, осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде аталған, қызметтік тұрғынжайға теңестірілген немесе қызметтік тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері немесе әскери қызметші қызмет өткеру кезінде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда аталған қаза болған (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелерінің осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтік тұрғынжайға теңестірілген тұрғынжайды немесе қызметтік тұрғынжай алуға және оны өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар.
Тармақ 6
6. Бірнеше жалдаушы тұратын тұрғынжайды барлық жалдаушылардың және олардың кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен ғана жекешелендiруге болады. Бұл жағдайда тұрғын үй барлық жалдаушылардың ортақ үлестiк меншiгiне өтедi.
Тармақ 7
7. Мыналар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды меншігіне өтеусіз алады:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Тұрғынжай берілген Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болған жағдайда оны тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді;
Тармақша 2
2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 3
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;
Тармақша 4
4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 5
5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, басқа кезеңдерде әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған әскери қызметшілер;
Тармақша 6
6) Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 7
7) мыналар: еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен 20 (жиырма) жыл және одан көп болған; еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен 10 (он) жыл және одан көп болған және жасына қарамастан мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) асырап-бағып отырған әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметтен немесе құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар. Әскери қызметтен немесе құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен шығарылған, осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған, тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны өтеусіз жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді;
Тармақша 8
8) өз-өзіне қол жұмсау (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу жағдайларын қоспағанда), қылмыстық құқық бұзушылық жасау, алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес мақсатта тұтыну салдарынан қаза тапқанды (қайтыс болғанды) қоспағанда, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің, құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің отбасы мүшелері;
Тармақша 9
9) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер. Тұрғын үй берілген ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны өтеусіз алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерлеріне ауысады;
Тармақша 10
10) саяси қуғын-сүргіндер құрбандары, сондай-ақ «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақталған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдар.
Тармақ 8
8. Коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін тұрғынжайды жалдаушы Заңда көзделген шарттарда және осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жалдаушы оны кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен және кәмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып жекешелендiреді.
Тармақ 10
10. Мыналар:
Тармақша 1
1) бөлек-бөлек жасалған жалдау шарттарына сәйкес бірнеше жалдаушыға жалға беріліп, осы жалдаушылардың бірі сатып алуды жүзеге асыруға келіспейтін болса;
Тармақша 2
2) уақытша құрылыстардағы;
Тармақша 3
3) белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін;
Тармақша 4
4) одан әрі тұруға жарамсыз болуына байланысты тұрғын емес үй-жайлар етіп қайта жабдықталуға тиіс;
Тармақша 5
5) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасқан;
Тармақша 6
6) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің аумағында орналасқан;
Тармақша 7
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан;
Тармақша 8
8) бұзылуға тиіс;
Тармақша 9
9) ауысу тәртібімен лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңіне ведомстволық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайлар жекешелендірілмейді. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға, оқу кезеңінде студенттерге (курсанттарға, кадеттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға) және оқушыларға берілген төсектік үлгідегі, сондай-ақ бөлме үлгісіндегі тұрғын үй-жайлар да жекешелендірілмейді.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген бір тұрғынжайды ғана жекешелендіруге құқылы, мұның тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруге қатысы жоқ, бұл тетік азаматтың тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асыруынан бас тарту үшін негіз болмайды. Негізгі жалдаушының отбасы мүшесінің бұрын жекешелендірілген тұрғынжайда елу пайыз немесе одан аз үлесінің болуы кейіннен оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асыруына кедергі болмайды.
Тармақ 12
12. Егер Қазақстан Республикасының азаматтары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжайы болса, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы есепке алынбайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемесі болса;
Тармақша 3
3) жекешелендіруге өтініш берген кезге дейін соңғы 5 (бес) жыл ішінде өздеріне меншік құқығында тиесілі болған тұрғынжайды иеліктен шығарса;
Тармақша 4
4) біржолғы тұрғын үй төлемдерін, ақшалай өтемақы алса немесе тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу міндеттемелерін орындаса, олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіре алмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі
Тармақ 13
13. Тұрғынжайды жекешелендіру туралы шешімді мыналар қабылдайды:
Тармақша 1
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан – жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй комиссиялары;
Тармақша 2
2) мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан – мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй комиссиялары;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан – мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары. Тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 14
14. Тұрғынжайды жекешелендіру осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартпен ресімделеді.
Тармақ 15
15. Тұрғынжайды жекешелендіру тәртібімен меншігіне алу үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23983 болып тіркелген) бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалардың (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар) талаптарына сәйкес құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тұрғын үй комиссиясының қарауына ұсынады.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй комиссиялары өтініш беруші осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде дауыс беру жолымен тұрғынжайды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды немесе дәлелді бас тарту туралы шешім шығарады. Құжаттар тұрғын үй комиссиясының қарауына «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылған болса, тұрғын үй комиссиясының құрамы порталда қалыптастырылады. Тұрғын үй комиссиялары дауыс беру және шешім қабылдау үшін тізілімнің веб-порталына кіруді ЭЦҚ-ны пайдалана отырып немесе жеке басын биометриялық сәйкестендіру арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй комиссиясы тұрғынжайды жекешелендіруден Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларда көрсетілген негіздер бойынша дәлелді бас тартады.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй комиссиясы тұрғынжайды жекешелендіру туралы шешім шығарғаннан кейін тұрғынжайды беретін орган тұрғынжайдың қалдық құнын:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк мекемелер «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығына;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк кәсіпорындар Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептейді.
Тармақ 19
19. Жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін тұрғынжайды мемлекеттік кәсіпорындар немесе мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке беру «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 75 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларына (бұдан әрі – Беру қағидалары) сәйкес беру туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде тізілімнің веб-порталын пайдалану арқылы электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы қабылданған шешім туралы және Беру қағидаларына сәйкес ресімделген мүлікті қабылдау-беру актісі (беру актісі) туралы мәліметтерді жұмыс органы тізілімнің веб-порталына тұрғынжайға құқықтар құқықтық кадастрда қайта тіркелген күннен бастап үш күндік мерзімде енгізеді.
Тармақ 21
21. Тұрғынжайды беретін орган жекешелендіруге жататын тұрғынжайды коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстыруды жүзеге асырған кезде сонымен бір мезгілде өтініш берушіге төленуге тиіс сома көрсетілген тұрғынжайдың құны туралы анықтама беріледі.
Тармақ 22
22. Жекешелендіруге жататын тұрғынжай коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып немесе жеке басын биометриялық сәйкестендіру арқылы тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалады. Тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасасудан бас тартылған не оны белгіленген мерзімде жасамаған жағдайда бұрын республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берілген тұрғынжай күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде республикалық меншікке қайтарылуға жатады.
Тармақ 23
23. Тізілімнің веб-порталы арқылы тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалғаннан кейін, осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтініш беруші күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жергілікті бюджетке төленуге тиіс тұрғынжайдың құнын төлейді. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайларды, яғни еңсерілмейтін күш жағдайларын (дүлей апаттар немесе болжап білу немесе алдын алу мүмкін емес өзге жағдайлар), сондай-ақ ұрыс қимылдарын қоспағанда, көрсетілген мерзімде тұрғынжайдың құны төленбеген кезде жергілікті атқарушы орган тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзады, оны бұзғанға дейін өтініш берушіні кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар етеді. Тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт бұзылған кезде күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жергілікті атқарушы орган немесе мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің әкімшілігі (жалға беруші) мен өтініш беруші (жалдаушы) арасында жазбаша нысанда мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шарты жасалады. Мұндай шарттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды.
Тармақ 24
24. Тұрғынжай меншікке өтеусіз алынған кезде төлем жүргізілмейді.
Тармақ 25
25. Тұрғынжайды жекешелендiретiн өтініш берушілер тұрғынжайдың құнын бөліп төлей алады. Қалдық құны 15 (он бес) миллион теңгеден аз тұрғынжай 10 (он) жылға дейінгі мерзімге бөлiп төлеуге беріледі. Қалдық құны 15 (он бес) миллион теңгеден асатын тұрғынжай 15 (он бес) жылға дейінгі мерзімге бөлiп төлеуге беріледі. Тұрғынжайды жекешелендiретiн өтініш берушілер күнтiзбелiк 30 (отыз) күн iшiнде тұрғынжайды жекешелендiру туралы шартта белгiленген тұрғынжай құнының кемiнде 10 (он) пайызы мөлшерiнде бастапқы жарна енгiзедi. Тұрғынжай құнын бөліп төлеу шарттары мен мерзімдері тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартта көзделеді. Бөліп төлеуді ескергендегі төлемнің жалпы сомасы тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарттың ажырамас қосымшасы болып табылатын тұрғынжайдың құнын төлеу графигінде көрсетіледі. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайларды, яғни еңсерілмейтін күш жағдайларын (дүлей апаттар немесе болжап білу немесе алдын алу мүмкін емес өзге жағдайлар), сондай-ақ ұрыс қимылдарын қоспағанда, көрсетілген мерзімде тұрғынжайдың құны төленбеген кезде жергілікті атқарушы орган тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзады, оны бұзғанға дейін өтініш берушіні кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар етеді. Тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт бұзылған кезде күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жергілікті атқарушы орган немесе мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің әкімшілігі (жалға беруші) және өтініш беруші (жалдаушы) арасында жазбаша нысанда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шарты жасалады. Мұндай шарттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды.
Тармақ 26
26. Тұрғынжайды бөліп төлеу жолымен жекешелендіру туралы шешімді белгіленген тәртіппен алғаннан кейін өтініш берушінің жұмыс орнының өзгеруі оның көрсетілген шешім бойынша тұрғынжайды жекешелендіру құқығын одан әрі іске асыруына әсерін тигізбейді.
Тармақ 27
27. Өтініш берушіден алынған төлемнің сомасы тұрғынжай құнының жартысынан артық болған жағдайды қоспағанда, өтініш беруші тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартта көзделген төлем графигі бойынша тұрғынжайдың құнын 6 (алты) ай қатарынан төлемеген жағдайда жергілікті атқарушы орган тұрғынжайды жекешелендiру туралы шартты бiржақты тәртiппен бұзады, оны бұзғанға дейін өтініш берушіні кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар етеді. Тұрғынжайдың құнының жартысынан көбін төлеген өтініш беруші график бойынша тұрғынжай құнын 6 (алты) ай бойы төлемеген жағдайда жергілікті атқарушы орган тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартты бұзбай, берешекті сот тәртібімен өндіріп алады.
Тармақ 28
28. Тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт өзінің бастамасы бойынша бұзылған кезде не төлем графигі бойынша тұрғынжай құны 6 (алты) ай қатарынан төленбеген жағдайда тұрғынжайдың құнын өтеу үшін енгізілген сома өтініш иесіне қайтарылады, одан тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалып, ол бұзылғанға дейінгі уақыт аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлем сомасы шегеріледі. Бұл сома жеткіліксіз болған кезде өтініш иесі тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалып, ол бұзылғанға дейінгі уақыт аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлем сомасындағы айырманы өтейді. Өтініш берушімен тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт бұзылған кезде бұрын республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берілген тұрғынжай күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде республикалық меншікке қайтарылады.
Тармақ 29
29. Тұрғынжайды жекешелендіру шарты екі данада жасалады, оның біреуі жергілікті атқарушы органда сақталады, екінші өтініш берушіге беріледі. __________________________________
Басқа 2. Тұрғынжайды жекешелендіру туралы № ____ үлгі шарт
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларына қосымша Тұрғынжайды жекешелендіру туралы № ____ үлгі шарт 20__ жылғы «___» ____________ __________________________________________________________________________________________ (әкімшілік-аумақтық бірліктің және елді мекеннің атауы) ___________________________________________________________________________________атынан (жергілікті атқарушы органның атауы) бұдан әрі «Меншік иесінің өкілі» деп аталатын __________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын азамат __________________________________________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – «Тараптар» аталып) төмендегілер туралы осы шартты жасасты.
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың мәні
1-тарау. Шарттың мәні
Тармақ 1.1
1.1. (Бұл тармақ тұрғынжайды оның құнын өтеп алған жағдайда толтырылады).
Тармақша 1
1) мына мекенжай бойынша орналасқан: _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________; тұрғынжайға меншік құқығын Меншік иесінің өкілі береді, ал Сатып алушы және онымен үнемі бiрге тұратын, оның ішінде уақытша тұрмайтын отбасы мүшелерi _______________________________________________________________________________________ (отбасы мүшелерінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) оның құнын 20__ жылғы «___» _________ дейін төлейді (тұрғынжай құны бөліп төленген жағдайда төлем осы шартқа қосымшаға сәйкес тұрғынжай құнын төлеу графигі бойынша жүргізіледі) және оны бірлескен ортақ меншікке алады;
Тармақша 2
2) тұрғынжай: жалпы ауданы _____________ м2, оның ішінде тұрғын ауданы _____________ м2, тұрғын емес ауданы _____________м2;
Тармақша 3
3) тұрғынжайды меншігіне алған соң кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлес Сатып алушыға өтеді; 4) тұрғынжай құны ____________________________________________ теңге сомасында деп белгіленеді; (цифрлармен және жазумен) 5) Сатып алушы тұрғынжай құнын ___________________________________________ теңге сомасында (цифрлармен және жазумен) күнтізбелік отыз күн ішінде төлейді, бұл 20__ жылғы «__» _____ № ____ ______________________________________________ (түбіртек, шот-фактура немесе төлем туралы чек) құжатпен расталады не осы шартқа қосымшаға сәйкес тұрғынжай құнын төлеу графигі бойынша тұрғынжай құнын _______ жылға дейінгі мерзіммен бөліп төлейді;
Тармақша 6
6) тұрғынжайға меншiк құқығы ол тіркеу органында тіркелген күнінен бастап туындайды. Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тұрғынжай құнының толық төленуі тұрғынжайға меншiк құқығының туындауы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 1.2
1.2. (Бұл тармақ тұрғынжай өтеусіз берілген жағдайда толтырылады).
Тармақша 1
1) мына мекенжай бойынша орналасқан: ____________________________ тұрғынжайға меншік құқығын Меншік иесінің өкілі береді, ал Сатып алушы және онымен үнемі бiрге тұратын, оның ішінде уақытша тұрмайтын отбасы мүшелері ___________________________________________ (отбасы мүшелерінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ортақ бірлескен жеке меншікке алады;
Тармақша 2
2) тұрғынжай: жалпы ауданы _____________ м2, оның ішінде тұрғын ауданы _____________ м2, тұрғын емес ауданы _____________ м2;
Тармақша 3
3) тұрғынжайды меншігіне алған соң кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлес Сатып алушыға өтеді; 4) тұрғынжай құны ________________________________________________ теңге сомасында белгіленеді; (цифрлармен және жазумен)
Тармақша 5
5) тұрғынжайға меншiк құқығы ол тіркеу органында тіркелген күнінен бастап пайда болады. Осы Шартқа Тараптардың қол қоюы тұрғынжайға меншік құқығының пайда болуына негіз болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 2.1
2.1. Меншік иесінің өкілі:
Тармақша 1
1) Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайларды, яғни еңсерілмейтін күш жағдайларын (дүлей апаттар немесе болжап білу немесе алдын алу мүмкін емес өзге жағдайлар), сондай-ақ ұрыс қимылдарын қоспағанда, өтініш беруші тұрғынжайдың құнын төлем графигі бойынша төлемеген жағдайда жергілікті атқарушы орган тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзады, оны бұзғанға дейін өтініш берушіні кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар етеді.
Тармақша 2
2) осы шарт бойынша төлемнің уақтылы және толық аударылуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2.2
2.2. Сатып алушы:
Тармақша 1
1) тұрғынжайдың толық құнын төлеп не тұрғынжайды оның құнын өтеп алатын болса, ____________________жыл мерзімге дейін бөліп төлеу арқылы жекешелендіруге; (бөліп төлеу мерзімі көрсетіледі)
Тармақша 2
2) тұрғынжай оның құны бөліп төлеу арқылы өтеліп алынатын болса, жекешелендірілетін тұрғынжай құнын мерзімінен бұрын өтеуге;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды пайдаланғаны үшін Меншік иесінің өкіліне тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалған және ол бұзылғанға дейінгі уақыт аралығындағы төлем сомасын өтеп, өз бастамасымен осы шартты бұзуға құқылы.
Тармақ 2.3
2.3. Меншік иесінің өкілі: 1) осы шарт бойынша, оның ішінде _____________ жылға дейін бөліп төлеу тәртібімен тұрғынжай құнының (бөліп төлеу мерзімі) төлемін қабылдауға;
Тармақша 2
2) тұрғынжайды жекешелендіру туралы тұрғынжай құнын бөліп төлеу көзделетін шарт бұзылатын болса, тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалған және ол бұзылғанға дейінгі уақыт аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төленетін соманы шегеріп, тұрғынжай құнын өтеу үшін енгізілген соманы тұрғынжайды жекешелендіретін азаматтарға қайтаруға;
Тармақша 3
3) тұрғынжайдың құны толық төленетін болса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, Сатып алушы тұрып жатқан тұрғынжайды оның меншігіне беруге (тұрғынжай оның құны өтеліп Сатып алынатын болса);
Тармақша 4
4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, Сатып алушы тұрып жатқан тұрғынжайды оның меншігіне беруге (тұрғын үй өтеусіз алынатын болса) міндетті.
Тармақ 2.4
2.4. Сатып алушы:
Тармақша 1
1) тұрғынжайды оның құнын өтеп алған кезде тұрғынжай құнын күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде төлеуге;
Тармақша 2
2) тұрғынжайды оның құнын бөліп төлеу арқылы өтеп алған кезде күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы шартта белгіленген тұрғынжай құнының 10 (он) пайызынан кем болмайтын мөлшерде бастапқы жарна енгізуге, сондай-ақ осы шартқа қосымшаға сәйкес тұрғынжай құнын төлеу графигі бойынша тұрғынжай құнын төлеуге;
Тармақша 3
3) осы шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға бермеуге;
Тармақша 4
4) Меншік иесінің өкілі сұратқан кезде тұрғынжай құнының төленгенін растайтын құжаттарды ұсынуға;
Тармақша 5
5) тұрғынжайды өтеусіз алған кезде тұрғынжайды меншікке қабылдауға;
Тармақша 6
6) тұрғынжайды оның құнын өтеп алған кезде тұрғынжай құнын толық төлегеннен кейін тұрғынжайды меншігіне қабылдауға міндетті.
Тарау 3. 3-тарау. Басқа шарттар
3-тарау. Басқа шарттар
Тармақ 3.1
3.1. Осы шарт Сатып алушы, Меншік иесінің өкілі үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды және ол Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
Тарау 4. 4- тарау. Тараптардың деректемелері мен қолдары
4- тарау. Тараптардың деректемелері мен қолдары Меншік иесінің өкілі Сатып алушы ___________________________ ________________________ ___________________________ ________________________ ___________________________ ________________________ (деректемелері), мөр орны (бар болса) (деректемелері) __________________________
Басқа 3. Тұрғынжай құнын төлеу графигі
Тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартқа қосымша Тұрғынжай құнын төлеу графигі Р/с № Тө­ле­не­тін со­ма (тең­ге­мен) Тө­ле­удің ти­іс­ті мер­зі­мі (кү­ні, айы, жы­лы) Тө­ле­удің нақ­ты мер­зі­мі (тө­лем­ді рас­тай­тын тү­бір­тек­тің неме­се құ­жат­тың нө­мі­рін көр­се­тіп) 1 20 жы­л­ғы « » қаң­тар 20 жы­л­ғы « » № 2 20 жы­л­ғы « » ақ­пан 20 жы­л­ғы « » № 3 20 жы­л­ғы « » на­урыз 20 жы­л­ғы « » № __________________________
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақ КСР мемлекеттік меншiкті жекешелендірудің купондық тетігі туралы ережені іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 5 қарашадағы № 667 қаулысы.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 24 қаңтардағы № 66 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 3, 48-құжат).
Тармақ 3
3. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан сатып алған тұрғын үйге азаматтардың меншік құқығын ресімдеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 3 ақпандағы № 87 қаулысы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 шілдедегі № 610 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 29, 431-құжат).
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 қазандағы № 1043 қаулысы.
Тармақ 6
6. «Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы ережеге толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қарашадағы № 1143 қаулысы.
Тармақ 7
7. «1992 жылғы 1 қаңтардан кейiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiрудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қаңтардағы № 2 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 1, 4-құжат).
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы № 31 қаулысы.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, күшi жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қаңтардағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 6, 26-құжат).
Тармақ 10
10. «Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын және Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттiк органның орталық аппараты қызметкерiнiң өзi тұрып жатқан қызметтiкке теңестiрiлген тұрғын үйдi сатып алу шартының нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулысы.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 тамыздағы № 738 қаулысы.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 27 тамыздағы № 810 қаулысы.
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 24 шілдедегі № 1173 және 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қарашадағы № 1148 қаулысының 2-тармағы.
Тармақ 14
14. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 24 маусымдағы № 592 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 1317 қаулысы.
Тармақ 15
15. «Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараты қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 1316 қаулысы.
Тармақ 16
16. «Мемлекеттік тұрғын үй қорының жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендіру мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қазандағы № 1560 қаулысы.
Тармақ 17
17. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 шілдедегі № 421 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 сәуірдегі № 567 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 15, 200-құжат).
Тармақ 18
18. «Астана қаласында орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлері үшін тұрғын үй салуға үлестік қатысуға және сатып алуға бөлінетін қаражатты пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 294 қаулысының 2-тармағының 4) тармақшасы.
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына 2-қосымша Қызмет бабында пайдалану үшін