О Национальной палате предпринимателей Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына және қызметіне, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Бизнеске арналған үкімет» веб-порталы – жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларына, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе;
Тармақша 1-1
Тармақша 1-2
1-2) кәсіпкерлік субъектілері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата) – Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің (бұдан әрі – қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 3
3) қоғамдық мониторинг – Ұлттық палатаның ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және қорыту, оның ішінде шешілуіне нормативтік құқықтық акт бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу дәрежесіне қол жеткізуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жағдайына оның әсерін бағалау жөніндегі қызметі;
Тармақша 4
4) міндетті мүшелік жарналар – кәсіпкерлік субъектілерінің осы Заңға сәйкес белгіленген тәртіппен және мөлшерде Ұлттық палатаға төлейтін жыл сайынғы жарналары; 4-1) сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесі – сатып алудың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған ақпараттық жүйе;
Тармақша 4-2
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 391-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 6
6) Ұлттық палата жүйесіндегі аккредиттеу – қауымдастықтардың (одақтардың), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың Ұлттық палатаның басқару органдарында және жұмыс органдарында кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдірудің белгіленген критерийлеріне сәйкестігін Ұлттық палатаның тануы;
Тармақша 7
7) "Іскерлік ахуал" рейтингі – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жұмысының нәтижелерін бағалау және салыстыру үшін жүргізілетін, нормативтік құқықтық актілер мен реттеу құралдарының реттеушілік ықпалын жария талдау, сондай-ақ қалыптасқан құқық қолдану практикасын талдау нәтижелеріне негізделген кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын тәуелсіз зерттеу.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Ұлттық палатаның мақсаты, міндеттері және жүйесі
3-бап. Ұлттық палатаның мақсаты, міндеттері және жүйесі
Тармақ 1
1. Ұлттық палатаны құрудың мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру болып табылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық палатаның міндеттері:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау;
Тармақша 3
3) кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
Тармақ 3
3. Ұлттық палата жүйесіне:
Тармақша 1
1) республикалық деңгейде: Ұлттық палата; Ұлттық палатада аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар;
Тармақша 2
2) аумақтық деңгейде: астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар кәсіпкерлерінің палаталары (бұдан әрі – өңірлік палаталар); өңірлік палаталарда аккредиттелген өңірлік салааралық, өңірлік салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің өңірлік қауымдастықтары (одақтары); өңірлік палаталарда аккредиттелген астананың, облыстардың және республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың кәсіпкерлік қызмет саласындағы қауымдастықтары (одақтары), өзін-өзі реттейтін ұйымдары; өңірлік палаталарда аккредиттелген аудандардағы, аудандық маңызы бар қалалардағы қауымдастықтар (одақтар), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар;
Тармақша 3
3) қалалық және аудандық деңгейлерде: астананың, тиісті облыстардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың аудандарындағы, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы өңірлік палаталардың филиалдары (бұдан әрі – өңірлік палаталардың филиалдары);
Тармақша 4
4) осы Заңның мақсаттарын іске асыру үшін құрылған, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалар;
Тармақша 5
5) Ұлттық палатаның шет мемлекет аумағындағы филиалдары мен өкілдіктері кіреді.
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Бап 4. 4-бап. Ұлттық палата қызметінің қағидаттары
4-бап. Ұлттық палата қызметінің қағидаттары
Тармақ 1
1. Ұлттық палатаның қызметі мынадай:
Тармақша 1
1) дербестік;
Тармақша 2
2) барлық кәсіпкерлік субъектілерінің тең құқылығы;
Тармақша 3
3) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына қайшы келмейтін шешімдерді қабылдау;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 5
5) қызметінің ашықтығы, өз мүшелері алдында есеп берушілік, жауаптылық;
Тармақша 6
6) шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы тиімділік, жүйелілік және жеделдік;
Тармақша 7
7) салааралық, салалық және өңірлік қауымдастықтарды (одақтарды) дамыту;
Тармақша 8
8) бизнестің әлеуметтік жауаптылығы;
Тармақша 9
9) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал жасау;
Тармақша 10
10) қоғам мен кәсіпкерлік мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
Тармақ 2
2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, Ұлттық палата, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге коммерциялық емес ұйымдарға міндетті түрде мүше болу белгіленген кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген (есептік тіркеуден өткен) кәсіпкерлік субъектілерінің оған мүше болуының міндеттілігі қағидаты бойынша құрылады. Міндетті мүшелікке негізделген, кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) болып табылатын кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік субъектілерінің Ұлттық палатаға мүше болуының міндеттілігі қағидаты қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІМЕН, МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН, ҚАУЫМДАСТЫҚТАРМЕН (ОДАҚТАРМЕН), ҰЛТТЫҚ ПАЛАТА ҚҰРЫЛТАЙШЫ РЕТІНДЕ ҚАТЫСАТЫН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІМЕН, МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН, ҚАУЫМДАСТЫҚТАРМЕН (ОДАҚТАРМЕН), ҰЛТТЫҚ ПАЛАТА ҚҰРЫЛТАЙШЫ РЕТІНДЕ ҚАТЫСАТЫН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ
Бап 5. 5-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметімен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл
5-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметімен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл
Тармақ 1
Тармақ 1-1
1-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерін бекітеді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық палатаның өзара іс-қимылы оны құру мақсатына және оның міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған.
Тармақ 3
3. Ұлттық палатаның Қазақстан Республикасының Үкіметімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы осы Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде және өзара іс-қимыл туралы келісімде айқындалған тәртіппен:
Тармақша 1
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;
Тармақша 1-1
1-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеуге және оларға сараптама жасауға Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;
Тармақша 2
2) Ұлттық палатаның орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен консультациялық-кеңесші органдарды құруы нысанында;
Тармақша 3
3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанынан кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын мәселелер бойынша құрылатын консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;
Тармақша 4
4) Ұлттық палатаны құрудың мақсатын, оның міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар Ұлттық палатаның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ұсынуға міндетті.
Бап 6. 6-бап. Ұлттық палатаның қауымдастықтармен (одақтармен)және кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимылы
6-бап. Ұлттық палатаның қауымдастықтармен (одақтармен)және кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Ұлттық палата осы Заңда белгіленген мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді шешу үшін қауымдастықтармен (одақтармен), оның ішінде кәсіпкерлердің салалық, салааралық, өңірлік қауымдастықтарымен (одақтарымен), шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік жөніндегі қауымдастықтармен (одақтармен), сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, өз мүшелерінің (қатысушыларының) мүдделерін білдіретін қауымдастықтар (одақтар), өзін-өзі реттейтін ұйымдар:
Тармақша 1
1) Ұлттық палата төралқасында көзделген тәртіппен Ұлттық палата жүйесінде аккредиттеуден өтуге;
Тармақша 2
2) Ұлттық палатаның қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) Ұлттық палата тарапынан кәсіптік қолдауды, сондай-ақ оның жарғысында көзделген көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;
Тармақша 4
4) Ұлттық палатаға жазбаша сұрау салу арқылы өтініш жасауға және дәлелді жауаптар алуға;
Тармақша 5
5) өз өкілдерін Ұлттық палата ұйымдастыратын оқытуға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберуге;
Тармақша 6
6) білікті ақпараттық-талдамалық қолдау алуға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, Ұлттық палатада аккредиттеуден өткен қауымдастықтар (одақтар) және өзін-өзі реттейтін ұйымдар осы Заңда белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Ұлттық палата съезінің;
Тармақша 2
2) Ұлттық палата төралқасының;
Тармақша 3
3) Ұлттық палата төралқасы комитеттерінің жұмысына қатысуға құқылы. Міндетті мүшелікке негізделген, кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар аккредиттеу үшін белгіленген өлшемшарттарға сәйкестікке тексерілусіз Ұлттық палатада аккредиттеуді алады.
Тармақ 4
4. Ұлттық палата осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген функцияларды жүзеге асыруға Ұлттық палатада аккредиттелген қауымдастықтарды (одақтарды) және өзін-өзі реттейтін ұйымдарды шарттық негізде тартуға құқылы.
Тармақ 5
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастықтар (одақтар) және өзін-өзі реттейтін ұйымдар осы Заңда белгіленген тәртіппен өңірлік кеңестер құрамына кандидаттар ұсынуға құқылы.
Тармақ 6
6. Өңірлік палаталар өңірлік палатаның жарғысында белгіленген өз құзыреті шеңберінде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген функцияларды жүзеге асыруға өңірлік палатада аккредиттелген қауымдастықтарды (одақтарды) және өзін-өзі реттейтін ұйымдарды шарттық негізде тартуға құқылы.
Тармақ 7
7. Ұлттық палата осы баптың 1-тармағында көрсетілген өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды, оның ішінде:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын әзірлеуге жәрдемдеседі, сондай-ақ міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарына қорытынды ұсынады;
Тармақша 2
2) Ұлттық палатаға келіп түсетін, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және олардың мүшелерінің (қатысушыларының) қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға сараптама жүргізу үшін жібереді;
Тармақша 3
3) кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің міндетті мүшелігіне (қатысуына) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілген кезде, реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген реттеушілік әсерді талдау түйіндерімен келіспеген жағдайда реттеушілік әсерге балама талдау жүргізеді;
Тармақша 4
4) кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) арасында, сондай-ақ олар мен өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар, өзге де тұлғалар арасында туындайтын дауларды шешу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аралық сот пен төрелік қызметтерін көрсетеді.
Бап 7. 7-бап. Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалармен Ұлттық палатаның өзара іс-қимылы
7-бап. Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалармен Ұлттық палатаның өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Осы Заңда белгіленген мақсаттарда Ұлттық палата Ұлттық палатаның жүйесіне кіретін заңды тұлғаларды құруға құқылы.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың мақсаттарын, міндеттерін және қызмет түрлерін Ұлттық палата айқындайды.
Тарау 3. 3-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
3-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
Бап 8. 8-бап. Ұлттық палатаның функцияларын жүзеге асыру тәртібі
8-бап. Ұлттық палатаның функцияларын жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 1
1. Ұлттық палата осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Ұлттық палатаның осы Заңда көзделген жүйесі ескеріле отырып:
Тармақша 1
1) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген, республикалық деңгейде іске асырылатын және Қазақстан Республикасының Құрылтайымен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен, орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды болжайтын функцияларды Ұлттық палата жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген, аумақтық деңгейде іске асырылатын және жергілікті өкiлдi және атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылды болжайтын функцияларды өңірлік палаталар жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген, халықаралық деңгейде іске асырылатын және шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды болжайтын функцияларды, сондай-ақ кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметінің дамуына жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі функцияларды Ұлттық палата, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағындағы филиалдары мен өкілдіктері арқылы және (немесе) ол құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлға жүзеге асырады.
Бап 9. 9-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау жөніндегі функциялары
9-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау жөніндегі функциялары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 13-тарауында көзделген әлеуметтік әріптестік жүйесінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қоспағанда, Ұлттық палата осы Заңға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Ұлттық палатаның жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттерде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді, қорғайды.
Тармақ 2
2. Ұлттық палата:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметінде, Қазақстан Республикасының Құрылтайында және басқа да мемлекеттік органдарда кәсіпкерлік мүдделерін білдіреді;
Тармақша 2
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 3
3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарына, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларына міндетті сараптаманы жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) қаржы ұйымдарының қызметі мен қаржы нарығын мемлекеттік реттеу функцияларын қоспағанда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік қызмет саласындағы функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді жүзеге асырады;
Тармақша 4-1
4-1) Ұлттық палатада аккредиттелген кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді;
Тармақша 4-2
4-2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін жыл сайынғы негізде іріктеуді жүзеге асырады;
Тармақша 4-3
4-3) кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша ұсыныстарын жинауды, талдауды және жариялауды жүзеге асырады;
Тармақша 4-4
4-4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізуге қатысады;
Тармақша 4-5
4-5) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының сапасыз жүзеге асырылуы туралы мәселелерді қарауға қатысады;
Тармақша 5
5) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанынан кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын мәселелер бойынша құрылатын алқалы консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына қатысады;
Тармақша 6
6) "Төрелік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төрелікті құрады.
Тармақша 7
7) кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
Тармақ 3
3. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар осы Заңда және Ұлттық палатаның жарғысында көзделген тәртіппен өткізіледі. Қоғамдық тыңдауларға Қазақстан Республикасы Құрылтайының және жергілікті өкілді органдардың депутаттары, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қоғамдық тыңдауларға Ұлттық палата төралқасының шақыруымен қатысады.
Бап 10. 10-бап. Ұлттық палатаның қоғамдық мониторинг саласындағы функциялары
10-бап. Ұлттық палатаның қоғамдық мониторинг саласындағы функциялары
Тармақ 1
1. Ұлттық палата:
Тармақша 1
1) қоғамдық мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік мәселелері бойынша қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды енгізеді;
Тармақша 3
3) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқару тиімділігіне бағалау жүргізуге қатысады.
Тармақ 2
2. Ұлттық палата "Іскерлік ахуал" тәуелсіз рейтингін дайындауды және жүргізуді тұрақты негізде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Ұлттық палата Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Ұлттық палата мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауы туралы ақпаратты жинауды, қорытуды және талдауды тұрақты негізде жүргізеді. Жүргізілген талдау нәтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметіне және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі. Жылдық қорытындылар бойынша жүргізілген талдау нәтижелері Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама құрамында Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізіледі.
Бап 11. 11-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлікті қолдауды және дамытуды ұйымдастыру саласындағы функциялары
11-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлікті қолдауды және дамытуды ұйымдастыру саласындағы функциялары
Тармақ 1
1. Ұлттық палата нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен:
Тармақша 1
1) арнайы экономикалық аймақтарды басқаруға қатысады;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) корпоративтік басқарудың практикасын талдауды және қорытуды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсты және "Қазақстанның үздік тауары" көрме-конкурсын ұйымдастырады және өткізеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарға индустриялық аймақтар құру мәселелері бойынша қорытындыға қатысады және береді.
Тармақ 1-1
1-1. Ұлттық палата:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген кәсіпкерлерді сервистік қолдауды қоса алғанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғаларды және кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық емес қолдау операторының функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген Қазақстанда шығарылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын дамыту және ілгерілету жүйесі операторының функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) кәсіпкерлерді оқытуды ұйымдастырады, сондай-ақ оларға бизнесті ашу және жүргізу жөнінде консалтингтік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 3-1
3-1) импорттаушы ел өкілдерінің карантинді объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған карантинге жатқызылған объектілерге, аймақтарға, орындарға, өндіріс учаскелеріне инспекциялау жүргізуін ұйымдастыру бөлігінде оператордың функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 3-2
3-2) импорттаушы ел өкілдерінің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын жүзеге асыру мақсатында жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға инспекциялау жүргізуін ұйымдастыру бөлігінде оператордың функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) стандарттар мен техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысады.
Тармақша 5
Тармақ 2
2. Ұлттық палата уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық отын-энергетика баланстарын әзірлеуіне, экономика салаларында шикiзат пен тауарлардың өткізілуі мен тұтынылуына қатысады.
Тармақ 3
3. Ұлттық палата кәсіпкерлік субъектілері үшін бірыңғай интернет-порталды және «Бизнеске арналған үкімет» веб-порталын құрады және оларды қолдауды, әкімшілендіруді және дамытуды жүзеге асырады.
Бап 12. 12-бап. Ұлттық палатаның отандық өндірісті қолдау және елішілік құндылық үлесін арттыру саласындағы функциялары
12-бап. Ұлттық палатаның отандық өндірісті қолдау және елішілік құндылық үлесін арттыру саласындағы функциялары
Тармақ 1
1. Ұлттық палата нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен отандық өндірісті қолдау және сатып алудағы елішілік құндылық үлесін арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға қатысады, оның ішінде:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) уәкілетті ұйымдар ұсынатын, жыл сайынғы, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүргізілген, жүргізілетін және жоспарланып отырған сатып алу туралы мәліметтер мен ақпаратты талдау және мониторинг жүргізу үшін жинауды, өңдеуді және қорытуды жүзеге асырады;
Тармақша 2-1
2-1) көмірсутектер, уран өндіру және пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органдармен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 39-1-бабында көзделген кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасады, сондай-ақ олардың шарттарының орындалуын мониторингтеуді, мониторинг қорытындыларын интернет-ресурстарда жариялауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарығын талдауды, оның ішінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарығы мониторингінің ақпараттық талдамалық жүйесін құруды және жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) сатып алу және елішілік құндылық үлесін арттыру саласында талдамалық зерттеулер жүргізеді;
Тармақша 5
5) сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін құруды, дамытуды, қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және оны қалыптастыру мен жүргізу қағидаларын бекітеді.
Тармақ 2
2. Ұлттық палата жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы елішілік құндылық және аумақтарды әлеуметтік дамыту бөлігіндегі келісімшарттық міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қатысады.
Бап 13. 13-бап. Ұлттық палатаның экономика салаларында мамандарды даярлау, қайта даярлау, олардың кәсіптік біліктілігін арттыру мен тану, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласындағы функциялары
13-бап. Ұлттық палатаның экономика салаларында мамандарды даярлау, қайта даярлау, олардың кәсіптік біліктілігін арттыру мен тану, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласындағы функциялары Ұлттық палата нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен:
Тармақша 1
Тармақша 1-1
Тармақша 2
2) дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға қатысады;
Тармақша 3
3) техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі консультациялық-кеңесші органның жұмысына қатысады;
Тармақша 4
4) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кәсіптік біліктілікті тану саласындағы функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, келісу бойынша мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдарына қатысады;
Тармақша 6
6) экономика салаларындағы еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру үшін ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 7
7) техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрларды даярлау жөніндегі салалық және өңірлік кеңестердің қызметіне қатысады;
Тармақша 8
8) оқу-әдістемелік материалдарды, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 9
9) кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби кадрларға қажеттіліктеріне мониторинг жүргізеді;
Тармақша 10
10) мамандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 11
11) білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарының кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру және біліктілік беру жөніндегі оқу орталықтарын ашуға жәрдемдеседі;
Тармақша 12
Тармақша 13
13) дуальды оқыту туралы шарттар жасасуға жәрдемдеседі;
Тармақша 14
14) жасалған дуальды оқыту туралы шарттардың тізілімін жүргізеді;
Тармақша 15
15) дуальды оқытуға қатысушы кәсіпорындардан (ұйымдардан) тәлімгерлерді оқытуды жүзеге асырады.
Бап 14. 14-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін дамыту, инвестициялар тарту және ұлттық экономиканы әртараптандыру саласындағы функциялары
14-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін дамыту, инвестициялар тарту және ұлттық экономиканы әртараптандыру саласындағы функциялары Ұлттық палата:
Тармақша 1
1) шетелде филиалдар мен өз өкілдіктерін құрады және таратады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес шетелдік ұйымдармен бірлесіп, іскерлік кеңестерді және өзге де консультациялық-кеңесші органдарды құрады;
Тармақша 3
3) өткізілетін халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер, Қазақстан Республикасында өткізілетін ұлттық және өңірлік көрмелер мен жәрмеңкелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын шетелдегі халықаралық көрмелер тізілімін жүргізеді;
Тармақша 4
4) қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлемдік нарықта ілгерілету үшін халықаралық маркетингті және жарнамалық қолдауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша ақпараттық, бағалау, брокерлік, маркетингтік, жарнамалық, аударма және консалтингтік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 6
6) экспорт-импортты реттеу мәселелері бойынша барлық елдердің заңнамалары, өткізілетін жәрмеңкелер, көрмелер, халықаралық тауар айналымы және төлемдер, халықаралық саудаға және шаруашылықішілік қызметке байланысты басқа да мәселелердің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, талдауды және өз мүшелеріне ұсынуды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тауардың шығарылуы туралы сертификатты ресімдеуді, куәландыруды, беруді және оның күшін жоюды жүзеге асырады;
Тармақша 7-1
7-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, тауарларды шығарған елді растау мақсатында әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеуді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесін және тауардың шығу тегін растайтын құжаттарды тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген күннен бастап кемінде үш жыл бойы сақтайды;
Тармақша 9
9) жылына кемінде бір рет кеден ісі саласындағы уәкілетті органға және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды растауға уәкілеттік берілген тұлғалардың мөрлері бедерлерінің, қойылған қолдарының үлгілерін жолдайды;
Тармақша 10
10) тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға тоқсан сайын береді;
Тармақша 11
11) тауардың шығарылған елін айқындау бойынша сараптаманы қоспағанда, тауарларға тәуелсіз сараптамаларды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) кәсіпкерлік субъектілерінің, қаржылық-экономикалық жағдайы кәсіпкерлік қызмет үшін серіктестер ретінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың сенімділік деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін олардың көрсетілген тұлғалармен келісу бойынша жасалған тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды және жүргізеді;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда мәмілелері мен халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес еңсерілмейтін күштің мән-жайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында танылған сауда және порт әдет-ғұрыптарын куәландырады;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес кепіл болады және уақытша әкелу туралы құжаттарды береді;
Тармақша 15
Тармақша 16
16) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен бланкілердің нысандарына және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе әкелу елі (одағы) біржақты тәртіппен белгілеген талаптарға сәйкес тауардың шығарылуы туралы сертификаттардың бланкілерін дайындауды ұйымдастырады;
Тармақша 17
17) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестердің тізілімін жасайды және жүргізеді;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-әріптестер тізілімінің деректерін қорғау үшін құпиялылықты қамтамасыз етеді және қажетті, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды;
Тармақша 19
19) бизнес-әріптестер тізілімінің базасында қызметтер көрсетуді ұсынады. Көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды отандық және шетелдік кәсіпкерлік субъектілеріне, мемлекеттік органдарға және өзге де тұлғаларға ұсыну тәртібін Ұлттық палатаның Съезі айқындайды.
Бап 14-1. 14-1-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің функциялары
14-1-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің функциялары
Тарау 4. 4-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
4-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
Бап 15. 15-бап. Ұлттық палатаны құру ерекшеліктері
15-бап. Ұлттық палатаны құру ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Ұлттық палата коммерциялық емес ұйымның өзге ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады. Ұлттық палата саяси қызметпен айналысуға, саяси партия құруға және саяси партия болып қайта ұйымдастырылуға құқылы емес.
Тармақ 2
2. Ұлттық палата астанада, әрбір облыста және республикалық маңызы бар қалада өңірлік палаталарды құрады. Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың аумағында бір ғана өңірлік палата құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Астанада, тиісті облыстардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың аудандарында, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда өңірлік палатаның филиалдары құрылуы мүмкін.
Бап 16. 16-бап. Ұлттық палатаның мүлкі
16-бап. Ұлттық палатаның мүлкі
Тармақ 1
1. Ұлттық палатаның мүлкі:
Тармақша 1
1) міндетті мүшелік жарналар;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметтерден түсетін түсімдер (кірістер);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да түсімдер есебінен қалыптасуы мүмкін. Ұлттық палатаның осы Заңға сәйкес қалыптастырылған мүлкі оған меншік құқығымен тиесілі болады.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Ұлттық палата құрылтайшыларының Ұлттық палата мүлкіне мүліктік құқықтары болмайды. Ұлттық палатаның құрылтайшылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, Ұлттық палата құрылтайшылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Тармақ 4
4. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік қызметінен түскен кірістер оның мүшелері арасында бөліне алмайды және жарғылық мақсаттарға жұмсалады.
Бап 17. 17-бап. Ұлттық палатаны қайта ұйымдастыру және тарату
17-бап. Ұлттық палатаны қайта ұйымдастыру және тарату Ұлттық палатаны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫ, ӨҢІРЛІК ПАЛАТАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ПАЛАТАЛАРДЫҢ ФИЛИАЛДАРЫН БАСҚАРУ
5-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫ, ӨҢІРЛІК ПАЛАТАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ПАЛАТАЛАРДЫҢ ФИЛИАЛДАРЫН БАСҚАРУ
Бап 18. 18-бап. Ұлттық палатаның, өңірлік палаталардың және өңірлік палаталар филиалдарының басқару органдары
18-бап. Ұлттық палатаның, өңірлік палаталардың және өңірлік палаталар филиалдарының басқару органдары
Тармақ 1
1. Ұлттық палатаның басқару органдары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) съезд – жоғары басқару органы;
Тармақша 2
2) төралқа – басқару органы;
Тармақша 3
3) басқарма – атқарушы орган;
Тармақша 4
4) тексеру комиссиясы – қаржылық-бақылау органы.
Тармақ 2
2. Өңірлік палаталардың және өңірлік палаталар филиалдарының басқару органдары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) өңірлік кеңес – байқаушы орган;
Тармақша 2
2) дирекция – өңірлік палатаның атқарушы органы;
Тармақша 3
3) директор – өңірлік палаталар филиалдарының атқарушы органы. 3. Ұлттық палатада, өңірлік палаталарда өздерінің жарғыларына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Ұлттық палатаның жоғары басқару органындағы және басқару органындағы жұмыс өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Бап 19. 19-бап. Ұлттық палатаның съезі
19-бап. Ұлттық палатаның съезі
Тармақ 1
1. Ұлттық палатаның съезін (бұдан әрі – съезд) Ұлттық палата төралқасының төрағасы басқарады және ол аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтары (одақтары) өкілдерінің және өңірлік кеңестер делегаттарының тең санынан қалыптастырылады.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Съездің айрықша құзыретіне:
Тармақша 1
1) Ұлттық палатаның жарғысын бекіту, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
Тармақша 2
2) Ұлттық палата төралқасының мүшелерін, Ұлттық палатаның тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау және лауазымынан босату;
Тармақша 2-1
Тармақша 3
Тармақша 4
4) Ұлттық палатаның төралқасы мен Ұлттық палата басқармасының есептерін бекіту;
Тармақша 5
5) осы Заңның 29-бабының 2-тармағында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішінде съезд белгілеген сатылауға сәйкес, олар үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерлерін бекіткен міндетті мүшелік жарналар мөлшерін бекіту;
Тармақша 6
6) өңірлік палаталарды қоспағанда, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғаларды құру және тарату туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 7
7) Ұлттық палатаның бюджетін бекіту;
Тармақша 8
8) Ұлттық палатаның тексеру комиссиясының жылдық есебін бекіту;
Тармақша 9
9) шет мемлекеттер аумағында Ұлттық палатаның филиалдары мен өкілдіктерін құру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 10
10) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс Ұлттық палата қызметінің қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті бекіту;
Тармақша 11
11) Ұлттық палата мүшелеріне көрсетілетін тегін қызметтердің тізбесін бекіту;
Тармақша 12
12) міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босату туралы шешім қабылдау жатады.
Тармақ 4
4. Съезд тағайындалған өкілдер мен сайланған делегаттардың жалпы санының қарапайым көпшілігі отырыста болған кезде шешімдер қабылдауға құқылы. Съезде дауыс беру "бір өкіл (делегат) – бір дауыс" қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Дауыс беру көзбе-көз нысанда жүзеге асырылады. Съезде дауыс беруді жүргізу тәртібі Ұлттық палатаның жарғысында айқындалады. Съездің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер отырысқа қатысушы өкілдер мен делегаттардың қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс беру құқығын біреуге беруге, сондай-ақ басқа тұлғалар үшін дауыс беруге жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Өңірлік кеңестерден съезге делегаттарды сайлау тәртібі Ұлттық палатаның жарғысында айқындалады.
Бап 20. 20-бап. Съезді шақыру тәртібі
20-бап. Съезді шақыру тәртібі
Тармақ 1
1. Съезді Ұлттық палатаның төралқасы бір жылда бір реттен жиі шақырмайды.
Тармақ 2
2. Съездің кезектен тыс отырысы Ұлттық палата төралқасының шешімімен шақырылады.
Тармақ 3
3. Съезді дайындауды және өткізуді Ұлттық палатаның басқармасы жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Съезге қатысушылар съездің алда өтетіні туралы съезд өтетін күнге дейін күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірілмей, кезектен тыс съезд өткізілген жағдайда съезд өтетін күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей хабардар етілуге тиіс.
Тармақ 5
5. Съезді өткізу туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда жарияланады.
Тармақ 6
6. Съезд бастапқыда өткізілмеген жағдайда, съезд отырысын қайта өткізу съезді өткізу белгіленген күннен кейінгі келесі күннен ерте белгілене алмайды.
Бап 21. 21-бап. Ұлттық палата төралқасы
21-бап. Ұлттық палата төралқасы
Тармақ 1
1. Ұлттық палатаның төралқасы (бұдан әрі – төралқа) өз мүшелерінің тақ санынан құралады және оны төраға басқарады. Төралқа:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Құрылтайының кемінде 5 депутатынан, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлерінен және (немесе) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіретін республикалық қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдерінен;
Тармақша 2-1
2-1) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілден;
Тармақша 3
3) төралқа комитеттерінің төрағаларынан;
Тармақша 4
4) өңірлік кеңестердің төрағаларынан қалыптастырылады.
Тармақ 2
2. Төралқа құрамын қалыптастыру мақсатында съездің шешімімен:
Тармақша 1
1) төралқа мүшелері қатарынан төралқа төрағасы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері және (немесе) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіретін республикалық қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдері;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары төралқа мүшелері лауазымына сайланады және лауазымынан босатылады.
Тармақша 4
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Төралқаның айрықша құзыретіне:
Тармақша 1
1) Ұлттық палата міндеттерінің орындалу барысын және оның мақсаттарына қол жеткізуін бақылау;
Тармақша 2
2) съезге Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 3
3) Ұлттық палата басқармасының төрағасын және мүшелерін сайлау;
Тармақша 4
4) Ұлттық палатаның басқармасына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) Ұлттық палатаның тексеру комиссиясының тексерулерін тағайындау және олардың қорытындылары бойынша есептерін бекіту;
Тармақша 6
6) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Ұлттық палатаның қызметінде қолданылатын қағидаларды, регламенттерді және басқа да ішкі құжаттарды бекіту;
Тармақша 7
7) Ұлттық палата жүйесінде қауымдастықтарды (одақтарды) аккредиттеуге қойылатын біліктілік талаптарын және Ұлттық палата жүйесінде қауымдастықтарды (одақтарды) аккредиттеуді жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 8
8) өңірлік палаталардың дирекциясын қоспағанда, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалардың бірінші басшыларын Ұлттық палата басқармасының ұсынуы бойынша тағайындау;
Тармақша 9
9) төралқа комитеттерін қалыптастыру, олардың сандық және дербес құрамын айқындау, олардың жұмыс регламентін бекіту;
Тармақша 10
10) өңірлік палаталардың үлгілік жарғысын және өңірлік палаталардың филиалдары туралы үлгілік ережені бекіту;
Тармақша 11
11) "Іскерлік ахуал" тәуелсіз рейтингін жүргізу, қоғамдық мониторингті жүзеге асыру, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау тәртібін бекіту;
Тармақша 12
12) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 13
Тармақша 14
14) өңірлік палаталарды құру және жабу туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 15
15) астананың, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында тіркелген (есептік тіркеуден өткен) кәсіпкерлік субъектілері мен қауымдастықтардың (одақтардың) жалпы санын ескере отырып, өңірлік кеңестердің сандық құрамын бекіту;
Тармақша 16
16) өңірлік кеңестер делегаттарын сайлауды өткізу тәртібін, мерзімдерін және өңірлік кеңестерді қалыптастыру тәртібін бекіту жатады.
Тармақ 5
5. Ұлттық палатаның жарғысымен төралқаның құзыретіне өзге де мәселелер жатқызылуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Төралқа мүшелері Ұлттық палатаның басқару органдарынан, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалардан олардың қызметін жүзеге асыруға байланысты ақпаратты сұратуға құқылы.
Тармақ 7
7. Отырыста төралқа мүшелері жалпы санының қарапайым көпшілігі болған кезде төралқа шешім қабылдауға құқықты. Төралқа отырыстарында дауыс беруді жүргізу тәртібі Ұлттық палатаның жарғысында айқындалады. Төралқаның осы Заңда көзделген айрықша құзыретіндегі мәселелер бойынша шешiмдері төралқа отырысына қатысушы мүшелерінің жалпы дауыс санының кемінде үштен екісін құрайтын білікті көпшiлiк даусымен қабылданады. Өзге мәселелер бойынша шешімдер төралқа отырысына қатысушы мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс беру құқығын біреуге беруге, сондай-ақ басқа тұлғалар үшін дауыс беруге жол берілмейді.
Бап 22. 22-бап. Төралқа комитеттері
22-бап. Төралқа комитеттері
Тармақ 1
1. Төралқа комитеттері төралқаның тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органдары болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитеттердің санын және олардың жұмыс тәртібін төралқа айқындайды. Комитеттер салалық белгілер бойынша құрылады. Төралқаның шешімі бойынша өзге де комитеттер құрылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Комитеттер Ұлттық палатада аккредиттеуден өткен республикалық салааралық, салалық қауымдастықтардың (одақтардың), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтарының (одақтарының), өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өкілдерінен тұрады. Комитет мүшелерінің санын төралқа айқындайды және олар үшеуден кем болмайды.
Тармақ 4
4. Комитет төрағаларын тиісті комитеттің мүшелері оның мүшелерінің қатарынан сайлайды. Комитеттер төрағалары лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптар және оларды сайлау тәртібі Ұлттық палатаның жарғысында белгіленеді.
Тармақ 5
5. Комитет шешімі комитет мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комитет төрағасының дауысы шешуші болып саналады.
Бап 23. 23-бап. Ұлттық палата басқармасы
23-бап. Ұлттық палата басқармасы
Тармақ 1
1. Ұлттық палата басқармасы (бұдан әрі – басқарма) оның қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Басқарма съезге және төралқаға есеп береді. Басқарма мүшелерінің сандық құрамын съезд белгілейді. Басқарма мүшелерінің өкілеттік мерзімі қайта сайлану құқығымен екі жылды құрайды.
Тармақ 3
3. Басқарманың құрамы бес мүшеден кем болмауға тиіс. Басқарманы төраға басқарады.
Тармақ 4
4. Басқарманың төрағасы мен мүшелерін төралқа сайлайды.
Тармақ 5
5. Басқарманың құзыретіне Ұлттық палата қызметінің осы Заңға және Ұлттық палатаның жарғысына сәйкес съездің және төралқаның айрықша құзыретіне жатпайтын мәселелерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау жатады.
Тармақ 6
6. Егер басқарма отырыстарына оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, басқарма отырысы заңды болып табылады. Шешімдер басқарманың қатысушы мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 7
7. Төрағаны қоспағанда, басқарма мүшелері Ұлттық палатаның басқа басқару органдарына сайлана алмайды.
Тармақ 8
8. Басқарма төрағасы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және одан тысқары жерде Ұлттық палатаның мүдделері үшін және оның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) Ұлттық палата қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Ұлттық палатаның атынан шарттар және негізгі қызметке байланысты өзге де құжаттар жасасады (қабылдайды);
Тармақша 4
4) Ұлттық палатаның мүдделерін білдіреді және мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) басқарма төрағасының орынбасарларын, оның ішінде басқарма мүшелері қатарынан лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
Тармақша 6
6) Ұлттық палатаның жұмысын ұйымдастырады, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін қалыптастырады және бекітеді, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға қатысты көтермелеу немесе тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес банктерде шоттар ашады, бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) осы Заңға және Ұлттық палатаның жарғысына сәйкес Ұлттық палатаның қаражаты мен мүлкіне иелік етеді;
Тармақша 9
9) Ұлттық палата мүшелерінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) Ұлттық палата қызметінің, оның съездерінің, төралқасының, басқармасы мен Ұлттық палатаның тексеру комиссиясы жұмысының қорытындылары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда орналастыруды ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Ұлттық палатаның жарғысында тыйым салынбаған өзге функцияларды жүзеге асырады.
Бап 24. 24-бап. Ұлттық палатаның тексеру комиссиясы
24-бап. Ұлттық палатаның тексеру комиссиясы
Тармақ 1
1. Ұлттық палатаның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін жоғары басқару органы кемінде үш мүшеден тұратын Ұлттық палатаның тексеру комиссиясын (бұдан әрі – тексеру комиссиясы) құрады.
Тармақ 2
2. Төралқаның, басқарманың мүшелері мен басшылары, сондай-ақ олардың жақын туыстары тексеру комиссиясының мүшелері бола алмайды.
Тармақ 3
3. Тексеру комиссиясы өз қызметін съезд бекіткен ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бап 25. 25-бап. Өңірлік кеңес
25-бап. Өңірлік кеңес
Тармақ 1
1. Өңірлік кеңес өңірлік палатаның байқаушы органы болып табылады және съезд астана, әрбiр облыс және республикалық маңызы бар қала үшін саралап белгілеген квота шегінде кәсіпкерлік субъектілерінің делегаттарынан, сондай-ақ қауымдастықтардың (одақтардың), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өкілдерінен съезд бекіткен тәртіппен қалыптастырылады.
Тармақ 2
2. Өңірлік кеңес делегаттары өңірлік палатаның аудандық, салалық кеңестеріндегі кәсіпкерлік субъектілері делегаттарының тікелей дауыс беруі арқылы төралқа бекіткен тәртіппен төрт жыл мерзімге сайланады.
Тармақ 3
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Өңірлік кеңесті өз өкілеттіктері мерзіміне жасырын дауыс беру арқылы қарапайым көпшілік дауыспен өзінің құрамынан мүшелері сайлайтын төраға басқарады. Өңірлік кеңестің төрағасы лауазымы бойынша төралқа мүшесі болып табылады. Дара кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ коммерциялық ұйымдардың атқарушы органының (алқалы атқарушы орган жанындағы) басшылары немесе мүшелері, сондай-ақ коммерциялық ұйымдардың өз меншігіндегі үлестерін, жарғылық капиталындағы акцияларын басқаруды дербес жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) ғана өңірлік кеңестердің төрағалары және осы лауазымға кандидаттар бола алады.
Тармақ 6
6. Өңірлік кеңес:
Тармақша 1
1) өңірлік палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдеседі;
Тармақша 2
2) басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі;
Тармақша 3
3) съезге делегаттар сайлайды;
Тармақша 4
4) өңірлік палата және өңірлік палаталардың филиалдары қызметінің шеңберінде Ұлттық палатаның міндеттерді орындау барысын және мақсаттарға қол жеткізуін бақылайды;
Тармақша 5
5) өңірлік палаталардың ағымдағы қызметінде экономиканың нақты салалары мен секторлары мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) съезге Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 7
7) өңірлік палаталар мен өңірлік палаталардың филиалдары басшыларының кандидатураларын тағайындау үшін келіседі;
Тармақша 8
8) кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді;
Тармақша 9
9) өңірлік палатаның жарғысына сәйкес өңірлік кеңеске жүктелген өзге де мәселелерді шешеді.
Тармақ 7
7. Өңірлік кеңестің мүшелері өңірлік палаталардың басқару органдарынан және олардың филиалдарынан, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалардан олардың қызметін жүзеге асыруға байланысты ақпарат сұратуға құқылы.
Тармақ 8
8. Өңірлік кеңестің шешімдері өңірлік кеңес отырысына қатысатын мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Бап 26. 26-бап. Өңірлік палаталардың, аудандық және қалалық филиалдардың атқарушы органдары
26-бап. Өңірлік палаталардың, аудандық және қалалық филиалдардың атқарушы органдары
Тармақ 1
1. Өңірлік палатаның дирекциясын өңірлік кеңеспен келісу бойынша басқарма тағайындайды.
Тармақ 1-1
1-1. Өңірлік палата филиалының директорын өңірлік кеңеспен келісу бойынша өңірлік палата дирекциясы тағайындайды және лауазымынан босатады.
Тармақ 2
2. Өңірлік палатаның дирекциясын тағайындауға қатысты өңірлік кеңес пен басқарма арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, мұндай шешімді төралқа қабылдайды.
Тармақ 3
3. Өңірлік палата және өңірлік палаталардың тиісті филиалдары дирекциясының лауазымына кандидаттардың төралқа бекіткен талаптарға сәйкес біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесі болуға тиіс.
Бап 26-1. 26-1-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
26-1-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
Тармақ 1
1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және өзге де қамтамасыз етуді оның аппараты жүзеге асырады. Аппараттың құрылымы, сандық және дербес құрамын Ұлттық палата Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен келісу бойынша бекітеді. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің аппараты туралы ережені Басқармамен келісу бойынша Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл бекітеді.
Бап 26-2. 26-2-бап. Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес
26-2-бап. Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес
Тармақ 1
1. Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі – Ұлттық кеңес) төралқаның жанындағы алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Ұлттық кеңес өз қызметінде Ұлттық палата органдарынан тәуелсіз болады.
Тармақ 2
2. Ұлттық кеңестің құрамы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, ұлттық холдингтердің, қор биржаларының, бейінді халықаралық институттардың, өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдерінен, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы беделді халықаралық және ұлттық сарапшылардан қалыптастырылады.
Тармақ 3
3. Ұлттық кеңестің төрағасы мен мүшелері төралқаның шешімімен қайта сайлану мүмкіндігі беріліп, төрт жылдық мерзімге сайланады.
Тармақ 4
4. Ұлттық Кеңестің шешімдері Ұлттық кеңестің көзбе-көз немесе сырттай отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы дауыс санының үштен екісін құрайтын білікті көпшілік дауыспен қабылданады. Ұлттық кеңестің көзбе-көз немесе сырттай отырыстарын өткізу үшін кворум сайланған мүшелердің жалпы санының үштен екісін құрайды.
Тармақ 5
5. Ұлттық кеңес:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасында корпоративтік басқаруды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және мүдделі мемлекеттік органдарға ұсынымдар әзірлейді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексін және корпоративтік басқарудың ұсынымдық сипаттағы өзге де стандарттарын әзірлейді және қабылдайды;
Тармақша 3
3) Ұлттық палата Қазақстан Республикасының Үкіметімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен жасайтын және Қазақстан Республикасында корпоративтік басқаруды дамыту жөніндегі, оның ішінде қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексі мен корпоративтік басқарудың өзге де стандарттарын практикалық тұрғыдан іске асыру, корпоративтік басқару деңгейін бағалау жөніндегі шараларды көздейтін келісім негізінде корпоративтік басқару деңгейін арттыруға жәрдемдеседі;
Тармақша 4
4) қазақстандық акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқару практикасына жыл сайынғы шолуды дайындайды;
Тармақша 5
5) жыл сайынғы жұмыс жоспарын бекітеді;
Тармақша 6
6) атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы есепті жариялайды;
Тармақша 7
7) Ұлттық кеңес жұмысының қажетті қағидалары мен рәсімдерін айқындайды.
Тармақ 6
6. Ұлттық кеңестің қызметі туралы ақпарат, оған қоса ол қабылдаған қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексі және корпоративтік басқарудың өзге де стандарттары Ұлттық палатаның интернет-ресурсында жалпыға қолжетімді режимде орналастырылуға тиіс.
Бап 27. 27-бап. Мүдделер қақтығысы
27-бап. Мүдделер қақтығысы Осы Заңда және Ұлттық палатаның жарғысында көрсетілген мақсаттарға қайшы келетін мақсаттарда лауазымдық жағдайды пайдалануға жол берілмейді. Мүдделер қақтығысын болғызбау және (немесе) реттеу жөніндегі шаралар Ұлттық палатаның жарғысында белгіленеді.
Тарау 5-1. 5-1-тарау. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
5-1-тарау. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
Тарау 6. 6-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫҢ МҮШЕЛЕРІ. МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНАЛАР
6-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫҢ МҮШЕЛЕРІ. МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНАЛАР
Бап 28. 28-бап. Ұлттық палатаның мүшелері
28-бап. Ұлттық палатаның мүшелері
Тармақ 1
1. Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік субъектілері Ұлттық палатаның мүшелері болып табылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық палатаның мүшелері:
Тармақша 1
1) Ұлттық палата тарапынан кәсіптік қолдау мен қорғауды, сондай-ақ оның жарғысында көзделген көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;
Тармақша 2
2) оның басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
Тармақша 3
3) Ұлттық палатаға жазбаша сұрау салулармен жүгінуге және Ұлттық палатаға берілген өкілеттіктер шегінде дәлелді жауаптар алуға, оның қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 4
4) осы Заңда және оның жарғысында көзделген тәртіппен Ұлттық палатаны басқаруға қатысуға;
Тармақша 5
5) Ұлттық палата ұйымдастыратын оқытудан, қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан өтуге;
Тармақша 6
6) білікті ақпараттық-талдамалық қолдау, оның ішінде әртүрлі бейіндегі тәуелсіз сарапшылар көрсететін қызметтер алуға;
Тармақша 7
7) Ұлттық палатаның жарғысында көзделген тәртіппен оның қызметі туралы есептерді тыңдауға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
Тармақ 3
3. Ұлттық палатаның мүшелері міндетті мүшелік жарналар төлеуге міндетті.
Тармақ 4
4. Ұлттық палата мүшелерінің құқықтары тең.
Тармақ 5
5. Ұлттық палата кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласуға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға құқылы емес.
Тармақ 6
6. Дауларды реттеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 29. 29-бап. Міндетті мүшелік жарналар
29-бап. Міндетті мүшелік жарналар
Тармақ 1
1. Съезд бекітетін міндетті мүшелік жарналардың мөлшерін Ұлттық палата жыл сайын 1 шілдеге дейінгі мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда жариялайды.
Тармақ 2
2. Міндетті мүшелік жарнаның мөлшерін айқындау мақсатында осы Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері:
Тармақша 1
1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алдыңғы есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, айлық есептiк көрсеткiштің есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылда алпыс мың еселенген мөлшерінен аспайтын жылдық жиынтық кірісі бар кәсiпкерлiк субъектiлерi;
Тармақша 2
2) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алдыңғы есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, айлық есептiк көрсеткiштің есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылда алпыс мың еселенген мөлшерінен асатын және айлық есептiк көрсеткiштің бір жарым миллион еселенген мөлшерінен аспайтын жылдық жиынтық кірісі бар кәсiпкерлiк субъектiлерi;
Тармақша 3
3) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алдағы есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылда айлық есептiк көрсеткiштің бір жарым миллион еселенген мөлшерінен асатын жылдық жиынтық кірісі бар кәсiпкерлiк субъектiлерi болып бөлінеді.
Тармақ 3
3. Міндетті мүшелік жарналардың мөлшерін бекіту мақсатында съезд осы баптың 2-тармағында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішінде сатылауды белгілейді.
Тармақ 4
4. Ұлттық палата міндетті мүшелік жарна бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен мемлекеттік кіріс органы ұсынған мәліметтер негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне есеп шотын шығарады.
Тармақ 5
5. Кәсіпкерлік субъектілері Ұлттық палата шығарған есеп шоты негізінде ағымдағы жылғы 25 мамырдан, 25 тамыздан, 25 қарашадан кешіктірмей міндетті мүшелік жарналарды тең үлестермен төлейді.
Тармақ 6
6. Съездің шешімі бойынша есепті кезеңде мүгедектігі бар адамдардың саны жұмыскерлерінің жалпы санының кемінде елу бір пайызын құрайтын ұйымдар міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босатылуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылатын кәсіпкерлік субъектілері үшін міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген, кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым құрылған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірілмей өткізілетін съезд шешімімен олардың Ұлттық палатаға міндетті мүшелік жарналарының мөлшері азайтылады.
Тарау 7. 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 30. 30-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
30-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы заңнамасын бұзу Ұлттық палата мен оның лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылығына әкеп соғады.
Бап 31. 31-бап. Өтпелі ережелер
31-бап. Өтпелі ережелер
Тармақ 1
1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн өз атауларында "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы", "Ұлттық кәсіпкерлер палатасы" деген толық сөз тіркестерін пайдалана отырып тiркелген заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш ай iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қайта тiркелуге жатады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы мен аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл өткен соң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен таратылуға жатады. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы мен аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарын тарату кезінде кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға жіберіледі.
Бап 32. 32-бап. Құрылтай кезеңі және өтпелі кезең
32-бап. Құрылтай кезеңі және өтпелі кезең
Бап 33. 33-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
33-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң:
Тармақша 1
1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізілетін 14-бапты;
Тармақша 2
2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 10-баптың 2-тармағын және 29-баптың 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң "Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы" 2005 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 9, 25-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 80-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат) күші жойылды деп танылсын.