Об использовании отдельных видов водных беспозвоночных животных в Республике Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында омыртқасыз су жәндiктерiнiң кейбiр түрлерiн пайдалану туралы Омыртқасыз су жәндiктерiнiң кейбiр түрлерiн тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi салина артемиясы және гаммарус омыртқасыз су жәндiктерi мекендейтiн жер болып табылатын, оларды пайдалануға рұқсат етiлетiн су айдындарының тiзбесiн заңнамада белгiленген тәртiппен анықтасын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi салина артемиясы мен гаммарусты, сондай-ақ олардың туындыларын Қазақстан Республикасынан тысқары заңсыз әкетудi болдырмау жөнiнде шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Заңсыз өндiру және Қазақстан Республикасынан тысқары әкету кезiнде алынған салина артемиясы мен гаммарус, сондай-ақ олардың туындылары заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Охотзоопром" ӨБ" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына беруге жатады деп белгiленсiн. 4. 📌 Ескерту. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2002.04.10. N 408 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.