Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность
- Атауы (қаз.)
- Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 394
- Қабылданған күні
- 17.06.2013
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2015 73474_84566.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13LA004473
- ЭКБ идентификаторы
- 73474
- Редакция идентификаторы
- 73474_84566
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:56
0 Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану қағидасын бекiту туралы
"Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2011 жылғы 18 сәуiрдегi N 49-ө өкiмiне сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса берiлiп отырған Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану қағидасы бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Қ. Бекеновке жүктелсiн.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң
2013 жылғы "17" маусымдағы
N 394 қаулысымен бекiтiлген
Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану қағидасы
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану тәртiбiн айқындайды.
2 2. Өзiнiң бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзiнiң бағуындағы жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан кезде олар қалалық коммуналдық меншiкке түседi және осы қағидаға сәйкес алып пайдаланылады.
2 2. Жануарлардың қалалық коммуналдық меншiкке келiп түсу тәртiбi
3
3. Жануарлардың қалалық коммуналдық меншiкке келiп түсуi тапсыру – қабылдау актiсi негiзiнде жүзеге асырылады. Тапсыру–қабылдау актiсiнде қалалық коммуналдық меншiкке түсетiн жануарлардың түрi, жынысы, түсi, жасы көрсетiлуi тиiс. Тапсыру – қабылдау актiсi жануарларды тапсырған тұлғаның, кент, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi – әкiм), "Қызылорда қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – ауылшаруашылығы және ветеринария бөлiмi), "Қалалық қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – қаржы бөлiмi) жауапты қызметкерлерiнiң қатысуымен жасалады. Тапсыру – қабылдау актiсiн қаржы бөлiмiнiң басшысы бекiтедi.
4 4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн жануарларды қабылдау-беру актiсi негiзiнде теңгерiмге алу "Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 Бұйрығымен жүзеге асырылады.
3 3. Қалалық коммуналдық меншiкке келiп түскен жануарларды пайдалану тәртiбi
5 5. Жануарларды есепке алу, бағалау, сату шығындары жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
6
6. Жергiлiктi атқарушы орган жануарларды уақытша күтiмге алатын жеке немесе заңды тұлғаларды анықтау кезiнде олардың жануарларды күтiмге алу жағдайына алдын-ала зерттеу жүргiзедi. Зерттеу барысында мiндеттi түрде күтiмге алатын жеке немесе заңды тұлғаның жануарды демалу, орын ауыстыру және табиғи қалпын қабылдау мүмкiндiгi үшiн кеңiстiк көлемiмен, қажет болған жағдайда олардың қозғалу, ұйықтау, табиғи белсендiлiк таныту, табиғи ортамен байланыс жасау, қоректену және су iшу қажеттiлiгiн қанағаттандыру мүмкiндiгiмен, астаулармен, суаттармен және олардың табиғи қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған басқа да жабдықтармен, жем-шөппен және iшетiн сумен, сонымен қатар жануарларға адамгершiлiк тұрғыда қарай алатыны ескерiлуi тиiс.
7 7. Қалалық коммуналдық меншiкке келiп түскен жануарлар оларды уақытша күтiмге алу үшiн жергiлiктi атқарушы орган анықтаған жеке немесе заңды тұлғаларға қаржы бөлiмiмен келiсiм шарт негiзiнде бекiтiлiп берiледi.
8 8. Жануарларды күтiмге алу шығыны жеке немесе заңды тұлғаға қаржы бөлiмiмен жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi.
9 9. Жануарларды бағу мен пайдалануына берiлген жеке немесе заңды тұлға жануарлардың өлiм-жiтiмi мен iске жарамай қалғаны үшiн бұған кiнәсi болған кезде ғана және сол жануарлардың құны мөлшерiнде жауапты болады.
10 10. Қалалық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды ветеринариялық қадағалау және жұқпалы ауруларға қарсы егу iс-шаралары ауылшаруашылығы және ветеринария бөлiмiнiң қадағалауымен жүзеге асырылады. Ветеринариялық қадағалау және егу шығындары жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылады.
11 11. Қалалық коммуналдық меншiкке түскен қараусыз қалған жануарлар аукцион арқылы сатылады. Жануарларды сатудан түскен қаражат заңнамада белгiленген тәртiппен жергiлiктi бюджет кiрiсiне толық есептеледi.
4 4. Жануарларды бұрынғы меншiк иесiне қайтару тәртiбi
12
12. Жануарлар қалалық коммуналдық меншiкке өткеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншiк иесiне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн мән-жайлар болған кезде - облыстық маңызы бар қаланың тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiм бойынша айқындалатын шарттармен, ал келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда сот тәртiбiмен оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.