О создании областной комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций Күшін жойған
Басқа 0
Төтенше жағдайлардың алдың алу және жою жөніндегі облыстық комиссия құру туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.05.2002 № 95 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы N 553 қаулысын басшылыққа алып және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi облыстық комиссияның кейбiр мүшелерiнiң басқа жұмысқа ауысуына, көптеген басқармалар мен ұйымдар атауларының өзгеруiне байланысты ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы N 1 қосымшадағыға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi облыстық комиссия туралы ұсынылып отырған Ереже бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi қалалық және аудандық комиссиялардың құрамы мен ережесiн қайта қарасын және оған басшылық жасауды өзiнiң орынбасарларына жүктесiн.
Басқа 4. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы
Батыс Қазақстан облысы әкімінің
23.10.2000ж.
N 188 шешіміне N 1 қосымша
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы
А.Ф. Маючий - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
К.А. Федотов - облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың
бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
А.И. Котельников - облыс әкiмi аппаратының отын-энергетикалық кешен, көлік
және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушісі, комиссия
хатшысы
Комиссия мүшелері:
М.М. Әбдірахманов - Батыс Қазақстан облысы жөніндегі салық комитетінің
төрағасы
О.И. Аманғалиев - "Ақжол" халықаралық аэропорт ашық акционерлiк
қоғамының президентi
Б.Д. Әмірғалиев - "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның
облыстық филиалының директоры
Ж.Н. Алмабеков - облыс прокурорының орынбасары
К.Н.Арықбаев - Батыс Қазақстан облыстық жер қойнауын және пайдалану
инспекциясының бастығы
И.И.Әубәкіров - Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасы
бастығының орынбасары
Ш.И.Байбатыров - Батыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасының
бастығы
Е.Б.Байшығанов - Батыс Қазақстан ауа-райын зерттеу орталығының директоры
А.И.Бирюков - облыстық мемлекеттiк санитарлық- эпидемиялық қадағалау
басқармасының бастығы
Ш.М.Бузурбаев - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы
бойынша департаменті бастығының орынбасары
В.Н.Графкин - «Қазақстан стандарттау және сертификаттау орталығы»
аймақтық мемлекеттік кәсіпорынның Батыс Қазақстан
филиалының директоры
А.Г.Гусманов - Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі
басқарма бастығының орынбасары – қалалық техникалық
қадағалау, төтенше жағдайлардың алдың алу және жою
жөніндегі мемлекеттік инспекцияның бастығы
Б.Г.Даумов - «Жайықгидрогеология» акционерлік қоғамының президенті
К.Х.Едігин - облыстық экономика басқармасының бастығы
Н.И.Ермаков - «Оралмұнайгазгеология» акционерлік қоғамының
директоры
Ш.М.Қадырбеков - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Ғ.Қ.Қапаков - Орал қаласы әкімінің бірінші орынбасары
К.У.Кенжеғалиев - «Батыссушаруашылығы» республикалық мемлекеттік
кәсіпорынның директоры
А.Н. Котов - облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы
және көлiк басқармасының бастығы
М.П.Кульпин - «Газжобалау»ғылыми-зерттеу жобалау институтының
атқарушы директоры
Н.П.Мордасов - Жер қорларын басқару жөніндегі облыстық комитеттің
төрағасы
Г.Л.Мутасов - «Оралсуқұрылысы» ашық акционерлік қоғамының
президенті
Г.К.Мұқатаев облыстық әскери комиссариаттың бастығы
М.М.Мұқашева - Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест қоғамының
облыстық филиал-комитетінің төрайымы
Б.Т.Мырзахметов - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты
әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
С.И.Муринов - Орал мұнай құбыры басқармасының бастығы
С.Х.Мұташев - "Оралоблгаз" акционерлiк қоғамының президентi
А.М.Мухитова - Батыс Қазақстан облыстық әділет басқармасы
бастығының міндетін атқарушы
М.Б.Нұрғалиев - облыстық туризм және спорт жөніндегі басқарманың
бастығы
А.М. Рахметов - "Жайықауылқұрылысы" жауапкершiлiгi шектеулi
құрылыс-коммерциялық фирма серiктестiгiнiң
директоры
С.Ж.Рашев - Жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік ғылыми-
өндірістік орталығының Батыс Қазақстан еншілес
кәсіпорнының директоры
В.И.Лехман - «Орал» пайдалану орталығының менеджері
К.Е.Имашев - «Орал жолдары» акционерлік қоғамының президенті
З.С.Сағынов - Батыс Қазақстан мемлекеттік автомобиль жолдары
мекемесінің директоры
Н.О.Сахтанов - "Қазақ темiр жолы" аймақтық мемлекеттiк
кәсiпорынның Орал тасымалдау бөлiмшесінің
бастығы
Р.Х.Сүйербаев - облыстық қоршаған тортаны қорғау аумақтық
басқармасының бастығы
А.Б.Сытдықов - инфрақұрылым және құрылыс басқармасының
бастығы
М.М.Тәжімұханов - облыстық телекоммуникация дирекциясының бас
директоры
Ж.Ж.Отарбаев - "Оралэнерго" акционерлiк қоғамының Батыс
Қазақстан электр желілерін тарату
компаниясының президенті
А.Ж.Хамзин - Батыс Қазақстан облыстық статистика
басқармасының бастығы
А.Ш.Хамитов - облыстық қаржы басқармасының бастығы
Басқа 5. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi облыстық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Батыс Қазақстан облысы әкімінің
23.10.2000ж.
N 188 шешіміне N 2 қосымша
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi облыстық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi облыстық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) апат, қирау, стихиялық және басқа апаттар салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi облыста бiртұтас мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу мақсатында құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия өзiнiң өкiлдiгiн облыстық басқармалармен, комитеттермен, жергiлiктi атқару органдарымен, меншiктiң барлық түрiндегi кәсiпорындармен және ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-әрекеттестiк арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар:
апат, қирау, стихиялық және басқа апаттар салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiнде облыста бiртұтас мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу;
апат, қирау, стихиялық және басқа апаттар салдарынан болатын төтенше жағдайлардан облыс аумағын, халқын қорғауға және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және басқа шаралар жүйесiн қалыптастыру;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың күштерi мен құралдарын құру, дамыту саласында бiртұтас техникалық саясатты жүргiзу;
төтенше жағдайларды ескерту және әрекет ету облыстық жүйесiн жетiлдiрудің және одан әрi дамытудың негiзгi бағыттарын белгiлеу;
төтенше жағдайларды ескерту, облыстың аумағы мен халқын төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған облыстық мақсатты және ғылыми-техникалық бағдарламалар жобасын әзiрлеудi ұйымдастыру;
апаттар, қирау, стихиялық және басқа апаттардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды дәрiгерлiк сауықтыру, әлеуметтiк-экономикалық және нарықтық қорғау мәселелерi бойынша басқармалардың, комитеттердiң, жергiлiктi атқару органдарының қызметiн үйлестiру;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы аумақтық және облысаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттарын белгiлеу.
Тармақ 4
4. Комиссияның облыс әкiмiнiң тапсырмасы бойынша мыналарға құқығы бар:
облыстық басқармалардың, комитеттердiң, қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдағы iс-әрекетiн үйлестiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
комиссияның құзыретiне жататын заң және басқа нормативтiк-құқықтық актiлер мәселесi жөнiнде жобалар әзiрлеуге қатысады;
комиссияның құзыретiне жататын мәселелер туралы облыстық басқармалар, ұйымдар, жергiлiктi атқару органдары лауазымды адамдарының есебiн тыңдайды;
комиссияның жұмысы үшiн қажеттi облыстық басқармалардың, комитеттердiң ұйымдардың, жергiлiктi атқару органдарының, меншiктiң барлық түрiндегi шаруашылық субъектiлерiнiң қызметi туралы ақпараттар сұратып алу;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелерi бойынша облыстық мақсатты бағдарламаны облыстық басқармалардың, комитеттердiң, ұйымдардың, жергiлiктi атқару органдарының орындауына талдау, соның iшiнде бағдарламалық шараларды iске асыруға бюджеттен бөлiнген қаржының мақсатты жұмсалуына талдау жүргiзу;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мәселелерi бойынша талдау, сараптау және басқа жұмыстарды орындау үшiн облыс кәсiпорындарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң (басшыларының келiсiмi бойынша) мамандарын тарту.
Тармақ 5
5. Комиссияның төрағасы Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары болады.
Тармақ 6
6. Комиссияның ұйымдастыру-техникалық жұмыстарын қамтамасыз ету облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармаға жүктеледi.
Тармақ 7
7. Комиссия өзiнiң қызметiн оның төрағасы бекiткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Комиссияның мәжiлiсi қажетiне қарай, бiрақ тоқсанға бiр реттен жиi емес өткiзiледi. Комиссияның шешiмдерi хаттамамен рәсiмделедi.
Облыс әкiмiнiң Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiнiң талап еткен мәселелерi бойынша комиссия белгiленген тәртiппен тиiстi ұсыныстар енгiзедi.
Тармақ 8
8. Комиссия өзi қараған және шешкен неғұрлым маңызды мәселелер туралы облыс әкiмiне жүйелi түрде хабарлап отырады.