Об организации принудительного лечения граждан, больных заразной формой туберкулеза Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.07.2004 № 7-82 шешімімен. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы мамырдың 18-дегі "Қазақстан Республикасының "Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" N 79ө Әкімін орындау маќсатында облыс Әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы облысы Әкімінің денсаулық сақтау басқармасы (А. Дүйсекеев), облыстық Мемэпидқадағалау басқармасы (Ә. Талқымбаев), Алматы облыстық туберкулез диспансерінің базасында медициналық тексеруден және емделуден жалтарып жүрген, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу бөлімін ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Алматы облысы Әкімінің Денсаулық сақтау басқармасы, Облыстық ішкі істер басќармасы өз қызметтерінде Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау істері Агенттігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп бекіткен, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарды мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындардың арнаулы туберкулезге қарсы емдеу - профилактика ұйымдарында болуы режимін басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Ж. Әмірхановаға жүктелсін.