Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов
- Атауы (қаз.)
- Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 944
- Қабылданған күні
- 15.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 14.11.2013 AI73601_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13MA002271
- ЭКБ идентификаторы
- 73601
- Редакция идентификаторы
- AI73601_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:42
0 Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2013 жылғы 24 сәуірдігі № 555 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29 - тармағының 2) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Өмірзақ селосы әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын тегін орналастыруға арналған орындар белгіленсін.
2 2. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Р.Т. Елтизаровқа Өмірзақ селосы әкімдігіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын тегін орналастыруға арналған орындарды қажетті мөлшерде стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру тапсырылсын.
3 3. Осы қаулының орындалысын бақылау және оның қала әкімдігінің веб - сайтында міндетті түрде жариялануын қамтамасыз ету Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Ақтау қаласы әкімдігінің
15 шілде 2013 жылғы
№ 944 қаулысына қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Қала және елді мекеннің атауы
Орналасу орны
Өмірзақ селосы
Монтаждық басқарма -3, «Рауан» және «Приморский» Приозерный-1, Приозерный-2, Приозерный-3 орталық көшелеріндегі аялдамалар; Өмірзақ селосының орталық көшелеріндегі аялдамалары