Об определении мест размещения агитационных печатных материалов по Жылыойскому району для кандидатов в акимы города, поселка и сельских округов Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылыой ауданы бойынша қала, поселке және селолық округ әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағы негізінде және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Жылыой ауданы бойынша қала, поселке және селолық округ әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Жылыой ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Жылыой ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысы Ә. Шәкіровке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы З. Қалмұқанова 22 шілде 2013 жыл
Басқа 5
Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 366 қаулысына қосымша Жылыой ауданы бойынша қала, поселке және селолық округ әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары № Елді мекен Орналасатын жері 1 Құлсары қаласы "№ 15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд "№ 1 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд 2 Жаңа Қаратон поселкесі "№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд 3 Тұрғызба селосы "№ 4 М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд 4 Шоқпартоғай селосы "№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд 5 Қосшағыл селосы "№ 2 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд 6 Ақкиізтоғай селосы "№ 10 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд 7 Майкөмген селосы "№ 17 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдыңғы алаңындағы стенд