О сохранности автомобильных дорог Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Автомобиль жолдарының сақталуы туралы "Автокөліктердің Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алымдар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.98 ж. № 1397 Қаулысына сәйкес жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары мен жасанды ғимараттарды көктемгі кезеңде бүлінуден сақтауды қамтамасыз ету үшін ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Жалпы пайдаланудағы автожолдармен жүруге Көлікті бақылау комитеті басқармасынан тиісті рұқсат алмайынша көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынсын: 3.04.2000 жылдан 28.05.2000 жылға дейін белдікке түсетін күші 6 тоннадан жоғары және массасы 30 тоннадан көп көлік құралдарына; 3.04.2000 жылдан 31.03.2001 жылға дейін К-700, К-701, К-702, К-703 тракторларына;
Тармақ 2
2. Барлық меншік нысандарының жүк тасушыларына жүк көтерімділігі жөніндегі жоғарыда бекітілген техникалық мінездемедегі көлік құралдарына шамадан тыс жүк тиеуге тыйым салынсын.
Тармақ 3
3. Жоғарыда көрсетілген жолдармен ЛАЗ, ЛИАЗ, ИКАРУС маркалы автобустардың және төтенше жағдайларды жою жөніндегі техникалардың, жол-құрылыс техникаларының, ауыл шаруашылығын өндірушілердің К-700, К-701, К-702, К-703 тракторлары мен үлкен көлемде жағар-жанар май материалдарын, тыңайткыш, тұқым және астық қорларын тасумен айналысатын белдікке түсетін күші 6 тоннадан жоғары және массасы 30 тоннадан көп көлік кұралдарының жүруіне, ерекшелік ретінде, рұқсат етілсін.
Тармақ 4
4. Солтүстік Қазақстандық автомобиль жолдары басқармасына жалпы пайдаланудағы автожолдардағы шек қоюдың тиісті белгілерін орнатуды қамтамасыз етсін. Қазакстан Республикасының көршілес облыстарына және Ресей федерациясының жол, көлік ұйымдарының басшыларына осы шешімнің қабылданғаны туралы хабарласын.
Тармақ 5
5. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Көлікті бақылау комитеті басқармасына бекітілген үлгімен рұқсат беріп, транзиттік және жергілікті жүк тасушылардан ақы өндіріп алу ұйымдастырылсын.
Тармақ 6
6. Ұйымдарға, барлық меншіктің нысандағы кәсіпорындарға, кооперативтерге, жеке түлғаларға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысымен бекітілген автомобиль жолдарын және ғимараттарды пайдалану Ережелерін және оларды қорғау тәртібіне сәйкес жоғарыда бекітілген түсетін күшті ескере отырып, аса қажетті жікті тасмалдау және техниканы ауыстыруға, жолға келтірілген залалдарға өтемақыны толеуге рұқсат алу үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Көлікті бақылау комитеті басқармасына келуі тиіс.
Тармақ 7
7. Облыстық жол полициясы басқармасына барлық жол козғалысы учаскелерінің осы өкімді орындауы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф.Вербнякке жүктелсін.
Тармақ 9
9. Шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Тармақ 10
10. Облыс әкімінің 20.03.1999 ж. № 30ө өкімі күшін жойды деп танылсын.