О переименовании Булаевского района в район Магжана Жумабаева Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Булаев ауданын Мағжан Жұмабаев ауданы деп қайта атау туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, облыстық мәслихат және облыс әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Селолық округтар бойынша азаматтар жиындарының өтініштерін, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімдерін ескере отырып, Булаев ауданының атауы Мағжан Жұмабаев ауданы деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінен Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының атауы Мағжан Жұмабаев ауданы деп өзгерту туралы шешімнің бекітілуі сұралсын.