О едином Дне государственного языка Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік тіл күні туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 10.04.2007 № 14 шешімімен Қоғам өмірінің әр түрлі саласында мемлекеттік тілдің пайдалану деңгейін арттыру және тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мемлекеттік тілді насихаттауды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысында әр айдың соңғы аптасының сәрсенбі күні Мемлекеттік тіл күні деп жариялансын.
Тармақ 2
2. Петропавл қаласы мен аудан әкімдері; облыстық мекеме, ұйым, ведомство және барлық меншік түріндегі кәсіпорындар басшылары Мемлекеттік тіл күні аясындағы шараларды, шешімге қосымша берілген ұсыныстарды ескере отырып, ұйымдастыру мен жүйелі түрде өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық білім департаменті (Ваховский Ф.И.), мәдениет департаменті (Лапухин В.П.) Мемлекеттік тіл күні аясында өтетін шараларды өздеріне қарасты білім және мәдениет мекемелерінің жұмыс жоспарына кіргізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық мемлекеттік тілді енгізу комитеті (Омарова А.М.), қоғамдық келісім және ақпарат басқармасы (Қанафина М.Қ.) Мемлекеттік тіл күні аясында өтетін шараларды әзірлеуде нақтылы көмек көрсетіп, ұдайы қадағалауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстың бұқаралық ақпарат құралдары («Солтүстік Қазақстан», «Северный Казахстан» газеттері, облыстық телерадиокомпания, жергілікті телерадиоарналар мен газеттер) Мемлекеттік тіл күні аясында өтетін шараларды үнемі насихаттауды ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнін орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының басшысы Қ.Қ.Әкімхановқа жүктелсін.
Басқа 7. Мемлекеттік тіл күні аясындағы шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ҰСЫНЫСТАР
Облыс әкімінің 1999 ж. 26 қазан № 196 шешіміне қосымша Мемлекеттік тіл күні аясындағы шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ҰСЫНЫСТАР
Тармақ 8
Облыс әкімінің шешімімен бекітілген Мемлекеттік тіл күні аясындағы шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында төмендегі негізгі талаптарды ескеруді ұсынамыз:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік тіл күні аясында белгіленген шаралардың уақытылы әрі сапалы өтуіне жауапкершілік ұйым, мекеме, ведомство немесе қандай да болмасын меншік түріндегі кәсіпорындардын бірінші басшыларына жүктеледі.
Тармақ 2
2. Әрбір ұжымда Мемлекеттік тіл күні сол ұжымның басшысымен бұйрығымен жарияланады және шаралар жоспары бекітіліп, оларды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты адамдар тағайындалып, белсенді қатысқандарды, мемлекеттік тілді менгеруде жақсы көрсеткішке жеткендерді моральдық және материалдық жағынан ынталандыру шаралары қарастырылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік тіл күні: - ұжым мүшелерінің мүмкіндігінше өзара мемлекеттік тілде сөйлесуін; - іс қағаздарының, соның ішінде кадр жұмысы бойынша кұжаттардың (өтініш, өмірбаян, жұмысқа алу және жұмыстан босату бойынша бұйрықтар, т.б.) мемлекеттік тілде немесе екі тілде ресімделуін; - «Мемлекеттік тілде сөйлейміз», «Сіз казақ тілін білесіз бе?» атты және тағы да басқа стенд, бұрыштардың ұйымдастырылуын; - «Бүгін - Мемлекеттік тіл күні» деген деректеменің әзірленіп, көрнекі жерге орналастырылуын қамтамасыз ету керек.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік тіл күнін өткізу бойынша жоспарға: - «Көңілді Тапқырлар Клубы», «Таңғажайып алаң», «Сәтті сағат» сияқты сайыстар және тағы басқа қазақ тілін насихаттайтын, көпшіліктін қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен өнеріне деген қызығушылығын, құрмет сезімін арттыратын танымдық шаралар; - ғылым, мәдениет пен өнер қайраткерлеріне арналған кештер, көрмелер, «Мемлекеттік тілді білу - әркімнін азаматтық парызы», «Мемлекеттік тіл -менің тілім», тағы сол сиякты қазақ тілін оқып-үйренуге байланысты әңгімелер; - қазақ тіліне жетік өзге ұлттык отбасылар, топтар арасындағы сайыстар; - қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, әдебиеті, өнеріне байланысты тақырыптар бойынша шығарма, реферат, курс жұмыстары сайыстарын; - қазақ тілі үйірмелері тыңдаушылары арасында «Қазақшаңыз қалай?» телесайыстарын және тағы басқа шараларды енгізуге болады. Жалпы, Мемлекеттік тіл күні аясында өткізілетін барлық шаралар азаматтардың қазақша ауызекі сөйлеп үйренуіне, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге мейілінше жағдай жасауды және көпшіліктің қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген ынтасын арттыруды көздеуі тиіс. Облыстық мемлекеттік тілді енгізу комитеті