О мерах по обеспечению закрепления прав на землю Күшін жойған
Басқа 0
Жерге құқықты бекіту шараларын қамтамасыз ету туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімінің 09.08.2004 № 8 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуден өткізу және онымен келісім жасау туралы» Жарлығының 9 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. С. Павловтың 2000 жылдың 27 сәуіріндегі № 13-4/5346 тапсырмасын орындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жер учаскелеріне құқықты бекітуді қамтамасыз ету жөніндегі қоса беріліп отырған іс-қимыл жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Қ. Елеусізовке жүктелсін.
Басқа 3
Облыс Әкімінің
2000 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 144 шешімімен бекітілген
Жерге құқықты бекітуді қамтамасыз етудің іс-қимыл жоспары
Рет саны
Іс-шаралар атауы
Орындалатын мерзімі
Орындау үшін жауаптылар
1
Облыстың жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттерді жер учаскелерін тіркеумен тікелей айналысатын мамандармен толықтыру
200 жылдың 1-қарашасына дейің
Аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдері, облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет, Ақтөбе облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны / келісімі бойынша/
2
Заңды және жеке тұлғалардың жер учаскелеріне құқын толықтай және тиянақты ресімдеуді, сондай-ақ жергілікті бюджетке қаржы түсуін қамтамасыз ету
тұрақты
Аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдері, облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет, Ақтөбе облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны / келісімі бойынша/
3
Туындаған проблемаларды жедел шешу мақсатында мүдделі ұйымдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында ынтымақтастықты қалыптастыру
тұрақты
Аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдері, облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет, Ақтөбе облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны / келісімі бойынша/
4
Жерге құқықтарын ресімдемеген жер иелері мен жер пайдаланушыларды табу жөніндегі жұмыстарды көшейту
тұрақты
Аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдері, облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет, Ақтөбе облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны / келісімі бойынша/
5
Заңды және жеке тұлғалардың жер учаскелеріне құқықтық бекітулерінің заңдылық негіздерінің бар-жоғын тексеруді жүзеге асыру.
тұрақты
Облыстық жер инспекциясы