Об утверждении Правил аккредитации журналистов Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 4-3-бабының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса ұсынылып отырған Журналистерді аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мәдениет және ақпарат саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Журналистерді аккредиттеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығымен бекітілген Журналистерді аккредиттеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Журналистерді аккредиттеудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-3-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының (бұдан әрі – аккредиттеуші ұйым(дар)) бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерін аккредиттеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аккредиттеу – журналистi тағайындау рәсiмi және оның өкiлеттiгiн мемлекеттiк органның, қоғамдық бiрлестiктiң және ұйымның тануы;
Тармақша 2
2) бас редактор (редактор) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиiсiнше өкiлеттiгi бар жеке тұлға;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны;
Тармақша 4
4) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы – бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;
Тармақша 5
5) журналист – еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негiзiнде бұқаралық ақпарат құралы үшiн хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға;
Тармақша 6
6) жүргізуші – іс-шараға қатысушылардың іс-қимылын үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті тұлға;
Тармақша 7
7) меншік иесі – бұқаралық ақпарат құралын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі.
Тарау 2. 2-тарау. Журналистерді аккредиттеу тәртібі
2-тарау. Журналистерді аккредиттеу тәртібі
Тармақ 3
3. Журналистерді аккредиттеу Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелетін журналистердің тұрған жеріне және тұрақты тұратын жеріне қарамастан аккредиттеуші ұйымның жанында өткізіледі.
Тармақ 4
4. Журналистерге тұрақты аккредиттеу кемінде бір жыл мерзімге беріледі. Тұрақты аккредиттеу мерзімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініште көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Аккредиттеуші ұйымның жанында журналисті тұрақты аккредиттеу үшін бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі не редакциясы аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді. Өтінішті қарау мерзімі Қағидалардың осы тармағында көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 6
6. Уақытша аккредиттеу журналистерге нақты редакциялық тапсырманы орындау үшін немесе тұрақты аккредиттелген журналист ауырған жағдайда, демалыста, іссапарда немесе нақты іс-шараны жариялау үшін қажетті мерзімге беріледі.
Тармақ 7
7. Аккредиттеуші ұйымның жанында журналисті уақытша аккредиттеу үшін бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі не редакциясы аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Тармақ 8
8. Аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берілген аккредиттеу туралы өтініш қағаз жеткізгіште тікелей аккредиттеуші органға не электрондық форматта оның ресми интернет-ресурсына беріледі. Егер өтініш бұқаралық ақпарат құралы редакциясының өкілінен берілген жағдайда, өтінішке аккредиттелетін журналистің жеке басын куәландыратын құжаттан басқа, журналистке аккредиттеу жүргізуге редакция өкілінің өкілеттігін растайтын құжат қоса беріледі.
Тармақ 9
9. Өтінішті қарау нәтижесі оң болған жағдайда аккредиттеуші ұйым өтініш берушіні журналистің аккредиттелгені туралы жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етеді.
Тармақ 10
10. Тұрақты аккредиттеу рәсімінен өткен журналистер туралы мәліметтер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттелген журналистер тізіліміне енгізіледі. Аккредиттелген журналистердің тізілімі аккредиттеуші ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 11
11. Аккредиттеуші ұйым журналисті аккредиттеуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 5, 7, 8-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынбау;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
Тармақша 3
3) Заңның 4-3-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган жүргізетін есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттіктердің, интернет-ресурстардың тізілімінде және (немесе) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес теле -, радиоарналардың есепке қойылған ашық деректерде болмауы.
Тармақ 12
12. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі не редакциясы аккредиттелген журналисті басқа журналистпен ауыстырған жағдайда, оны аккредиттеу осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Журналистпен еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт бұзылған жағдайда бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі не редакциясы шарт бұзылған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде аккредиттеуші ұйымды жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.
Тармақ 14
14. Заңның 22-бабының 2-тармағына сәйкес аккредиттеуші ұйымдар аккредиттелген журналистерді:
Тармақша 1
1) бұқаралық ақпарат құралының электрондық мекенжайына іс-шаралар туралы алдын ала хабарлаумен: жоспарлы – екі жұмыс күнінен кешіктірмей; жоспардан тыс – оларды жүргізу туралы шешім қабылданған сәттен бастап екі сағат ішінде;
Тармақша 2
2) мемлекеттік құпияларды құрайтын, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызылған мәліметтерді қамтитын олардың фрагменттерін қоспағанда, стенограммалармен, хаттамалармен, құжаттармен және материалдармен қамтамасыз етеді.
Тармақ 15
15. Аккредиттелген журналистің іс-шараларға қол жеткізуін аккредиттеуші ұйым журналистің куәлігін көрсету бойынша қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Іс-шараға қатысушылардың тақырыпты (мазмұнды), уақытша регламентті, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауын жүргізуші қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Аккредиттелген журналист Заңның 22-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда аккредиттеуден айырылады.
Тармақ 18
18. Журналисті аккредиттеуден айыру туралы шешім жазбаша ресімделеді және оның себептерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы болады. Журналисті аккредиттеуден айыру туралы шешім журналисті аккредиттеуге өтініш берілген бұқаралық ақпарат құралының меншік иесіне не редакциясына аккредиттеуді тоқтату туралы шешімге қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Басқа 1. Журналисті (журналистерді) тұрақты аккредиттеу туралы Өтініш
Журналистерді аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша Нысан _______________________________ кімге (аккредиттеуші ұйымның атауы) ______________________________ кімнен (бұқаралық ақпарат құралының атауы) Журналисті (журналистерді) тұрақты аккредиттеу туралы Өтініш Сізден журналисті (терді) аккредиттеуді сұраймын ____________________. (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы, аккредиттеу кезеңі) Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер: 1) бұқаралық ақпарат құралының атауы: _____________________________; 2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғаларға) және орналасқан жері (заңды тұлғаларға): ___________________________________; 3) бұқаралық ақпарат құралының телефон, факс нөмірлері, электрондық мекенжайы: ________________________________________________________. Қоса ұсынылған құжаттар: аккредиттелуші журналистің жеке басты куәландыратын құжатының көшірмесі. Өтініште аталған журналист (-тер) ____________________________________ (бұқаралық ақпарат құралының атауы) жұмыскерлері болып табылатынын растаймын. _____________________ (бұқаралық ақпарат құралы меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының уәкілетті өкілінің қолы) 20__жылғы «___» ________________
Басқа 2. Журналисті (журналистерді) уақытша аккредиттеу туралы Өтініш
Журналистерді аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша Нысан _______________________________ кімге (аккредиттеуші ұйымның атауы) _______________________________ кімнен (бұқаралық ақпарат құралының атауы) Журналисті (журналистерді) уақытша аккредиттеу туралы Өтініш Сізден журналисті (терді) аккредиттеуді сұраймын ___________________. (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы, іс-шараның атауы және өткізу мерзімі) Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер: 1) бұқаралық ақпарат құралының атауы: ___________________________; 2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғаларға) және орналасқан жері (заңды тұлғаларға): __________________________________; 3) бұқаралық ақпарат құралының телефон, факс нөмірлері, электрондық мекенжайы: __________________________________________________. Қоса ұсынылған құжаттар: аккредиттелуші журналистің жеке басты куәландыратын құжатының көшірмесі. Өтініште аталған журналист (-тер) ____________________________________ (бұқаралық ақпарат құралының атауы) жұмыскерлері болып табылатынын растаймын. _____________________ (бұқаралық ақпарат құралы меншік иесінің немесе бас редакторының (редакторының) және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының уәкілетті өкілінің қолы) 20__жылғы «___» _________
Басқа 3. Аккредиттелген журналистер тізілімі
Журналистерді аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша Нысан Аккредиттелген журналистер тізілімі № Журналистің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Бұқаралық ақпарат құралының атауы Аккредиттеудің қолданылу мерзімі … … …
Басқа 2. Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат саласындағы күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізімі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат саласындағы күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізімі
Тармақ 1
1. «Мемлекеттiк органдардың немесе өзге ұйымдардың жанында бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат агенттiктерiнiң журналистерiн тiркеу туралы» Ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің 2000 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1037 тіркелген).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрi мiндетiн атқарушысының № 1037 болып тiркелген 2000 жылғы 5 қаңтардағы № 1 «Мемлекеттiк органдарының немесе өзге ұйымдарының жанында бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат агенттiктерiнiң журналистерiн тiркеу туралы «Ереженi бекiту туралы» бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 75 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiлігiнде 2005 жылғы 27 қаңтарда тiркелдi. Тiркеу № 3397).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң 2005 жылғы 24 қарашадағы № 296 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2005 жылғы 8 желтоқсанда тiркелдi. Тiркеу № 3967, «Юридическая газета» газетiнде 2005 жылғы 23 желтоқсанда жарияланған, № 240-241).