Об утверждении Правил содержания в специально оборудованных помещениях лиц, подвергнутых административному задержанию Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңының 56-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) лауазымды тұлғалары әкімшілік ұстауға тартқан адамдарды ұстау тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) әкімшілік ұстауға тартылған адамдар үшін арнайы жабдықталған үй-жай (бұдан әрі – арнайы үй-жай) – әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды (бұдан әрі – ұсталған адамдар) тәулік бойы ұстауға арналған модульдік үлгіде жабдықталған бөлмелер мен үй-жайлар кешені;
Тармақша 2
2) әкімшілік ұстау – жеке тұлғаны жеке бостандығынан, атап айтқанда арнайы үй-жайда белгілі бір уақытқа мәжбүрлі түрде ұстай отырып, іс-қимыл және қозғалу бостандығынан уақытша айыру, оның құқыққа қарсы әрекеттерін алдын алу мақсатында.
Тарау 2. 2. Ұсталған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау тәртібі
2. Ұсталған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау тәртібі
Тармақ 3
3. Шекара қызметінің лауазымды тұлғалары әкімшілік ұстауды «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 787-бабының 4), 5) және 12) тармақшаларында көзделген жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға күдікті адамның құқыққа қарсы іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында қолданады.
Тармақ 4
4. Арнайы үй-жайларда ұстау заңдылық, кінәсіздік презумпциясы, азаматтардың заң алдындағы теңдігіне, ізгілік, тұлғаның ар-намыс және қадір-қасиетін құрметтеу қағидаларына, халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Шекара қызметі уәкілетті лауазымды тұлғасының Кодекстің 788-бабында көзделген тәртіпте жасаған әкімшілік ұстау хаттамасы адамдарды арнайы үй-жайларға анықтау үшін негіз болып табылады.
Тармақ 6
6. Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау мерзімі және оны санау тәртібі Кодекстің 789-бабына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 7
7. Арнайы жабдықталған үй-жайда келесі адамдар:
Тармақша 1
1) әкімшілік ұстау қолданылған кәмелеттік жасқа толмағандар ересек адамдардан;
Тармақша 2
2) әкімшілік ұстау қолданылған әр түрлі жыныстағы азаматтар;
Тармақша 3
3) бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдар бөлек ұсталады.
Тармақ 8
8. Кодекстің 788-бабының 2-тармағына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұстап алынған адамның өтiнішi бойынша оның қайда екендігі туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгi, қорғаушысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттің елшілігі, консулдығы немесе өзге де өкілдігі дереу хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынуы туралы оның ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың хабардар етілуі мiндеттi.
Тармақ 9
9. Ұсталған адамдар Кодекстің 44-тарауында көзделген тәртіпте әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына шағым беруі мүмкін.
Тармақ 10
10. Арнайы үй-жайларда ұсталған тұлғалардың өз еріктерімен кетіп қалмауын қамтамасыз ететін тәуліктік кезекшілік режимі орнатылады. Режимнің сақталуына бақылауды ұйымдастыру арнайы үй-жай орналасқан аумақтағы бөлімше бастығына жүктеледі.
Тармақ 11
11. Ұсталған адамдарға күнделікті аулада серуендеуіне мүмкіндік беріледі.
Тармақ 12
12. Арнайы үй-жайдың күнделікті қызметін ұйымдастыру үшін аумақтық бөлімшенің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің, штатында арнайы үй-жайлар бойынша жауапты әскери лауазым қарастырылады. Арнайы үй-жайлар бойынша жауапты қызметтік мәселелер бойынша аумақтық бөлімшенің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесінің бастығына бағынады.
Тармақ 13
13. Арнайы үй-жайда тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесінің арнайы үй-жайлар бойынша жауаптысы:
Тармақша 1
1) арнайы үй-жайдағы режимді қамтамасыз ету мәселелері бойынша кезекшілік қызметті күнделікті бақылайды;
Тармақша 2
2) арнайы үй-жайдағы санитарлық жағдайға, үй-жайға уақытында санитарлық өңдеу жүргізуге және төсек жабдықтарының ауыстырылуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) материалдық құндылықтардың сақталуына және арнайы үй-жайдағы іс жүргізуге жауап береді;
Тармақша 4
4) заттай айғақтар мен оларды сақтауға арналған бөлмеде орналасқан ұсталған адамдардың жеке заттарын жауапты сақтауға алады;
Тармақша 5
5) ұсталған адамдармен профилактикалық әңгіме жүргізеді, ол уақытта әкімшілік ұстауды қолданудың негіздемесі және әкімшілік құқық бұзушылықтың жіктелуі, ұсталған адамның құқығы түсіндіріледі, ұсталған азаматтарды осы Қағидалармен және күн тәртібімен таныстырады.
Тармақ 14
14. Арнайы үй-жайда режимді, ұсталған адамдарды, заттай айғақтар мен ұсталған адамдардың жеке заттарын күзету және ұстауды қамтамасыз ету үшін аумақтық бөлімшенің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесі әскери қызметшілерінің қатарынан кезекшілік қызмет тағайындалады.
Тармақ 15
15. Кезекшілік қызметтің құрамын аумағында арнайы үй-жай орналасқан бөлімшенің бастығы анықтайды.
Тармақ 16
16. Арнайы үй-жай жанындағы кезекшілік қызметтің құрамына арнайы үй-жай бойынша кезекші, арнайы үй-жай бойынша кезекшінің көмекшісі (бес ұсталған адамға бір кезекшінің көмекшісі есебінен) тағайындалады.
Тармақ 17
17. Ұсталған адамдар немесе заттай айғақтар болмаған жағдайда аумағында арнайы үй-жай орналасқан бөлімше бастығының шешімі бойынша кезекшілік тағайындалмайды.
Тармақ 18
18. Арнайы үй-жай бойынша кезекші өзінің қызметін атқару кезеңінде аумақтық бөлімшенің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесінің бастығына, аумақтық бөлімше және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесі бойынша арнайы үй-жайлар бойынша жауаптыға және кезекшіге (арнайы үй-жай орналасқан бөлімше бойынша) бағынады.
Тармақ 19
19. Арнайы үй-жай бойынша кезекші:
Тармақша 1
1) арнайы үй-жайға жеткізілетін және ол жерден босатылатын ұсталған адамдарды тіркеуді және есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 2
2) мынадай есепке алу құжаттарында тиісті жазбалар жүргізеді: осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы үй-жайда ұсталатын адамдарды есепке алу журналына; осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы үй-жайлар бойынша кезекшілікті қабылдау және өткізу кітабына; осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шағымдар мен ұсыныстар кітабына; осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы үй-жайда ұстауға түскен ұсталған адамдардан бастапқы сұрақ-жауап алу және медициналық көмек көрсетуді тіркеу журналына; осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша заттай айғақты сақтауға арналған бөлмедегі құжаттар және заттай айғақтарды есепке алу журналында тиісті жазбалар жүргізеді;
Тармақша 3
3) ұсталған адамдар арнайы үй-жайға жеткізілген кезде, сондай-ақ кезекшілікті қабылдау-өткізу кезінде оларға сыртқы тексеру жүргізеді;
Тармақша 4
4) ұсталған адамдарды бөлмелерге орналастырады;
Тармақша 5
5) ұсталған адамдарға тиесілі, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық құралы болып табылмайтын заттарды, құжаттарды, ақшалар мен құнды заттарды күзетуге қабылдайды және сақталуын қамтамасыз етеді, және оларға босатылған кезде қайтарып береді;
Тармақша 6
6) барлық жеткізілген, орналастырылған және босатылған адамдар туралы анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесінің бастығына, сондай-ақ арнайы үй-жайлар бойынша жауапты және аумақтық бөлімше және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесі бойынша кезекшіге (арнайы үй-жай орналасқан бөлімше бойынша) баяндайды;
Тармақша 7
7) күн тәртібінде белгіленген уақыт бойынша ұсталған адамдардың серуендеуін ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) ұсталған адамдардың барлық шағымдары мен арыздары туралы анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесінің бастығына, сондай-ақ арнайы үй-жайлар бойынша жауаптыға уақытылы баяндайды;
Тармақша 9
9) ұсталған адамдардың денсаулығы нашарлаған жағдайда Шекара қызметінің тиісті аумақтық бөлімшесінің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің әскери-медициналық (медициналық) бөлімшесінің медициналық қызметкерін, ол жоқ болған жағдайда денсаулық сақтау мекемесінің жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырады. Болған жағдай туралы анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесінің бастығына, арнайы үй-жайлар бойынша жауапты және аумақтық бөлімше және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесі бойынша кезекшісіне (арнайы үй-жай орналасқан бөлімше бойынша) тез арада хабарлайды;
Тармақша 10
10) заттай айғақтарды сақтауға арналған, арнайы үй-жайлар бойынша жауапты және анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесі қызметкерінің мөрлерімен мөрленген бөлмені күзетке қабылдайды;
Тармақша 11
11) адамдарды ұстау мерзімі бойынша есеп жүргізеді. Ұстау мерзімінің аяқталуына дейін бір сағат бұрын анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесінің бастығына, ал ол жоқ болған жағдайда оны алмастыратын адамға хабарлайды.
Тармақ 20
20. Арнайы үй-жай бойынша кезекшінің көмекшісі қызмет атқару кезеңінде арнайы үй-жай бойынша кезекшіге бағынады. Арнайы үй-жайдың кезекшісі жоқ болған жағдайда оның міндеттерін атқарады.
Тармақ 21
21. Арнайы үй-жай бойынша кезекшінің көмекшісі:
Тармақша 1
1) байланыс құралдарының және арнайы үй-жайға орнатылған сигнализацияның істен шығып қалмауын қадағалайды;
Тармақша 2
2) арнайы үй-жайға өткізу режимін жүзеге асырады, ұсталған адамдардың бөлімшенің аумағынан өз еріктерімен шығып кетулеріне және бөгде адамдардың кіруіне жол бермейді;
Тармақша 3
3) ұсталған адамдардың іс-әрекеттеріне үнемі бақылау жасайды, өз өзіне қол жұмсауды немесе дене жарақаттарын болдырмаудың алдын алу бойынша алдын алу шараларын қабылдайды;
Тармақша 4
4) үй-жайда тәртіптің сақталуына қадағалау жүргізеді;
Тармақша 5
5) бөлмелердің жай-күйін, олардың жарамдылығын тексереді және анықталған кемшіліктер туралы арнайы үй-жай бойынша кезекшіге баяндайды;
Тармақша 6
6) ұсталған адамдардың арнайы үй-жайда болған кезде, сондай-ақ оларға еріп-жүру кезінде күзетілулеріне жауап береді;
Тармақша 7
7) ұсталған адамдарды таңертеңгілік және кешкілік жуынулары, табиғи қажеттіліктеріне барулары кезінде және серуендеулері кезінде күзетеді;
Тармақша 8
8) Арнайы үй-жай бойынша кезекшінің көмекшісі ұсталған адамдарды күзету кезінде олармен сөйлесуіне, олардан әлде бір нәрсе алуға немесе беруге, сондай-ақ өз міндеттерін орындауға кедергі жасайтын өзге де әрекеттер жасауға жол берілмейді;
Тармақша 9
9) Арнайы үй-жай бойынша кезекшінің көмекшісі ұсталған адамдармен еріп-жүру үшін оларды сапқа тұрғызады және ұсталғандардың арттарынан екі-үш қадам және сол жақтарына (оң жақтарына) еріп жүріп оларды басқарады.
Тармақ 22
22. Арнайы үй-жайда: ұсталған адамдарды ұстауға арналған кемінде екі бөлме; заттай айғақтарды сақтауға арналған бөлме; ұсталған адамнан сұрақ-жауап алуға, жеке тексеріс және заттарына тексеріс жасауға арналған бөлме; арнайы үй-жайлар бойынша жауаптының бөлмесі; арнайы үй-жай бойынша кезекшілік қызметінің бөлмесі; жуынатын бөлме және дәретхана; серуендету алаңы жабдықталады.
Тармақ 23
23. Бөлмелер арнайы электрлі жарықпен жабдықталады, электрлі шамдар бөлменің төбесінде орналастырылып, органикалық әйнекпен немесе берік сынбайтын материалмен қоршалады. Жарықты жағып-өшіру құрылғысы әр бөлменің дәліз жағында орналастырылады. Дәретхана есігінің жанында ашалы розеткалар орналастырылады.
Тармақ 24
24. Бөлмелер ұсталған адамдардың санына қарай төсек-орын керек-жарақтары бар кереуетермен, орындықтармен, үстелдермен, су ішуге арналған ыдыспен, киім-кешекке арналған шкафпен, жуынуға арналған заттарды қоятын сөрелермен және қоқысқа арналған шелекпен жабдықталады.
Тармақ 25
25. Әр бөлмеде күн тәртібі мен күнтізбе ілініп тұрады. Барлық бөлмелер кезекшілік қызметінің қызметкерін шақыруға арналған шақырту құралымен жабдықталады.
Тармақ 26
26. Бөлме есіктері арнайы құлыптармен жабдықталады, құлыптардың кілттері арнайы үй-жайлар бойынша жауаптыда және кезекшісінде сақталады.
Тармақ 27
27. Арнайы үй-жай медициналық керек-жарақтардың қажетті жинағы бар бірінші жедел жәрдем көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасымен қамтамасыз етіледі. Дәрі-дәрмек қобдишасы кезекшілік қызметінің бөлмесінде сақталады. Дәрі-дәрмек қобдишасының ішінде болуы тиіс заттарға және ол заттардың жарамдылық мерзімін арнайы үй-жайлар бойынша жауапты қамтамасыз етеді. Кез келген дәрілік заттар қолданылғаннан кейін дәрі-дәрмек қобдишасы қайтадан толықтырылуы тиіс.
Тармақ 28
28. Арнайы үй-жайда серуендету алаңы жабдықтандырылады, жалпы ол алаңның көлемі 16 шаршы метрден кем болуы тиіс. Серуендету алаңына асфальт салынады немесе ештеңе қосылмаған тапталған топырақ болуы керек. Серуендету алаңының ортасында отыратын орындық орналастырылады, бұрыштарының бірінде қоқысқа арналған шелек орналастырылады. Серуендету алаңына шығару есігі қарау кезегімен жабдықталады.
Тармақ 29
29. Арнайы үй-жайда дәретхана орналастыру мүмкін болмаған жағдайда арнайы үй-жайдың сыртында дәретхана немесе биодәретхана орналастырылады. Сыртта орналасқан дәретхана су кірмейтін шұңқырларға орналастырылады. Шұңқырға орналастырылған дәретханалар уақытылы тазаланады және залалсыздандыралады.
Тармақ 30
30. Жылыту мерзімінде арнайы үй-жайдың температурасы +180С төмен түспеуі керек. Арнайы үй-жай кеш батқаннан таң атқанша жарықпен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 31
31. Арнайы үй-жай бойынша жауапты арнайы үй-жайда және оған іргелес аумақта тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етеді.
Басқа 1. Арнайы үй-жайда ұсталатын адамдарды есепке алу ЖУРНАЛЫ
Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларына 1-қосымша Нысан Арнайы үй-жайда ұсталатын адамдарды есепке алу ЖУРНАЛЫ Басталды: 20__ж."____"_______ Аяқталды: 20__ж."____"_______ Кері беті Ұстал­ған адам­ның те­гі, А.Т.Ж., ту­ған жы­лы, аза­мат­тығы Ұста­у­ға негіз, ұстау хат­та­ма­сы­ның нө­мі­рі, кү­ні, уа­қы­ты және ұстау аяқ­тал­ған уа­қыт Құқық бұ­зу­шы­ны ұста­ған ла­у­а­зым­ды тұл­ға Ұстал­ған тұл­ға­ның мү­лік­те­рі (ба­ға­лы заттар, ақ­ша, ки­ім­дер және бас­қа­лар) Ұстал­ған тұл­ға­ның өз мү­лік­те­рін сақ­та­у­ға тап­сыр­ға­ны ту­ра­лы қо­лы Ұста­у­ға ал­ған ар­найы үй-жай бой­ын­ша ке­зек­ші­нің те­гі, А.Т.Ж., ата­ғы (кү­ні, уа­қы­ты, қо­лы) Шы­ғу­ға негіз: боса­ту, әкім­ші­лік ұстау мер­зі­мі­нің аяқ­та­луы, қа­был­дау  ор­на­ла­сты­ру­ға ауы­сты­ру Ұстал­ған адам­ды ар­найы үй-жай­дан боса­тқан (жі­бер­ген) ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (кү­ні, уа­қы­ты, қо­лы) 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Басқа 2. Арнайы үй-жай бойынша кезекшілікті қабылдау және өткізу КІТАБЫ
Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларына 2-қосымша Нысан Арнайы үй-жай бойынша кезекшілікті қабылдау және өткізу КІТАБЫ Басталды: 20__ж."___"______ Аяқталды: 20__ж."___"______ Кері беті Арнайы үй-жай бойынша кезекшілік қызметті өткізу баянаты еркін түрде жазылады және мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:
Тармақша 1
1) кезекшілікті қабылдау және өткізу туралы;
Тармақша 2
2) ұсталған адамдарды қабылдау-тапсыру туралы;
Тармақша 3
3) арнайы құралдарды, кілттерді қабылдау-өткізу туралы;
Тармақша 4
4) кезекшілік уақытында арнайы үй-жайда орын алған оқиғалар туралы;
Тармақша 5
5) кезекшілік кезінде арнайы үй-жайда жабдықтарындағы (сигнализация, байланыс, жарық беру, торлар, құлыптар және тағы басқалар) табылған олқылықтар туралы;
Тармақша 6
6) инженерлік қызметтің арнайы үй-жайға техникалық тексеріс жүргізгені туралы;
Тармақша 7
7) бөлімше бастығының немесе басқа да тексеруші адамдардың кезекшілік қызметтің қызмет атқаруын тексергендігі туралы;
Тармақша 8
8) жаңадан келіп түскен ұсталған адамдардың және одан шыққандардың саны туралы.
Басқа 3. Шағымдар мен ұсыныстар кітабы
Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларына 3-қосымша Нысан Шағымдар мен ұсыныстар кітабы Басталды: 20__ж."____"______ Аяқталды: 20__ж."____"______ Кері беті Өті­ніш­тің ке­ліп түс­кен кү­ні, айы, жы­лы, уа­қы­ты Өті­ніш бе­ру­ші­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты Ша­ғым неме­се ұсы­ныс маз­мұ­ны Өті­ні­шпен та­ны­с­қан адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты Қа­был­дан­ған ша­ра­лар 1 2 3 4 5 6
Басқа 4. Арнайы үй-жайда ұстауға түскен ұсталған адамдардан бастапқы сұрақ-жауап алу және медициналық көмек көрсетуді тіркеу ЖУРНАЛЫ
Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларына 4-қосымша Нысан Арнайы үй-жайда ұстауға түскен ұсталған адамдардан бастапқы сұрақ-жауап алу және медициналық көмек көрсетуді тіркеу ЖУРНАЛЫ Басталды: 20__ж."____"______ Аяқталды: 20__ж."____"______ Кері беті Те­гі, аты, әке­сі­нің аты Жа­сы Ке­ліп түс­кен кү­ні Ша­ғым­да­ры Ке­ліп түс­кен­де анық­тал­ды Қа­был­дан­ған ша­ра­лар Ар­найы үй-жай бой­ын­ша ке­зек­ші­нің ес­керт­пе­сі ме­ди­ци­на қыз­мет­ке­рін ша­қыр­ту және ке­лу уа­қы­ты ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту­дің си­па­ты ау­ру­ха­на­ға жат­қы­зу, ем­деу ме­ке­ме­сі­нің ата­уы ар­найы үй-жай­дың ке­зек­ші­лік қыз­ме­тіне ұсы­ным 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Басқа 5. Заттай айғақты сақтауға арналған бөлмедегі құжаттар және заттай айғақтарды есепке алу ЖУРНАЛЫ
Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларына 5-қосымша Нысан Заттай айғақты сақтауға арналған бөлмедегі құжаттар және заттай айғақтарды есепке алу ЖУРНАЛЫ Басталды: 20__ж."____"________ Аяқталды: 20__ж."____"________ Кері беті р/н № Заттай ай­ғақ­тың ата­уы Са­ны Іс­тің № ай­ып­та­лушы­ның, кү­дік­ті­нің, сот­та­лушы­ның, құқық бұ­зу­шы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты Жа­у­ап­ты адам­ның аты-жө­нін көр­се­те оты­рып, нақ­ты сақ­тал­ған же­рі Кім­ге және қа­шан сақ­та­у­ға, қа­ра­у­ға бе­ріл­ді Заттай ай­ғақ­қа қа­ты­сты сот­тың ше­ші­мі Заттай ай­ғақ­тар кім­ге, қа­шан бе­ріл­ді, кү­ні, айы, жы­лы, уа­қы­ты Орын­дал­ға­ны ту­ра­лы бел­гі, кү­ні Ла­у­а­зым­ды тұ­лға­лар­дың қол­да­ры, кү­ні және уа­қы­ты Ес­керт­пе 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11