Вопросы использования объектов коммунальной собственности в качестве залогового обеспечения при кредитовании субъектов малого предпринимательства Күшін жойған
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдалану мәселелері
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 16.07.2004 № 32 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 шілдедегі "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдалану мәселелері туралы" № 1028 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдалану ережелері бекітілсін (тіркеледі).
Тармақ 2
2. Қала, аудан әкімдері, облыс әкімшілігі білім департаментінің және облыс әкімшілігі денсаулық сақтау басқармасының бастықтары 2000 жылдың 20 қазанына дейін кепілдікті қамтамасыз етуге арналған білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің тізбесін анықтасын және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігімен келісілгеннен кейін, оларды реестрге енгізу үшін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің коммуналдық
меншігін және активтерін басқару департаментіне ұсынсын.
Тармақ 3
3. Облыс әкімшілігінің "Энергосервисцентр" мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорны жанынан кепілдікті қор құрылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Н. Сейітжапаровқа жүктелсін.
Басқа 5. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде
кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық
меншік объектілерін пайдаланудың
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімінің
2000 жылғы 13 қазандағы
№ 361 шешіміне қосымша
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде
кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық
меншік объектілерін пайдаланудың
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер облыс әкімінің 2000 жылғы 23 ақпандағы № 62 шешімімен бекітілген облыс әкімінің Оңтүстік Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2000 жылға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Ережелер шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың негізін айқындайды.
Тармақ 3
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерімен қамтамасыз ету шаруашылық жүргізу құқығындағы "Энергосервисцентр" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - МК) жанынан кепілдікті қор құру жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Коммуналдық меншік объектілерін кепілдікті қорға беру туралы шешімді облыс әкімі (бұдан әрі - әкім) қабылдайды.
Тармақ 5
5. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие алар кезінде МК кепілдік беруші болып табылады.
Тармақ 6
6. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті коммуналдық меншік объектілерімен қамтамасыз ету МК-ның өз кәсіпкерлік тәуекеліне сақтандыру жүргізуі жағдайында жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несиелік ұйымдардан несие алу кезінде кепілдікті коммуналдық меншік объектілерімен қамтамасыз ету құқығына өндірістік қайтымды қызметпен айналысатын және жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін заңды тұлға, сондай-ақ жеке тұлға мәртебесін құрайтын кәсіпкерлік субъектілері ие бола алады.
Тармақ 8
8. Кепілдікті коммуналдық меншік объектілерімен қамтамасыз ету кәсіпкерлік субъектісінің несиелік ұйым талабына сай келетін кепілдемелік қамтылуы болмаған жағдайда, немесе несиелік ұйым талаптарын толығымен өтей алмайтын кепілдемелік қамтылуы болған жағдайда, қажетті несиенің толық сомасында қатаң қайтару негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Кәсіпкерлік субъектілерінің кепілдікті коммуналдық меншік объектілерімен қамтамасыз етуді пайдалануының ең көп мерзімі 2 жылды құрайды.
Тарау 2. 2. Кепілдікті мүлікті іріктеу және бағалау
2. Кепілдікті мүлікті іріктеу және бағалау
Тармақ 10
10. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің коммуналдық меншігін және активтерін басқару департаменті облыс әкімінің атынан жыл сайын коммуналдық меншік объектілерін түгендеуді жүргізеді, сондай-ақ объектілердің толық атауы, олардың орналасқан жері, теңгерімдік құны мен объектілердің жай-күйінің басқа да деректері көрсетілетін коммуналдық меншік объектілерінің тізімін жасайды және оны әкімнің бекітуіне ұсынады.
Тармақ 11
11. Тізімді жасаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы "Банктер және банк қызметі туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес коммуналдық меншік объектілерінің несие ұйымдарының несиелерді кепілдікпен қамтамасыз етуге қоятын талаптарына сәйкестігін бағалау жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Кепілдікті коммуналдық меншік объектілерімен қамтамасыз ету
есебінен несие берілетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
жобаларын іріктеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
3. Кепілдікті коммуналдық меншік объектілерімен қамтамасыз ету
есебінен несие берілетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
жобаларын іріктеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 12
12. Әкім шешімімен коммуналдық меншік объектілерін кепілдікті қамтамасыз ету есебіне несие берілетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады.
Тармақ 13
13. Комиссияны әкім басқарады.
Тармақ 14
14. Комиссия хатшысы лауазымы бойынша МК басшысы болып табылады. Саны кем дегенде бес адамнан тұратын комиссияның жеке құрамын комиссия хатшысының ұсынуы бойынша әкім бекітеді.
Тармақ 15
15. Комиссия жұмысшы органының қызметі МК-ға жүктеледі.
Тармақ 16
16. Комиссияның жұмысшы органы комиссия мәжілісінің күн тәртібі жөнінде ұсыныстар әзірлейді; өз құзыретінің шегінде комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді; комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін тіркеуді жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларды іріктеуге қатысуға өтініштерін тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
Тармақ 18
18. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша іріктеуді жүзеге асыру екі кезеңде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) жобаларды іріктеудің алдын-ала сатысында жұмысшы орган сараптама жүргізуге және оларды несиелендіру мүмкіндіктері туралы қорытындыларды беруге арналған жобалар бойынша құжаттарды экономикалық, ұйымдастырушылық, маркетингтік және қаржылық көзқарастар тұрғысынан талдайды және несие ұйымдарының қарауына тапсырады.
Тармақша 2
2) жұмысшы орган несие ұйымдарының оң қорытындыларын алған өтініштерді мәжіліс күнінен үш күн бұрын, несие ұйымдарының қорытындыларын қоса отырып, комиссия мүшелерінің қарауына ұсынады.
Тармақ 19
19. Комиссия өз қызметін жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) ғалымдардың, беделді кәсіпкерлердің, басқару органдары өкілдерінің және басқа да мамандардың арасынан сарапшылар мен консультанттарды жұмыс істеуге тартады;
Тармақша 2
2) уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сараптау және жұмысшы топтар ұйымдастырады:
Тармақша 3
3) қажетті ақпараттың, талдау, анықтамалық-статистикалық
материалдарды, сондай-ақ ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді алады.
Тармақ 20
20. Жобаларды іріктеу кезінде мынадай талаптар ескеріледі:
Тармақша 1
1) шағын кәсіпкерлік субъектісінің бюджет алдында берешегінің
болмауы;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік субъектісінің несиелік ұйымдарда несие бойынша
өтелмеген қарызының болмауы;
Тармақша 3
3) қолайлы несие дерекқорының болуы, егер ол болса;
Тармақша 4
4) жобаның әкім жыл сайын бекітетін, облысты дамытудың индикативті
жоспарына сәйкес келуі;
Тармақ 21
21. Комиссия несие ұйымдарының оң қорытындыларын алған өтініштерді,
олар тіркелген күннен бастап екі айдан кешіктірмей қарайды.
Тармақ 22
22. Комиссияның төрағасы комиссия отырысын қажеттілігіне қарай
шақырады, бірақ тоқсанына бір реттен сирек болмауға тиіс.
Тармақ 23
23. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы дауыстардың үштен
екісімен қабылданады.
Тармақ 24
24. Комиссия шешімдері мәжіліс хаттамасымен ресімделеді және оған
комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қояды, комиссия жиналысының хаттамасы
әкім мөрімен расталады.
Тармақ 25
25. Комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, ол білдірілген
жағдайда жазбаша жазылып, комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркелуі
тиіс.
Тармақ 26
26. Несие беруге арналған жобалар мен ұсынымдарды іріктеу кезінде
комиссияның мүшелері қабылдаған шешімдер үшін Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 2 шілдедегі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"
Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жауап
береді.
Тармақ 27
27. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне кепілдікті қамтамасыз етуді
беруден бас тартылған жағдайда, жұмысшы орган жобаларды іріктеудің тиісті
кезеңінен кейін, 3 күндік мерзімде бас тартудың негізін көрсете отырып,
шағын кәсіпкерлік субъектісін жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Тарау 4. 4. Кепілдікті қамтамасыз етуді ресімдеу
4. Кепілдікті қамтамасыз етуді ресімдеу
Тармақ 28
28. Комиссияның хаттамалық шешімі МК-ның шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін беру туралы шарт жасасу туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 29
29. МК, жобаны қаржыландыру туралы оң шешім қабылданғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" № 2723 заң күші бар Жарлығына сәйкес несие ұйымымен және шағын кәсіпкерлік субъектілерімен ипотекалық шарт жасасады.
Тармақ 30
30. Жасалған ипотекалық шарт Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген тәртіппен өкілетті органдарда тіркеледі.
Тармақ 31
31. Ипотекалық шартта шарттың нысанасы, кепілді мүліктің бағаланған құны, негізгі міндеттеменің мәні, оның мөлшері мен орындалу мерзімі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде МК-ның шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асыруы, сондай-ақ кез-келген тараптың мәлімдеуі бойынша ипотекалық шартта қол жеткізілуі тиіс және заңдарда тыйым салынбаған өзге де жағдайлар көрсетілуі тиіс.
Тармақ 32
32. Объектілерді кепілдікті қамтамасыз етуге пайдаланғаны үшін МК алынған несие сомасының 0,1 пайызы мөлшерінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен мүдде мөлшерін белгілейді.
Тарау 5. 5. Кәсіпкерлік субъектісінің қаржыны уақтылы қайтарудағы
жауапкершілігі
5. Кәсіпкерлік субъектісінің қаржыны уақтылы қайтарудағы
жауапкершілігі
Тармақ 33
33. Кәсіпкерлік субъектілері коммуналдық меншік объектілерін кепілдемелік қамтамасыз ету ретінде пайдалану барысында МК-ға қайтарымды қамтамасыз ету үшін өз мүлкін кепілдікке беруге міндетті. Ерекше жағдайларда, яғни жобаның өзгеше маңыздылығы және кәсіпкерлік субъектілерінде өз мүлкі болмаған жағдайда ғана кәсіпкерлік
субъектілерінің қайтарымды қамтамасыз ету кепілдігінсіз коммуналдық меншік
объектілерін кепілдікті қамтамасыз етуге ұсыну туралы шешім қабылдануы
мүмкін.
Тармақ 34
34. Кәсіпкерлік субъектілерінің МК-ға кепілдемеге берген мүлкі осы
Ережелердің 4 тармағына сәйкес ресімделеді және заңдарда белгіленген
тәртіпте тіркеледі.
Тармақ 35
35. Кәсіпкерлік субъектілері өзіне алған міндеттерді орындамаған
немесе тиісті деңгейде орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 36
36. Тараптар арасындағы келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңдарына сәйкес шешіледі.