Об утверждении Типового положения о специальной комиссии Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы «Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Арнайы комиссия туралы үлгілік ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек департаменті (А.О. Табергенова):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Қ. Егембердіге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Арнайы комиссия туралы үлгілік ереже
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 325-ө-м бұйрығымен бекітілген Арнайы комиссия туралы үлгілік ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Арнайы комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Үлгілік ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган – әлеуметтік көмек көрсетуді жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаладағы ауданның жергілікті атқарушы орган;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – (бұдан әрі – Комиссия) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия.
Тармақ 3
3. Комиссия республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) қаладағы аудан аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.
Тармақ 4
4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.
Тармақ 5
5. Комиссияның қызметін бақылауды республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қалалар) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі міндеті Үлгілік қағидалардың 9-тармағы негізінде жергілікті өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.
Тармақ 7
7. Комиссияның негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, Үлгілік ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері кіреді. Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауға тиіс.
Тармақ 10
10. Республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қалалар) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары Төраға болып табылады. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Үлгілік ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган – облыстардағы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Астана және Алматы қалаларындағы республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссия хатшысының міндеті осы басқарманың, бөлімнің маманына жүктеледі.
Тармақ 12
12. Комиссия уәкілетті органнан құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ашық дауыс беру арқылы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі туралы шешім шығарады.
Тармақ 13
13. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
Тармақ 15
15. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды нысанында ресімделеді және осы Үлгілік ереженің 12-тармағында көрсетілген мерзімде уәкілетті органға беріледі. Оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Комиссия әлеуметтік көмек мөлшерін айқындау кезінде жергілікті өкілді органдар бекіткен әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын басшылыққа алады.
Басқа 1. Арнайы комиссияның қорытындысы
Арнайы комиссиялар туралы үлгілік ережеге қосымша Арнайы комиссияның қорытындысы 20___ж.___ ______ № Арнайы комиссия өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының) _______________________________________________________________                        (тегі, аты, әкесінің аты) өтінішін және оған қоса берілген құжаттарын қарап, адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты төмендегідей себептер бойынша: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ әлеуметтік көмек ұсыну __________________________________________________________________                      (қажеттілігі, қажеттілік жоқтығы) туралы қорытынды шығарады. Әлеуметтік көмектің мөлшері _______ ________________ теңге.                                    (сомасы жазбаша) Комиссия төрағасы:__________________________________________ Комиссия мүшелері:__________________________________________                   ______________________ ___________________                   ______________________ ___________________                   ______________________ ___________________                   ______________________ ___________________                   ______________________ ___________________                           (қолдары)            (Т.А.Ә.) Қорытынды қоса берілген құжаттармен __ данада 20__ж. «__» ___ қабылданды Құжаттарды қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы _______________________________________________________