Об утверждении Правил пользования услугами по диспетчеризации Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Диспетчерлерлендіру жөніндегі қызметті пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы қаулысымен бекітілген Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2000 жылғы 11 тамыздағы N 5 отырысы хаттамалық шешімінің ІІ бөлігінің 3 тармағына сәйкес және диспетчерлендіру жөніндегі қызметті пайдалану кезінде тараптардың өзара қатынасын реттеуші нормативтік-құқықтық құжат енгізу қажеттілігіне байланысты Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған Диспетчерлендіру жөніндегі қызметті пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Электр энергетикасы және қатты отын департаменті осы Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуге енгізсін.
Тармақ 3. Диспетчерлендiру бойынша қызметтi пайдалану Ережелерi
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі К.Д. Дүкенбаевқа жүктелсін. "Бекiтiлдi" Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрiнiң 2000 жылғы 7 қарашадағы N 372 бұйрығымен Диспетчерлендiру бойынша қызметтi пайдалану Ережелерi
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының "Электр энергетикасы туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегi N 606 "Қазақстан Республикасы электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда тиiмдiлiгiн арттыру бойынша қосымша шаралар туралы" қаулысымен мақұлданған Электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда рыногын жетiлдiру концепциясына (бұдан әрi - Концепция) сәйкес әзiрленген.
Тармақ 2
2. Ереже Қазақстан Республикасының Бiртұтас электр энергетикалық жүйесi рыногының Техникалық операторы (бұдан әрi - Техникалық оператор) ретiнде iс-қимыл жасайтын, диспетчерлендiру бойынша қызмет көрсететiн орталық диспетчерлiк басқаруымен орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқару тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 3
3. Орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқару, электр қуаты мен электр энергиясын беру және сатып алу-сату шарттары және жедел диспетчерлiк басқару аймағын бөлуге сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық құжаттары негiзiнде бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде өндiрiс режимдерiн, беру және электр қуатын тұтынуын басқарады.
Тармақ 4
4. Концепцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Бiртұтас электр энергетика жүйесiнiң Орталықтандырылған диспетчерлiк басқару қызметiн Техникалық оператор атқарады.
Тармақ 5
5. Диспетчерлендiру, бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде стандартты жиiлiктi реттеу және қолдау, өндiрiс режимдерiнiң орталықтандырылған басқаруын, электр энергиясы мен қуатын беру және тұтынуды қамтамасыз ету бойынша және Қазақстан Республикасы Бiртұтас электр энергетикалық жүйелерi қызметiнiң сенiмдiлiк критерийлерiнiң сақталуы негiзiнде электр қуаты мен энергиясын берудiң сенiмдi схемасын құраудағы Техникалық оператор көрсететiн қызмет.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Бiртұтас электр энергетика жүйесi (бұдан әрi - ҚР БЭЖ) электр станциялары, бiр-бiрiмен үздiксiз технологиялық өндiрiс процесiнде режимнiң ортақтығымен байланысты электр жеткiзу желiлерi мен қосалқы станциялардың және орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруы жанындағы электр қуаты мен энергиясын тұтыну жиынтығы.
Тармақ 7
7. Ереже Техникалық оператор мен электр қуаты мен электр энергиясын өндiру және тұтыну қарым-қатынасының барлық қатысушыларына, меншiкте және ведомстволық құрамда болуына қарамастан, мiндеттi.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Диспетчерлендiру процесi
2. Диспетчерлендiру процесi
Тармақ 8
8. Диспетчерлендiру процесi ҚР БЭЖ қызметiнiң сенiмдiлiгi үшiн электр қуаты мен электр энергиясын өндiру мен тұтыну қарым-қатынасының қатысушыларына Техникалық оператордың келесi негiзгi қызметтердi көрсетуiн қамтиды:
Тармақша 1
1) ҚР БЭЖ стандартты жиiлiгiн реттеудi және қолдауды;
Тармақша 2
2) Электр энергиясы мен қуатын өндiру, беру және тұтыну режимдерiнiң орталықтандырылған басқаруын қамтамасыз етудi;
Тармақша 3
3) ҚР БЭЖ қызметiнiң сенiмдiлiк критерийлерiн сақтай отырып электр қуаты мен энергиясын берудiң сенiмдi схемасын құруды;
Тармақша 4
4) Электр энергиясын (қуатын) нақты өндiру мен тұтынуға жедел бақылауды;
Тармақша 5
5) Апатты бұзушылықтарды жою, оқшауландыру және шығынды азайту мақсатында электр энергиясы мен электр қуатын өндiру мен тұтыну қарым-қатынасы қатысушыларының жабдықтарында қондырылған релелiк қорғау (бұдан әрi - РҚ) және апатқа қарсы автоматика (бұдан әрi - АА) құрылғыларының бiртұтас принциптерiн әзiрлеудi;
Тармақша 6
6) ҚР БЭЖ апатты бұзушылықтарды жою, оқшауландыру және алдын-алуды, оның iшiнде Қазақстан Республикасы БЭЖ қуат резервтерiн басқаруды, ПУЛ ЭҚР классификациялық таблицасына сәйкес "ПУЛ электр қуатының резервтерi" қуат резервiн енгiзудi, Қазақстан Республикасы БЭЖ жиiлiгi мен қуатын реттеудi, апатқа қарсы басқару принциптерi мен электр режимдерiн дайындауды, АА және РҚ қондырғыларының параметрлерiн келтiрудi және схемасын келiстiрудi қамтамасыз етудi;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы БЭЖ электр станциялары жабдықтарының жұмыс режимдер мониторингiн жүзеге асыруды;
Тармақша 8
8) Электр желiлерi мен электр станциялардың негiзгi жабдықтарын жөндеуге жiберудiң техникалық шарттарын қамтамасыз етудi;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы БЭЖ сенiмдiлiк критерийлерi негiзiнде iргелес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен, олардың диспетчерлiк орталықтарымен өзара iс-қимылдарын қоса отырып, қатар жұмысты ұйымдастыру үшiн жағдайларды әзiрлеудi.
Тармақ 9
9. Диспетчерлендiру процесiнде Техникалық оператор:
Тармақша 1
1) электр энергиясы мен электр қуатын өндiрушi және тұтыну қарым-қатынасының қатысушыларына сапалы өнiм шығаруға мүмкiндiк беретiн электр энергиясының нормативтiк сапасын қамтамасыз етедi.
Тармақша 2
2) электрмен жабдықтауды қалпына келтiруге бағытталған жедел шаралар қабылданады;
Тармақша 3
3) энергия өндiрушi ұйымдарға олардың тiкелей тұтынушыларының тұтыну көлемi бойынша күнделiктi және уақтылы ақпарат берiлiп отырады;
Тармақша 4
4) генерациялаушы жабдықтың iстен шығуының алдын алу үшiн кез келген апаттық жағдайларда бөлушi автомат жиiлiгiнiң тағайыншамасы берiлiп, есеп жүргiзiледi.
Тармақ 10
10. Техникалық оператор ҚР БЭЖ электр энергиясы мен электр қуатын өндiрушi және тұтыну қарым-қатынасы қатысушыларының қатар жұмысына байланысты. Оның iшiнде іргелес мемлекеттерден электр энергиясын жеткiзу мәселелерiне:
Тармақша 1
1) РҚ және АА принциптерi мен қондырғыларының тағайыншамасын келiстiру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы БЭЖ жұмыс режимдерi өзгерген жағдайдағы келiссөздер, электр энергиясы мен электр қуатын өндiрушi және тұтыну қарым-қатынасы қатысушыларының диспетчерлендiру процесiнде мүддесiн қорғаумен байланысты барлық техникалық және ұйымдастыру мәселелерiн реттеу жатады.
Тармақ 11
11. Техникалық оператордың диспетчерлендiру бойынша көрсететiн қызметi объективтi қажеттiлiкке байланысты техникалық оператор мен диспетчерлендiру бойынша электр энергиясы мен электр қуатын өндiрушi және тұтыну қарым-қатынасы қатысушыларының арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдылықтарға, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерге және осы Ережеге сәйкес бекiтiлген шарттармен реттеледi.
Тарау 3. 3. Диспетчерлендiру бойынша қызметтi ұсыну тәртiбi
3. Диспетчерлендiру бойынша қызметтi ұсыну тәртiбi
Тармақ 12
12. Қызметтi ұсыну тәртiбi, келiсiм-шарттары, оның iшiнде жедел-диспетчерлiк басқару бойынша қызмет үшiн төлем, Техникалық оператор және электр энергиясы мен электр қуатын өндiрушi және тұтыну қарым-қатынасы қатысушыларының арасында бекiтiлген шарттар негiзiнде жүргiзiледi.
Тармақ 13
13. Жедел-диспетчерлiк басқару бойынша Техникалық оператор көрсететiн қызмет бағасы (тарифi), Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" Заңына сәйкес табиғи монополиялар қызметiн реттейтiн өкiлеттi органдармен белгiленедi.
Тарау 4. 4. Жауапкершiлiк
4. Жауапкершiлiк
Тармақ 14
14. Орталықтандырылған диспетчерлiк басқару органдары жедел-диспетчерлiк басқару қарамағындағы электр желiлерiнен электрэнергиясын тұтыну, бөлу, беру және өндiру режимi бойынша жедел өкiмдi орындамаған ұйымды өшiруге құқықты.
Тармақ 15
15. Электр энергиясы мен қуатын тұтыну, бөлу, беру және өндiру қарым-қатынасының қатысушылары өз мiндеттерiн орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.