О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан "О таможенном деле в Республике Казахстан" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 13; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, N 180-құжат; N 18, 367-құжат; 1997 ж., N 11, 144-құжат; N 12, 189-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 46-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 20, 717-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; N 10, 244-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 149-бапта:
Тармақша 1
1) бірінші бөлікте: 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "12) акцизделетін тауарлардан басқа мемлекеттік сыртқы заемдар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар;"; мынадай мазмұндағы 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын: "17) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген, салық заңдарына сәйкес белгіленген гранттар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар; 18) ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесіне орай Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау үшін өткізілетін бітімгершілік немесе өзге де жаттығулар шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін немесе осы аумақтан әкетілетін тауарлар.";
Тармақша 2
2) үшінші бөлік "12)" деген цифрдан кейін ",17), 18)" деген цифрлармен толықтырылсын.