О проведении тендера на разработку программного обеспечения для учета налогооблагаемой базы сельских и поселковых администрации Южно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық және поселкелік әкімшіліктерінің салық ұсталынатын базасын есепке алу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді жасауға тендер өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 01.10.2003 № 51 шешімімен.
Ауылдық және поселкелік әкімшілік аппараттарының салық ұсталынатын базаларын есепке алу үшін программалық қамтамасыз етуді жасау мақсатында, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде облыстық бюджетті тиімді жұмсау мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыстық ауылдық және поселкелік әкімшілік аппараттарының салық ұсталынатын базаларын есепке алу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау бойынша мына құрамда қызметтерге ақы төлеуге тендер өткізу жөніндегі облыстық конкурстық комиссия бекітілсін:
Пляцук В.Д. - облыс әкімінің бірінші орынбасары, төраға.
Қыдырбаев Ә.Б. - облыс әкімі аппаратының басшысының орынбасары, төраға орынбасары.
Ендібаев А.Ж. - облыс әкімшілігінің стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі департаменті бастығының орынбасары.
Сақтағанова Г.С. - облыс әкімі аппаратының талдау-сараптау бөлімінің меңгерушісі.
Әлмұханова Б.А. - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті бөлімінің бастығы /келісімі бойынша/.
Пернебеков М.С. - облыстық қаржы басқармасының басқару аппаратын, құқық қорғау органдарын және қорғанысты қаржыландыру бөлімінің бастығы.
Жексембаева Р.М. - облыс әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманы.
Тармақ 2
2. Конкурстық сауданы, облыстық конкурстық комиссияға құжаттар дайындауды ұйымдастыру облыс әкімі аппараты әкімшілік-техникалық қызметіне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Әлеуметті жеткізіп берушілерге, конкурсқа қатысуға конкурстық тапсырыстарды дайындау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін /қоса тіркеледі/.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алу облыс әкімі аппаратының басшысы К. Махамбетовке жүктелсін.
Басқа 5
Облыс Әкімінің
09.10.2000 жылғы
N 355 шешімімен бекітілген
Конкурстық өтінімдерді әзірлеу және
бағдарламалық қамтамасыз етуді
дайындау бойынша конкурс өткізу үшін
бағдарламалық қамтамасыз етуді
дайындап берушілерге арналған
НҰСҚАУЛЫҚ
Конкурстық өтінімдерді әзірлеу және бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау бойынша конкурс өткізу үшін ықтимал дайындап берушілерге арналған НҰСҚАУЛЫҚ /әрі қарай - нұсқаулық/ Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.12.1998 жылғы 1268 санды қаулысымен бекітілген "Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүргізудің тәртібі туралы Нұсқаулығына" сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1-тарау. Кіріспе
1-тарау. Кіріспе
Тармақ 1
1. Конкурстың пәні.
Тармақша 1
1) Бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау бойынша ашық конкурс өткізу туралы бұл нұсқаулық ықтимал дайындап берушілерге олардың конкурсқа қатысуы туралы толық ақпарат беру мақсатында әзірленді.
Тармақша 2
2) Конкурс Оңтүстік Қазақстан облысының поселкелері мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қажеттілігі үшін қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындап берушіні анықтау үшін жүргізіледі. Орындалатын қызметтердің толық тізімі осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген.
Тармақша 3
3) Конкурстың ұйымдастырушысы Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты болып табылады.
Тармақ 2
2. Төлемнің базалық шарттары мен қаржыландырудың көздері.
Тармақша 1
1) бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау үшін тапсырыс беруші облыстық қаржы басқармасы арқылы қаржыландыратын, жергілікті бюджет қаражатын пайдаланады.
Тармақша 2
2) Төлемнің базалық шарттары: тауарлардың ақысы келесі шарт бойынша төленеді - қаржы жылының соңына дейін осы мақсатқа бюджет қаражатының лимиті бөлінгенге қарай.
Тармақ 3
3. Ықтимал жеткізушілердің құқықтылығы және біліктілігі.
Конкурсқа бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындаумен айналысатын, Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген, тек отандық ықтимал дайындап берушілер жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін ықтимал дайындап беруші Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес келесі біліктілік талаптарын қанағаттандыруы тиіс:
Тармақша 1
1) бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау және енгізу туралы шартқа сәйкес мiндеттемелерiн орындауы үшiн кәсiптiк құзыретi, тәжiрибесi, беделi, сондай-ақ қажеттi қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болуға;
Тармақша 2
2) бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау және енгізу туралы шарт жасасу үшiн азаматтық құқық қабiлетi болуға;
Тармақша 3
3) төлем қабiлетi болуға, таратуға жатпауға тиiс, мүлкi алып қойылмауға тиiс, оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтатылмауға тиiс;
Тармақша 4
4) конкурсқа қатысуға өтiнiм берген кезде және бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау және енгізу туралы шарт жасасқан кезде бюджетке салық және басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындауға тиiс.
Тармақ 4
4. Орындалуы тиіс, ілеспе қызмет көрсетулер.
Ықтимал дайындап берушілер төмендегі қызметтерді көрсетулері керек:
Тармақша 1
1) тапсырыс беруші мен оның өкілдері бағдарламалық қамтамасыз етудің тапсырыс беруші мен дайындап берушінің бірлесе дайындаған техникалық тапсырмаларына сәйкестігін растау үшін оларды бақылау мен сынауды өткізеді.
Тармақша 2
2) дайындап беруші бағдарламалық қамтамасыз етуді аудандар мен қалалардағы салық комитеттерінде енгізуге міндетті.
Тармақша 3
3) дайындап беруші қажетті қосымша жабдықтарды /жергілікті желілерді, модемдер, жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етулерді/ аудандар мен қалалар салық комитеттерінде қондырып беруге міндетті.
Тармақша 4
4) қосымша жабдықтарды сатып алу мен қондыруға байланысты шығындар Шарттың бағасына кіргізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Конкурстық құжаттама
2-тарау. Конкурстық құжаттама
Тармақ 5
5. Конкурстық құжаттаманың мазмұны.
Конкурстық құжаттамаға конкурсты өткізу туралы хабарландырудан басқа мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) Осы Нұсқаулық;
Тармақша 2
2) Орындалатын жұмыстардың тізбесі/1-қосымша/;
Тармақша 3
3) Конкурсқа қатысу өтінішінің нысаны (2-қосымша);
Тармақша 4
4) Ықтимал бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындап берушінің біліктілігі туралы мәліметтер нысаны /3-қосымша/;
Тармақша 5
5) Бағалар кестесінің нысаны /4-қосымша/;
Тармақша 6
6) Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету нысаны /банктік кепіл, 5-қосымша/;
Тармақша 7
7) Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуының қамтамасыз етілуі /банктік кепіл, 6-қосымша/.
Ықтимал бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындап беруші конкурстық құжаттамада және оған толықтыруларда қамтылған барлық нұсқауларды, нысандарды, шарттар мен техникалық сипаттамаларды зерделеуге тиіс. Конкурстық құжаттамада сұратқан ақпаратты толық бермеу немесе конкурстық құжаттаманың барлық талаптарына сай келмейтін конкурстық өтінімді беру ықтимал бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындап беруші үшін тәуекел болып табылады және оның конкурстық өтінімін конкурстық комиссияның қабылдамай тастауына әкеп соғуы мүмкін.
Ықтимал бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындап беруші өзінің конкурстық өтінімін әзірлеуге және беруге байланысты барлық шығындарды көтереді. Конкурсты ұйымдастырушы, тапсырысшы және конкурстық комиссия конкурсты жүргізудің сипатына немесе нәтижелеріне қарамастан осы шығындар бойынша міндеттемелерді көтермейді.
Тармақ 6
6. Конкурстық құжаттамаларды түсіндіру.
Ықтимал бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындап беруші конкурстық құжаттама ережелеріне түсіндірме беру туралы сауал салуға құқылы, бірақ ол конкурстық өтінім берудің соңғы мерзімі біткенге дейінгі 10 күннен кешіктірілмеуі керек.
Тармақ 7
7. Конкурстық құжаттамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Тармақша 1
1) Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінім берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта өзінің жеке бастамасымен не қандай да бір ықтимал бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындап берушінің тарапынан түскен түсіндірме беру туралы сауалға жауап ретінде толықтыру шығару арқылы конкурстық құжаттаманы өзгертуге құқылы.
Тармақша 2
2) Конкурсты ұйымдастырушы бұл толықтыруды конкурстық құжаттаманы берген барлық ықтимал бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындап берушілерге дереу хабарлайды және олардың мұндай ықтимал дайындап берушілерге дереу хабарлайды және олардың мұндай ықтимал дайындап берушілер үшін міндетті күші болады, бұл орайда конкурстық өтінім берудің мерзімі осындай соңғы толықтырулар туралы ықтимал дайындап берушілерге хабарланған күннен бастап есептеледі.
Тарау 3. 3-тарау. Конкурстық өтінім
3-тарау. Конкурстық өтінім
Тармақ 8
8. Конкурстық өтінімнің тілі.
Ықтимал дайындап беруші дайындаған конкурстық өтінім, сондай-ақ конкурстық өтінімге қатысты корреспонденция мен құжаттардың барлығы, осы конкурстық құжаттама жасалған тілде әзірленіп, ұсынылады. 9. Конкурстық өтінімнің мазмұны.
Тармақ 9
9. Ықтимал дайындап беруші дайындаған конкурстық өтінім 2-қосымшаға сәйкес келесі құрамнан тұруы тиіс:
Тармақша 1
1) Конкурсқа қатысу туралы өтінім;
Тармақша 2
2) Ықтимал бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындап берушінің құқылылығы мен біліктілігін дәлелдейтін құжаттар;
Тармақша 3
3) Бағалар кестесі;
Тармақша 4
4) Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Конкурстық өтінімге қол қоюға және конкурстық комиссия отырысына қатысуға сенімхат.
Тармақ 10
10. Конкурсқа қатысу өтінімінің нысаны.
Ықтимал бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындап берушілердің конкурстық өтінімінің нысаны 2-қосымшада көрсетілген және қатаң түрде соған сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 11
11. Конкурстық өтінімнің бағалар кестесі. Ықтимал бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындап беруші 4-қосымшаға сай нысанындағы бағалар кестесінде және өзінің конкурстық өтініміне сәйкес, бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындаудың бағасын, қосымша жабдықтардың бағасын, өзі дайындауға және енгізуге ұсынатын жобаның жалпы бағасын көрсетеді.
Тауарлар бағасына, өзіндік құнынан басқа мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) қосымша жабдықтар мен жүйелі бағдарламалық қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындар;
Тармақша 2
2) аудандарда жобаны енгізу бойынша және пайдаланушыларды үйрету бойынша шығындар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген барлық салықтар, баждар және басқа да міндетті төлемдер мен алымдар.
Ықтимал бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындап беруші ұсынған бағалар, мемлекеттік сатып алу туралы шарт орындалып болған мерзімге дейін қатаң түрде сақталып, ешқандай жағдайда өзгертілмеуі тиіс.
Тармақ 12
12. Конкурстық өтінімнің және төлемнің валютасы.
Тармақша 1
1) Отандық ықтимал бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындап берушілердің конкурстық өтінімдерінің бағасы теңгемен көрсетілуі тиіс.
Тармақша 2
2) Отандық бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындап берушілерге нақты төлем теңге түрінде облыстық қаржы басқармасының бюджет қаржысының лимитін бөлуіне байланысты жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Ықтимал бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындап берушінің құқықтылығы мен біліктілігін растайтын құжаттар тізбесі.
Конкурсқа қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындап беру және енгізумен айналысатын Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген отандық ықтимал бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындап берушілер жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін ықтимал бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындап берушілер өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын келесі құжаттарды беруі тиіс:
Тармақша 1
1) ұйым бланкісінде жасалған кәсіби білімі, тәжірибесі, беделі, техникалық тапсырыста көрсетілетін міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржы, материалдық-техникалық және еңбек ресурстары барын растайтын, бірінші басшының қолы қойылған хат;
Тармақша 2
2) құрылтай құжаттарының, шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркелгені туралы куәліктің және статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Тармақша 3
3) ықтимал дайындап берушінің қаржылық жай-күйі туралы банктің анықтамасы. Бұл анықтама конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннің алдындағы ай бойынша табыс етіледі;
Тармақша 4
4) ықтимал дайындап берушінің салық төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындағандығы туралы тиісті салық органының анықтамасы. Бұл анықтама конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннің алдындағы ай бойынша табыс етіледі.
Тармақ 14
14. Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сатып алуға жарамдылығын растайтын құжаттардың тізбесі және олардың тізбесі және олардың конкурстық құжаттарға сәйкестігі.
Конкурсқа қатысу үшін ықтимал дайындап берушілер, тауарлардың сатып алуға жарамдылығын растайтын және олардың конкурстық құжаттамаларға сай екендігін дәлелдейтін келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
Тармақша 1
1) дайындалатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық және сапалық сипаттамалары;
Тармақша 2
2) дайындалатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктері;
Тармақша 3
3) Тауарларға, көрсетілетін қызметтерге кепілдік мерзімі кезінде және одан кейін қызмет көрсету.
Тармақ 15
15. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету.
Дайындап беруші конкурстық өтінімді қаржымен, банктік кепілдікпен, мүліктік кепілдік немесе ықтимал дайындап беруші жеткізіп беретін тауардың жалпы құнының 5 пайызы мөлшерінде құнды қағаздармен қамтамасыз етеді, олардың іске асу мерзімі конкурстық өтінімнің іске асу мерзімінен кем болмауы керек.
Конкурстық өтінімді қамтамсыз етуге ақша қаражаты конкурсты ұйымдастырушының /облыс Әкімі Аппаратының/ есепшотына конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін аударылады. Конкурстық өтінімді мүлік және бағалы қағаздар кепілі түрінде қамтамасыз ету, егер ықтимал дайындап беруші конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін барлық қажетті құжаттарды конкурсты ұйымдастырушымен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рәсімдеген болса, енгізілген болып есептеледі. Конкурстық өтінімді ақша қаражаты, мүлік және бағалы қағаздар кепілі түрінде қамтамасыз ету, конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанша ықтимал дайындап берушінің конкурс ұйымдастырушымен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес барлық қажетті құжаттарды нотариалды түрде рәсімдеген жағдайда, жүзеге асырылды деп есептеледі.
Барлық қамтамасыз етілмеген конкурстық өтінімдерді конкурстық комиссия конкурс талабына сай еместігі ретінде қабылдаудан бас тартады.
Конкурсты ұйымдастырушы енгізілген конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің ықтимал дайындап берушіге:
Тармақша 1
1) конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі өтіп кеткен;
Тармақша 2
2) бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау туралы шарт күшіне енген;
Тармақша 3
3) бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау туралы шарт жасасу рәсімдері конкурс жеңімпазы анықталмай тоқтатылған;
Тармақша 4
4) конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінім кері қайтарып алынған;
Тармақша 5
5) басқа ықтимал дайындап беруші конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайларда қайтарады.
Конкурстық өтінімді қайтарып беру жоғарыда аталған жағдайлар пайда болған кезден бастап 5 жұмыс күні ішінде қайтарылады. Конкурс жеңімпазының конкурстық өтінімді қамтамасыз етуін бағдарламалық қамтамасыз ету туралы келісім шартты қамтамасыз ету жүзеге асырылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал дайындап беруші енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді, егер ықтимал дайындап беруші:
Тармақша 1
1) конкурстық өтінім табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді кері қайтарып алған немесе өзгерткен;
Тармақша 2
2) конкурс жеңімпазы деп танылып, бағдарламалық қамтамасыз ету туралы шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаған;
Тармақша 3
3) бағдарламалық қамтамасыз ету туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, шартқа қол қойылғаннан кейін енгізбеген кездерде қайтармайды.
Тармақ 16
16. Конкурстық өтінімнің іске асу мерзімі.
Барлық ықтимал дайындап берушілердің конкурстық өтінімдерінің іске асу мерзімі конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап 45 күннен кем болмауы тиіс.
Тармақ 17
17. Конкурстық өтінімді рәсімдеу және қол қою.
Ықтимал дайындап беруші конкурстық сұранымның түпнұсқасы мен көшірмесін "Түпнұсқа" және "Көшірме" деп көрсетіп тапсыруы қажет.
Конкурстық өтінімнің түпнұсқасы мен барлық көшірмелері басып шығарылуы немесе жуылып кетпейтін сиямен жазылуы және ықтимал дайындап берушінің қолы қойылған болуы тиіс. Қатарлар арасында ешқандай қыстырмалар мен жөндеулер болмауы тиіс.
Тарау 4. 4-тарау. Конкурсқа қатысу үшін
конкурстық өтінім беру
4-тарау. Конкурсқа қатысу үшін
конкурстық өтінім беру
Тармақ 18
18. Конкурстық өтінім бар конверттерді желімдеп жабу және талдау.
Ықтимал дайындап беруші конкурстық өтінімнің түпнұсқасы мен көшірмесін жеке-жеке конверттерге салып желімдеп, тиісінше оларды "түпнұсқа" және "көшірме" деп белгілеуі тиіс. Ол конверттерде ықтимал дайындап берушінің атауы мен мекен-жайы көрсетілуге, сонан-соң конверттер сыртқы конверттерге салынып жабылуы тиіс.
Тармақ 19
19. Конкурстық өтінімді табыс ету орны және соңғы мерзімі.
Конкурстық өтінімдер конкурсты ұйымдастырушыға мына мекен-жайға ұсынылады: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 6-үй, 2000 жылдың "__" _____ сағат 18.00-ге дейін.
Тармақ 20
20. Конкурстық өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін табыс етілген конкурстық өтінімдер.
Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушыларға келіп түскен барлық конкурстық өтінімдер қабылданбайды, ашылмайды және оларды ұсынған ықтимал дайындап берушілерге қайтарылады.
Тармақ 21
21. Конкурстық өтінімдердің өзгерістері және оларды кері қайтарып алу.
Ықтимал дайындап беруші, өзі енгізген өзінің конкурстық өтінімін қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық өтінімдерін өзгерте алады немесе кері қайтарып ала алады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы жазбаша хабарлама, егер оны конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін алған болса, жарамды болып табылады.
Тармақ 22
22. Конкурстық өтінімдерді табыс ету.
Конкурстық өтінімдерге конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін ешқандай өзгеріс енгізілмеуге тиіс.
Конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі мен конкурстық өтінімдердің қолданылу мерзімінің аяқталуы күні аралығында конкурстық өтінімдерді кері қайтарып алуға тыйым салынады.
Тарау 5. 5-тарау. Конкурстық өтінімдерді
ашу және бағалау
5-тарау. Конкурстық өтінімдерді
ашу және бағалау
Тармақ 23
23. Конкурстық комиссияның конкурстық өтінімдерді ашуы.
Конкурстық комиссия, конкурстық өтінім конверттерін барлық келген ықтимал дайындап берушілердің қатысуымен 2000 жылдың "__" _____ сағат 11.00-де Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 6 үй мекен-жайында ашады.
Тармақ 24
24. Конкурстық өтінімдерді алдын ала зерделеу және бағалау.
Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқаннан кейін 10 күнге дейін олардың мазмұнымен танысуға, сырттан компьютер техникасы саласындағы мамандарды ықтимал дайындап берушілердің бағдарламалық қамтамасыз етулеріне анықтама беруге тартуға құқылы.
Тармақ 25
25. Ықтимал дайындап берушілердің қойылатын талаптарға сәйкес келуін бағалау тәсілдері мен өлшемдері.
Конкурстық комиссия Заңның 10-бабы 1-тармағында айтылған, ықтимал дайындап берушінің біліктілік талаптарына сай келуін қарайды.
Тармақ 26
26. Конкурстық өтінім бағасын ортақ валютаға аудару.
Ықтимал дайындап берушілердің конкурстық сұранымдарындағы тауарлардың, қызметтердің бағалары шет ел валютасында көрсетілсе, олар Қазақстан Республикасы валютасына ҚР Халықтық банкісінің конверттер ашылған күніндегі өлшеміне сай аударылады.
Тармақ 27
27. Конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру.
Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді заңға, тәртіпке және осы нұсқаулыққа сәйкес бағалайды, салыстырады және бағаның төменгі критерийлерін ескере отырып, ең төменгі баға негізінде және келесі факторларды ескере отырып жеңімпаз конкурстық өтінімді анықтайды:
Тармақша 1
1) конкурстық өтінімдерде ұсынылған жеткізілім, жұмыстарды аяқтау және қызмет көрсету мерзімдері;
Тармақша 2
2) конкурстық өтінімдерде ұсынылған төлем шарттары;
Тармақша 3
3) конкурстық өтінімдерде ұсынылған тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге кепілдік шарттары;
Тармақша 4
4) тауарға байланысты пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалатын шығындар;
Тармақша 5
5) отандық ықтимал дайындап берушілерді және тауар өндірушілерді, соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау.
Тармақ 28
28. Басымдылық беру шарттары.
Бағдарламалық қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурсты ұйымдастыруда конкурсты ұйымдастырушы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алу үшін жалпы сатып алу көлемінен 10 пайызға дейін көлемді резервтеуді қарастырады.
Бағдарламалық қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурсты ұйымдастыру барысында кәсіпкерлік субъектілерден конкурстық өтінім келіп түспеген жағдайда ұйымдастырушы заңда қарастырылған тәртіп бойынша жалпы негіздерде сатып алуды жүргізуге құқылы.
Отандық ықтимал дайындап берушілер мен тауар өндірушілер, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілері ұтқан конкурстық өтінімдерді айқындаған кезде, егер Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген тауарлар бойынша жергілікті еңбек, шикізат және өндіріс ресурстарын пайдалану құндық көрінісінде олардың құнының кемінде 50 пайызын құраса, басымдыққа ие болады. Конкурстық комиссия мұндай конкурстық өтінімдердің бағасын шартты түрде 10 пайызға кемітеді.
Тарау 6. 6-тарау. Жеңген конкурстық өтінімді
анықтау және шарт жасасу
6-тарау. Жеңген конкурстық өтінімді
анықтау және шарт жасасу
Тармақ 29
29. Жеңген конкурстық өтінімді анықтау.
Конкурстық өтінім жеңімпазын анықтау Заңға, Тәртіпке және осы нұсқаулыққа сәйкес әрбір конкурстық өтінімнің жалпы шартты бағасын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Шартты бағасы біршама төмен конкурстық өтінім жеңімпаз деп танылады.
Екі немесе бірнеше конкурстық өтінімнің шартты бағасы тең болған жағдайда эксплуатациялық сипаттамалары мен өнімділігі біршама жоғары тауар ұсынушының конкурстық өтінімі жеңімпаз деп танылады.
Конкурс қорытындысы Заңға және Тәртіпке сәйкес рәсімделеді.
Тармақ 30
30. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарт конкурстың жеңімпазымен конкурстық өтінімі жеңді деп танылғаннан кейін 3 күн ішінде жасалады.
Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоюшы тараптар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа конкурс жеңімпазы және жеңімпаздан кейінгі артықшылықты ықтимал дайындап беруші анықталған шарттардан өзгеше әлдеқандай өзгерістер енгізуге құқылы емес.
Мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт оны тапсырыс беруші қазыналық органда тіркеуден өткізгеннен кейін және дайындап беруші келісім шартты толық қамтамасыз еткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 31
31. Мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттың орындалуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылған кезден бастап 10 күн ішінде дайындап беруші мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттың орындалуына банктік кепіл, мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттың жалпы сомасына 5 пайыз көлемінде ақша қаражаттарын, мүлік немесе бағалы қағаздарды кепілге қалдырады.
Келісім шарттың орындалуын қамтамасыз ететін ақша қаражаттарын дайындап беруші конкурсты ұйымдастырушының есеп шотына аударады. Банктік кепіл түрінде келісім-шарттың орындалуын қамтамасыз ету осы нұсқаулықтың 6 қосымшасына сәйкес нысанда рәсімделеді.
Тапсырыс беруші дайындап берушінің осы шарт бойынша міндеттемелерін толық және дұрыс орындап біткен сәттен бастап 5 күн ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуына енгізген қамтамасыз етуін қайтарып береді. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету егер дайындап беруші:
Тармақша 1
1) тауарларды дайындап беру мерзімін бұзса;
Тармақша 2
2) сапасыз тауар дайындап берсе;
Тармақша 3
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарын бұзса.
Басқа 98
1-қосымша
Көрсетілетін қызметтердің тізімі
____________________________________________________________________
N Тапсырыс Тауарлардың Қызметтердің Өлшем Өлшем
берушінің атауы қысқаша бірлігі бірлігінің
атауы сипаттамасы саны
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
____________________________________________________________________
1 Облыс бағдарлама- Ауыл әкімші- бағдарла- 1
Әкімінің лық өнім ліктері кесі- лық кешен
аппараты нінде жеке
тұлғалардан
келіп түсетін
салықты есепке
алуды автомат-
тандыру
2 Облыс дистрибутив- бағдарламалық дискеталар 4
Әкімінің ті дайындау қамтамасыз
аппараты ету
3 Облыс енгізу бағдарламалық бірлік 15
Әкімінің қамтамасыз
аппараты етуді енгізу
және авторлық
қадағалау
____________________________________________________________________
Басқа 99
2-қосымша
Кімге ____________________________________________________________
конкурсты ұйымдастырушының атауы
Кімнен ____________________________________________________________
ықтимал дайындап берушінің атауы
Конкурсқа қатысуға өтінім
________________________________________________________________
(конкурстың атауы)
конкурсын өткізу жөніндегі конкурстық құжаттаманы қарап, оныңалынғандығы осымен куәландырылады,_____________________________
___________________________________________________________________,
(ықтимал дайындап берушінің атауы)
мына тауарлардың жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер жеткізілімінжүзеге асыруды ұсынады:________________________________
___________________________________________________________________
(тауардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің егжей-тегжейлі
сипаттамасы)
конкурстық құжаттамаға сәйкес, жалпы сомасы _______________________
___________________________________________________________________
(цифрлармен және жазумен)
Осы конкурстық өтінім мыналардан тұрады:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
4. ____________________________________________________________
5. ____________________________________________________________
6. ____________________________________________________________
7. ____________________________________________________________
8. ____________________________________________________________
9. ____________________________________________________________
10. ___________________________________________________________
Біз біздің конкурстық өтініміміз ұтып шыққан деп танылған ретте, тауарлар жеткізілімін (жұмыстар орындау, қызмет көрсету)___________ күн
(жазумен)
ішінде бастауға және осы конкурстық өтінімде көрсетілген барлықтауарлардың жеткізілімін (жұмыстар орындау, қызмет көрсету), біздің конкурстық өтінімімізді ұтып шыққан деп тану туралы Сізден хабарлама алған сәттен бастап _____________ күн ішінде аяқтауға міндеттенеміз. (жазумен)
Біз конкурстық құжаттамада көрсетілген төлемнің базалық ережелерімен келісеміз. Төлемнің мынадай балама ережелерін ұсынамыз: _________________________________________________________
___________________________________________________________________
(төлемнің балама ережелері, егер олар бар болса, тізіп көрсетіледі)
және бұл орайда мынадай мөлшерде баға шегерімін береміз
___________________________________________________________________
(ақша түрінде көрсетілсін, жазумен)
___________________________________________________________________
Біздің конкурстық өтініміміз танылған ретте, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының_______________проценті болатын сомада енгіземіз.
(жазумен)
Осы конкурстық өтінімнің конкурстық өтінім ашылған күннен бастап_________________күн ішінде күші болады.
(жазумен)
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқан сәтке дейін осыконкурстық өтінім оны ұтып шыққан деп тану туралы Сіздің хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті шарт рөлін атқарады.
___________________________________ атынан және тапсыруы бойынша
(ықтимал дайындап берушінің атауы)
конкурстық өтінімге қол қоюға барлық өкілеттігі бар
____________________ _______________________________
(Қолы, күні, айы, жылы) (Қызметі, тегі, аты, әкесінің аты)
М.О.
__________________________
егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу
конкурстыққұжаттамада көзделген болса, көрсетіледі
Басқа 100
3-қосымша
Біліктілік мәліметтері /ықтимал дайындап беруші толтырады/
1. Қатысушының заңды жағдайы__________________________________
/Мемлекеттік тіркеу бойынша құжаттардың көшірмесі қосылып беріледі/
Тіркелу орны:__________________________________________________
Негізгі қызмет атқару орны:____________________________________
____________________________________берілген лицензияның нөмірі
/лицензияның көшірмесі қосылып беріледі/
Өкілдің конкурсқа қатысуға және конкурстық құжаттарға қол қою құқығын беретін сенімхат /қосылып беріледі/.
2. Алдыңғы үш жыл ішінде тауарларды жеткізу мен көрсеткен қызметтердің теңгемен жалпы көлемі__________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3. Соңғы үш жылдың ішінде осындай сипаттағы негізгі жеткізіп беруші /қызмет көрсетуші/ ретінде атқарған жұмыстары. Ақысы теңгемен көрсетіледі.
__________________________________________________________________
Тауардың /қызметтің/ Тапсырыс берушінің Келісім шарттың
атауы атауы /контракттің/ бағасы __________________________________________________________________
4. Дайындап беруші мекеменің басты лауазымдардағы қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі.
Лауазымы тегі, аты, әкесінің аты Жалпы жұмыс Өндіруші ретінде
тәжірибесі жұмыс тәжірибесі
(жыл) (жыл)
5. Негізгі қосалқы мердігерлер бойынша ұсыныстар /егер бар болса/
____________________________________________________________________
Сипаты немесе атауы!Қосалқы мердігер/аты, орналасу жері,сымтетігі
____________________________________________________________________
6. Қаржы қорлары туралы мәліметтер /қаржы, кредит қорлары және т.б. Төменде тізімін келтіріп, дәлелдейтін құжаттардың көшірмелерін қосып беру.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
7. Ұйымдастырушының мәлімет алуға жолдана алатын қатысушының банкінің атауы, сымтетігінің, телексінің және телефаксінің нөмірі.
8. Қатысушы қатысып отырған ағымдағы сот даулары туралы мәліметтер.
____________________________________________________________________
Даулардың басқа да жақтары!Дауд. негізі!Дауланып жатқан сома,теңг.
__________________________ _____________ _________________________
9. Кепілдемелер туралы мәліметтер. Кепілдеме хаттардың , басқа да заңды және жеке тұлғалардың сын пікірлерін тізімін және олардың көшірмелері қоса беріледі.__________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
10. дайындап беруші Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының басқа да талаптарына сай екендігін растайды.
Барлық мәліметтердің дұрыс екендігін растаймын.
Қолы________________
М.О.
Лауазымы_______________________ ___________________________
/Т.А.Ә./
Басқа 101
4-қосымша
(ықтимал дайындап берушінің атауы)
ықтимал дайындап берушінің конкурстық өтінімінің
Бағалар кестесі
____________________________________________________________________
| | Тауарлардың, жұмыстардың және
қызмет көрсетулердің атауы
|________________________________|_________________________________
|1. Қысқаша сипаттама |Бағдарламалық қамтама-|Енгізу мен
| |сыз етуді дайындау |авторлық |
| |қадағалау
|________________________________|______________________|__________|
|2. Теңгемен жалпы бағасы | | |
|________________________________|______________________|__________|
|3.Жабдықтаушы тетіктер мен | | |
|қосалқы бөлшектердің бағасы | | |
| | | |
|________________________________|______________________|__________|
|4. Басқа да пайдалану | | |
|шығындары | | |
| | | |
|________________________________|______________________|__________|
_________________ _____________________________
(Қолы) (Қызметі, тегі, аты, әкесінің аты)
М.О.
Басқа 102
5-қосымша
Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету нысаны
(банктік кепіл)
Банктің атауы:______________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге: _____________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)
N _______ Кепілдік міндеттеме
_____________________ "_____" ___________________ж.
(орналасқан жері)
Біз, бұдан әрі "Дайындап беруші" деп аталатын__________________
____________________________________________________________________
(ықтимал дайындап берушінің атауы)
____________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
ұйымдастырылатын _____________________ сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатындығынан және жалпы сомасы__________________теңге болатын (жазумен)
____________________________________________________________________
(тауардың, жұмыс пен қызметтің атауы және көлемі)
________________жеткізілімді (жұмысты орындауды, қызмет көрсетуді) жүзеге асыруға әзір екендігінен хабардар болдық.
Жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі__________________ж.
"___"______________конкурстық құжаттамамен ықтимал дайындап берушінің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі банктік кепілдік түрінде көзделген.
Осыған байланысты біз ________________________ өзімізге
(банктің атауы)
Сіздің талап етуіңіз бойынша, сондай-ақ Дайындап берушінің:
- конкурстық өтінімдерді тапсырудың ақырғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді кері шақырып алған немесе өзгерткені;
- белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қоймағаны;
- конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейін мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбегені туралы жазбаша растама бойынша. Сізден төлеуге арнап алынған жазбаша талап бойынша сомаға тең
_____________________________________
(сомасы цифрмен және жазумен)
төлеу үшін қайтарылып алынбайтын міндеттеме аламыз.
Аталған кепілдік міндеттеме конкурстық комиссияның Дайындап берушінің конкурстық өтінімін қабылдауға тиісті сәтінен бастап күшіне енеді.
Аталған кепілдік міндеттеме Дайындап берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімі күшінің ақырғы мерзіміне дейін қолданылады және бізге бұл құжаттың қайтарылғандығына не қайтарылмайтындығына қарамастан, егер Сіздің жазбаша талап етуіңізді біз осы күннің соңына дейін ала алмайтын болсақ, автоматты түрде толық күшін жояды.
Осы кепілдік міндеттемемен байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Кепілдердің Күні мен мекен-жайы
қолы мен мөрі
Басқа 103
6-қосымша
Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды
қамтамасыз ету нысаны
(банктік кепіл)
Банктің атауы: ________________________________________________
(банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:______________________________________________________________
(тапсырысшының атауы мен деректемелері)
N_______ Кепілдік міндеттеме
_________________ "____"___________2000 ж.
(орналасқан жері)
Біз, бұдан әрі "Дайындап беруші" деп аталатын__________________
____________________________________________________________________
(дайындап берушінің атауы)
____________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердің сипаттамасы)
жеткізуге (орындауға, көрсетуге) арналған мемлекеттік сатып алу туралы _______ж. N_____________________Шарт жасасқаны назарға алына отырып және осы Шартта Сіз Дайындап беруші Шарттың орындалуын жалпы сомасы ______
__________________теңге болатын банктік кепіл түрінде орындауды
қамтамасыз етуді енгізетіндігін көздедіңіз.
Осыған байланысты біз ____________________________ осы арқылы
(банктің атауы)
жоғарыда аталған Шарт бойынша кепіл болып табылатындығымызды растаймыз және өзімізге Сіздің талап етуіңізге тең соманы, Сізден төлеуге арналған жазбаша талап, сондай-ақ дайындап берушінің Шарт бойынша өзінің міндеттемесін орындағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны туралы жазбаша растама алынған бойда
______________________________ төлеу үшін өзімізге қайтарып
(сомасы цифрмен және жазумен) алынбайтын міндеттеме аламыз.
Аталған кепілдік міндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және дайындап-берушінің Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтіне дейін қолданылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Кепілдің Күні мен мекен-жайы
қолы мен мөрі