Об утверждении Правил изъятия и перечисления в бюджет сумм обязательных пенсионных взносов, дополнительно установленных для судей, в случае освобождения судьи от должности по отрицательным мотивам Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 мамырдағы № 479 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 838 қаулысымен бекітілген Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылғанда жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелер (бұдан әрі – агент) судьяны теріс себептер бойынша лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылғаннан немесе Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының қаулысы қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысынан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою туралы өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) жүгінеді. Өтінішке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған судьялардың тізімі (бұдан әрі – тізім) қоса беріледі. Тізім әрбір жеке тұлға бойынша мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) жеке сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 2
2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
Тармақша 3
3) туған күні;
Тармақша 4
4) жынысы;
Тармақша 5
5) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні;
Тармақша 6
6) бюджетке алып қоюға жататын республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысынан қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы (бұдан әрі – міндетті зейнетақы жарналарының сомалары). Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген жағдайда бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
Тармақ 1
1. Өтініште:
Тармақша 1
1) агенттің атауы және деректемелері (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі төлемдер бойынша салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тармақша 2
2) банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК);
Тармақша 3
3) жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК);
Тармақша 4
4) төлем құжаттарының деректемелері (нөмірі, күні және сомасы) көрсетіледі. Өтінішке:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот алқаларының төрағаларына және судьяларына қатысты – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы;
Тармақша 2
2) жергілікті және басқа да соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағаларына және судьяларына қатысты – облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелердің (сот кеңселерінің) басшылары, сондай-ақ бас бухгалтер қол қояды және ол елтаңбалы мөрмен расталады. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, алып қоюға арналған өтінішке тиісті белгі қойылады.
Тармақ 4
4. Міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға алынған құжаттардың негізінде Мемлекеттік корпорация бес жұмыс күні ішінде көрсетілген сомаларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алып қоюға арналған электрондық өтінімді нөмірі мен күнін көрсете отырып қалыптастырады. Электрондық өтінімде:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салымшының деректемелері;
Тармақша 2
2) өтінімнің нөмірі мен күні;
Тармақша 3
3) міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі. Электрондық өтінім ақпаратты жеткізудің қаржылық автоматтандырылған жүйесі арқылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.
Тармақ 5
5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Мемлекеттік корпорациядан міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға арналған электрондық өтінімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударуды жүзеге асырады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударуды Мемлекеттік корпорацияның банк шотына тізімді қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен жүргізеді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік корпорация бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарының сомалары түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өтініште көрсетілген деректемелерге сәйкес агентке аударуды жүргізеді.
Тармақ 7
7. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, агенттің 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын бюджетке аударуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Басқа 1. Агенттің судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған кезде республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысынан қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға өтініші
Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларына 1-қосымша Агенттің судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған кезде республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысынан қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға өтініші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы __________________________ __________________________
Тармақ 1
1. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеушінің (агенттің) деректемелері атауы __________________________________________________________________ БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша)_____________________ СТН (01.01.2013 ж. дейінгі төлемдер бойынша)_____________________ БСК ________________ ЖСК ______________________
Тармақ 2
2. Судьяның деректемелері __________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні) ЖСН ______________________________________________________________ міндетті зейнетақы жарналарының сомасы ________________________________________ Алып қоюға жататын сома __________________________________________ (Бірнеше төлем тапсырмалары бойынша міндетті зейнетақы жарналарының есептелген сомаларын есептен шығару қажет болған жағдайда есептен шығарылуға жататын сомалар әрбір төлем тапсырмасына жеке көрсетіледі) Алып қойылған сомаларды мынадай деректемелер бойынша аударуды сұраймыз ________________________________________________________ (кәсіпорынның толық деректері, барлық банктік деректемелері көрсетіледі) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы/Облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің басшысы _____________________________ (Т.А.Ә. (бар болса), қолы) Бас бухгалтер ____________________________ (Т.А.Ә. (бар болса), қолы) М.О. күні ____________
Басқа 2. Теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған судьялардың тізімі
Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларына 2-қосымша Теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған судьялардың тізімі Р/с № Агент­тің ата­уы мен де­ректе­ме­ле­рі* Те­ріс се­беп­тер бой­ын­ша ла­у­а­зы­мы­нан боса­ты­л­ған су­дья­лар бой­ын­ша мә­лі­мет­тер Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың нө­мі­рі, оны бер­ген мем­ле­кет­тік ор­ган ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, бе­рі­л­ген кү­ні Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Ту­ған кү­ні, жы­ны­сы Са­лым­шы­ның ЖСН Ла­у­а­зы­мы­нан боса­ту негі­зі (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Жар­лы­ғы­ның неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті­нің Се­на­ты қа­улы­сы­ның №, кү­ні) Тө­лем тап­сыр­ма­сы­ның №, кү­ні Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет қа­ра­жа­ты­нан қо­сым­ша ауда­ры­л­ған, бюд­жет­ке алып қо­ю­ға жа­та­тын мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры­ның со­ма­сы * СТН (01.01.2013 ж. дейінгі төлемдер бойынша) БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы/Облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің басшысы _________(Т.А.Ә. (бар болса), қолы) М.О. күні_________________