Об утверждении Списка сезонных отраслей промышленности, работа в которых в течение полного сезона засчитывается в стаж для назначения пенсионных выплат по возрасту за год работы, и Перечня работ в организациях, осуществляющих судебно-медицинскую экспертизу и патолого-анатомическую диагностику, для льготного исчисления трудового стажа для назначения пенсионных выплат по возрасту в полуторном размере Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн және Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн бекiту туралы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-тармағының 8) және 10) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмi;
Тармақша 2
2) Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Өнеркәсiптiк толық маусым iшiндегi жұмысы жыл бойғы жұмыс үшiн зейнетақы тағайындауға арналған стажға есептелетiн маусымдық салаларының тiзiмi мен Орындалу уақыты денсаулық сақтау мекемелерi медициналық қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына зейнетақы тағайындауға арналған еңбек стажының бiр жарым мөлшерiне есептелетiн жұмыстардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 желтоқсандағы № 1679 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 6. Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 27 тамыздағы № 865 қаулысымен бекiтiлген Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмi
Тармақ 1
1. Ағаш дайындау және ағаш ағызу.
Тармақ 2
2. Ет және сүт өнеркәсiбi.
Тармақ 3
3. Балық өнеркәсiбi.
Тармақ 4
4. Өнеркәсiптiң қант және консервi салалары.
Басқа 11. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 27 тамыздағы № 865 қаулысымен бекiтiлген Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесі Жұ­мыстар­дың ата­уы Ла­у­а­зы­мы Рес­пуб­ли­ка­лық, об­лы­стық және қа­ла­лық па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық бю­ро­лар, ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық бө­лім­ше­лер және ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық бө­лім­ше­ле­рі Мәй­iт­тер­дi па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық ашу және опе­ра­ция мен биоп­си­я­лар кезiн­де алын­ған мәй­iт ма­те­ри­а­лын, ор­ган­дар мен тін­дер­ді ги­сто­ло­ги­я­лық зерт­теу Па­то­ло­го­ана­том дә­рі­гер­лер Па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық ашу­лар­ды жүр­гiзу­ге қа­ты­су Мәй­iт­тiк, опе­ра­ци­я­лық және биоп­си­я­лық ма­те­ри­ал­ды өң­деу Ор­та ме­ди­ци­на­лық пер­со­нал Кі­ші ме­ди­ци­на­лық пер­со­нал «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі­нің Сот ме­ди­ци­на­сы ор­та­лы­ғы» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны, аумақ­тық фи­ли­ал­да­ры, аудан­дық және ауда­на­ра­лық бө­лім­ше­ле­рі Мәй­iт­тер­ге және мәй­iт ма­те­ри­а­лы­на сот-ме­ди­ци­на­лық са­рап­та­ма­лар Дә­рі­гер­лер және ма­ман­дар, сот-ме­ди­ци­на­лық са­рап­шы­лар Мәй­іт­тер­дің сот-ме­ди­ци­на­лық са­рап­та­ма­ла­рын жүр­гізу­ге, мәй­iт ма­те­ри­а­лын өң­де­у­ге қа­ты­су Ор­та ме­ди­ци­на­лық пер­со­нал Кi­шi ме­ди­ци­на­лық пер­со­нал