Об упорядочении рынка вторичных металлов и мерах по борьбе с их нелегальным оборотом в городе Алматы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласындағы қайталама металл нарығын реттеу және олардың заңсыз айналыммен күрес жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 26.07.2006 № 264 шешімімен. ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты Алматы қаласы Әкімінің жанындағы шағын бизнес департаменті директорының орынбасары В.В. Ликтің Алматы қаласындағы қайталама металл нарығын реттеу және олардың заңсыз айналыммен күрес жөніндегі шаралар туралы баяндамасын тыңдап, талқылай келе, Алматы қаласындағы қайталама металл нарығының жағдайын белгілі бір деңгейде дамып отырғандығын атап өтеді. Сонымен қатар, Үкіметтің "Қайталама қара және түсті металдар нарығы туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы № 383 Қаулысы толық көлемде орындалмағандығынан, қара және түсті металды қабылдайтын заңсыз нүктелер саны көбейді, көлеңкелі бизнес жанданды, кәсiпорындардағы, саяжайлардағы, тұрмыстағы, зираттардағы металдар мен бұйымдарды ұрлауға байланысты қылмыстар саны артты. II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкiмiнiң жанындағы шағын бизнес департаментi директорының орынбасары В.В. Ликтiң Алматы қаласындағы қайталама металл нарығын реттеу және олардың заңсыз айналыммен күрес жөнiндегi шаралар туралы баяндамасы назарға алынсын.
Тармақ 2
2. "Алматы қаласындағы қайталама қара және түстi металл нарығын реттеу жөнiндегi бағдарлама" бекiтiлсiн, қоса берiлiп отыр.
Басқа 3. БАҒДАРЛАМА
II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының IV-сессиясының 2000 жылғы 27 қыркүйектегi шешiмiне қосымша Алматы қаласында қайталама қара және түсті металдар нарығын реттеу жөніндегі БАҒДАРЛАМА Алматы қ., 2000 жыл МАЗМҰНЫ I. ЖАЛПЫ БӨЛIМ 1.1.БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ 1.2.БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ 1.3.БАҒДАРЛАМАНЫҢ МIНДЕТI II. ҚАЙТАЛАМА ТҮСТI МЕТАЛДАР НАРЫҒЫН РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСIН ТАЛДАУ III.БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI ШАРАЛАРЫ IV. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМI V. КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕ
Тарау 4. І. Жалпы бөлiм
І. Жалпы бөлiм Осы Бағдарламаны Алматы қаласы Әкiмiнің аппараты Қайталама металлургияның республикалық салалық қауымдастығымен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы", "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы № 383 "Қайталама қара және түстi металл нарығы туралы" Қаулысына сәйкес әзiрледi. Бағдарлама 2030 жылға дейiнгi Қазақстанның даму стратегиясының талаптарына сай келедi және оның басымдықтарын iске асыруға бағытталған: - қолда бар шикiзатты тиiмдi пайдалану, мәселесiнде "Өнеркәсiптiк саясат" стратегиясы; - "Экология және табиғи ресурстар" стратегиясы мәселесі - қалдықтарды ұқсату арқылы; - "Ресурс көздерi технологиясын енгiзу" және "Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды ұқсату" мәселесiнде "Табиғи ресурстарды теңгермелi пайдалану үшiн негiз жасау" басымдығы.
Тарау 1.1. 1.1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ
1.1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ Түстi және қара металдың қайталама ресурстарының бақылаудағы, өте тиiмдi және қауiпсiз пайдаланылуын, Алматы қаласының жалпы экономикалық көтерiлуiне, сондай-ақ "Таза ауа - Жанға дауа" Алматы қаласының экологиялық ахуалын сауықтыру кешендi бағдарламасына сәйкес аймақтың экологиялық ахуалын жақсартуға ықпал ететiн қайталама металлургия саласын дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ету.
Тарау 1.2. 1.2. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ
1.2. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ * Алматы қаласындағы қайталама түстi және қара металдың көлеңкелi айналымының алдында қайталама түстi және қара металдың заңды және бақыланатын айналымының стратегиялық бәсекелестiк артықшылығын қамтамасыз ету. * Алматы қаласындағы түстi және қара металл сынықтарының қалдықтарын жинауды, сақтауды, ұқсатуды, арту мен пайдалануды анықтау кезiнде ұлт қауiпсiздiгi мен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету; * жеке, заңды тұлғалар мен мемлекетке тиесiлi қайталама ресурсты тиiмдi пайдалануға ықпал ету; * қосымша жұмыс орнын құру; * Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынатын халық табысын көбейтудi қамтамасыз ету; * қоршаған орта үшiн осы қызмет түрiнiң экологиялық, экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; * сынықтардың көлемi мен су көздерiне, оның ұқсатылуы мен өткiзiлуiне бақылаудың қажеттi және жеткiлiктi деңгейiн қамтамасыз ету;
Тарау 1.3. 1.3. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МIНДЕТI
1.3. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МIНДЕТI Бағдарлама мақсатын iске асыру үшiн мына мiндеттердi шешу қарастырылады: * әрбiр ауданда түстi және қара металды қабылдайтын даярлау нүктесiн ұйымдастыру; * металл сынығын ұқсату жөнiндегi бос қуаттылықты анықтау және өндiрiстi ұйымдастыру; * өз қызметi барысында сынықтарды алатын кәсiпорындарды анықтау мен есепке алу және оны ұқсату үшiн әкетудi ұйымдастыру; * Алматы қаласында металл сынығы жинақталған жердi анықтау және оны ұқсату үшiн әкетудi ұйымдастыру; * металды қабылдаудың заңсыз нүктелерiнiң қызметiн анықтау және жолын кесу; * тәркiленген сынықты өткiзудi реттеу; * сынықты заңсыз өткiзудiң жағдайын, деректерiн анықтаудың тиiмдi әдiсiн әзiрлеу. Тапсырылған сынықтың сипатын белгiлеу және дәл анықтау.
Тарау ii. II. ҚАЙТАЛАМА ТҮСТI МЕТАЛДАР НАРЫҒЫН РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСIН ТАЛДАУ
II. ҚАЙТАЛАМА ТҮСТI МЕТАЛДАР НАРЫҒЫН РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСIН ТАЛДАУ Металды, оның iшiнде түстi металды жинау және қайта пайдалану дамыған елдерге тән қызметтiң дәстүрлi және таралған түрi болып табылады. 1998 жылы осы қызметтiң түрiн Үкiметтiң мемлекеттiк реттеуi өзiнiң қисынды аяқталуына жеттi (59 337 млн. АҚШ доллары сомасына 91766 тонна қайталама алюминийдiң маркалық құймасы сыртқа шығарылды). Бұдан әрi реттеу, бiр таңқаларлығы, бiздiң мемлекетке залал шектiрдi. Бұны заңды жұмыс iстейтiн кәсiпорындардың өз қызметiн тоқтатуынан немесе өз көлемiн айтарлықтай төмендеткендiгiнен (маркалы құймалар экспортының бар-жоғы 11891,5 тоннаны құрап 8,786 млн. АҚШ доллары ғана болды) екендiгiнен көруге болады. 1999 жылы қызметтiң осы түрiн лицензиялық реттеу iс жүзiнде тоқтатылды, ал оның орнына тыйымдар механизмi енгiзiлдi. Бұның негiзгi себептерiнiң бiрi - бұл мәселеде жүйелi жалпы көзқарастың, мемлекеттiк органдар қызметiнiң жоқтығы, осы iс-әрекеттердiң нәтижесi қайталама металл айналымының көлеңкелi секторға кетуiне алып келдi және осы айналымды бақылайтын механизм толығымен жойылды. Қондырғыларды заңсыз бөлшектеу, түстi металы бар материалдық құндылықтарды ұрлау кезiндегi көлеңкелi бизнес шектiрген залалды заңсыз айналым залалымен орайластыру қажет. Экономикалық залал негiзiнен тыйым шараларын қабылдауынан туындады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 13.03.2000 ж. № 383 "Қайталама қара және түстi металл нарығы туралы" Қаулысы қабылданғаннан кейiн заңсыз қабылдау нүктелерiнiң қызметi айтарлықтай төмендедi. Алайда, қазiргi уақытта олардың қызметi қайтадан жандана бастады. Жеке тұлғалардан сынықтарды қабылдауға тыйым салу металл сынығын жинауды ұйымдастыруды тоқтатуға және жеке секторда сынықтардың пайда болуына, қала аумағын ластауға әкелiп соқтырды.
Тарау iii. III. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI ШАРАЛАРЫ
III. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI ШАРАЛАРЫ
Тармақ 3.1
3.1. Қайталама металлургия саласын дамыту үшiн заңсыз бизнеспен күресудiң маңызы зор. Тапсырушының жеке басын ескерусiз және сынықтың қайдан әкелгендiгiн анықтамай металл қабылдайтын заңсыз нүктелер желiсi түстi металдың ұрлануына ықпал етiп отыр. Бұл өз кезегiнде заңды жұмыс iстейтiн кәсiпорындардың беделiне секеу түсiрiп отыр. Заңсыз нүктелер өз қызметiн жасырмайды, мұны түстi металды қабылдауды ұйымдастыру туралы iлiнген маңдайшалар айғақтайды. Алматы қаласының IIББ металдарды қабылдайтын заңсыз нүктелердi анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау жөнiнде учаскелiк инспекторлар жұмысын күшейтiп, олардың қызметтерi туралы аудандық әкiмшiлiктерге есеп беруiн қадағалауға тиiс. Ай сайын Алматы қаласы бойынша жүргiзiлген жұмыс бойынша ақпарат жинап, оны Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қажет. Қайталама металлургияның республикалық салалық қауымдастығы сынықтардың ұрлануы және металды қабылдайтын заңсыз нүктелердiң жұмысы туралы ақпаратты жинау жөнiнде "жедел желi" ұйымдастыратын болсын.
Тармақ 3.2
3.2. Алматы қаласының Әкiмiне металл ұқсататын сала кәсiпорындары мен мемлекеттiк органдардың өзара қатынасын үйлестiру үшiн шағын бизнес департаментi шегiнде құрылым бөлу ұсынылсын.
Тармақ 3.3
3.3. Аудан Әкiмдерiне ұсынылсын: * аудан аумағында металл сынығын қабылдау нүктелерiн ұйымдастыруға; * сынықтардың құралу көзi болып табылатын ұйымдарды анықтауға; * сынықтарды ұқсату үшiн бос жарамды қуаттылықтарды анықтауға және мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде өткiзе отыра оларды пайдалану жөнiндегi шараларды әзiрлеуге көмектессiн; * сынықтарды, оларды ұқсататын жерге апаруды ұйымдастыруға.
Тарау iv. IV. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМI
IV. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМI Бағдарламаны iске асыру үшiн Қалалық Мәслихат Алматы қаласы Әкiмiнiң аппараты Қайталама металлургияның республикалық салалық қауымдастығы Алматы қаласы IIББ Алматы қаласының прокуратурасы Алматы қаласы бойынша салық комитетi Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық басқармасы өкiлдерi қатарынан Үйлестiру кеңесi құрылады. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын және Үкiмет қаулылары мен осы бағдарламаны басшылыққа алады. Кеңес мәжiлiсi кемiнде айына бiр рет өткiзiледi. Онда бағдарламаны iске асыру шараларының бекiтiлген жоспарының орындалуы туралы ақпарат тыңдалады. Кеңестiң басты назары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 13.03.2000 ж. N 383 Қаулысының орындалуына, рұқсаты жоқ түстi және қара металл қабылдайтын нүктелердiң қызметiнiң жолын кесу, оларды сақтау ұқсату мен өткiзу жөнiндегi шараларды қабылдауға аударылуы тиiс.
Тарау v. V. КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕ
V. КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕ Қайталама металлургия саласы кәсiпорындары табысты дамыған жағдайда мыналарды болжауға болады: - сынықтың ұрлануын, оның контрабандасын, көлеңкелi бизнестiң сатылай "заңдастырылуын" айтарлықтай төмендету; - бюджет қаражатын жұмсамай металл сынығынан қаланы тазарту,сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құру мәселесiн шешу; - әртүрлi сынықтарды, трубаларды, құрылғылы құрылыс элементтерiн таптау және даярлау әдiсiмен, алюминийдi ұқсату жолымен шикiзатты барынша тереңiрек бөлудi ұйымдастыру; - қайталама қорытуды даярлайтын кәсiпорындар базасында машина жасау мен өзге салалар үшiн даярлау өндiрiсiн ұйымдастыру.