Об утверждении Правил возмещения имущественного вреда, причиненного физическим и юридическим лицам в результате акта терроризма Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 877 қаулысымен бекітілген Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандырылған мүлікті қоспағанда, терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу көрсетілген тұлғаларға (бұдан әрі – мүліктің меншік иелері) тиесілі жоғалған немесе бүлінген мүліктің құнын төлеу жолымен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен расталатын болса, мүліктің жойылуы немесе зақымдануы, терроризм актісінің жасалуы мен мүліктің жойылуы немесе зақымдануы арасында себептік байланыстың болуы мүліктің құнын өтеуге негіз болады.
Тармақ 4
4. Мүліктің құны мүліктің меншік иесіне Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 20-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 551 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін бөлу және пайдалану қағидаларына сәйкес жергілікті бюджеттерде ағымдағы қаржы жылына бекітілген көлем шегінде жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерінде көзделген қаражат есебінен жергілікті атқарушы органның ақша қаражатын төлеуі жолымен өтеледі.
Тармақ 5
5. Мүлікке меншік құқығы немесе өзге де заттық құқық, осы мүліктің құрамы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тиісті құжаттармен, сондай-ақ мүліктің меншік иесінің және куәгерлердің түсініктемелерімен расталады.
Тармақ 6
6. Мүліктің өтелетін құнының мөлшерін айқындауды мүліктің меншік иесінің және бағалаушының қатысуымен жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. Мүлік құнын өтеу мөлшері зақымдалған мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) үшін қажетті шығыстар және (немесе) мүліктің зақымдануы салдарынан оның арзандауының мөлшері ескерілген жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының нарықтық құнын бағалау туралы есеп негізінде не терроризм актісі нәтижесінде жойылған мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есеп негізінде мүлік құнын өтеу кезінде жергілікті жерде қолданылатын нарықтық баға бойынша белгіленеді, бұл ретте жойылған немесе зақымдалған мүліктің ескіруі ескеріледі. Зақымдалған мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) шығыстары оны қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстардың сметасымен немесе калькуляциясымен расталады. Мүліктің меншік иесінің мүлікті бағалауды жүргізуге, зақымдалған мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) жұмсалатын шығыстардың сметасы мен калькуляциясын жасауға байланысты көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша құжаттамамен расталған шығыстары мүліктің өтелетін құнына қосылады.
Тармақ 7
7. Терроризм актісі нәтижесінде жойылған немесе бүлінген мүліктің құнын өтеу үшін мүліктің меншік иесі терроризм актісінің жасалауына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жергілікті атқарушы органға келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш береді, ол осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады. Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініште: жойылған немесе бүлінген мүлік, бүлінген мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) жұмсалатын шығыстар және (немесе) мүліктің бүлінуі салдарынан оның арзандау мөлшері не жойылған мүліктің құны көрсетіледі. Жергілікті атқарушы органға келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішпен мүліктің меншік иесінің өзі жүгінуі мүмкін болмаған жағдайда оның жақын туыстары, сондай-ақ заңды өкілдері, олар он сегіз жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған жағдайда сенімхат негізінде жүгіне алады.
Тармақ 8
8. Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішті жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар жергілікті атқарушы органға келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды.
Тармақ 9
9. Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтінішке қоса мүліктің меншік иесі жергілікті атқарушы органға:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалар үшін – мүлік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ал заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесін;
Тармақша 2
2) қылмыстық істі жүргізуші органның мүлік иесін терроризм актісінен жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесін;
Тармақша 3
3) мүлікке меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықты, оның құрамын, бүлінген мүлікті қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстарды, мүліктің бүлінуі салдарынан оның арзандау мөлшерін, жоғалған мүліктің құнын (олар бар болса) растайтын құжаттарды ұсынады.
Тармақ 10
10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде өтінішті қарау тоқтатыла тұрады, ал өтініш беруші хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей жетіспейтін құжаттарды ұсынудың қажеттігі туралы жазбаша хабардар етіледі.
Тармақ 11
11. Өтінішті тіркеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген мүліктік зиянды өтеу және жүргізілген төлемдер туралы өтініштерді тіркеу журналында жүзеге асырылып, мүліктің меншік иесіне өтініштің қабылданғаны туралы растау қағазы беріледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін анықтау үшін мүлік иесі Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес таңдаған бағалаушыда мүліктің немесе жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құнын бағалауды ұйымдастырады. Бұл ретте бағалауды ұйымдастыруға байланысты шығыстар жергілікті атқарушы органға жүктеледі.
Тармақ 13
13. Мүлікті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын немесе оның құнын бағалауды ұйымдастыру мынадай кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) мүлік иесінің бағалаушылар палаталарының интернет-ресурстарында орналастырылған бағалаушылар палаталары мүшелерінің тізілімдеріне сәйкес бағалаушыны таңдауы;
Тармақша 2
2) мүлік иесімен келісу бойынша бағалау жүргізілетін уақыт пен жерді айқындау;
Тармақша 3
3) жойылған және зақым келген мүлікке бағалау жүргізу;
Тармақша 4
4) мүлік иесін бағалау туралы есеппен таныстыру.
Тармақ 14
14. Мүлікке келтірілген залалдың мөлшеріне бағалау жүргізу кезінде оны қалпына келтіру құны зиян келтірілген күнге дейінгі мүліктің есептелген амортизациясы (тозуы) шегеріліп, залал келтірілген күнгі қолданыстағы нарықтық құнның негізінде есептеледі.
Тармақ 15
15. Мүлік жойылған кезде келтірілген залалдың мөлшері залал келтірілген күнгі нарықтық құнның негізінде айқындалады. Егер мүлікті қалпына келтіру техникалық тұрғыдан мүмкін болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негізсіз болса, ол жойылды деп саналады. Мүлікті қалпына келтіру, егер бұл ретте мүлікті қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстар оның залал келтіру басталған күнгі нарықтың құнының сексен пайызынан асып кетсе, экономикалық тұрғыдан негізсіз деп саналады.
Тармақ 16
16. Егер жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларының 12-тармағында белгіленген мерзімде бағалаушыда бағалауды ұйымдастырмаса, онда мүлік иесі бағалаушыны өзі таңдап, оның көрсететін қызметтерін пайдалана алады. Мүлік иесінің бағалаушы көрсететін қызметтерге ақы төлеу бойынша құжаттамамен расталған шығыстары өтелетін залал сомасына қосылады.
Тармақ 17
17. Бағалаушы бағалау туралы есепті жасағаннан кейін жергілікті атқарушы орган өтініш пен тиісті құжаттар негізінде заңнамада белгіленген тәртіппен өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тиісті жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінен залалды өтеуге қаражат бөлуді көздейтін қаулы қабылдайды. Мүлік құнын өтеуден бас тартылған жағдайда жергілікті атқарушы орган өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.
Тармақ 18
18. Жергілікті атқарушы орган ақша қаражатын үш жұмыс күні ішінде мүліктің меншік иесінің өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына аударады.
Тармақ 19
19. Залал өтелгеннен кейін келтірілген мүліктік зиянды өтеу және жүргізілген төлемдер туралы өтініштерді тіркеу журналында залалдың өтелген күнін, мөлшерін және төлем құжатының нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Жоғалған немесе зақымдалған мүлік иесі мен жергілікті атқарушы орган арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
Тармақ 21
21. Төлемдерді заңсыз алуға бағытталған іс-әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Басқа 1. Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш
Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларына 1-қосымша Өтініш нысаны __________________________________________әкімі (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) ______________________________________________ (лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) ______________________________________ тұратын немесе орналасқан _____________________________________________ (өтініш берушінің деректемелері Т.А.Ә. (бар болса) Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініш Сізден ______________________________________________________________________ (болған уақыты, жері, оның сипаты) терроризм актісінің жасалуына байланысты___________________________________________ _________________________________________________________________________________ (зақымдалған мүлікті қалпына келтіруге (жөндеуге) жұмсалатын шығыстар және (немесе) мүліктің зақымдалуы салдарынан оны арзандату мөлшері не жоғалған мүліктің құны) қоса алғанда, келтірілген материалдық залалды өтеуді сұраймын. Материалдық залалды мына мекенжай бойынша: ______________________________________ (облыс, аудан, қала, тұратын, орналасқан жерінің мекенжайы) өтеуді сұраймын. Банктің атауы _____________________________________________________________________ Банктің БСК, ЖСК__________________________________________________________________ _________________________атына ағымдағы немесе жинақ шоты________________________ (Т.А.Ә. деректемелері (бар болса) Алушының ЖСН № ____________________________________________________ Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін: 1. _________________________________________________________________________ 2. _______________________________________________________________________________ 3. _______________________________________________________________________________ 4. _______________________________________________________________________________ 5. _______________________________________________________________________________ _______ «__» __________ Өтініш беруші ______________ (жылы, күні, айы) (қолы, Т.А.Ә. (бар болса) __________________________________________________________________________________ (кесу сызығы) Азамат ___________________________________________ өтініші № _______________ болып тіркелді. Өтініш қабылданған күн __________________________ Өтінішті қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы және қолы _________ _______ «__» _________ Өтініш беруші ____________________ (жылы,күні, айы) (қолы, Т.А.Ә. (бар болса) ___________________
Басқа 2. Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініштерді және жүргізілген төлемдерді тіркеу журналы
Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларына 2-қосымша Келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы өтініштерді және жүргізілген төлемдерді тіркеу журналы Р/с № Өті­ніш бе­ру­ші­нің Т.А.Ә. (бар бол­са) неме­се де­ректе­ме­ле­рі Ке­ліп түс­кен кү­ні, кі­ріс № Тұ­ра­тын, ор­на­лас­қан ме­кен­жайы Ма­те­ри­ал­дық за­лал­ды өтеу се­бе­бі (оқи­ға ор­ны­ның қы­сқа­ша си­патта­ма­сы, уа­қы­ты) Кел­ті­рі­л­ген ма­те­ри­ал­дық за­лал­дың мөл­ше­рі Тө­лен­ген ақ­ша қа­ра­жа­ты бой­ын­ша тө­лем құ­жа­ты­ның № және кү­ні (тір­ке­у­ші­нің қо­лы) 1 2 3 4 5 6 7 ___________________