О финансовой поддержке субъектов предпринимательства Северо-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 25.09.2001 № 63 қаулысымен
Облыс бюджетінен кәсіпкерлікті қолдауға бөлінетін қаражаттай қаржыны пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында және "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңын орындау үшін ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Ағымдағы қаржы жылында, облыстық мәслихат сессиясының шешімімен бекітілген көлемде шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу жүргізілсін. Бюджеттік кредиттеу жөніндегі Үкімет қаулысы шыққанға дейін Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 5 бабына сәйкес осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолданылып жүрген нормативтік кесімдері басшылықка алынсын.
Тармақ 2
2. Қоса берілетін мыналар бекітілсін:
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлікті дамытудың басымдылық бағыттар тізбесі;
кәсіпкерлік субъектілерді қаржылай қолдау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы.
Тармақ 3
3. Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау жөніндегі бағдарлама әкімшісі болып Солтүстік Қазақстан облысының шағын бизнесті қолдау жөніндегі басқармасы айқындалсын.
Тармақ 4
4. Бағдарлама әкімшісі конкурстық негізде айқындалған екінші деңгейдегі банктермен кәсіпкерлік субъектілерге кредиттік қызмет көрсету туралы келісім-шартқа отырсын.
Тармақ 5
5. Қаржы департаментіне "2000 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 1999 жылғы 25 желтқсандағы № 2/3 шешіміне сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу үшін облыстық бюджетте көзделген қаржыдан 100 млн. теңге қаржыландырылсын.
Тармақ 6
6. "Солтүстік Қазақстан облысынын шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау туралы" облыс әкімінің 1999 жылғы 29 қантардағы № 16 шешімі күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 7
7. "Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау туралы" 2000 жылғы 23 ақпандағы № 32, "Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 23 ақпандағы № 32 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 11 мамырдағы № 102 және "Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау туралы облыс әкімінің 2000 жылғы 23 ақпандағы № 32 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 17 маусымдағы №141 шешімдері жарамсыз деп танылсын.
Тармақ 8
8. Тоқсан сайын облыс әкімін хабардар ете отырып, осы шешімнің орындалуын бақылау, шағын бизнесті қолдау жөніндегі басқарма бастығы Н.Е.Қабиевқа жүктелсін.
Басқа 9
Облыс әкімінің 2000 жылғы
«12» қыркүйектегі № 176
шешімімен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіпорынды дамытудың басымдық бағыттарының тізбесі
ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу, қайта өңдеу;
мал шаруашылығын дамыту;
құс шаруашылығын дамыту;
азык-түліктік өнімдер өндіру және оларды буып-түю материалдар өндірісі;
ішкі рынок үшін импорт алмастыру саясаты шеңберінде бағдарланған машина жасау өнімдері өндірісі;
өнімдері ішкі және сыртқы рыноктарға да бағдарланған, жоғары экспорттык потенциалы бар ғылымды көп қажетсінетін өндіріс пен технологияларды дамытуға байланысты қызметтер;
полимерлік онімдер өндірісі;
картон-қағаз өнімдерінің жана түрлерін шығару;
жоғары сапалы киімдер мен тоқыма бұйымдар өндірісі;
жоғары сапалы жиһаздар мен фурнитуралар өндірісі;
жергілікті шикізат базасында прогрессивті және жаңа құрылыс материал түрлері конструкциялар мен бұйымдар өндірісі;
дәрілік табиғи шикізаттарды дайындау және қайта өңдеу, содай-ақ дәрілік жабдықтар, байлап-таңу материалдары мен санитарлық-гигиеналық заттар өндірісі;
жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау;
қызмет салаларын дамыту;
Басқа 10. Кәсіпорындар субъектілерін қаржылай қолдау жөніндегі Комиссияның құрамы
Облыс әкімінің 2000 жылғы
«12» қыркүйек № 176
шешімімен бекітілген
Кәсіпорындар субъектілерін қаржылай қолдау жөніндегі Комиссияның құрамы
📌 Ескерту. Құрамына өзгеріс енгізілді – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 18.01.2001 № 5 шешімімен
Сутулов Федор Федорович - Комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары
Қабиев Нуржан Ескенұлы - Комиссия хатшысы, шағын бизнесті қолдау басқармасының бастығы
Комиссия мүшелері
Едіресов Дулат Мейрамұлы - облыстық экономика басқармасының бастығы
Омаров Жасұлан Ысқақұлы - облыстық қаржы департаментінің бастығы
Сюникаев Рашид Абдоллаұлы - облыстық ауыл шаруашылық департаментінің бастығы
Таженов Бисембі Едіресұлы - облыстық ауыл шаруашылық өнімдерін сату
жөне ұқсату департаментінің бастығы
Усаневич Павел Евгеньевич - облыстық өнеркәсіп және энергетика департаментінің бастығы
- Балтабаева Ғалия Қазезтайқызы- еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы,
- Бекжанов Жамбыл Ілесбекұлы - Солтүстік Қазақстан облысының қоршаған ортаны корғау аумақтық басқармасының бастығы