Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения свидетельства на возвращение и образца свидетельства на возвращение и требований к его защите Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын және қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі мен оны қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары;
Тармақша 2
2) қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі мен оны қорғауға қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 926 қаулысымен бекітілген Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қайтып оралуға арналған куәлік – иесінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасына бір реттік келу құқығын растайтын құжат.
Тармақ 3
3. Қайтып оралуға арналған куәлікті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдердегі мекемелер):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және келісімдерінде көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының қызметтік немесе дипломатиялық паспортын жоғалтқан не олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан жағдайда;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасында босқындар деп танылған адамдарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта жол жүру құжатын жоғалтқан жағдайда;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасына келу үшін жарамсыз құжаттары бар азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген, Қазақстан Республикасына берілген жағдайда ресімдейді.
Тармақ 4
4. Қайтып оралуға арналған куәлікті алу үшін шетелдердегі мекемелерге:
Тармақша 1
1) еркін нысандағы өтініш немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда);
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат;
Тармақша 3
3) өлшемі 3х4 см түрлі-түсті екі фотосурет;
Тармақша 4
4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
Тармақша 5
5) жеке басын куәландыратын құжаттардың (болған кезде) бірінің түпнұсқасы, ал ол болмаған жағдайда осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес толтырылған сауалнама-өтініш;
Тармақша 6
6) жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат тапсырылады.
Тармақ 5
5. Қайтып оралуға арналған куәлік 1 жыл қолдану мерзіміне ресімделеді.
Тармақ 6
6. Қайтып оралуға арналған куәлік:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматтығын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тіркелуін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасындағы босқын қолданыстағы мәртебесін растау негізінде ресімделеді.
Тармақ 7
7. Жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болған жағдайда, қайтып оралуға арналған куәлік осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген негіздерді растаусыз екі жұмыс күні ішінде ресімделеді.
Тармақ 8
8. Жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болмаған кезде шетелдегі мекеме осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген негіздерді растау үшін құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі – Ішкі істер министрлігі) сұрау салуды жолдайды және бір мезгілде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін (бұдан әрі – Сыртқы істер министрлігі) хабардар етеді.
Тармақ 9
9. Ішкі істер министрлігі сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шетелдегі мекемеге жауап жолдайды және бір мегілде бұл туралы Сыртқы істер министрлігін хабардар етеді.
Тармақ 10
10. Шетелдегі мекеме осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген негіздерді Ішкі істер министрлігі растаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдейді және береді.
Тармақ 11
11. Қайтып оралуға арналған куәлікке:
Тармақша 1
1) шет мемлекеттің визалар беруге уәкілетті құзыретті органы – визалар туралы;
Тармақша 2
2) шекара қызметі органы, шет мемлекеттің шекаралық бақылауды жүзеге асыратын құзыретті органы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан және басқа мемлекеттердің мемлекеттік шекараларынан өту туралы;
Тармақша 3
3) тиісті белгіні енгізген орган – бұрын енгізілген белгілерді жою туралы белгілер енгізеді.
Тармақ 12
12. Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеуден:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген негіздер расталмаған;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған;
Тармақша 3
3) құжаттарды тапсыру кезінде толық емес және/немесе дәйексіз мәліметтер ұсынылған;
Тармақша 4
4) консулдық алым төленбеген жағдайда бас тартылады.
Тармақ 13
13. Берілген қайтып оралуға арналған куәліктер туралы мәліметтер Сыртқы істер министрлігі айқындаған тәртіппен қайтып оралуға арналған куәліктерді беру тізіліміне енгізіледі.
Тармақ 14
14. Қайтып оралуға арналған куәлік мынадай:
Тармақша 1
1) Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген деректер болмаған;
Тармақша 2
2) оның қолданылу мерзімі өткен;
Тармақша 3
3) Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген деректерді не құжаттың қорғалу дәрежесін сәйкестендіру мүмкін болмаған;
Тармақша 4
4) иесі уәкілетті мемлекеттік органға өтініш берген күннен бастап құжат жоғалған;
Тармақша 5
5) иесінің құқықтық мәртебесіне сәйкес келмеген;
Тармақша 6
6) жынысын өзгерткен жағдайларда жарамсыз болып табылады және ауыстырылуға әрі шетелдегі мекемеге тапсырылуға тиіс.
Тармақ 15
15. Қайтып оралуға арналған куәлікті ауыстыру осы Қағидаларда қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу үшін көзделген жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Қайтып оралуға арналған куәлік Қазақстан Республикасына келген соң, тұрақты тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырылады және жоғалған жеке басты куәландыратын құжаттарды қалпына келтіру материалдарына қосылады. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты немесе дипломатиялық паспорты жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен кезде берілген қайтып оралуға арналған куәлік Қазақстан Республикасына келген соң Сыртқы істер министрлігіне тапсырылуға тиіс.
Тармақ 17
17. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген негіздердің болмауы фактісі анықталған жағдайларда шетелдегі мекеме бұл туралы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына хабарлау арқылы бұрын берілген қайтып оралуға арналған куәлікті алып қою шараларын қабылдайды. Қайтып оралуға арналған куәлікті кейіннен алып қоюды алдын ала тергеу, анықтау органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу және азаматтықты жоғалтуды ресімдеу барысында лауазымды адамдар жүргізеді.
Тармақ 18
18. Қайтып оралуға арналған куәлікті сақтау және жою Қазақстан Республикасының ұлттық қор және мұрағаттар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 51. САУАЛНАМА – ӨТІНІШ
Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына қосымша САУАЛНАМА – ӨТІНІШ СҰ­РАҚ­ТАР ЖА­У­АП­ТАР 1. Те­гі, аты, әке­сі­нің аты 2. Бұ­рын болған аты­ңы­зды, те­гі­ң­із­ді және әке­ң­із­дің атын, олар­ды қа­шан, қай­да және қан­дай се­беп бой­ын­ша өзгерт­кен­ді­гі­ң­із­ді атап шы­ғы­ңыз 3. Ту­ған күнi, айы, жы­лы және ту­ған жерi 4. Ұл­ты 5. Аза­мат­тығы 6. От­ба­сы­лық жағ­дайы 7. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы тұр­ғы­лық­ты ме­кен­жайы 8. Ше­тел­ге ке­тер ал­дын­да­ғы ті­ке­лей тұр­ғы­лық­ты ме­кен­жайы 9. Соң­ғы жұ­мыс, оқу ор­ны 10. Бі­лі­мі және бі­лі­мі бой­ын­ша ма­манды­ғы (қай­да, қа­шан және қан­дай оқу ор­нын бі­тір­ді­ңіз) 11. Егер бұ­рын бас­қа мем­ле­кет­тің аза­мат­тығ­ын­да бол­са­ңыз, қай­да, қа­шан және қан­дай негіз­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ын ал­ға­ны­ңы­зды то­лық көр­се­ті­ңіз 12. Сот тәр­ті­бін­де қыл­мыстық, әкім­ші­лік неме­се аза­мат­тық жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­тыл­ды­ңыз ба (егер тар­тыл­са­ңыз он­да қа­шан, кім және не үшін) 13. Ше­тел­ге шы­ғу­дың мақ­са­ты 14. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан шық­қан кү­ні және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на қай­та ке­ле­тін бо­лжам­ды кү­ні 15. Жо­ғал­ған же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (тү­рі, нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні, жа­рам­ды­лық мер­зі­мі, құ­жат­ты бер­ген ор­ган) 16. Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та болған жа­з­ба­лар мен бел­гі­лер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (бір­ге ба­ра жа­тқан ба­ла­лар ту­ра­лы жа­з­ба, тұ­рақ­ты түр­де тұ­ру үшін ше­тел­ге шы­ғу­ға рұқ­сат ту­ра­лы жа­з­ба және т.б.) 17. Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын бас­қа да құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (бар болған жағ­дай­да)
Тармақ 18
18. Сіздің жақын туыстарыңыз (күйеуі/әйелі, ата-анасы, ағалары, інілері, апалары, қарындастары, сіңлілері). Туы­стық дә­ре­же­сі Аты, те­гі, әке­сі­нің аты Ту­ған жы­лы және же­рі Жұ­мыс ор­ны, ла­у­а­зы­мы Бо­лу елі, тұр­ғы­лық­ты ме­кен­жайы
Тармақ 19
19. Еңбек қызметі басталған уақыттан бері атқаратын жұмыстары (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметті қоса алғанда). Айы мен жы­лы Ме­ке­месi, ұй­ы­мы көр­сетiл­ген ла­у­а­зы­мы Ме­ке­менiң, ұй­ым­ның ор­на­лас­қан жерi Жоғарыда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растаймын. Өтiнiш берушiнiң қолы ______________ 20___ ж. «___» _________________
Басқа 54. Қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі мен оны қорғауға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 926 қаулысымен бекітілген Қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі мен оны қорғауға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі мен оны қорғауға қойылатын талаптарға қосымшаға сәйкес қайтып оралуға арналған куәлік көлемі 285х135 мм. мөлшеріндегі сүйір бұрышты, 95 мм тең үш бірдей бөлікке бүктелетін бланкті білдіреді.
Тармақ 2
2. Қайтып оралуға арналған куәлік бланкісі (бұдан әрі – бланк) қағаз құрамына УК-сәуле астында нүктелер түріндегі түрлі-түсті түстермен флуоресценттелетін бөлшектер; көрінетін талшықтар; бірегей ықшамды оптикалық сканермен ғана көруге болатын флуоресцентті полимерлік қоспалар, сондай-ақ бланкінің бөлігі арнайы математикалық алгоритмді қолдана отырып құралған сызықтардан тұратын тор сызықтар түрінде арнайы қорғау қасиеттері бар қағазға баспаханалық тәсілмен басылады. Бланк реңкі көгілдір түсті болады. Бланктің мұқабасынан басқа беттері нөмірленеді. Нөмір беттің төменгі жағында ортасына қойылады.
Тармақ 3
3. Бланктің тік қалпында мұқабасы, 4-беті, 5-беті болады. Бланктің көлденең қалпында: 1-беті, 2-беті, 3-беті болады.
Тармақ 4
4. Бланктің мұқабасында: мұқабаның бұрыштарында – көгілдір түсті ою-өрнек элементтері; мұқабаның жоғарғы бөлігінде – мемлекеттік және ағылшын тілдерінде: деген жазу; мұқабаның ортасында - мемлекеттік және ағылшын тілдерінде: деген жазу; мұқабаның төменгі бөлігінің ортасында – дөңгелек бұрыштармен қоршалған жиектің ішінде бланктің нөмірі орналасқан.
Тармақ 5
5. Бланктің 1-бетінде иесінің қол қоюы үшін жол қалдырылған, сондай-ақ қайтып оралуға арналған куәлік иесінің құқықтық мәртебесі және қайтып оралуға арналған куәлікті берген Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы көрсетіледі. 1-беттің жоғарғы бөлігінде мемлекеттік және ағылшын тілдерінде қайтып оралуға арналған куәлікті берген Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауын қамтитын жазу бар. 1-беттің екінші жартысының бірінші ширегінде мемлекеттік және ағылшын тілдерінде: деп жазылған. 1-беттің екінші жартысының бірінші ширегінде сол жағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы» ҚР СТ 989-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес диаметрі 28 мм Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы алтын түстес. 1-беттің ортасында қайтып оралуға арналған куәлік иесінің құқықтық мәртебесін көрсету үшін сызықтармен шектелген жол тігінен орналасқан. 1-беттің екінші жартысының бірінші ширегінде оң жағынан мемлекеттік және ағылшын тілдерінде: деген сөздер тігінен жазылған. Бланктің 1-бетінің төменгі бөлігінде сызықтармен шектелген, иесінің қол қоюы үшін қалдырылған жол орналасқан және бланктің қиғаш сызықтарының сыну бұрышы арқылы жасалған, көгілдір бояумен орындалған ою-өрнек бар.
Тармақ 6
6. 2-бет қайтып оралуға арналған куәлік иесінің фотосуретін, жеке деректерін орналастыруға, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің лауазымды адамының қол қоюына және мөр басуына арналған. 2-беттің жоғарғы және төменгі бөліктерінде бланктің қиғаш сызықтарының сыну бұрышы арқылы жасалған, көгілдір бояумен орындалған ою-өрнек бар. 2-беттің сол жақ бөлігінде мөлшері 35х45 мм болатын фотосуретке арналған жол болады. 2-беттің ортаңғы бөлігінде мемлекеттік және ағылшын тілдерінде: деген сөздер көлденеңінен жазылған. 2-беттің сол жағының төменгі бұрышында қайтып оралуға арналған куәлікті берген Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің мөрі қойылатын орын бар. 2-беттің оң жағының төменгі бұрышында қайтып оралуға арналған куәлікті берген Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің лауазымды адамының қолы қойылатын орын бар. 2-беттің бірінші ширегінің екінші жартысында көзге көрінбейтін, бір бірінен бірдей қашықтықта орналасқан, күн астындағы бүркіт кейпіндегі 4 (төрт) мемлекеттік символика бейнеленген. Символика бейнесі ультракүлгін сәуле астында көрінетін кішігірім мәтіннен құралған.
Тармақ 7
7. Бланктің 3-беті «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында көрсетілген арнайы белгілерді енгізуге арналған. 3-беттің сол жағының жоғарғы бұрышында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы» ҚР СТ 989-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес диаметрі 13 мм Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. 3-беттің жоғарғы жағының ортасында мемлекеттік және ағылшын тілдерінде: «Арнайы белгілер үшін/For special marks» деген жазу орналасқан. 3-беттің орта бөлігінде Қазақстан Республикасы аумағының бейнесі орналасқан, ол көгілдір түсті және бланктің қиғаш сызықтарының сыну бұрышы арқылы жасалған. Аумақ бейнесінің ортасында ішкі жағынан ағылшын тілінде: деген жазу орналасқан.
Тармақ 8
8. Бланктің 4-беті визалар жапсыруға арналған. Беттің жоғарғы жағында мемлекеттік және ағылшын тілдерінде: деген жазулар бар.
Тармақ 9
9. 5-беттің бұрыштарында көгілдір түсті ою-өрнек элементтері орналасқан. 5-беттің ортасында мемлекеттік және ағылшын тілдерінде: деген жазулар орналасқан. Мемлекеттік және ағылшын тілдеріндегі жазбалар олардың арасында көлденең орналасқан арнайы көгілдір түсті ою-өрнекпен бөлінген.
Тармақ 10
10. Әрбір бланкте жазбалардың сақталуын арттыру немесе бланкті және ондағы жазуларды жалған құжат жасаудан сақтау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.
Басқа 65
Қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі мен оны қорғауға қойылатын талаптарға қосымша