Об утверждении образцов дипломатического и служебного паспортов Республики Казахстан и требований к их защите Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспортының үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қызметтік паспортының үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулысы қабылданғанға дейін жасалған Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болып саналсын.
Тармақ 3
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының электрондық ақпарат тасымалдағыштары бар дипломаттық және қызметтік паспорттарының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1375 қаулысы;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1375 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 қазандағы № 1015 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 54, 513-құжат);
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының электрондық ақпарат тасымалдағыштары бар дипломаттық және қызметтік паспорттарының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1375 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 1079 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 772-құжат).
Тармақша 4
4) Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
Басқа 10. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспортының үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 927 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспортының үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты (бұдан әрі - паспорт) машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.
Тармақ 2
2. Паспорт УК-сәулелер әсерінен жылтырамайтын мақтадан жасалған, УК-сәулесі түскенде қызыл және жасыл түспен флуоресценттелетін талшықтар қосылған қағазға баспаханалық тәсілмен басылады. Паспортта мынадай: интаглио мөрі; бедерлі басу әдісімен басылған мөрлі нөмірлеу; ультракүлгінді қорғау; жасырын сурет; көгілдір және сары түспен флуоресценттелетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы түріндегі ретсіз орналасқан элементтерден тұратын қағаз; флуоресцентті жіп; паспорт нөмірі мен сериясының лазерлік перфорациялануы; оқшауланып салынған ерекше белгі; графикалық қорғау элементтері; көшіруге қарсы элементтер; түрлі-түсті мөр; «бәсеңсу» әсеріндегі қорғау элементі; тангирлі тор; біріккен суреттер; магнитті жіп; ұсақ әріптер және микромәтіндер түріндегі қорғау сипаттары бар.
Тармақ 3
3. Паспорт осы паспорт үлгісіне және оны қорғауға қойылатын талаптарға қосымшаға сәйкес құжат болып табылады, мөлшері 88x125 мм, бұрышы жұмырланған және мұқабадан, мұқабаға желімделген форзацтар мен 18 парақтан (36 бет) тұрады.
Тармақ 4
4. Паспорттың тік қалпында: мұқабасы, 1 және 4 – 35-беттері, артқы форцазы болады.
Тармақ 5
5. Паспорттың көлденең қалпында: 2, 3 беттері болады.
Тармақ 6
6. Паспорттың мұқабасы қою жасыл түсті, тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады, олардың арасында паспорттың иесі туралы электрондық ақпарат тасымалдағыш ретінде пайдаланылатын антеннасы бар микросхема (байланыссыз интерфейсі бар чип) орналастырылады. Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб микросхемада қорғалған түрде паспорттың иесі туралы кескіндемелік және мәтіндік ақпарат сақталады. Паспорттың алдыңғы мұқабасының сыртқы бетінде: жоғары бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде: ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында қазақ және ағылшын тілдерінде: деген жазу; төменгі бөлігінде – паспортта электрондық ақпарат тасымалдағыштың бар екенін көрсететін арнайы белгі; бұрыштарында – ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан. Жазулар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, арнайы белгі және ұлттық ою-өрнек элементтері алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.
Тармақ 7
7. Паспорттың алдыңғы форзацында: ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының астында – ұлттық ою-өрнек фрагменті түріндегі элемент және ұлттық ою-өрнек элементтері бар оюланған тармақ; оюлы тармақтан төмен – паспорттың нөмірі орналасқан.
Тармақ 8
8. Паспорттың алдыңғы форзацы мен 1-бетінің арасында желімді негізі бар мөлдір пленка орналасқан.
Тармақ 9
9. Паспорттың 1-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:
Тармақ 10
10. Паспорттың 2-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ/REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу тігінен орналасқан. Төменде екі жолға: «ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ПАСПОРТ/DIPLOMATIC PASSPORT» деген жазу, оң жағында қазақ және ағылшын тілдерінде: «Түрі/Тyре», «Мемлекет коды/Code of state», «Паспорттың №/Passpot Nо» деген жазу орналасқан. Сол жағында мөлшері 45x35 мм фотосурет үшін орын бөлінген. Фотосуреттің оң жағында мынадай деректемелер орналасады: «Тегі/Surname Аты/Given name Азаматтығы/Nationaly Ұлты Туған күні, айы, жылы/Date of birth ЖСН/Personal ID Nо. Жынысы/Sex Туған жері/Place of birth Берілген уақыты/Date of issue Паспорт мерзімі/Date of expiry Өз қолы/Signature of bearer Берген мекеме/Authority»; Паспорттағы «Ұлты» деген баған тек қазақ тілінде оны дайындау кезінде иесінің қалауы бойынша толтырылады. Паспорттың иесі ұлтын көрсетуден бас тартқан жағдайда, «Ұлты» деген баған паспорттың деректері бетінде көрсетілмейді. Беттің төменгі ширегі – машинамен оқылатын аймақ, онда тігінен машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжатта бар негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын машинамен оқылатын жазу орналасады.
Тармақ 11
11. Паспорттың 2-беті дизайн мен сипаттамалардың жоғары ашықтығын және жоғары орындалуын сақтай отырып, көптеген көрнекі әсер беретін мөлдір голографикалық қабатты материалдан тұратын арнайы ламинаттайтын пленкамен қорғалады.
Тармақ 12
12. Паспорттың 3-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде: «СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК БЕЛГІЛЕРІ ҮШІН FOR OFFICIAL USE OF THE MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS» деген жазу тігінен орналасқан. Паспорттың 3-беті иесінің ұзақ мерзімді шетелдік іссапарға шығатын кездегі дипломатиялық лауазымы туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметтік жазбаларын орналастыруға арналған. Егер 3-бет пайдаланылған болса, онда белгілер паспорттың келесі бос бетіне қойылады.
Тармақ 13
13. Паспорттың 4–35-беттері шет мемлекеттердің визалары мен Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің өткізу пунктіндегі шекаралық бақылау қызметінің мемлекеттік шекараны кесіп өту туралы белгілерін қоюға арналған. Беттердің жоғарғы жағында қазақ және ағылшын тілдерінде: «ВИЗАЛАР/VISAS» деген жазу орналасқан.
Тармақ 14
14. Паспорттың 36-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:
Тармақ 15
15. Паспорттың артқы форзацында қазақ және ағылшын тілдерінде: «Бұл дипломатиялық паспорт сезгіш электрондық технологиямен жабдықталған және де басқа электрондық құрылғылар сияқты дәл сондай мұқият қарауды қажет етеді. Оның тиісті түрде жұмыс істеуіне кепілдік беру үшін ұқыптап ұстаңыз, оны бүкпеңіз, теспеңіз, шектен тыс температурадан немесе шектен тыс ылғалдылықтан сақтаңыз.
Тармақ 16
16. Тоғыз әріптік – цифрлық нышандардан (2 әріптік нышан және жеті таңбалы цифрлық нөмір) тұратын паспорттың нөмірі 1-беттен бастап барлық беттерде лазерлік перфорация әдісімен басылып, паспорттың артқы форзацында аяқталады.
Тармақ 17
17. Паспорт беттерінің нөмірлері 4-беттен 35-бетті қоса алғанда, төменгі бұрыштарында орналасқан. 1–3, 36-беттерде нөмірлер жоқ.
Тармақ 18
18. Қағаз массаға парақтың бір жағына қорғаныш жіп орналасқан, онда «Қазақстан Кazakhstan» жазуы түрінде алмасып тұратын микромәтіндер және қысқа мәтіндермен жазылған және ол парақтың екі жағынан да оқылады.
Тармақ 19
19. Әрбір Паспортта жазулардың сақталуын арттыруға немесе паспортты және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғауға арналған арнайы әзірленген элементтер қолданылады.
Басқа 30
Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспортының үлгісіне және оны қорғауға қойылатын талаптарға қосымша
Басқа 31. Қазақстан Республикасының қызметтік паспортының үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 927 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының қызметтік паспортының үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты (бұдан әрі – паспорт) машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.
Тармақ 2
2. Паспорт УК-сәулелер әсерінен жылтырамайтын мақтадан жасалған, УК-сәулесі түскенде қызыл және жасыл түспен флуоресценттелетін талшықтар қосылған қағазға баспаханалық тәсілмен басылады. Паспортта мынадай: интаглио мөрі; бедерлі басу әдісімен басылған мөрлі нөмірлеу; ультракүлгінді қорғау; жасырын сурет; көгілдір және сары түспен флуоресценттелетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы түріндегі ретсіз орналасқан элементтерден тұратын қағаз; флуоресцентті жіп; паспорт нөмірі мен сериясының лазерлік перфорациялануы; оқшауланып салынған ерекше белгі; графикалық қорғау элементтері; көшіруге қарсы элементтер; түрлі-түсті мөр; «бәсеңсу» әсеріндегі қорғау элементі; тангирлі тор; біріккен суреттер; магнитті жіп; ұсақ әріптер және микромәтіндер түріндегі қорғау сипаттары бар.
Тармақ 3
3. Паспорт осы паспорт үлгісіне және оны қорғауға қойылатын талаптарға қосымшаға сәйкес құжат болып табылады, мөлшері 88x125 мм, бұрышы жұмырланған және мұқабадан, мұқабаға желімделген форзацтар мен 18 парақтан (36 бет) тұрады.
Тармақ 4
4. Паспорттың тік қалпында: мұқабасы, 1 және 4 – 35-беттері, артқы форцазы болады.
Тармақ 5
5. Паспорттың көлденең қалпында: 2, 3-беттері болады.
Тармақ 6
6. Паспорттың мұқабасы қара түсті, тозбайтын материал мен төсемнен дайындалады, олардың арасында паспорттың иесі туралы электрондық ақпарат тасымалдағыш ретінде пайдаланылатын антеннасы бар микросхема (байланыссыз интерфейсі бар чип) орналастырылады. Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб микросхемада қорғалған түрде паспорттың иесі туралы кескіндемелік және мәтіндік ақпарат сақталады. Паспорттың алдыңғы мұқабасының сыртқы бетінде: жоғары бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде: ортасында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында - қазақ және ағылшын тілдерінде: деген жазу; төменгі бөлігінде – паспортта электрондық ақпарат тасымалдағыштың бар екенін көрсететін арнайы белгі; бұрыштарында – ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан. Жазулар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, арнайы белгі және ұлттық ою-өрнек элементтері алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.
Тармақ 7
7. Паспорттың алдыңғы форзацында: ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының астында – ұлттық ою-өрнек фрагменті түріндегі элемент және ұлттық ою-өрнек элементтері бар оюланған тармақ; оюлы тармақтан төмен – паспорттың нөмірі орналасқан.
Тармақ 8
8. Паспорттың алдыңғы форзацы мен 1-бетінің арасында желімді негізі бар мөлдір пленка орналасқан.
Тармақ 9
9. Паспорттың 1-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде:
Тармақ 10
10. Паспорттың 2-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ/REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу тігінен орналасқан. Төменде екі жолға: «ҚЫЗМЕТТІК ПАСПОРТ/SERVICE PASSPORT» деген жазу, оң жағында қазақ және ағылшын тілдерінде: «Түрі/Тyре», «Мемлекет коды/Code of state», «Паспорттың №/Passpot Nо» деген жазу орналасқан. Сол жағында мөлшері 45x35 мм фотосурет үшін орын бөлінген. Фотосуреттің оң жағында мынадай деректемелер орналасады: «Тегі/Surname Аты/Given name Азаматтығы/Nationaly Ұлты Туған күні, айы, жылы/Date of birth ЖСН/Personal ID Nо. Жынысы/Sex Туған жері/Place of birth Берілген уақыты/Date of issue Паспорт мерзімі/Date of expiry Өз қолы/Signature of bearer Берген мекеме/Authority»; Паспорттағы «Ұлты» деген баған тек қазақ тілінде оны дайындау кезінде иесінің қалауы бойынша толтырылады. Паспорттың иесі ұлтын көрсетуден бас тартқан жағдайда «Ұлты» деген баған паспорттың деректері бетінде көрсетілмейді. Беттің төменгі ширегі - машинамен оқылатын аймақ, онда тігінен машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын машинамен оқылатын жазу орналасады.
Тармақ 11
11. Паспорттың 2-беті дизайн мен сипаттамалардың жоғары ашықтығын және жоғары орындалуын сақтай отырып, көптеген көрнекі әсер беретін мөлдір голографикалық қабатты материалдан тұратын арнайы ламинаттайтын пленкамен қорғалады.
Тармақ 12
12. Паспорттың 3-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде: «СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК БЕЛГІЛЕРІ ҮШІН FOR OFFICIAL USE OF THE MINISTRY OF FOREIGN AFFAIRS» деген жазу тігінен орналасқан. Паспорттың 3-беті иесінің ұзақ мерзімді шетелдік іссапарға шығатын кездегі лауазымы туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметтік жазбаларын орналастыруға арналған. Егер 3-бет пайдаланылған болса, онда белгілер паспорттың келесі бос бетіне қойылады.
Тармақ 13
13. Паспорттың 4–35-беттері шет мемлекеттердің визалары мен Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің өткізу пунктіндегі шекаралық бақылау қызметінің мемлекеттік шекараны кесіп өту туралы белгілерін қоюға арналған. Беттердің жоғарғы жағында қазақ және ағылшын тілдерінде: деген жазу орналасқан.
Тармақ 14
14. Паспорттың 36-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде: деген жазу орналасқан.
Тармақ 15
15. Паспорттың артқы форзацында қазақ және ағылшын тілдерінде:
Тармақ 16
16. Тоғыз әріптік-цифрлық нышандардан (2 әріптік нышан және жеті таңбалы цифрлық нөмір) тұратын паспорттың нөмірі 1-беттен бастап барлық беттерде лазерлік перфорация әдісімен басылып, паспорттың артқы форзацында аяқталады.
Тармақ 17
17. Паспорт беттерінің нөмірлері 4-беттен 35-бетті қоса алғанда, төменгі бұрыштарында орналасқан. 1–3, 36-беттерде нөмірлер жоқ.
Тармақ 18
18. Қағаз массаға парақтың бір жағына қорғаныш жіп орналасқан, онда «Қазақстан kazakhstan» жазуы түрінде алмасып тұратын микромәтіндер және қысқа мәтіндермен жазылған және ол парақтың екі жағынан да оқылады.
Тармақ 19
19. Әрбір Паспортта жазулардың сақталуын арттыруға немесе паспортты және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғауға арналған арнайы әзірленген элементтер қолданылады.
Басқа 51
Қазақстан Республикасының қызметтік паспортының үлгісіне және оны қорғауға қойылатын талаптарға қосымша