Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оценки эффективности управления государственным имуществом

Қаулы · № 931 · қабылданған 05.09.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74318/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил оценки эффективности управления государственным имуществом Күшін жойған Қаулы ·№ 931 ·05.09.2013
08.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оценки эффективности управления государственным имуществом

Күшін жойған Қаулы ·№ 931 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оценки эффективности управления государственным имуществом
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
931
Қабылданған күні
05.09.2013
Көрсетілген редакция
08.12.2015 AI74318_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000931
ЭКБ идентификаторы
74318
Редакция идентификаторы
AI74318_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:20

0 Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекiту туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 202-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 931 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 202-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау тәртібін айқындайды.

2

2. Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау (бұдан әрі – бағалау) – тиісті саланың уәкілетті органы мен жергілікті атқарушы органның мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті және мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін айқындау құралы.

3 3. Бағалау мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті және мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару тиімділігін айқындау мақсатында жүргізіледі.

4 4. Бағалау:

1 1) есепті кезеңде тұтас және түрлері бойынша: республикалық және коммуналдық мемлекеттік мүліктің жай-күйі туралы талдамалық ақпаратты;

2

2) мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалауды, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларды және мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару жөніндегі қызметтерінің тиімділігіне қарай тиісті салалардың уәкілетті органдарын және жергілікті атқарушы органдарды бағалауды;

3 3) мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеуді қамтиды.

5 5. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) ұйымдар – мемлекеттік заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік кәсіпорындар) және мемлекеттің бақылауындағы акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (бұдан әрі – мемлекеттің бақылауындағы АҚ (ЖШС));

2 2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

3

3) тиісті саланың уәкілетті органы – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарды өзге мемлекеттік органдарға берген жағдайда, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тиісті саланың уәкілетті органы туралы қағидалары осындай мемлекеттік органға қолданылады.

6 6. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының тиісті салаларының уәкілетті органдарына және жергілікті атқарушы органдарына қолданылады.

2 2. Бағалауды жүзеге асыру тәртібі

7 7. Бағалауды ұйымдардың, тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мүлік пен ұйымдарды басқару жөніндегі 2013 жылдың қызметінің нәтижелері бойынша 2014 жылдан бастап жыл сайын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

8 8. Бағалау екі кезеңде жүзеге асырылады:

1 1) бірінші кезең – тиісті салалардың уәкілетті органдарынан және жергілікті атқарушы органдардан бағалау жүргізуге қажетті ақпарат жинау;

2 2) екінші кезең – тиісті салалардың уәкілетті органдарының және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметін балдық жүйе бойынша бағалау (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әрбір көрсеткіш бойынша 2 балдан артық емес).

9 9. Бағалау мынадай ақпараттың негізінде жүзеге асырылады:

1 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы есеп (бұдан әрі – есеп).

Есепте бағалау критерийлері бойынша көрсеткіштерді толтыру кезінде есепті жылы тиісті саланың уәкілетті органы немесе акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы мен мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган ауысқан ұйымдар, сондай-ақ жаңадан құрылған ұйымдар ескерілмейді.
Есеп жасау үшін ақпарат көзі мыналар болып табылады:
ұйымдардың жылдық қаржылық есептілігі;
мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) бекітілген, түзетілген даму жоспарлары мен оларды орындау жөніндегі есептері;
мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері;
мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына бекітілген мүлікті түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу нәтижелері;

2 2) еркін нысанда жасалатын және мынадай мәліметтерді қамтитын есепке талдамалық жазба:

жағымды жақтары мен кемшіліктерін баяндай отырып, есептің көрсеткіштерін талдау;
есепті жылы тиісті саланың уәкілетті органы немесе акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы мен мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган ауысқан ұйымдардың атаулы тізбесі;
төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекет бақылауындағы АҚ-ны (ЖШС-ні) қаржы-экономикалық сауықтыру жөніндегі ұсыныстар;
ұйымдарды басқару кезінде анықталған жүйелі кемшіліктер мен проблемалар;
ұйымдарды басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар;

3 3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтер;

4 4) мемлекеттік мүлік тізілімінің деректері.

10

10. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың жиырмасыншы қазанына дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті, есепке талдамалық жазбаны және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады.

11

11. Тиісті салалардың уәкілетті органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші қарашасына дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті, есепке талдамалық жазбаны және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады.

12 12. Тиісті салалардың уәкілетті органдары және жергілікті атқарушы органдар бағалау жүргізу үшін ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз етеді.

13 13. Бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:

1 1) «Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту» критерийі қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың болуын/болмауын немесе санының өзгеруін көрсетеді.

Нөлдік қаржылық нәтиже оң нәтиже ретінде айқындалады;

2

2) «Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) дивидендтердің (табыстардың) бюджетке түсуін қамтамасыз ету» критерийі мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтердің (мемлекеттік қатысу үлесіне таза табыс бөлігінің) бюджетке түсуінің уақтылығы мен толықтығын көрсетеді.
Осы критерий бойынша есепті кезеңде оң қаржылық нәтижеге ие және акциялардың мемлекеттік пакетіне (мемлекеттік қатысу үлесіне) таза табысының бір бөлігі мен дивидендтерді (таза табысының бір бөлігін) бюджетке аударудан босатылмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаралады.

3 3) «Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау» критерийі бойынша мыналар айқындалады:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы белгіленген мемлекеттік мекемелер саны;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген мемлекеттік органдарға көліктік қызмет көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілігі нормативтерінің бұзылуы белгіленген ұйымдар саны;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиістілік табелінің бұзылуы белгіленген мемлекеттік мекемелер саны;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы белгіленген мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны;
тиісті салалардың уәкілетті органдары белгілеген арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiнің бұзылуы белгіленген мемлекеттік кәсіпорындар саны;

4 4) «Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу» критерийі бойынша балансында паспорттауды жүргізуді талап ететін объектілері бар мемлекеттік заңды тұлғалардың болмауын/болуын көрсетеді;

5 5) «Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін беру» критерийі бойынша мыналар айқындалады:

мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны;
мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны;

6

6) «Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы» критерийі бойынша бекітілген (түзетілген) даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны айқындалады.

7 7) «Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жай-күйінің тұрақтылығы» критерийі төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-ның) болмауын/болуын көрсетеді.

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жай-күйінің тұрақтылығы ағымдағы өтімділік коэффициенті мен меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті бойынша айқындалады.
Ағымдық өтімділік коэффициенті бойынша шаруашылық қызмет жүргізу және ұйымның жедел міндеттемелерін уақтылы өтеу үшін ұйымның меншікті айналым қаражатымен жалпы қамтамасыз етілуі айқындалады.
Ағымдық өтімділік коэффициенті ағымдық (айналым) активтерінің ұйымның ағымдық (қысқа мерзімді) міндеттемелеріне қатынасы ретінде есептеледі.
Меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті бойынша ұйымның қаржылық тұрақтылығына қажетті меншікті айналым қаражатының болуы айқындалады.
Меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті меншікті айналым қаражатының ұйымның айналым активтері шамасына қатынасы ретінде есептеледі. Меншікті айналым қаражатының мөлшері меншікті қаражат пен оның айналымнан тыс активтері арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) мына шарттардың бірі болған кезде:

1 1) ағымдық өтімділік коэффиценті есепті кезеңнің соңында 1,5-тен кем мәнге ие болса;

2 2) меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффиценті есепті кезеңнің соңында 0,1-ден кем мәнге ие болса төлемге қабілетсіз болып саналады.

15 15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:

1 1) тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар бойынша олар ұсынған деректерді іріктеп қайта тексереді;

2 2) балдық жүйе бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бағалау жүргізеді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтырады.

16 16. Бағалау нәтижелері бойынша тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдарды мынадай тәртіппен топтау жүргізіледі:

1 1) мемлекеттік мекемелерді басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар:

тиімділігі жоғары (10-8 балл);
тиімділігі орташа (7-4 балл);
тиімділігі төмен (3-0 балл);

2 2) мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары:

тиімділігі жоғары (18-16 балл);
тиімділігі орташа (15-8 балл);
тиімділігі төмен (7-0 балл);
мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар:
тиімділігі жоғары (16-14 балл);
тиімділігі орташа (13-8 балл);
тиімділігі төмен (7-0 балл);

3 3) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар:

тиімділігі жоғары (14-12 балл);
тиімділігі орташа (11-6 балл);
тиімділігі төмен (5-0 балл);

4 4) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекет қатысатын үлестерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар:

тиімділігі жоғары (14-12 балл);
тиімділігі орташа (11-6 балл);
тиімділігі төмен (5-0 балл).

17 17. Бағалау қорытындылары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау жөніндегі жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынады.

1 Критерийлер және көрсеткіштер баллдары

Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін
бағалау қағидаларына
1-қосымша
Критерийлер және көрсеткіштер баллдары
Р/с

Кри­те­рий/көр­сет­кіш ата­уы
Балл
1
2
3
1
Қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар­дың са­нын азай­ту
Қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар­дың бол­мауы
2
Бо­луы
0
Есеп­ті жыл­да­ғы өзге­рі­стер:
азаю жа­ғы­на қа­рай
1
ар­ту жа­ғы­на қа­рай неме­се өзге­ріс­сіз
0
2
Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар­дың та­за та­бысы­ның бір бө­лі­гі­нің және мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) ак­ци­я­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік па­ке­тіне (жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сте­ріне) ди­ви­денд­тер­дің (та­быст­ар­дың) бюд­жет­ке тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету
Та­за та­быст­ың ти­іс­ті бө­лі­гін және мем­ле­кет мен­ші­гін­де­гі мем­ле­кет­тік ак­ци­я­лар па­ке­тіне ди­ви­денд­тер­ді бюд­жет­ке уақ­ты­лы және то­лық аудар­ма­ған ұй­ым­дар­дың бол­мауы
2
Бо­луы
0
3
Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тер мен заттай нор­ма­лар­ды сақ­тау
3.1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­шім­де­рі­мен бе­кі­ті­л­ген мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ап­па­ра­тын және ерекше үй-жай­ла­рын ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған алаң­дар нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ны
Бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы
2
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның есеп­ті ке­зең­де тек­се­ру­лер жүр­гіз­бе­уі
1
Бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы
0
3.2
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­шім­де­рі­мен бе­кі­ті­л­ген мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға кө­лік­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қыз­мет­тік ав­то­мо­биль­дер­дің ти­іс­ті­лі­гі нор­ма­тив­те­рі­нің бұ­зы­луы бел­гі­лен­ген ұй­ым­дар са­ны
Бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы
2
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның есеп­ті ке­зең­де тек­се­ру­лер жүр­гіз­бе­уі
1
Бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы
0
3.3
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­шім­де­рі­мен бе­кі­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры­на және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­на ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­ге қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған ар­найы көлiк құ­рал­да­ры­ның ти­іс­ті­лік та­бе­лі­нің бұ­зы­луы бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ны
Бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы
2
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның есеп­ті ке­зең­де тек­се­ру­лер жүр­гіз­бе­уі
1
Бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы
0
3.4
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­шім­де­рі­мен бе­кі­ті­л­ген әкім­ші­лік ап­па­рат­тар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған алаң­дар нор­ма­ла­ры­ның ар­туы бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны
Бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы
2
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның есеп­ті ке­зең­де тек­се­ру­лер жүр­гіз­бе­уі
1
Бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы
0
3.5
Ти­іс­ті са­ла­лар­дың уәкі­лет­ті ор­ган­да­ры бел­гі­ле­ген ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры­ның тиiстiлiк нор­ма­тив­терi­нің бұ­зы­луы бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар са­ны
Бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы
2
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның есеп­ті ке­зең­де тек­се­ру­лер жүр­гіз­бе­уі
1
Бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы
0
4
Мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың ба­лан­сын­да бе­кі­ті­л­ген мү­лік­ке тү­ген­де­уді, пас­порт­та­уды және қай­та ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу
Ба­лан­сын­да пас­порт­та­уды жүр­гі­зу­ді та­лап ете­тін объ­ек­ті­ле­рі бар мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың бол­мауы
2
Бо­луы
0
5
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­ры мен олар­дың орын­да­луы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) есеп­те­рін бе­ру
5.1
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ-ның (ЖШС-нің) бол­мауы
1
Бо­луы
0
5.2
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын орын­дау бой­ын­ша есеп­тер­ді ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын орын­дау бой­ын­ша есеп­тер­ді ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ-ның (ЖШС-нің) бол­мауы
1
Бо­луы
0
6
Да­му жос­па­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы
Бар­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ-та (ЖШС-де) бе­кі­ті­л­ген (тү­зе­ті­л­ген) да­му жос­па­рын­да сан­дық ба­ға­ла­у­ға жат­қы­зы­ла­тын, мем­ле­кет­тік ор­ган­ның стра­те­ги­я­лық жос­па­рын­да (аумақ­тар­ды да­мы­ту жос­па­рын­да) көр­се­ті­л­ген стра­те­ги­я­лық ба­ғыт­та­ры мен мақ­сат­та­рын орын­дау бой­ын­ша ұй­ым­ның қыз­ме­тін си­паттай­тын ше­шу­ші көр­сет­кіш­те­рі ай­қын­дал­ған
2
Бе­кі­ті­л­ген (тү­зе­ті­л­ген) да­му жос­па­рын­да сан­дық ба­ға­ла­у­ға жат­қы­зы­ла­тын, мем­ле­кет­тік ор­ган­ның стра­те­ги­я­лық жос­па­рын­да (аумақ­тар­ды да­мы­ту жос­па­рын­да) көр­се­ті­л­ген стра­те­ги­я­лық ба­ғыт­та­ры мен мақ­сат­та­рын орын­дау бой­ын­ша ұй­ым­ның қыз­ме­тін си­паттай­тын ше­шу­ші көр­сет­кіш­те­рі ай­қын­дал­ма­ған мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ-ның (ЖШС-нің) бо­луы
0
7
Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) қар­жы­лық жай-күй­і­нің тұ­рақ­ты­лы­ғы
Тө­лем­ге қа­бі­лет­сіз мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ-ның (ЖШС-нің) бол­мауы
2
Тө­лем­ге қа­бі­лет­сіз мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ-ның (ЖШС-нің) бо­луы
0

2 Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы есеп

Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін
бағалау қағидаларына
2-қосымша
Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы есеп
_____________________________________________________________________
(тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның атауы)
_______________
(есепті кезең)
Р/с №
Көр­сет­кіш­тер
өл­шем бір­лі­гі
бар­лы­ғы
оның ішін­де:
мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер
мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар
мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар
мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стіктер
1
2
3
4
5
6
7
8
Ұй­ым­дар са­ны
бір­лік
Есеп­ті ке­зең ба­сын­да
бір­лік
Есеп­ті ке­зең со­ңын­да
бір­лік
Ауыт­қу (есеп­ті ке­зең­нің со­ңы ми­нус есеп­ті ке­зең­нің ба­сы)
бір­лік
1
«Қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар­дың са­нын азай­ту» кри­те­рийі*
қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар са­ны:
Есеп­ті ке­зең­нің ал­дын­да­ғы жыл­дың со­ңын­да
бір­лік
Есеп­ті ке­зең со­ңын­да
бір­лік
ауыт­қу (есеп­ті ке­зең­нің со­ңы ми­нус есеп­ті ке­зең­нің ал­дын­да­ғы жыл­дың со­ңы)
бір­лік
2
«Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар­дың та­за та­бысы­ның бір бө­лі­гі­нің және мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) ак­ци­я­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік па­ке­тіне (жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сте­ріне) ди­ви­денд­тер­дің (та­быст­ар­дың) бюд­жет­ке тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету» кри­те­рийі*
Оң қар­жы­лық нәти­же­ге ие және ак­ци­я­лар­дың мем­ле­кет­тік па­ке­тіне (мем­ле­кет­тік қа­ты­су үле­сіне) та­за та­бысы­ның бір бө­лі­гі мен ди­ви­денд­тер­ді (та­за та­бысы­ның бө­лі­гін) бюд­жет­ке ауда­ру­дан боса­тыл­ма­ған ұй­ым­дар са­ны
бір­лік
Х
Та­за та­быст­ың ти­іс­ті бө­лі­гін және мем­ле­кет мен­ші­гін­де­гі мем­ле­кет­тік ак­ци­я­лар па­ке­тіне ди­ви­денд­тер­ді бюд­жет­ке уақ­ты­лы және то­лық аудар­ма­ған ұй­ым­дар са­ны
бір­лік
Х
3
«Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тер мен заттай нор­ма­лар­ды сақ­тау» кри­те­рийі*
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­шім­де­рі­мен бе­кі­ті­л­ген мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ап­па­ра­тын және ерекше үй-жай­ла­рын ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған алаң­дар нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ны
бір­лік
Х
Х
Х
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­шім­де­рі­мен бе­кі­ті­л­ген мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға кө­лік­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қыз­мет­тік ав­то­мо­биль­дер­дің ти­іс­ті­лі­гі нор­ма­тив­те­рі­нің ар­туы бел­гі­лен­ген ұй­ым­дар са­ны
бір­лік
Х
Х
Х
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­шім­де­рі­мен бе­кі­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры­на және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­на ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­ге қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған ар­найы көлiк құ­рал­да­ры­ның ти­іс­ті­лік та­бе­лі­нің бұ­зы­луы бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ны
бір­лік
Х
Х
Х
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­шім­де­рі­мен бе­кі­ті­л­ген әкім­ші­лік ап­па­рат­тар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған алаң­дар нор­ма­ла­ры­ның бұ­зы­луы бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны
бір­лік
Х
Ти­іс­ті са­ла­ның уәкі­лет­ті ор­ган­да­ры бел­гі­ле­ген ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры­ның тиiстiлiк нор­ма­тив­терi­нің бұ­зы­луы бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар са­ны
бір­лік
Х
Х
Х
4
«Мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар ба­лан­сын­да бе­кі­ті­л­ген мү­лік­ке тү­ген­де­уді, пас­порт­та­уды және қай­та ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу» кри­те­рийі*
Ба­лан­сын­да пас­порт­та­уды жүр­гі­зу­ді та­лап ете­тін объ­ек­ті­лер бар мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың бол­мауы
бір­лік
Х
Х
5
«Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­ры мен олар­дың орын­да­луы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) есеп­те­рін бе­ру» кри­те­рийі*
5.1
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны
бір­лік
Х
5.2
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын орын­дау бой­ын­ша есеп­тер­ді ұсын­ба­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны
бір­лік
Х
6
«Да­му жос­пар­ла­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы» кри­те­рийі*
Бе­кі­ті­л­ген (тү­зе­ті­л­ген) да­му жос­па­рын­да сан­дық ба­ға­ла­у­ға жат­қы­зы­ла­тын, мем­ле­кет­тік ор­ган­ның стра­те­ги­я­лық жос­па­рын­да (аумақ­тар­ды да­мы­ту жос­па­рын­да) көр­се­ті­л­ген стра­те­ги­я­лық ба­ғыт­та­ры мен мақ­сат­та­рын орын­дау бой­ын­ша ұй­ым­ның қыз­ме­тін си­паттай­тын ше­шу­ші көр­сет­кіш­те­рі ай­қын­дал­ма­ған бар­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны
бір­лік
Х
7
«Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) қар­жы­лық жай-күй­і­нің тұ­рақ­ты­лы­ғы» кри­те­рийі*
Тө­лем­ге қа­бі­лет­сіз мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) са­ны
бір­лік
Х
Ескертпе: «Х» белгіленген алаңдар толтырылмайды;
* есепте бағалау критерийлері бойынша көрсеткіштерді толтыру кезінде есепті жылда акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның ауысуы болған ұйымдар, сондай-ақ жаңадан құрылған ұйымдар ескерілмейді.
Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның жетекшісі
__________ ____________________________
(қолы)    (қол қоюдың толық жазылуы)

3 Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтер

Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін
бағалау қағидаларына
3-қосымша
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
(тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның атауы)
_____________
(есепті кезең)
Р/с №
Тек­се­рі­л­ген ұй­ым­ның ата­уы
Тек­се­ру жүр­гіз­ген мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­га­ны­ның ата­уы
Тек­се­ру нәти­же­ле­рі
Бұ­зу­шы­лық­тар анық­тал­ған жоқ
Анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар:
Ти­іс­ті­лік нор­ма­ти­ві­нің (нор­ма­ла­ры­ның) ар­туы
Мем­ле­кет­тік тір­ке­удің бол­мауы
Үй-жай­лар
(бір­лік/ ш.м)
Кө­лік құ­рал­да­ры (бір­лік)
Жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­ле­рі (бір­лік)
Кө­лік құ­рал­да­ры (бір­лік)
1
2
3
4
5
6
7
8
Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның басшысы
__________ _______________________________
(қолы)     (қол қоюдың толық жазылуы)

4 Бағалау парағы

Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін
бағалау қағидаларына
4-қосымша
Бағалау парағы
_______________________________________________________
(тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның атауы)
_______________
(есепті кезең)
Р/с

Кри­те­рий/көр­сет­кіш ата­уы
Балл
1
2
3
1
Қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар­дың са­нын азай­ту
2
Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тер мен заттай нор­ма­лар­ды сақ­тау
2.1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­шім­де­рі­мен бе­кі­ті­л­ген мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ап­па­ра­тын және ерекше үй-жай­ла­рын ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған алаң­дар нор­ма­ла­рын сақ­тау
2.2
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­шім­де­рі­мен бе­кі­ті­л­ген мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға кө­лік­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қыз­мет­тік ав­то­мо­биль­дер­дің ти­іс­ті­лі­гі нор­ма­тив­те­рін сақ­тау
2.3
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­шім­де­рі­мен бе­кі­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры­на және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­на ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­ге қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған ар­найы көлiк құ­рал­да­ры­ның ти­іс­ті­лік та­бе­лін сақ­тау
3
Мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар ба­лан­сын­да бе­кі­ті­л­ген мү­лік­ке тү­ген­де­уді, пас­порт­та­уды және қай­та ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу
Жиы­ны:
Р/с

Кри­те­рий/көр­сет­кіш ата­уы
Балл
1
2
3
1
Қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар­дың са­нын азай­ту
2
Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар та­за та­бысы­ның бір бө­лі­гі­нің бюд­жет­ке тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету
3
Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тер мен заттай нор­ма­лар­ды сақ­тау
3.1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­шім­де­рі­мен бе­кі­ті­л­ген әкім­ші­лік ап­па­рат­тар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған алаң­дар нор­ма­ла­рын сақ­тау
3.2
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­шім­де­рі­мен бе­кі­ті­л­ген қыз­мет­тік ав­то­мо­биль­дер­дің ти­іс­ті­лі­гі нор­ма­тив­те­рін сақ­тау
3.3
Ти­іс­ті са­ла­лар­дың уәкі­лет­ті ор­ган­да­ры бел­гі­ле­ген ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры­ның тиiстiлi­гі нор­ма­тив­терiн сақ­тау
4
Мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар ба­лан­сын­да бе­кі­ті­л­ген мү­лік­ке тү­ген­де­уді, пас­порт­та­уды және қай­та ба­ға­ла­уды жүр­гі­зу
5
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­ры мен олар­дың орын­да­луы жө­нін­де­гі есеп­тер­ді ұсы­ну
5.1
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын ұсы­ну
5.2
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын орын­дау бой­ын­ша есеп­тер­ді ұсы­ну
6
Да­му жос­па­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы
7
Мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар­дың қар­жы­лық жай-күй­і­нің тұ­рақ­ты­лы­ғы
Жиы­ны:
Р/с

Кри­те­рий/көр­сет­кіш ата­уы
Балл
1
2
3
1
Қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар­дың са­нын азай­ту
2
Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар­дың мем­ле­кет­тік ак­ци­я­лар па­ке­тіне ди­ви­денд­тер­дің бюд­жет­ке тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету
3
Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тер мен заттай нор­ма­лар­ды сақ­тау
3.1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­шім­де­рі­мен бе­кі­ті­л­ген әкім­ші­лік ап­па­рат­тар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған алаң­дар нор­ма­ла­рын сақ­тау
3.2
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­шім­де­рі­мен бе­кі­ті­л­ген қыз­мет­тік ав­то­мо­биль­дер­дің ти­іс­ті­лі­гі нор­ма­тив­те­рін сақ­тау
4
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­ры мен олар­дың орын­да­луы бой­ын­ша мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) есеп­те­рін ұсы­ну
4.1
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын ұсы­ну
4.2
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын орын­дау бой­ын­ша есеп­тер­ді ұсы­ну
5
Да­му жос­па­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы
6
Мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ қар­жы­лық жай-күй­і­нің тұ­рақ­ты­лы­ғы
Жиы­ны:
Р/с

Кри­те­рий/көр­сет­кіш ата­уы
Балл
1
2
3
1
Қар­жы­лық нәти­же­сі те­ріс ұй­ым­дар­дың са­нын азай­ту
2
Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стікте мем­ле­кет­тік қа­ты­су үле­сіне та­за та­быст­ың бір бө­лі­гі­нің бюд­жет­ке тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету
3
Бе­кі­ті­л­ген нор­ма­тив­тер мен заттай нор­ма­лар­ды сақ­тау
3.1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­шім­де­рі­мен бе­кі­ті­л­ген әкім­ші­лік ап­па­рат­тар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған алаң­дар нор­ма­ла­рын сақ­тау
3.2
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің ше­шім­де­рі­мен бе­кі­ті­л­ген қыз­мет­тік ав­то­мо­биль­дер­дің ти­іс­ті­лі­гі нор­ма­тив­те­рін сақ­тау
4
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­ры мен олар­дың орын­да­луы бой­ын­ша мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы АҚ (ЖШС) есеп­те­рін ұсы­ну
4.1
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын ұсы­ну
4.2
Мем­ле­кет­тік мү­лік ті­зі­лі­міне бе­кі­ті­л­ген да­му жос­пар­ла­рын орын­дау бой­ын­ша есеп­тер­ді ұсы­ну
5
Да­му жос­па­ры­ның көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы
6
Мем­ле­кет ба­қы­ла­у­ын­да­ғы ЖШС қар­жы­лық жай-күй­і­нің тұ­рақ­ты­лы­ғы
Жиы­ны:

Қолданыстағы