Совместный приказ о взаимодействии органов статистики и органов юстиции по вопросу присвоения кодов ОКПО Күшін жойған
Басқа 0
ҚҰЖЖ кодтарын иемдену мәселесі жөнінде статистика органдары мен әділет органдарының өзара іс-қимылы туралы
"Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 14 наурыздағы N 56-ө Өкімінің 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
Тармақ 2
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекеттік жалпы жіктеуішін жүзеге асыру туралы" 2000 жылғы 26 маусымдағы N 1130 қаулысына сәйкес Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне (бұдан әрі - Тіркелім) және филиалдар мен өкілдіктердің тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) ҚҰЖЖ коды енгізілді.
Тіркелімге және Тізілімге, сондай-ақ деректердің бірыңғай электрондық банкіне ҚҰЖЖ кодын енгізуді қамтамсыз ету үшін әділет органдары статистика органдарымен бірлесіп мынадай иемдену тәртібін жүзеге асырады:
Тармақ 1
1. Әділет органдары тіркеу сәтінен бастап 10 күн ішінде тіркелген, қайта тіркелген және таратылған (Тіркелімнен, Тізілімнен шығарылған) заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы статистика органдарын жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 2
2. Статистика органдары әділет органдарының хабарларын алғаннан кейін 10 күн ішінде жазбаша түрде тіркеу органын ҚҰЖЖ кодтарын иемдену туралы хабардар етеді.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың кешіктірілмей орындалуы туралы аумақтық әділет және статистика органдарының назарына жеткізілсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің бірінші орынбасары Ю.К. Шоқамановқа және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметті комитеті төрағасының орынбасары Е.Ә. Сапаровқа жүктелсін.