О создании государственных учреждений Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы Сотталғандарды, қылмыс жасауға күдіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылсын:
Тармақша 1
1) түзеу мекемелері: Шығыс Қазақстан облысының Солнечный кентінде орналасқан "ОВ-156/21 мекемесі"; Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан "ОВ-156/22 мекемесі";
Тармақша 2
2) тергеу изоляторлары: Шымкент қаласында орналасқан "ИЧ-167/11 мекемесі"; Алматы қаласында орналасқан "ЛА-155/18 мекемесі".
Тармақ 2
2. Құпия.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) құрылатын мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде басқа да шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2002 N 1443 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.