О внесении изменения и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.11.2002 № 1220 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлігіне" бөлімі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 118-20 және 118-21 жолдармен толықтырылсын:
"118-20 АЛА-000283 "N 405 авиажөндеу зауыты" ААҚ
(Алматы қаласы)
118-21 АКТ-000128 "Азаматтық авиацияның N 406
авиажөндеу зауыты" ААҚ
(Ақтөбе қаласы)";
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі N 1363 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 46, 422-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесіндегі:
"N 406 авиациялық-техникалық орталық" ААҚ (Ақтөбе қаласы)" деген жол алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.