Вопросы Комитета по государственному контролю над производством и оборотом подакцизной продукции Министерства государственных доходов Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Акцизделетін өнімдер өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің мәселелері
📌 Сноска. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.01.2003 № 72 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.09.06. N 981 қаулысымен;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.09.06. N 981 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 28 қарашадағы
N 1773 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 ақпандағы N 173 қаулысына:
1-тармақтың 7) және 8) тармақшаларының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 34-жолдың 2-бағанындағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер (сырадан басқа) импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 263-құжат):
3-тармақтың екiншi абзацында "Алкогольдi" деген сөз "Акцизделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмнiң (сырадан басқа) импортын лицензиялаудың тәртiбiнде:
3-тармақтың екінші абзацында "Алкогольдi" деген сөз "Акцизделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген Тәртiпке 1 және 2-қосымшаларда 20-тармақта "Алкогольдi" деген сөз "Акцизделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):
4-тармақта "министрлiгiнiң" деген сөзден кейiнгi "Алкогольдi" деген сөз "Акцизделетін" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулының 5-қосымшасында:
"Сусындарды өндiру кезiнде
пайдаланылатын хош иiстi
заттардың негiзiндегi өнiмдерден
басқа, құрамдас спирттiк
жартылай фабрикаттар
2106 90 200
Мемкiрiсминiнiң Алкогольдi
өнiмдердiң өндiрiсi мен
айналымын мемлекеттiк
бақылау жөнiндегi комитетi"
деген жолда:
3-бағанда "Алкогольдi" деген сөз "Акцизделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын.