Об утверждении Стандарта финансовой отчетности "Учет и раскрытие информации об операциях по пенсионным активам" Қолданыста
Басқа 0
"Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету" қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету» қаржылық есептілік стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Министр ________ Б. Жәмішев
2013 жылғы 29 тамыз
Басқа 0. «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету» қаржылық есептілік стандарты
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 шілдедегі
№ 195 қаулысымен
бекітілген
«Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету» қаржылық есептілік стандарты
Тарау 1. 1. Мақсаты және қолдану аясы
1. Мақсаты және қолдану аясы
Тармақ 1
1. Осы «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету» қаржылық есептілік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді, зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебін жүргізуге және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – қор) зейнетақы активтеріне қатысты қаржылық есептілік жасауға арналған.
Тармақ 2
2. Осы Стандарттың мақсаты зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу және қор қаржылық есептілікте жария ететін ақпаратты ұсыну ерекшеліктерін айқындау болып табылады.
Тармақ 3
3. Стандартта реттелмеген мәселелер «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен (бұдан әрі – ХҚЕС) реттеледі.
Тармақ 4
4. Меншікті активтер бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау үшін қор ХҚЕС қолданады.
Тарау 2. 2. Осы Стандартта пайдаланылатын ұғымдар
2. Осы Стандартта пайдаланылатын ұғымдар
Тармақ 5
5. Осы Стандарттың мақсаты үшін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамада және ХҚЕС-те көзделген ұғымдар пайдаланылады.
Тарау 3. 3. Зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебін жүргізу
3. Зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебін жүргізу
Тармақ 1. 1-параграф. Зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебі
1-параграф. Зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебі
Тармақ 6
6. Зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебі, оның ішінде зейнетақы жарналарын алу және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен, нысаналы активтермен және нысаналы жинақтармен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі №69 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7118 болып тіркелген) бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Қаржы активтерін бастапқы тану
2-параграф. Қаржы активтерін бастапқы тану
Тармақ 7
7. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 30 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 7-1
7-1. Қор қаржы активтерін мынадай санаттар бойынша сыныптайды:
Тармақша 1
1) амортизацияланған құны бойынша бағаланатындар;
Тармақша 2
2) әділ құны бойынша бағаланатындар.
Қордың қаржы активтерін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген санаттардың біріне жатқызу «Зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 маусымдағы №58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32997 болып тіркелген) бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Бағалау қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді қоспағанда, қаржы активтерін сатып алу және сату мәмілелері есептеу күні бойынша есепке алу әдісі бойынша есепке алынады.
Актив ұйымға жеткізілетін немесе ұйым жеткізетін күн есеп айырысу күні болып табылады.
Есеп айырысу күнгі бухгалтерлік есеп мыналарды көздейді:
Тармақша 1
1) ұйым алған күні активті тану;
Тармақша 2
2) ұйым жеткізген күні активті тануды тоқтату және есептен шығарудан пайда немесе зиянды тану.
Қаржы активін шығынға жазудан кірісті немесе шығысты есептеу ФИФО «бірінші түсу - бірінші босату» әдісі (бұдан әрі – ФИФО әдісі) бойынша жүзеге асырылады.
ФИФО әдісін қолдану бірінші сатып алынған активтер бірінші болып өткізілетін білдіреді.
Тармақ 9
9. Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бастапқы тану кезінде мәміле бойынша осы қаржы активін сатып алуға немесе шығаруға тікелей байланысты шығындар ескеріле отырып, операцияның бағасы болып табылатын әділ құн бойынша бағаланады.
Әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бастапқы тану кезінде мәміле бойынша осы қаржы активін сатып алуға немесе шығаруға тікелей байланысты шығындар ескерілмей, операцияның бағасы болып табылатын әділ құн бойынша бағаланады.
Әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активін сатып алуға немесе шығаруға тікелей байланысты шығындар кірістердің немесе шығыстардың құрамында танылады.
Қаржы активтерін бастапқы тану 13-«Әділ құны бойынша бағалау» халықаралық қаржылық есептілік стандартында (IFRS) көзделген жағдайларда, сондай-ақ, егер операцияның бағасы активтің әділ құны болып табылмаған жағдайда әділ құны бойынша жүзеге асырылады.
Операцияның бағасының және қаржы активінің әділ құнының айырмасынан қаржы активін бастапқы тану кезінде туындайтын кіріс немесе шығыс кірістің немесе шығыстың құрамында танылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Қаржы құралдарын бұдан әрі есепке алу
3-параграф. Қаржы құралдарын бұдан әрі есепке алу
Тармақ 10
10. «Амортизацияланған құны бойынша бағаланатындар» санатына жіктелген қаржы активтерін бұдан әрі есепке алу қаржы активтері бастапқы тану кезінде өлшенетін шаманы білдіретін амортизацияланған құн бойынша, борыштың бастапқы құн мен өтеу сомасы арасындағы айырманы амортизациялау пайызының тиімді мөлшерлемесі әдісін пайдалана отырып жинақталған сомаға азайтылған немесе ұлғайтылған негізгі сомасын өтеуге арналған төлемдер шегеріле, сондай-ақ қаржы активінің құнсыздануынан болуы ықтимал шығындарды жабуға арналған резерв (провизиялар) шотын пайдалану арқылы азайту сомасын шегеріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Қаржы активтері бойынша дисконт немесе сыйлықақы пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі қолданыла отырып амортизацияланады.
Тармақ 12
12. Сыйақы түріндегі кірісті немесе шығысты есептеу күнделікті негізде жүзеге асырылады.
Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын және әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша дисконттың немесе сыйлықақының амортизациясы күн сайынғы негізде жүзеге асырылады.
«Амортизацияланған құны бойынша бағаланатындар» санатында есепке алынатын қаржы активтерінің құнсыздану сомасы Бағалау қағидаларына сәйкес анықталады.
Тармақ 13
13. «Әділ құны бойынша бағаланатындар» санатына жіктелген қаржы активтерін есепке алу әділ құн бойынша жүзеге асырылады. Әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтерін қайта бағалау Бағалау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қаржы активінің әділ құны және (немесе) сатылатын, «әділ құны бойынша бағаланатындар» санатында есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнының ақпарат көздері Бағалау қағидаларына сәйкес айқындалады.
Қордың бухгалтерлік есебінде шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымның инвестициялық басқаруындағы активтер әрбір шетелдік басқарушы бойынша жалпы сомамен әрбір қаржы құралы бойынша нақтыланбай көрсетіледі.
Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтерін қайта бағалау жүргізілмейді.
Тармақ 14
14. Тазартылған бағалы металдар Бағалау қағидаларына сәйкес айқындалған әділ құны бойынша есепке алынады.
Тармақ 15
15. Туынды қаржы құралдарын есепке алу Бағалау қағидаларына сәйкес айқындалған әділ құн бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Шетел валютасымен көрсетілген монетарлы қаржы активтері «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіпте айқындалған валюталардың нарықтық айырбастау бағамы бойынша күн сайын қайта бағаланады.
Шетел валютасымен көрсетілген монетарлы емес қаржы активтері «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіпте айқындалған валюталардың нарықтық айырбастау бағамы бойынша қаржы құралының әділ құнын бағалау күніне қайта бағаланады.
Қаржы активтері бойынша оң және теріс бағамдық айырмалар кіріс немесе шығыс құрамында танылады.
Тармақ 17
17. «Амортизацияланған құны бойынша бағаланатындар» санатынан қаржы активтерін сату кезінде осы қаржы активтерін «әділ құны бойынша бағаланатындар» санатына алдын ала қайта жіктеу жүргізілмейді.
Тармақ 4. 4-параграф. Қаржы активтерін қайта жіктеу
4-параграф. Қаржы активтерін қайта жіктеу
Тармақ 18
18. Қаржы активтерін қайта жіктеу Стандарттың 17-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтері санатынан және сол сияқты әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері санатынан жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 5. 5-параграф. Хеджирлеу операцияларын есепке алу
5-параграф. Хеджирлеу операцияларын есепке алу
Тармақ 19
19. Хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ олар бойынша кірістердің және (немесе) шығыстардың бухгалтерлік есебі және оларды қордың қаржылық есептілігінде көрсету ХҚЕС-ке сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Хеджирлеу операцияларының бухгалтерлік есебі былайша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) хеджирлеу құралын әділ құны бойынша қайта бағалаудан түскен кірістер немесе болған шығыстар бухгалтерлік есепте кірістер немесе шығыстар ретінде көрсетіледі;
Тармақша 2
2) хеджирленетін баптың баланстық құны хеджирленетін бап бойынша хеджирленетін тәуекелге жатқызылған кіріс немесе шығыс ескеріле отырып түзетіледі, осы кірістер немесе шығыстар бухгалтерлік есепте кірістер немесе шығыстар ретінде көрсетіледі.
Тармақ 21
21. Хеджирлеу операцияларының бухгалтерлік есебі кезінде қаржылық есептіліктегі кірістер немесе шығыстар құрамында хеджирлеу құралының әділ құнындағы және хеджирлеу бабындағы өзгерістерді өзара есепке алу нәтижелері танылады.
Қаржылық есептілікті жасау кезінде хеджирлеу құралы бойынша кірістер мен шығыстар пайда мен залал туралы есептің бабында көрсетіледі, бұл бапта хеджирленетін баптан түскен кірістер және болған шығыстар берілген. Хеджирлеу операцияларының тиімсіз бөлігіне жататын кірістер мен шығыстар басқа да пайда мен залал туралы есептің баптарында көрсетіледі.
Тармақ 6. 6-параграф. Қаржы активтерін тануды тоқтату және қалпына келтіру
6-параграф. Қаржы активтерін тануды тоқтату және қалпына келтіру
Тармақ 22
22. Қор қаржы активін тануды:
Тармақша 1
1) осы қаржы активінен ақша қаражатының ағындарына шарттық құқықтардың қолданылу мерзімі аяқталған;
Тармақша 2
2) өткізу ХҚЕС талаптарына сәйкес келген жағдайда, ол осы қаржы активінен ақша қаражатының ағындарын алуға арналған шарттық құқықтар өткізген жағдайларда;
Тармақша 3
3) амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша қаржы активінің құнсыздануынан болуы ықтимал шығындарды жабуға арналған резервтің (провизиялардың) 100 (бір жүз) пайыздық мөлшері құрылғаннан кейін 180 (бір жүз сексенінші) күн өткеннен кейін;
Тармақша 4
4) әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша Бағалау қағидаларында көзделген жағдайларда құнды 100 (бір жүз) пайыз азайту жүзеге асырылғаннан кейін 180 (бір жүз сексенінші) күн өткеннен кейін тоқтатады.
Тармақ 23
23. Қор осы қаржы активін тануды тоқтатқаннан кейін қорға қаржы активі бойынша ақша ағындарының түсімдері бухгалтерлік есепте кірістер ретінде тануға жатады.
Егер қаржы активін тану қаржы активінің құнсыздануынан болуы ықтимал шығындарды өтеуге арналған резервтер (провизиялар) есебінен тоқтатылса, осы қаржы активі бойынша ақша түсімі қаржы активінің құнсыздануынан болуы ықтимал шығындарды өтеуге арналған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түсетін кірістерге жатқызылады.
Танылуы тоқтатылған, әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтерін қалпына келтіру кірістер есебінен Бағалау қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізілген тәуелсіз баға негізінде жүзеге асырылады.
Танылуы тоқтатылған, амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтерін қаржы активінің құнсыздануынан болуы ықтимал шығындарды өтеуге арналған резервтер (провизиялар) есебінен қалпына келтіру қаржы активінің құнсыздануынан болуы ықтимал шығындарды өтеуге арналған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түсетін кірістер есебінен Бағалау қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізілген тәуелсіз баға негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7. 7-параграф. Қаржылық есептілік
7-параграф. Қаржылық есептілік
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасының аумағында зейнетақы активтері бойынша қордың қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ұсынылады.
Қордың зейнетақы активтері бойынша жылдық қаржылық есептілігі ағымдағы жылдың деректерін және кем дегенде өткен жылдың салыстырмалы деректерін қамтиды.
Қордың зейнетақы активтері бойынша қаржылық есептілігі қордың меншікті активтері бойынша қаржылық есептіліктен бөлек жасалады.
Зейнетақы активтері бойынша жасалатын жылдық қаржылық есептілік міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтері туралы есептен, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтері туралы есептен, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есептен, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есептер және түсіндірме жазбадан тұрады.
Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтері туралы есеп және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтері туралы есеп зейнетақы активтері бойынша активтер мен міндеттемелер туралы ақпаратты ашады.
Түсіндірме жазбада міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтері туралы есептің, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтері туралы есептің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есептің, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есептің деректерін толықтыратын ақпарат қамтылады.
Түсіндірме жазба жылдық қаржылық есептілікке ескертпелер түрінде жасалады және онда қордың қаржылық есептілігінде ашып көрсетілген бухгалтерлік баптардың сипаты немесе егжей-тегжейлі талдамалары, сондай-ақ қордың қаржылық есептілігінде тануға жатпайтын бухгалтерлік баптар туралы ақпарат қамтылады.
Түсіндірме жазбада хеджирлеу құралы және оған байланысты хеджирленетін бап, хеджирленетін тәуекелдің сипаты, сондай-ақ хеджирлеу құралының тиімділігін бағалау туралы ақпарат ашылады.
Жылдық қаржылық есептілікте қаржы құралдары бойынша ақпарат ашылған кезде қаржы құралдарының әділ құны Бағалау қағидаларына сәйкес айқындалады.