Об утверждении уполномоченных органов Акима области по управлению коммунальными государственными предприятиями и учреждениями и осуществляющих по отношению к ним функции субъекта права государственной собственности Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды, мекемелерді басқару және оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісі функциясын жүзеге асыру жөніндегі облыс әкімінің өкілетті органдарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Заң күші бар Жарғысының 3 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып Облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Төменде келтірілген салалардағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді басқару және оларға катысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісі функциясын жүзеге асыру жөніндегі Облыс Әкімінің өкілетті органдары бекітілсін. білім - облыстық білім басқармасы денсаулық сақтау басқармасы - облыстық денсаудық сақтау мәдениет - облыстық мәдениет басқармасы туризм және спорт басқармасы - облыстық туризм және спорт қаржы - облыстық қаржы басқармасы еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аймақтарда құрылыс салу - облыстық құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасы ауыл шаруашылығы - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы коммуналдық шаруашылық, энергиямен, сумен, жылумен жабдықтау, коммуналдық мемлекеттік меншікті иелену, басқару және иелік ету - облыстық коммуналдық меншік басқармасы
Тармақ 2
2. Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдері иелену және басқару құқығын Облыс әкімі берген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардар және мекемелерді басқару бойынша өздерінің өкілетті органдарын бекітсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімңің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Мұқашевқа жүктелсін.