Об утверждении Правил организации работы автоматизированных станций измерения Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.Б. Әбсаттаров):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды және мемлекеттік органдар интранет-порталында (МОИП) орналастыруды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығымен бекітілген Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 13-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Автоматтандырылған өлшеу станцияларының негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) нақты уақыт режимінде арнайы бейнебақылау камерасының және өлшеу құралдарының көмегімен автомобиль жолдарындағы көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингілеу;
Тармақша 2
2) отандық және шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген рұқсат етілген габариттік және салмақтық параметрлерінің сақталуын нақты уақыт режимінде бақылау;
Тармақша 3
3) автомобиль жолдары желісінің және олардағы құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету және автомобиль жолдарының мерзімінен бұрын нормативтік емес тозуын төмендету;
Тармақша 4
4) отандық және шетелдік автокөлік құралдарының жүріп өтуін бақылау арқылы автомобильмен тасымалдаудың қауіпсіздігін арттыру;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль көлігі және жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау процесінің алдын алу, жолын кесу және автоматтандыру.
Тармақ 4
4. Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
Тармақша 1
1) аппараттық-бағдарламалық кешен – белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;
Тармақша 2
2) автоматтандырылған өлшеу станциясы – метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелерін және жүру жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптар мен жабдықтардың зияткерлік көлік жүйесімен интеграцияланған кешені;
Тармақша 3
3) автоматтандырылған өлшеу станциясы арқылы дұрыс өтпеу –автоматтандырылған өлшеу станциясы арқылы автокөлік құралдарының тұтас таңбалау сызығын басып немесе қиып өтуі, қарсы қозғалыс жолағына шығып өтуі, жылдамдық режимін бұзып, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері оқылмайтын немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тіркеу нөмірлік белгілері жоқ көлік құралдарының жүріп өтуі, өлшеу аумағында тежеумен, үдеумен немесе тоқтап жүріп өтуі;
Тармақша 4
4) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі – Ұлттық оператор) – «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам.
Тармақша 5
5) автомобиль жолдарын басқарушылар – автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде шарттардың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының, мүлікті сенімгерлік басқару, жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шарттарының негізінде шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында автомобиль жолдарын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
Тармақша 6
6) автокөлік құралдарын өлшеу – міндетті метрологиялық тексеруден өткен және тиісті сертификаты бар стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе тасымалданатын ұтқыр таразылар көмегімен автокөлік құралдарының жалпы массасы мен білікке түсетін жүктемесін анықтау процесі;
Тармақша 7
7) өлшеу ауытқуы – өлшеу нәтижесінің өлшеніліп жатқан шаманың ақиқат (анық) мәнінен ауытқуы.
Тарау 2. 2-тарау. Автоматтандырылған өлшеу станцияларын қолдану тәртібі
2-тарау. Автоматтандырылған өлшеу станцияларын қолдану тәртібі
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы аумағында автоматтандырылған өлшеу станциялары жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында орналыстырылады.
Тармақ 6
6. Автоматтандырылған өлшеу станцияларында автокөлік құралдарын өлшеу:
Тармақша 1
1) автокөлік құралын толық тоқтата отырып, стационарлық үлгідегі автоматтандырылған өлшеу станцияларында;
Тармақша 2
2) автокөлік құралының қозғалысындағы автоматтандырылған өлшеу станцияларында жүргізіледі.
Тармақ 6-1
6-1. Автокөлік құралдарының салмақтық параметрлерін айқындаған кезде өлшеу ауытқуы ескеріледі, ол көлік дерекқорының ақпараттық-талдамалық жүйесімен және тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингімен (бұдан әрі – КДҚ АТЖ) автокөлік құралы салмағының өлшенген мәнінен автоматты түрде шегеріледі. Жіберілетін қателіктің шегі осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген.
Тармақ 6-2
6-2. Автокөлік құралының қозғалысындағы автоматтандырылған өлшеу станциялары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес автоматтандырылған өлшеу станцияларының негізгі сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 7
7. Автоматтандырылған өлшеу станцияларын тексеру «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Автоматтандырылған өлшеу станциялары мынадай функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) жүріп өтетін автокөлік құралдарын тіркеу, кейін тиісті мәліметтерді интеллектуалды көлік жүйесіне (бұдан әрі - ИКЖ) және/немесе көлік дерекқорының ақпараттық-талдамалық жүйесіне (бұдан әрі – КДҚ АТЖ) жіберу;
Тармақша 2
2) автокөлік құралдарды түрі бойынша жіктеу;
Тармақша 3
3) автокөлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін айырып тану;
Тармақша 4
4) маршрут бойынша тасымалдау қашықтығын айқындамай, автокөлік құралдарының (автобустарды, шағын автобустарды және жеңіл автомобильдерді қоспағанда) рұқсат етілген салмақтық және/немесе габариттік параметрлерінің асып кетуін анықтау;
Тармақша 5
5) есептік деректерді қалыптастыру;
Тармақша 6
6) деректерді Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ахуалдық орталыққа (бұдан әрі – Ахуалдық орталық), ИКЖ және/немесе КДҚ АТЖ-ге жіберу;
Тармақша 7
7) автокөлік құралдарының автоматтандырылған өлшеу станциясымен дұрыс өтпеуін айқындау.
Тармақша 8
8) стационарлық автоматтандырылған өлшеу станцияларында автокөлік құралдарының салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін өлшеудің дұрыс өтпеуін айқындау.
Тармақ 9
9. Автоматтандырылған өлшеу станциясымен автомобиль жолдарында автокөліктік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) автокөлік құралы автоматтандырылған өлшеу станциясы арқылы жүріп өтеді;
Тармақша 2
2) нақты уақыт режимінде автокөлік құралының түрі айқындалады, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі оқылады, салмақтық және/немесе габариттік параметрлері айқындалады, көлік құралын толық қамту үшін жүріп өтуді фотофиксациялау және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің фотосуретінің тіркелуі жүргізіледі (алдынан көрініс, бүйірден көрініс, алдынан мемлекеттік тіркеу нөмірі);
Тармақша 3
3) аппараттық-бағдарламалық кешен қабылданған деректерді (сурет, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі, біліктер арасындағы қашықтық, доңғалақтардың еңкулігі, жалпы салмағы, білікке түсетін жүктемелер, габариттік параметрлері, жол жүру күні мен уақыты) тіркеп, өңдейді;
Тармақша 4
4) автокөлік құралдарының салмақтық габариттік параметрлерінің артуы анықталған кезде фотобейнелер мен автокөлік құралы туралы ақпарат бұзушылықтар туралы есепті қалыптастыру және айыппұл төлеу қажеттілігі мен бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы қалыптастыру үшін ИКЖ және КДҚ АТЖ-де сақталады;
Тармақша 5
5) өлшеу нәтижелері бойынша жүргізушіні немесе тасымалдаушыны хабардар ету мақсатында автоматтандырылған өлшеу станциясы орнатылған жерде визуалды шолу үшін қолжетімді жерде орналасқан ауыспалы ақпарат тақтасында автокөлік құралының (автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу белгісі және салмақтық-габариттік параметрлердің асып кетуі туралы ақпарат);
Тармақша 6
6) қашықтық мониторингтің барлық функциялары Ахуалдық орталыққа автоматтандырылған өлшеу станциясының байланыс арналары арқылы түседі.
Тармақ 9-1
9-1. Техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы он екі тоннадан асатын автокөлік құралдарының иелері автоматтандырылған өлшеу станциялары жұмыс істейтін аймақ арқылы жүріп өткен кезде, стационарлық типтегі автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалған тәртіппен автоматтандырылған өлшеу станциясында осындай автокөлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерінің өлшенуін қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) белгіленген жол белгілеріне сәйкес бөлінген жолақ бойынша жүру;
Тармақша 2
2) автоматтандырылған өлшеу станциясында автокөлік құралының салмақтық габариттік өлшемінен өту;
Тармақша 3
3) автоматтандырылған өлшеу станцияларымен анықтаған бұзушылықтарды жою автомобиль жолының жақын маңындағы жол жиегінде немесе автотұрақта жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнатуды жол органымен келісім бойынша Ұлттық оператор жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Жол органымен келісу бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату.
Тармақ 12
12. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмыс істеуін қамтамасыз етуді Ұлттық оператор жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдар:
Тармақша 1
1) стационарлық типтегі автоматтандырылған өлшеу станциялары орналасқан аумақты;
Тармақша 2
2) автокөлік құралдарының салмақтық габариттік параметрлерін өлшеу нәтижелері туралы (автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу белгісі және салмақтық габариттік параметрлердің асып кетуі туралы ақпарат) автокөлік құралының жүргізушісін көзбен шолып хабардар етуді қамтамасыз ететін жабдықтар орнатуды;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ауыспалы ақпарат тақтасы параметрлеріне сәйкес ауыспалы ақпарат таблосын;
Тармақша 4
4) автоматтандырылған өлшеу станцияларының қолдану аймағында жол белгілерін орнатуды;
Тармақша 5
5) автоматты режимде жұмыс істейтін және автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу белгісін, фронтальды бейнесін, жалпы түрін (алдыңғы көрінісі, бүйірлік көрінісі, алдыңғы мемлекеттік тіркеу белгісі) анықтай отырып, фото - және бейнежазба функциялары бар арнайы техникалық құралдарды (сервері қорғалған қалқанда орналастырылған) автоматтандырылған өлшеу станциялары арқылы өту сәтінде орнатуды;
Тармақша 6
6) жол жабынының қаттылығын қамтамасыз ететін таразы жабдығын орнату орнына дейін ұзындығы 100 метрден кем емес бөлінген жолақ бойынша бетондалған және/немесе асфальтталған, сондай-ақ автомобиль жолының жиегіне автокөлік құралы доңғалақтарының шығуын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін автоматтандырылған өлшеу станциясы орнатылған жерге дейін және одан кейін екі жағынан таразы жабдығы бойымен ұзындығы кемінде 7 метр қоршауды қамтамасыз ететін жол жабыны.
Тармақ 15
15. Автоматтандырылған өлшеу станцияларының тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізуді Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті жүзеге асырады. Ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдарға тізілімге енгізу үшін автоматтандырылған өлшеу станцияларының орналасқан жері туралы ақпаратты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Тармақ 16
16. Автоматтандырылған өлшеу станциясының дұрыс жұмыс істемеу фактілері анықталған жағдайда және/немесе техникалық жұмыстарды жүргізу кезінде Ұлттық оператор және/немесе жергілікті атқарушы органдар мынадай шараларды қабылдайды:
Тармақша 1
1) жабдықты дереу өшіреді;
Тармақша 2
2) автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органды ажырату туралы бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді;
Тармақша 3
3) жабдықтың ақаулары еркін нысанда көрсетіле отырып, «Автоматтандырылған өлшеу станцияның ақауы туралы актіні (атауын)» жасайды;
Тармақша 4
4) жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін жедел қалпына келтіреді;
Тармақша 5
5) автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органды қосылу күні мен уақыты туралы хабардар етеді;
Тармақша 6
6) жабдықты осы тармақтың 5) тармақшасына сәйкес хабарламада белгіленген мерзімде қосады. Автоматтандырылған өлшеу станциясының дұрыс емес жұмысы туралы уақтылы хабарлауды және қажетті шараларды қабылдауды Ұлттық оператор және/немесе жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Басқа 1. Автоматтандырылған өлшеу станцияларының негізгі сипаттамалары
Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша Автоматтандырылған өлшеу станцияларының негізгі сипаттамалары
Тармақ 1
1. АӨС автокөлік құралдарының қозғалысын өлшеуге, мынадай параметрлерін өңдеуге және беруге мүмкіндік беретін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының кешенін, аспаптар мен жабдықтардың, аппараттық-бағдарламалық кешенін қамтиды:
Тармақша 1
1) жалпы салмағы;
Тармақша 2
2) бір осіне жүктеме;
Тармақша 3
3) бір аспасында орналасқан осьтер тобына жүктеме;
Тармақша 4
4) осьтер тобындағы әрбір оське жүктеме;
Тармақша 5
5) осьтері арасындағы қашықтық;
Тармақша 6
6) осьтер саны;
Тармақша 7
7) республикалық маңызы бар жолдардағы габариттік параметрлері;
Тармақша 8
8) автокөлік құралының сыныбы (типі);
Тармақша 9
9) МТНБ тану;
Тармақша 10
10) қозғалыс жылдамдығы.
Тармақ 2
2. АӨС жабдығы мен бағдарламалық қамтамасыз етуі жол қозғалысына қатысушыларға кедергі келтірмейді және/немесе кедергі жасамайды, оның ішінде белгіленген жылдамдық шеңберінде автокөлік ағынының қозғалыс жылдамдығына әсер етпейді.
Тармақ 3
3. Автокөлік құралдарының массасы мен осьтік жүктемелерін өлшеу жолға орнатылған мынадай арнайы өлшеу сенсорларының көмегімен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) көлік құралдарының массасы мен осьтік жүктемелерін дәл өлшеуге қабілетті, дәлдігі жоғары және сенімді құрылғылары бар өлшеу сенсорлары;
Тармақша 2
2) жолдың белгілі бір бөлігінде орнатылған сенсорлар жол жамылғысы. Олар дәл өлшеуді қамтамасыз ету үшін автокөліктің әрбір доңғалақ жиегі олардың үстінен өтетіндей етіп орналастырылады;
Тармақша 3
3) сенсорлар арнайы датчиктермен жабдықталады, олар салмақ пен осьтік жүктемелерді, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдармен жүру кезінде көлік құралының мен габариттерін тіркейді;
Тармақша 4
4) қоршаған орта әсеріне төзімді, зақымданудан қорғалған және автокөлік құралдарының өтуіне кедергі келтірмейтін сенсорлар.
Тармақ 4
4. Өлшеу нәтижелерін қасақана бұрмалау фактілеріне жол бермеу мақсатында таразы жабдығы мен оның бағдарламалық қамтамасыз етуінде автокөлік құралдарының дұрыс жүрмеуін айқындаудың мынадай функциялары болады:
Тармақша 1
1) көлік құралының тиісті типі үшін белгіленген шектеулерді ескере отырып, көлік құралының жүру жылдамдығын мониторингілеу және талдау;
Тармақша 2
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдармен жүру кезінде көлік құралының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша бұзушылықтарды анықтауды қоса алғанда, көлік құралының габариттерінің осы жол учаскесі үшін жол берілетін нормаларға сәйкес келмеуін айқындау;
Тармақша 3
3) барлық жүрулерді және күні, уақыты, көлік құралының түрі және оның габариттері сияқты тиісті деректерді тіркеу.
Тармақ 5
5. АӨС көлік жүктемесін талдауға сәйкес, көлік қозғалысының деңгейі жоғары жол учаскелеріне, әсіресе жүк көлігі көп жүретін учаскелерде, оларды айналып өту, сондай-ақ көлік құралдарының жол жамылғысынан тыс жол жиегіне шығу мүмкіндігін болдырмайтын жерлерде орнатылады.
Тармақ 6
6. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдармен жүру кезінде автокөлік құралдарының нақты габариттік параметрлерін өлшеу оның барлық осьтерінің біркелкі орналасуын қамтамасыз ететін жол төсемінің немесе өзге алаңның бетінен ұзындығы, ені және биіктігі бойынша екі шеткі нүктенің бекітілуін ескере отырып, дәлдігі жоғары лазерлік өлшеу жүйелерінің көмегімен жүргізіледі.
Тармақ 7
7. МТНБ тану автоматты түрде автокөлік құралының өлшеу аймағын кесіп өту кезінде бейнекамерадан алынған автомобильдің фотосуреті және/немесе бейне ағыны негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. АӨС өлшеу сенсорлары мен фото-, бейнетіркеу жабдықтарының деректері негізінде жол қозғалысы қағидаларының мынадай бұзушылықтарын автоматты түрде тіркейді:
Тармақша 1
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдармен жүру кезінде автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақтық және габариттік параметрлерінен асып кетуі;
Тармақша 2
2) автокөлік құралдарының белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кету;
Тармақша 3
3) жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды бұзу;
Тармақша 4
4) автокөлік құралдарының АӨС арқылы дұрыс өтпеуін айқындау (дұрыс емес өтпеге күрт үдеу және тежеу, бұлғау, жол таңбалау сызығынан және/немесе таразы жабдығының орналасу шекарасынан шығу, қарама-қарсы бағытта жүру, алда келе жатқан көлік құралымен аралықты сақтамау жатады).
Тармақ 9
9. Автокөлік құралдарының жол жүруі туралы, оның ішінде жол берілетін, АӨС бекітілген салмақ және габариттік параметрлерден асуы туралы ақпарат ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес қолжетімді цифрлық байланыс арналары арқылы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның АЖ-не беріледі.
Тармақ 10
10. АӨС пайдалану кезінде ақпараттың сақталуы мынадай авариялық жағдайлар кезінде қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) кернеудің сәтсіздіктері – қуатты тұтынушылардың қосылуына байланысты электр желісіндегі жүктеменің күрт артуы кезінде қысқа мерзімді төмендеулер;
Тармақша 2
2) жоғары вольтты импульстар – жақын найзағай разрядынан немесе авариядан кейін қосалқы станцияда кернеудің қосылуынан туындайтын кернеудің қысқа мерзімді елеулі ұлғаюы;
Тармақша 3
3) электр энергиясын толық ажырату – электр станциясындағы авариялар, ауыр жүктемелер салдарынан электр энергиясын толық ажырату;
Тармақша 4
4) жоғары кернеу – қуатты тұтынушылардың ажыратылуынан туындайтын желідегі кернеудің қысқа мерзімді ұлғаюы;
Тармақша 5
5) жиіліктің тұрақсыздығы – әдетте, энергия жүйелеріндегі әртүрлі шамадан тыс жүктемелерден туындайтын;
Тармақша 6
6) байланыс арналарының бұзылуы немесе істен шығуы;
Тармақша 7
7) қатты магниттік дискілердегі жинақтауыштардың істен шығуы мен істен шығуын қоса алғанда, АӨС толық немесе ішінара істен шығуы;
Тармақша 8
8) бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысындағы ақау.
Тармақ 11
11. Алынған мәліметтер көлік құралының өлшенетін параметрлерін есептеу үшін жергілікті мамандандырылған бағдарламалық жасақтамамен өңделеді.
Тармақ 12
12. АӨС таразы жабдығы 1-кестеде көрсетілген таразы жабдығының сипаттамаларына қойылатын негізгі талаптарға сәйкес келеді. 1-кесте. Таразы жабдығының сипаттамаларына қойылатын негізгі талаптар № Си­патта­ма ата­уы Си­патта­ма 1 Пай­да­ла­ну ор­нын­да ор­на­ту әді­сі ста­ци­о­нар­лық 2 Жүк қа­был­дау құ­ры­л­ғы­сы­ның тү­рі ось­а­ра­лық қа­шық­тық пен ось­тер­дің са­нын анық­та­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін жаб­дық­ты өн­ді­ру­ші­нің нұс­қа­улы­ғы­на сәй­кес ке­неп­ке са­лы­на­тын ор­на­ла­сты­ру 3 Са­нақ құ­ры­л­ғы­сы­ның тү­рі дис­крет­ті 4 Жүк қа­был­дау құ­ры­л­ғы­сын ор­на­ту жү­ріс бө­лі­гі­нің дең­гей­ін­де ось­а­ра­лық ара­қа­шық­тық­ты және ось­тер­дің са­нын анық­та­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін жаб­дық­ты өн­ді­ру­ші­нің нұс­қа­улы­ғы­на сәй­кес шұң­қыр 5 Тәу­лі­гіне өл­шеу са­ны шек­тел­ме­ген 6 Жұ­мыс ре­жи­мі қар­қын­ды 7 Ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның жал­пы мас­са­сын өл­шеу диа­па­зо­ны ке­мін­де 400 кг-нан 120000 кг-ға дей­ін 8 Доң­ға­лақ­тар­дың га­ба­ри­тін бе­кі­ту мүм­кін­ді­гі иә 9 Ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның осіне ең аз жүк­те­ме кем де­ген­де 1000 кг-нан 20000 кг-ға дей­ін 10 Дис­крет­ті­лік (d) 10 кг 11 Пай­да­ла­ну ке­зін­де және жөн­де­уден кей­ін ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның жал­пы мас­са­сын өл­шеу ке­зін­де жі­бе­рі­ле­тін қа­те­лік­тің ше­гі ± 7% 12 Бір ось­ке жүк­те­ме­ні өл­шеу ке­зін­де, пай­да­ла­ну ке­зін­де және жөн­де­уден кей­ін рұқ­сат еті­л­ген қа­те­лік шек­те­рі ± 10% 13 Ось­тер то­бы­на жүк­те­ме­ні өл­шеу ке­зін­де, пай­да­ла­ну ке­зін­де және жөн­де­уден кей­ін рұқ­сат еті­л­ген қа­те­лік шек­те­рі ± 10% 14 МТНБ анық­та­удың мак­си­мал­ды уа­қы­ты 10 с ар­тық емес 15 Жұ­мыс тем­пе­ра­ту­ра­сы­ның диа­па­зо­ны -50 oC-тан +60 oС-қа дей­ін 16 Ылғал­ды­лық­тың жұ­мыс диа­па­зо­ны 30 – 100 % 17 Ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның ось­а­ра­лық қа­шық­тығ­ын қа­те­лік­пен өл­шеу +/- 50 мм 18 Ай­ны­ма­лы ток электр қу­а­ты­ның па­ра­метр­ле­рі: кер­неу жи­і­лі­гі тұ­ты­ну 187 В ба­стап 242 В дей­ін 49 Гц-тен 51 Гц-ке дей­ін 950 Вт ар­тық емес 19 Қор­ғау дә­ре­же­сі: Сал­мақ сен­сор­ла­ры Сал­мақ өл­шеу құ­рал­да­ры Ап­па­рат­тық шкаф IP68 кем емес IP66 кем емес IP65 кем емес 20 Жо­лақ­та­ғы жүк­те­ме дат­чик­те­рі­нің са­ны Ось­а­ра­лық қа­шық­тық пен ось­тер са­нын анық­та­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін жаб­дық­ты өн­ді­ру­ші­нің нұс­қа­улы­ғы­на сәй­кес 21 Жүк­те­ме кон­трол­ле­рін­де­гі тәу­ел­сіз ар­на­лар са­ны Өн­ді­ру­ші­нің құ­жат­та­ма­сы­на сәй­кес, бі­рақ ке­мін­де 8 22 Рұқ­сат­сыз өзге­рі­стер­ден, бұр­ма­ла­ну­лар­дан, де­ректер­ді жо­ю­дан қор­ғау иә 23 МТНБ та­ну ка­ме­ра­ла­ры Ка­ме­ра­ға ор­на­ты­л­ған МТНБ та­ну бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­сы­мен 24 Жал­пы кө­рі­ні­сті қа­рау ка­ме­ра­сы Ке­мін­де 4 Мп
Тармақ 13
13. АӨС бағдарламалық жасақтамасының функционалдығы:
Тармақша 1
1) өлшеу учаскесінде жол жүрісінің белгіленген қағидаларын шектемей, қозғалыстағы АҚ параметрлерін өлшеу.
Тармақша 2
2) алынған ақпаратты жергілікті деректер базасында сақтау;
Тармақша 3
3) деректерді іргелес жүйелерге беру және интеграциялау;
Тармақша 4
4) пайдаланушыны жүйенің жай-күйі туралы кейіннен хабардар ете отырып, жүйе жабдығының автоматтандырылған диагностикасы;
Тармақша 5
5) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігі;
Тармақша 6
6) аппараттық деңгейдегі қорғау деңгейі;
Тармақша 7
7) шығыс деректерін ұсыну (ең аз тізбе): автокөлік құралының толық салмағы; осьтер туралы ақпарат (доңғалақтар мен осьтерге жүктеме, ось аралық қашықтық, осьтер саны); жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдармен жүру кезіндегі автомобильдің жылдамдығы мен өлшемдері; қозғалыс бағыты; теңгерімсіздік (%- дағы сол/оң айырмашылық); көлік құралдары арасындағы уақыт (қозғалыс тығыздығы); дұрыс емес жол жүру және салмақ өлшеуден жалтару; автокөлік құралдарының жіктелуі.
Тармақша 9
9) әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл төлеу қажеттігі туралы электрондық нұсқама жасау үшін «ӘІБТ» ПО-мен одан әрі интеграциялау үшін КДҚ АТЖ-ға ақпарат беру мүмкіндігі.
Тармақ 14
14. АӨС таразы жабдықтары мынадай талаптарға сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) сыртқы әсерлерге төзімділік: сыртқы ортаның климаттық факторларының әсеріне төзімділігі бойынша таразы КСҚ 4.2 санатының МЕМСТ 15150 орындалуына сәйкес келеді; қоршаған ортаның әсерінен қорғалған таразы МЕМСТ 12997 стандартына сәйкес келеді.
Тармақша 2
2) сенімділік көрсеткіші (таразылардың істен шығу өлшемшарты ретінде олардың жұмыс істеуінің бұзылуы және/немесе метрологиялық сипаттамалардың нормаланатын мәндеріне сәйкес келмеуі қабылданады): таразының орташа қызмет ету мерзімі – кемінде 5 жыл; 2000 сағат ішінде жұмыс істеу ықтималдығы – 0,99 %.
Тармақша 3
3) қауіпсіздік: таразы конструкциясына қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары МЕМСТ 12.2.003 стандартына сәйкес келеді; таразы электр жабдықтарына қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары МЕМСТ 12.2.007.0 стандартына сәйкес келеді; таразыны қорғау жерге тұйықтауға қойылатын талаптар МЕМСТ 12.1.030 стандартына сәйкес келеді; қалыпты жағдайда МЕМСТ 12997 бойынша қоршаған ауа температурасы минус 45 oС-тан 70 oС-қа дейін және салыстырмалы ылғалдылығы 30%-дан 80%-ға дейін кез келген күштік электр тізбектері мен корпус арасындағы оқшаулаудың электрлік кедергісі кемінде 20 Мом сәйкес келеді; минус 45 oС-тан 70 oС-қа дейінгі қоршаған ауа температурасында және 30%-дан 80%-ға дейінгі салыстырмалы ылғалдылықта электр тізбектері мен корпус арасындағы электрлік оқшаулау бір минут ішінде бұзылмай және беттік қабаттасусыз 1500 В айнымалы ток кернеуіне төтеп береді.
Тармақ 15
15. АӨС МТНБ-ні кем дегенде 95% дәлдікпен анықтау мүмкіндігіне ие.
Тармақ 16
16. Жабдықты дайындаушы зауыт белгілеген жылдамдықта АӨС әрекет ету аймағында автокөлік құралдарының жүруі кезінде салмақ габариттік параметрлерін өлшейді.
Тармақ 17
17. АҚ дұрыс емес өтуін анықтаған кезде кескінді өңдеу және компьютерлік көру алгоритмі қолданылады, бұл көлік құралының кадрдағы қозғалысын анықтауға және оның қозғалыс траекториясын дәйекті кадрлар негізінде есептеуге мүмкіндік береді, немесе АӨС қолданылатын аймақта көлік құралының жүріп өтуінің бейнежазбасы пайдаланылады.
Тармақ 18
18. Өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгенге дейін МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкес өлшеу құралдарын тексеруді жүргізуге ұлттық аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген тексеру зертханасы орындаған көлік құралының динамикалық және статикалық параметрлерін өлшеудің автоматты жүйелерін метрологиялық тексеру туралы оң нәтижелері сертификаттары бар әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі уәкілетті органдардың нұсқамалары.
Тармақ 19
19. Республикалық жолдарда АӨС арқылы өту кезінде алдынан қозғалатын көлік құралымен қозғалыс аралығын кемінде 30 метр сақтау талап етіледі. Аббревиатуралардың толық жазылуы: АӨС – автоматтандырылған өлшеу станциясы; МТНБ – мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі; АҚ – ақпараттық жүйе; кг – килограмм; oС – Цельсий градусы; % – пайыз; В – вольт; Гц – герц; Вт – ватт; с – секундтар; мм – миллиметр; БҚ – бағдарламалық қамтамасыз ету; Мп – мегапиксель; АҚ – автокөлік құралы; КДҚ АТЖ – Көліктік деректер қоры ақпараттық-талдамалық жүйесі және тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингі; «ӘІБТ» ПО – «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» процессингтік орталығы; ҚСК – қоңыржай және суық климат; Мом – мегаом.
Басқа 2. Айнымалы ақпарат тақтасының параметрлері
Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша Айнымалы ақпарат тақтасының параметрлері № Па­ра­метр ата­уы Си­патта­ма 1 Өл­шем 960х1920 мил­ли­метр­ден кем емес 2 Қа­ріп өл­ше­мі P10 кем емес 3 Қор­ғау дә­ре­же­сі IP65 4 Жұ­мыс тем­пе­ра­ту­ра­сы­ның диа­па­зо­ны -50 0C-тан +60 0C-қа дей­ін 5 Көр­се­ті­ле­тін ақ­па­рат Мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мір­лік бел­гі­сі Сал­мақ өл­шем­де­рі­нің ар­туы 6 Ақ­па­рат­тық тақ­та­ны ор­на­ту ор­ны Ор­на­ту учас­ке­сін­де ор­на­ты­л­ған жыл­дам­дық ре­жи­мін ес­ке­ре оты­рып, қоз­ға­лыс ба­ғы­ты бой­ын­ша ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған өл­шеу стан­ци­я­сы­нан кей­ін 90-200 метр.
Басқа 3. Тізілімге енгізу үшін автоматтандырылған өлшеу станцияларының орналасқан жері туралы ақпарат
Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша Нысан Тізілімге енгізу үшін автоматтандырылған өлшеу станцияларының орналасқан жері туралы ақпарат Ұсынылады: уәкілетті органға. Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz. Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Тізілімге енгізу үшін автоматтандырылған өлшеу станцияларының орналасқан жері туралы ақпарат. Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 1-ӨСОЖТА Кезеңділік: жыл сайын. Есепті кезең: 20__жыл. Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдар. Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмейтін мерзімде. ЖСН/БСН Жинау әдісі: электронды түрде. № Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған өл­шеу стан­ци­я­ла­ры­ның опе­ра­то­ры­ның ата­уы Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған өл­шеу стан­ци­я­ла­ры­ның опе­ра­то­ры­ның ме­кен­жайы, бай­ла­ныс те­ле­фо­ны, элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған өл­шеу стан­ци­я­ла­ры­ның ор­на­лас­қан ор­ны Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған өл­шеу стан­ци­я­ла­ры­ның жұ­мыс ре­жи­мi Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған өл­шеу стан­ци­я­ла­ры­ның түрi Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған өл­шеу стан­ци­я­ла­ры­ның са­ны, бір­лік Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған өл­шеу стан­ци­я­ла­ры­ның тiзiлi­мiне ен­гiзiлетiн өзгерiстер мен то­лық­ты­ру­лар Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған өл­шеу стан­ци­я­ла­ры­ның тiзiлi­мi­нен алып та­стау Ес­кер­ту 1. 2. 3. 4. … Оператордың атауы ______________________ Оператордың мекенжайы _________________ Оператордың телефоны ______________________________________________ Оператордың электрондық почта мекенжайы ____________________________ Орындаушы ______________________________ қолы, телефон_______ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _______________________________________________ қолы _________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) Нысанға қосымша «Тізілімге енгізу үшін автоматтандырылған өлшеу станцияларының орналасқан жері туралы ақпарат» әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсініктеме (Индекс: 1-ӨСОЖТА, кезеңділігі жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмейтін мерзімде) «Тізілімге енгізу үшін автоматтандырылған өлшеу станцияларының орналасқан жері туралы ақпарат» әкімшілік деректер нысанында мынадай деректер енгізіледі: 1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді; 2-бағанда автоматтандырылған өлшеу станциялары операторының атауы көрсетіледі; 3-бағанда автоматтандырылған өлшеу станциялары операторының мекенжайы (индекс, (облыс, аудан, қала, кент, ауыл - Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес) көше, үй), байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі; 4-бағанда автоматтандырылған өлшеу станциялары операторының орналасқан орны көрсетіледі; 5-бағанда автоматтандырылған өлшеу станциялары операторының жұмыс режимi көрсетіледі; 6-бағанда автоматтандырылған өлшеу станциялары операторының түрi көрсетіледі; 7-бағанда автоматтандырылған өлшеу станциялары операторының саны көрсетіледі, бірлік; 8-бағанда автоматтандырылған өлшеу станциялары операторының тiзiлiмiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар көрсетіледі; 9-бағанда автоматтандырылған өлшеу станциялары операторының тiзiлiмiнен алып тастауы көрсетіледі; 10-бағанда ескерту көрсетіледі.