Об утверждении Правил выбора управляющих инвестиционным портфелем, осуществляющих деятельность на основании лицензии уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций, включая требования к ним, при поручении им совершать действия, необходимые для управления пенсионными активами единого накопительного пенсионного фонда Күшін жойған
Басқа 0
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 241 қаулысымен
бекітілді
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидалары
Тармақ 1
1. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – басқарушы компания) зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау тәртібі мен талаптарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) басқарушы компанияны (басқарушы компанияларды) таңдау жөнінде тендерге қатысу үшін өтінішті қабылдау мерзімін көрсете отырып, оның алда өтетіндігі туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 3
3. Басқарушы компанияны (басқарушы компанияларды) таңдау бойынша тендер өткізу жөніндегі іс-шара:
Тармақша 1
1) үміткерлердің Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді және Қағидалардың 5-тармағында айқындалған ақпаратқа талдау жасауды;
Тармақша 2
2) Ұлттық Банк Басқармасының басқарушы компанияны (басқарушы компанияларды) таңдау туралы шешім қабылдауын қамтиды.
Тармақ 4
4. Басқарушы компанияны (басқарушы компанияларды) таңдау бойынша тендерге қатысуға мына талаптарға сәйкес келетін үміткерлер жіберіледі:
Тармақша 1
1) инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясының болуы;
Тармақша 2
2) өтініш беру күнінің алдындағы соңғы есепті ай ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді бұзу фактілерінің болмауы;
Тармақша 3
3) өтінішті беру күні басқарушы компанияға қатысты уәкілетті орган қолданған қолданыстағы қадағалап ден қою шарасының және (немесе) санкцияның болмауы;
Тармақша 4
4) аяқталған екі қаржы жылының ішіндегі бір жылдың нәтижелері бойынша шығындардың болмауы.
Егер үміткер банк конгломератының қатысушысы болып табылса, осы тармақшада белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау үшін аталған банк конгломератының негізгі ұйымының шоғырландырылған қаржылық есептілігінің деректері пайдаланылады;
Тармақша 5
5) аяқталған соңғы екі қаржы жылының бір жылы ішінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, активтерді басқару сәтінде қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің кемінде 50 000 000 еселенген мөлшеріне балама сомадағы активтерді (инвестициялық қорлардың активтерін қоспағанда) басқару тәжірибесінің болуы.
Егер үміткер банк конгломератының қатысушысы болып табылса, осы тармақшада белгіленген талапқа сәйкес келу есебіне аталған банк конгломератының инвестициялық портфельді басқару қызметін (зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті) жүзеге асыруға лицензиялары бар (бар болған) қатысушыларының басқаруындағы (басқаруында болған) активтер кіреді;
Тармақша 6
6) басқарушы компанияның негізгі ұйымында және (немесе) басқарушы компанияда Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «B+»-тен төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингісінің не басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісінің болуы.
Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларының талаптары жалғыз акционері Ұлттық Банк болып табылатын басқарушы компанияға және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының еншілес ұйымына қолданылмайды.
Тармақ 5
5. Үміткер тендерге қатысу үшін басқарушы компанияның Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті, сондай-ақ мынадай ақпаратты ұсынады:
Тармақша 1
1) клиенттердің активтерін (инвестициялық қорлардың активтерін қоспағанда) басқару тәжірибесінің болуы, оның ішінде:
аяқталған соңғы екі қаржы жылындағы активтердің (банк конгломератының инвестициялық портфельді басқару қызметін (зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті) жүзеге асыруға лицензиялары бар (бар болған) қатысушыларының басқаруындағы (басқаруында болған) активтерді қоса алғанда) көлемі;
активтердің түрі;
аяқталған соңғы екі қаржы жылындағы клиенттердің активтерін басқарудың тарихи нәтижелері туралы;
Тармақша 2
2) инвестициялық процестің, портфельді басқару әдістерінің, нарықты зерттеудің жан-жақты сипаты, қаржылық ақпараттың пайдаланылатын көздері немесе қаржы құралдарын бағалаудың модельдері.
Егер үміткер қайтадан құрылған ұйым болып табылса, осы тармақшада берілген ақпарат банк конгломератының (үміткер кіретін) инвестициялық портфельді басқару қызметін (зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті) жүзеге асыруға лицензиялары бар (бар болған) қатысушылары бойынша ұсынылады;
Тармақша 3
3) тәуекелдерді бақылау және басқару жөніндегі арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы туралы;
Тармақша 4
4) талдамалық есептілікте қолданылатын кірістілікті және тәуекелді есептеу үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің сипаты;
Тармақша 5
5) үміткердің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін инвестициялау бойынша сыйақысының болжанған мөлшері туралы.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты жалғыз акционері Ұлттық Банк болып табылатын басқарушы компания осы ақпарат бар болған кезде ұсынады.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының талаптары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының еншілес ұйымына қолданылмайды.
Тармақ 6
6. Үміткер Қағидалардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда және Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ақпарат негізінде Ұлттық Банктің Басқармасы басқарушы компанияны (басқарушы компанияларды) таңдау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 7
7. Ұлттық Банктің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушы компанияға (басқарушы компанияларға) беруі активтерді инвестициялық басқару шарты негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Активтерді инвестициялық басқару шарты мынадай негізгі талаптардан тұрады:
Тармақша 1
1) берілетін зейнетақы активтерінің көлемі;
Тармақша 2
2) активтерді инвестициялық басқаруға арналған шарттың қолданылу мерзімі;
Тармақша 3
3) активтерді инвестициялық басқару шартын жедел бұзуға арналған Ұлттық Банктің құқығы;
Тармақша 4
4) басқарушы компанияның (басқарушы компаниялардың) басқаруындағы активтердің бір бөлігін Ұлттық Банктің өз қалауы бойынша толықтыру не кері шақыру құқығы;
Тармақша 5
5) басқарушы компания (басқарушы компаниялар) акционерлерінің активтерді инвестициялық басқаруға арналған шарттың талаптарын орындамау салдарынан келтірілген зияндар үшін жауапкершілігі;
Тармақша 6
6) басқарушы компания (басқарушы компаниялар) акционерлерінің активтерді инвестициялық басқаруға арналған шарттың талаптарын орындамау салдарынан келтірілген зияндардың өтемақылары бойынша кепілдіктерінің болуы;
Тармақша 7
7) басқарушы компания (басқарушы компаниялар) тендерге қатысу үшін жалған мәліметтер берген жағдайда басқарушы компанияның (басқарушы компаниялардың) Ұлттық Банкке төлейтін тұрақсыздық айыбының мөлшері;
Тармақша 8
8) басқарушы компанияның (басқарушы компаниялардың) мынадай мәліметтерді беруі бойынша міндеті:
күн сайын, күні бойы жасалған операциялар бойынша ақпарат;
ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей есепті айдың аяғындағы жағдай бойынша инвестициялық портфельдің құрылымы, активтердің нарықтық құны туралы ақпаратты қоса алғанда, инвестициялық портфельді бағалау бойынша ақпарат;
ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей қол жеткізілген кірістілік, инвестициялық портфель тәуекелінің көрсеткіштері туралы ақпаратты қоса, бірақ сонымен шектелмей, инвестициялық портфельді басқару нәтижелерін талдау.
Тармақ 9
9. Басқарушы компания (басқарушы компаниялар) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей инвестициялық портфельдің құрылымын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодион банкінің деректерімен салыстырып тексереді.
Тармақ 10
10. Ұлттық Банк басқарушы компанияның (басқарушы компаниялардың) активтерді инвестициялық басқаруға арналған шарт (шарттар) жасалғаннан кейін жалған мәліметтерді беру фактілерін анықтаған жағдайда басқарушы компаниямен (басқарушы компаниялармен) жасалған активтерді инвестициялық басқаруға арналған шарт (шарттар) бұзылады.
Тармақ 11
11. Активтерді инвестициялық басқаруға арналған шарт бұзылған жағдайда басқарушы компания (басқарушы компаниялар) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодион банкімен активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартты (шарттарды) бұзу күні салыстырып тексерілген инвестициялық портфель жөніндегі толық есептілікті ұсынады.
Тармақ 12
12. Активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартты (шарттарды) бұзу кезінде басқарушы компания (басқарушы компаниялар) активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартта (шарттарда) көзделген барлық міндеттемелерді орындайды.