Об утверждении Правил и сроков исчисления, удержания (начисления) и перечисления обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в единый накопительный пенсионный фонд и взысканий по ним Күшін жойған
Басқа 0
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қағидалардың 43-тармағының қолданысы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Тоқтатыла тұрған кезеңде көрсетілген тармақ мынадай редакцияда қолданылады:
Тармақ 43
"43. Салық органының өкімдері бойынша, егер пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін агент ұсынбаған жағдайда және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған кезде банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен салық берешектерін аударуға қатысты нұсқауларды орындайды.".
Тармақ 3
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 3-тармағының екінші бөлігін, 7-тармағын, 4-бөлімін қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1116 қаулысымен
бекітілген
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердің (бұдан әрі – агенттер) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер өздерінің орналасқан (тұратын) жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарында агент ретінде есепке алынуға тиіс.
Тармақ 3
3. Агенттер жұмыскерлерге төленетін кірістерден, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалардың кірісінен ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын есептеп, ұстап қалады және оларды БЖЗҚ-ға аударады.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын агенттер жұмыскерлерге төленетін табыстан ай сайын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есебіне жазады және БЖЗҚ-ға аударады.
Жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды өзінің пайдасына БЖЗҚ-ға аударады.
Шаруа немесе фермер қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына БЖЗҚ-ға аударады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге тиіс.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне (бұдан әрі – жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі) сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.
Заңның 39-бабының 2-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарналары алатын кірісінің 10 пайызы, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 пайызынан кем болмайтын мөлшерде және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары болмайтын мөлшерде оларды кейіннен БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына аудару үшін банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолма-қол ақшалай жарна салу арқылы төленуге тиіс.
Агенттер, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың табыстарынан салымшының осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініші бойынша ай сайын БЖЗҚ-ға аударылатын міндетті зейнетақы жарналарын есептейді және ұстап қалады.
Агенттер Мемлекеттік корпорациядан жұмыскерде БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шотының болуы туралы растама ала алады.
Агенттің жұмыскерде БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шотының болуын растауға арналған өтінішінде: агенттің атауы мен деректемелері, жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Өтінішке басшы және бас бухгалтер қол қоюға тиіс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, өтініште тиісті белгі жасалады.
Мемлекеттік корпорация агенттен жұмыскерде БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шотының болуын растауға өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде агентке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыскерде аталған жеке зейнетақы шотының болуы туралы растау-анықтаманы береді.
Тармақ 4
4. Агент-заңды тұлғалар ұстап қалған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы, оның ішінде қате төлемдерді қайтару туралы мәліметтерді электрондық және қағаз жеткізгіштерде заңнамада белгіленген тәртіппен сақтайды.
Агент-заңды тұлға таратылған кезде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару туралы құжаттар Мемлекеттік архивке беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) тәртібі мен мерзімдері
2-тарау. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 5
5. БЖЗҚ-ға төленуге тиіс міндетті зейнетақы жарналары Заңның 25-бабында белгіленген мөлшерлемені міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектісіне қолдану арқылы есептеледі.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ең жоғары жиынтық жылдық кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының елу еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Мыналар міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектілері болып табылады:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалар үшін – жалдамалы жұмыскерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы, ол республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының елу еселенген мөлшерінен аспайды;
Тармақша 2
2) жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын дара кәсіпкерлер үшін – жалдамалы жұмыскердің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспайтын ай сайынғы табысы;
Тармақша 3
3) 01.01.2021 дейін қолданылды – ҚР Үкіметінің 09.11.2020 № 745 қаулысымен;
Тармақша 4
4) жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – алатын табысы.
Бұл ретте жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу мақсаттары үшін алынатын табыс Заңның 25-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспайтын, олар дербес айқындайтын сома болып табылады.
Табысы болмаған жағдайда жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен 10 процент есебінде БЖЗҚ-ға өзінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы;
Тармақша 5
5) мемлекеттік корпорация үшін – еңбек ету қабілетінен және (немесе) жұмысынан айырылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдер;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үшін – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының 100 процент мөлшері;
Тармақша 7
7) сақтандыру ұйымы үшін – жалақысынан (табысынан) айырылуына байланысты залалды өтеу ретіндегі сақтандыру төлемі;
Тармақша 8
8) салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін – нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алған табысы;
Тармақша 9
9) Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін – өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінің және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 30 процентін құрайды. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.
Тармақша 10
10) Салық кодексінің 89-1-тарауында көрсетілген бірыңғай төлем төлеушілер үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі міндетті зейнетақы жарналарының үлесі:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 50,0 пайызды;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 46,5 пайызды;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 42,0 пайызды;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 40,3 пайызды;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 38,8 пайызды;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 38,0 пайызды құрайды.
Бұл ретте салық салу объектісіне қолданылатын бірыңғай төлем мөлшерлемесі:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 20,0 пайызды;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 21,5 пайызды;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 23,8 пайызды;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 24,8 пайызды;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 25,8 пайызды;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 26,3 пайызды құрайды.
Тармақ 6
6. БЖЗҚ-ға аударылатын міндетті зейнетақы жарналары:
Тармақша 1
1) Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 31) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда, 319-бабының 2-тармағында көрсетілген;
Тармақша 2
2) Салық кодексінің 329-бабында, 330-бабының 1-тармағында көрсетілген;
Тармақша 3
3) тармақша 01.01.2021 дейін қолданыста болды - ҚР Үкіметінің 28.05.2020 № 332 қаулысымен;
Тармақша 3-1
3-1) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 12), 26), 27) және 50) тармақшаларында, сондай-ақ 341-бабының 1-тармағының 42) және 43) тармақшаларында (жоғалтылған жалақы (табыс) бөлігінде) белгіленгендерден басқа, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында көрсетілген табыстар мен төлемдерден ұсталмайды.
Бұл ретте БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағы 17) тармақшасының алтыншы абзацында көзделген табыстардан ұсталмайды;
Тармақша 4
4) мүгедектігі бар адамдар және Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген өзге де адамдар заттай нысанда немесе материалдық пайда түрінде алған табыстар мен төлемдерден ұсталмайды.
Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағына сәйкес ұсталады.
Тармақ 7
7. БЖЗҚ-ға төленуге тиіс міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке жазуды агенттер меншікті қаражаты есебінен кәсіптері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің пайдасына жүзеге асырады, ол Заңның 26-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі.
Тарау 3. 3-тарау. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару
3-тарау. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару
Тармақ 8
8. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, агент міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді.
Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) шоттары жоқ жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін оларды банкке қолма-қол ақшамен енгізеді.
Міндетті зейнетақы жарналарын қолма-қол ақшамен не қолма-қол емес тәсілмен төлеу банктер арқылы "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Ұсталып қалған (есебіне жазылған) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға:
Тармақша 1
1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар жұмыскерлерге төлеген табыстан және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалар – табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
Тармақша 2
2) дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
Тармақша 3
3) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде;
Тармақша 4
4) мемлекеттік корпорация – әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей;
Тармақша 5
5) сақтандыру ұйымы – жалақысынан (кірісінен) айырылу жағдайына байланысты залалды өтеу ретінде сақтандыру төлемі жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
Тармақша 6
6) Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде аударады.
Заңның 39-бабының 2-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген жағдайда міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Мемлекеттік корпорацияға кіріс алған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударылады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік корпорацияға міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару жүргізіледі. Мемлекеттік корпорация міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес аударады.
Тармақ 11
11. Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарының сомасы Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен БЖЗҚ-ға аударылады.
Мемлекеттік корпорация бір мезгілде электрондық тәсілмен агенттерден келіп түскен, МТ-100 форматындағы төлем сомасына сәйкес келетін төлем тапсырмалары тобынан тұратын, өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімін БЖЗҚ-ға жібереді.
Мемлекеттік корпорация деректемелерінде қате жіберілген салымшы үшін, сондай-ақ Заңның 24-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын агенттің шотына қайтаруды жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация күн сайын БЖЗҚ-ға алдыңғы операциялық күні жүргізілген төлемдер (сомасы мен салымшылардың саны) туралы үзінді көшірмені ұсынады.
Тармақ 12
12. Міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға аударған кезде агент үш данада қағаз жеткізгіштегі төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен тізімнің бірінші данасы банкте қалады, төлем тапсырмаларының екінші және үшінші даналары мен тізімнің бір данасы банктің қабылдағаны туралы белгімен агентке қайтарылады.
Жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, жарна сомасын және міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді (айды, жылды) қамтиды.
Банктерде шоттары бар агенттер міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға МТ-102 форматындағы бір төлем тапсырмасымен «ААЖЖЖЖ» форматында міндетті зейнетақы жарналары төленетін кезеңдерді (ай/айлар, жыл) көрсете отырып аударады.
Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған жағдайда жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастыру арқылы аудару әрбір ай үшін жеке жүргізіледі.
Агенттер міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді төлемдер банк шотын ашпай жүргізілген кезде "Кезең" деген жолда, төлемдер агенттің банк шотынан ақшаны есептен шығару жолымен жүргізілген кезде "Төлемнің мақсаты" деген бағанда, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларында "PERIOD" деген негізгі сөзде көзделген "ААЖЖЖЖ" форматында қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем құжаттарында көрсетеді.
Тармақ 13
13. Жеке практикамен айналысатын адамдар, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ Заңның 39-бабының 2-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын өз пайдасына және өз жұмыскерлерінің және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалардың табыстарынан ұстап қалған сомаларды аудару (қолма-қол ақшамен енгізу) кезінде төлем құжаттарында Мемлекеттік корпорацияның деректемелерін, ал оларға қоса берілетін тізімдерде өзі, жұмыскерлер және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалар туралы мәліметтерді (ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жарналардың сомалары мен міндетті зейнетақы жарналары төленетін кезең (айы/айлары, жылы) көрсетеді.
Тармақ 14
14. Банктер міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомалар агенттердің банк шоттарынан есептен шығарылған күні Мемлекеттік корпорацияға аударады.
Банктердің кассаларына міндетті зейнетақы жарналарын енгізу кезінде ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқау сомаларын аудару қолма-қол ақша енгізілген күннен бастап кейінгі операциялық күннен кешіктірмей жүргізіледі.
Банктердің Мемлекеттік корпорацияға ақша аударуы Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінде қолданылатын форматтарға сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен бірге электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.
Саны елу адамнан асатын жұмыскерлері бар агент осы Қағидалардың 13-тармағының талаптарын орындаудан басқа, банкке жоғарыда көрсетілген форматта жеке тұлғалардың электрондық жеткізгіштердегі тізімімен бірге төлем тапсырмасын ұсынады.
Тармақ 15. Міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде қателер анықталған жағдайда салымшылардың (алушылардың), агенттердің және БЖЗҚ-ның іс-қимылы
15. Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнетақы жасына жеткен адам алдында міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек болған жағдайда, аталған берешек оның банк шотына ақша аудару арқылы төленуге жатады.
Міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде қателер анықталған жағдайда салымшылардың (алушылардың), агенттердің және БЖЗҚ-ның іс-қимылы
Тармақ 16
16. Салымшы (алушы) төленген мiндеттi зейнетақы жарналарының жекелеген сомаларының жеке (немесе) зейнетақы төлемдерiн немесе жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді алу кезінде өсімпұлдың жоқ екенін байқағаннан кейін тиісті мәліметтерді алу және жол берілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін қателердің анықталғаны және БЖЗҚ-ға немесе Мемлекеттік корпорацияға мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың аударылғаны туралы кез келген уақыттағы төлем құжаттарының көшірмелерін және төлем құжаттарына қоса берілген, өзінің жеке басына қатысты жеке тұлғалар тізімдерінің үзінді көшірмесін өзіне беруі жөнінде агентке жазбаша өтініш береді.
Тармақ 17
17. Агент заңнамада белгіленген тәртіппен таратылған және тарату процесі аяқталған жағдайда, салымшы (алушы) агенттің орналасқан жері бойынша архив мекемелеріне, ал тарату өндірісі барысында тарату комиссиясына өтініш жасайды, олар оған төлем құжаттарының расталған көшірмелерін береді. Салымшы (алушы) алған төлем құжаттарының көшірмелерін өтінішпен қоса Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Тармақ 18
18. Салымшының (алушының) деректемелерінде міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды аудару кезінде жіберілген қателер анықталған жағдайда, салымшы (алушы) Мемлекеттік корпорацияға қателерді түзету туралы өтінішпен жүгінеді. Салымшы (алушы) өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агент беретін растау-анықтама немесе салымшының (алушының) деректемелерінде орын алған өзгерістерді растайтын жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берiледi.
Міндетті зейнетақы жарналарын банк шотын пайдаланбай аудару кезінде растау-анықтаманың орнына қолма-қол ақшаның міндетті зейнетақы жарналарын төлеу есебіне енгізілгенін растайтын түбіртек-хабарламалардың көшірмелері қоса беріледі.
Мемлекеттік корпорация ұсынылған құжаттардың негізінде салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында көрсетілген деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) өтінішінің электрондық көшірмесін қоса бере отырып, БЖЗҚ-ға электрондық өтінімді ресімдейді.
Тармақ 19
19. Агент мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды есептеу, аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған немесе салымшының (алушының) қателердің анықталғаны туралы жазбаша өтінішін алған жағдайда қателерді міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың кейінгі аударымдарын реттеу жолымен түзетеді.
Мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың кейінгі аударымдарын реттеу жолымен қателерді түзету мүмкін болмаған кезде агент осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтару туралы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді. Қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтару туралы өтінішке осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы нотариат куәландырған өтініші қоса беріледі.
Тармақ 20
20. Қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға берілген өтініште: агенттің атауы мен деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), ЖСН, банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК), жеке сәйкестендiру коды (бұдан әрі – ЖСК), қайтару себебі, қате жіберілген төлем құжаттарының деректемелері (нөмірі, күні мен сомасы), сондай-ақ жеке зейнетақы шотынан қайтару жүргізілетін салымшының (алушының) деректемелері мен қайтаруға жататын жеке сомалар көрсетіледі. Өтінішке басшы және бас бухгалтер қол қоюға тиіс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, қайтаруға берілген өтініште тиісті белгі жасалады.
Тармақ 21
21. Қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға агенттер мен банктерден алынған құжаттардың негізінде Мемлекеттік корпорация көрсетілген зейнетақы жарналарының түсу фактісін және олар бойынша бұрын жүзеге асырылған қайтарулардың жоқ екенін тексергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға арналған электрондық түрдегі өтінімді қалыптастырады.
Электрондық түрдегі өтінімде: салымшының (алушының) деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, ЖСН, міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) қайтаруға жататын өсімпұлдың сомалары мен қайтару себебі көрсетіледі.
Электрондық түрдегі өтінім БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған келісімге сәйкес БЖЗҚ-ға жіберіледі.
Тармақ 22
22. Жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайға әлеуметтік төлем тағайындалған кезде алушылардың орташа айлық табысын айқындау үшін қабылданған, аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары қайтарылмайды.
Тармақ 23
23. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға арналған өтінімді электрондық түрде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсiмпұлды Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Банктің кінәсінен қате жіберілген жағдайда банк қате аударылған сомаларды қайтару туралы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға хат жібереді.
Банктің кінәсінен қате есептелген сомаларды қайтаруға арналған өтініште: БСН, ЖСК, БСК, қате жіберілген төлем құжаттарының референстері мен қайтару себебі көрсетіледі. Хат пен өтініш хаттарға және қате нұсқауды қайтаруға арналған өтініштерге қол қоюға өкілеттіктерін растайтын құжаттың көшірмелерімен қоса банктің уәкілетті адамдарының қолымен ұсынылады.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік корпорацияның облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы филиалдары (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорацияның филиалы) және Мемлекеттік корпорация Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айырылуына және (немесе) жұмысынан айырылуына, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсімпұлды есептеу, ұстап қалу және аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның филиалы қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтаруға арналған электрондық түрдегі өтінішті Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Тармақ 26
26. БЖЗҚ қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын Мемлекеттік корпорацияның электрондық түрдегі өтінімінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың БЖЗҚ-ға нақты енгізілген номиналды сомасы бойынша Мемлекеттік корпорацияның банк шотына жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен қайтаруды жүргізеді.
Тармақ 27
27. Инфляция деңгейі ескеріле отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы өтеу сомасын есептеу кезінде ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы қайтарылуға жатпайды.
Тармақ 27-1
27-1. Зейнетақы төлемдерінің, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасын есептеу кезінде және зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару кезінде есепке алынатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы, сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері кезінде есептелген, бюджетке ұсталмаған және аударылмаған жеке табыс салығының сомасы қайтарылуға жатпайды.
Тармақ 28
28. Мемлекеттік корпорация қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың сомалары БЖЗҚ-дан келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды агенттің өтінішінде көрсетілген деректемелерге сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен қоса төлем тапсырмасымен аударуды жүргізеді.
Тармақ 29. БЖЗҚ-ға мiндеттi зейнетақы жарналары уақтылы аударылмаған кезде өсімпұлды төлеу және берешекті өндіріп алу
29. Банк қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың сомалары Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде агентті міндетті зейнетақы жарналарының қайтарылғаны туралы хабардар етеді.
БЖЗҚ-ға мiндеттi зейнетақы жарналары уақтылы аударылмаған кезде өсімпұлды төлеу және берешекті өндіріп алу
Тармақ 30
30. Табыс іс жүзінде төленген және қызметкер оны алған кезде агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе агент мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда) Ұлтық Банктің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен қоса міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын қызметкерлердің пайдасына аударуға тиіс.
Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға уақтылы есептейді, ұстап қалады (есебіне жазады) және төлейді.
Тармақ 31
31. Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны (есебіне жазбағаны) және аудармағаны үшін өсімпұлды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның актісімен бекітілетін экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдерді тағайындау және оларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібіне сәйкес айқындалатын төлемдерді тағайындау кодтарын көрсете отырып, кейіннен салымшының (алушының) шарты қолданыста болатын БЖЗҚ-ға Мемлекеттік корпорацияның аударуы үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына төлейді.
Тармақ 32
32. Агенттер мiндеттi зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға уақтылы аудармағаны үшін өсiмпұл төлеуді осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Әрбір төлем құжаты, оған қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімдері даналарының саны, сондай-ақ оларды беру және сақтау тәртібі мен мерзімдері осы Қағидалардың 13-тармағында міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін белгіленген шарттарға ұқсас.
Агенттер өсiмпұлды уақтылы аудармаған жағдайда, аудару жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматындағы төлем құжатын қалыптастыру арқылы әрбір ай үшін жеке-жеке жүргізіледі.
Тармақ 33
33. Саны елу адамнан асатын жұмыскерлерi бар агент өсiмпұл төлеу кезінде осы Қағидалардың 13-тармағында айқындалған тәртіппен банкке жеке тұлғалардың қағаз және электрондық жеткізгіштердегі тізімін қоса бере отырып, төлем құжатын ұсынады.
Тармақ 34
34. Төлем құжатына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімдерді әрбір жеке тұлға бойынша "жарна сомасы" деген бағанды қоспағанда, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезінде жеке тұлғалардың тізімі үшін осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген деректемелерді қамтиды. Жарна сомасының орнына өсiмпұлдың тиісті сомасы көрсетіледі.
Жеке тұлғалардың тізімдерінде агент өздері үшін міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған салымшылар (алушылар) ғана көрсетіледі.
Тармақ 35
35. Банктер агенттер төлем құжаттарын көрсеткен кезде жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып, МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен Мемлекеттік корпорацияның банк шотына өсiмпұл аударуды жүргізеді.
Тармақ 36
36. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға ақшаны уақтылы аудармағаны үшін Заңда белгіленген мөлшерде өсiмпұл төлейді.
Мемлекеттік корпорация өсiмпұл төлеу үшін агенттің төлем тапсырмасы негізінде әрбір жеке тұлға бойынша "жарна сомасы" деген бағанды қоспағанда, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезінде жеке тұлғалардың тізімі үшін осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген деректемелерді қамтитын жеке тұлғалардың тiзiмiн қоса бере отырып, MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмасын қалыптастырады. Жарна сомасының орнына тізімге сәйкес әрбір жеке тұлға бойынша бөлінген өсімпұл сомасы көрсетіледі.
Тармақ 37
Тармақ 38
38. БЖЗҚ алынған өсiмпұлды жеке тұлғалардың тізімдеріне сәйкес салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына аударады.
Тармақ 39
39. Жеке тұлғалардың тізімі қоса берілмей аударылған өсiмпұл агентке қайтарылуға тиіс, келесі аударым кезінде өсiмпұлдың сомасы көрсетілген тізімді ұсынудың кешіктірілген күндерінің санына ұлғаяды.
Тармақ 40
40. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органы агентке кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін Мемлекеттік корпорацияға аударылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.
Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 41
41. Хабарлама агентке жеке өзіне қол қойғызып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табысталуға тиіс. Бұл ретте төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен – пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында агент белгі қойған күннен бастап агентке табысталды деп есептеледі.
Бұл ретте мұндай хабарлама пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қабылдағаны туралы белгі қойған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы жеткізілуге тиіс.
Пошта немесе өзге де байланыс ұйымы осы тармақта көзделген, мемлекеттік кірістер органдары хабарламасы бар тапсырыс хатымен пошта арқылы агентке жіберген хабарламаны қайтарған жағдайда Салық кодексінде белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша куәгерлерді тарта отырып, салықтық тексеру жүргізу күні мұндай хабарламаны табыс ету күні болып табылады;
Тармақша 2
2) электрондық тәсілмен:
хабарламаны веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап агентке табысталды деп есептеледі.
Бұл тәсіл электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық тәсілмен мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасайтын агентке қолданылады;
«электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарлама жеткізілген күннен бастап агентке табысталды деп есептеледі.
Аталған тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген агентке қолданылады;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік корпорация арқылы – өзі келіп оны алған күннен бастап агентке табысталды деп есептеледі.
Тармақ 42
42. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кірістер органы:
Тармақша 1
1) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агенттің;
Тармақша 2
2) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің банк шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мыналардан:
Салық кодексінің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге тиіс айыппұлдарды төлеу жөніндегі операциялардан;
ақшаны:
өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен есеп айырысу үшін, жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбекақы төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі клиенттің міндеттемелері бойынша ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша;
салық берешегін, кедендік төлемдер, салық және өсімпұл бойынша берешекті өтеу бойынша алып қоюдан басқа, агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға міндетті.
Агенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісу бойынша бекіткен нысан бойынша шығарылады.
Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мыналар:
Салық кодексінің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оны уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге тиіс айыппұлдарды төлеу есебіне кейіннен аудару үшiн ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсыру;
егер касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қатысты шығарылған болса, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенттердің қолма-қол ақшасын беруі жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Агент мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін түсетін қолма-қол ақшаны Мемлекеттік корпорацияға аудару арқылы, қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей бұлжытпай орындауға тиіс.
Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім берешек сомасы туралы хабарламаны жіберу және ұсыну үшін осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген тәсілдермен агентке жолданады және ұсынылады.
Мемлекеттік кірістер органының агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кірістер органы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
Тармақ 42-1
42-1. Міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімін хабарлама жіберген мемлекеттік кірістер органына:
Тармақша 1
1) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агент;
Тармақша 2
2) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агент ұсынады.
Тармақ 43
43. Мемлекеттік кірістер органы осы Қағидалардың 42-1-тармағына сәйкес агент ұсынған тізімдер негізінде міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын агенттердің банктік шоттарынан тізімдерді алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.
Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті агенттердің банктік шоттарынан өндіріп алу агент ұсынған тізімдерді қоса бере отырып, мемлекеттік кірістер органының инкассалық өкімі негізінде жүзеге асырылады.
Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шотта (шоттарда) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда банк клиенттің ақшасын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен алып қояды.
Агенттің банктік шотында ұлттық валютадағы ақша болмаған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу агенттің шетелдік валютадағы банктік шоттарынан мемлекеттік кірістер органдарының ұлттық валютада шығарған инкассалық өкімдері негізінде жүргізіледі.
Тармақ 44
44. Мемлекеттік кірістер органы бенефициарды – Мемлекеттік корпорацияны көрсете отырып, агенттің банктік шотына (шоттарына) инкассалық өкімдер шығарады.
Тармақ 45
Тармақ 46
Тармақ 47
Тармақ 48
48. Міндетті зейнетақы жарналарын банк шотын ашпай төлеген кезде банктердің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге байланысты шығыстар агенттің қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тармақ 49
49. Агенттердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсiмпұл төлеуін, БЖЗҚ жүргізетін міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтаруын бақылауды қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік корпорация күн сайын (өткен күн үшін) мемлекеттік кірістер органдарына қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, сондай-ақ қайтарылған тізілімдерін және электрондық төлем тапсырмаларын ұсынады.
Мыналар жеке ұсынылады:
Тармақша 1
1) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер банкке қолма-қол ақшамен енгізген қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, қайтарылған сомаларының тізілімдері;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, сондай-ақ баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұстап қалған, баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын, қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналары есепке алынған аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері.
Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, қайтарылған сомаларының тізілімдері бойынша ай сайынғы есепті Мемлекеттік корпорация мемлекеттік кірістер органдарына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнiнен кешіктірмей ұсынады.
Тарау 4. 4-тарау. Мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару
4-тарау. Мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару
Тармақ 50
50. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде қателер анықталған жағдайда салымшылардың (алушылардың), агенттердің және БЖЗҚ-ның іс-қимылы, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға уақтылы аудармаған кезде өсімпұлды төлеу және берешекті өндіріп алу осы Қағидалардың үшінші тарауында мiндеттi зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару үшін көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
Басқа 1. Салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу туралы өтініші
Міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына
аудару және олар бойынша өндіріп
алу қағидалары мен мерзімдеріне
1-қосымша
Салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу туралы өтініші
Мен, _____________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)
осы арқылы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағының
Тармақша 2
2) тармақшасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға келісім беремін.
Мына деректемелерді дұрыс деп есептеуді сұраймын:
ЖСН (2013 жылғы 1 қаңтардан кейінгі кезең үшін) ______________
Т.А.Ә. (бар болса) ___________________________________________
Туған күні ___________________________________________________
Міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
____________ ___________
(қолы) (күні)
Басқа 2. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен жұмыскерде жеке зейнетақы шотының болуы туралы
анықтама-pacтама
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне
2-қосымша
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен жұмыскерде жеке зейнетақы шотының болуы туралы
анықтама-pacтама
Мемлекеттік корпорация жұмыскер(лер)дің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен жеке зейнетақы шотының бар (жоқ) екені туралы хабарлайды
Р/с №
Тегі
Аты
Әкесінің аты (бар болса)
Туған жылы
ЖЖААКК
Жеке сәйкестендіру нөмірі
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен жұмыскердің жеке зейнетақы шотының болуы туралы ақпарат
1
2
3
4
5
6
7
М.О. Мемлекеттік корпорацияның
аудандық (қалалық)
бөлімнің басшысы ___________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
Берілген күні 20__ жылғы «____» ___________
Басқа 3. Растау-анықтама
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне
3-қосымша
Растау-анықтама
міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде мынадай төлем тапсырмаларында салымшылар деректемелерінде қателер жіберілгенін растайды:
Төлем тапсырмасының нөмірі
Төлем тапсырмасының күні
Төлем тапсырмасының референсі
Салымшының жеке сомасы
Т.А.Ә. (бар болса) және туған күні(салымшының дұрыс емес деректемелері)
1
2
3
4
5
Жарамды деп есептелсін
ЖСН __________________________________________________________
Т.А.Ә. (бар болса)_______________________________________________
Туған күні ______________________________________________________
Бірінші басшы _______________________________
(Т.А.Ә. (бар болса) (қолы)
Бас бухгалтер _______________________________
(Т.А.Ә. (бар болса) (қолы)
_____________________
Басқа 4. Салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелеріне өзгерістер енгізу туралы өтініші
Міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына
аудару және олар бойынша өндіріп
алу қағидалары мен мерзімдеріне
4-қосымша
Салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелеріне өзгерістер енгізу туралы өтініші
Мен, _________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)
осы арқылы міндетті зейнетақы жарналарын/міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын аудару кезінде менің деректемелерімде қателер жіберілгенін хабарлаймын, атап айтқанда:
____________________________________________________________________
(қателер жіберілген деректемелер көрсетіледі)
Мынадай деректемелерді жарамды деп есептеуді сұраймын:
ӘЖК (2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең үшін) _______________
ЖСН (2013 жылғы 1 қаңтардан кейінгі кезең үшін) ______________
Т.А.Ә. (бар болса)____________________________________________ Туған күні ___________________________________________________
Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
__________ _____________
(қолы) (күні)
Басқа 5. Агенттің қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомасын қайтаруға арналған өтініші
Міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына
аудару және олар бойынша өндіріп
алу қағидалары мен мерзімдеріне
5-қосымша
Агенттің қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомасын қайтаруға арналған өтініші
"Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясы
__________________________
Тармақ 1
1. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын және (немесе) өсімпұлды төлеушінің (агенттің)
деректемелері
Атауы ______________________________________________________________
БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша) _______________________
СТН (01.01.2013 ж. дейінгі төлемдер бойынша) _______________________
БСК ________________________ ЖСК ___________________________________
Тармақ 2
2. Қате жіберілген төлем тапсырмасының деректемелері № _______
_______________________________ күні 20__ жылғы "___" ______________
Төлем тапсырмасының жалпы сомасы ___________________________________
Тармақ 3
3. Салымшының деректемелері __________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)
Салымшының ЖСН _____________________________________________________
Салымшы жарнасының сомасы __________________________________________
Қайтарылуға тиіс сома ______________________________________________
Тармақ 4
4. ___________________________________________________________
(қайтару талап етілетін себеп көрсетіледі, мысалы, қызметкер жұмыстан
босатылды, ТТК, кезең, агенттің банктік деректемелері, салымшының деректемелері қате көрсетілген, резидент емес және т.б.) байланысты кейінгі төлемдермен түзету мүмкін болмайды.
Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз
____________________________________________________________________
(кәсіпорынның толық деректері, барлық банктік деректемелер көрсетіледі)
____________________ __________________________
(басшының қолы) (бас бухгалтердің қолы)
____________________
(күні)
Басқа 6. Салымшының (алушының) қате есептелген сомаларды өзінің жеке зейнетақы шотынан есептен шығаруға келісетіні туралы өтініші
Міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына
аудару және олар бойынша өндіріп
алу қағидалары мен мерзімдеріне
6-қосымша
Салымшының (алушының) қате есептелген сомаларды өзінің жеке зейнетақы шотынан есептен шығаруға келісетіні туралы өтініші
Мен, _________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)
ЖСН __________________________________________________________
Осы арқылы менің жеке зейнетақы шотыма қате аударылған
____________________________________________________________________
(сомасы жазбаша)
____________________________________________________________________
сомасындағы міндетті зейнетақы жарналарының/міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қайтарылуына келісім беремін.
(Қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және/немесе өсімпұлдың сомасын бірнеше төлем тапсырмалары бойынша қайтару қажет болған жағдайда, қайтарылуға тиіс сома әрбір төлем тапсырмасына жеке-жеке көрсетіледі)
Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
_________ _________
(қолы) (күні)
Басқа 7. БЖЗҚ-ға аударылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама
Міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына
аудару және олар бойынша өндіріп
алу қағидалары мен мерзімдеріне
7-қосымша
БЖЗҚ-ға аударылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама
Басқа 8. Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі
Міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына
аудару және олар бойынша өндіріп
алу қағидалары мен мерзімдеріне
8-қосымша
Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі
Басқа 106. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1116 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат).
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 2010 қаулысы.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 желтоқсандағы № 1671 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 47, 553-құжат).
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 561 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25, 239-құжат).
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 185 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 8, 103-құжат).
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 және 2001 жылғы 22 желтоқсандағы № 1671 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 659 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 338-құжат).
Тармақ 7
7. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 170 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 9, 83-құжат).
Тармақ 8
8. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы № 736 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 29, 311-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
Тармақ 9
9. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы № 1116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 468-құжат).
Тармақ 10
10. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 178 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 87-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.
Тармақ 11
11. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
Тармақ 12
12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 620 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 294-құжат).
Тармақ 13
13. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1343 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 622-құжат).
Тармақ 14
14. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1350 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 561-құжат).
Тармақ 15
15. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 648 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 534-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
Тармақ 16
16. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1196 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1028-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
Тармақ 17
17. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 551 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.