Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регистрации операций с финансовыми инструментами

Қаулы · № 215 · қабылданған 27.08.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-74840/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регистрации операций с финансовыми инструментами Күшін жойған Қаулы ·№ 215 ·27.08.2013
11.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регистрации операций с финансовыми инструментами

Күшін жойған Қаулы ·№ 215 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регистрации операций с финансовыми инструментами
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
215
Қабылданған күні
27.08.2013
Көрсетілген редакция
11.04.2016 AI74840_10.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008799
ЭКБ идентификаторы
74840
Редакция идентификаторы
AI74840_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:24

0 Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасының қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.

3

3. «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – орталық депозитарий) және «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – тіркеуші) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне орталық депозитарий мен тіркеушінің ережелер жинағына өзгерістер мен толықтыруларды белгіленген тәртіппен келісуге ұсынсын.

4

4. Тіркеуші осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің қосалқы шотындағы және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің қосалқы шотындағы айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде оқшауланған бағалы қағаздарды ұстаушылардың қосалқы шоттарындағы бағалы қағаздардың саны туралы, орталық депозитарийдің айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқығына тиісті сәйкестендіргіш беру туралы мәліметтерді ұсыну туралы орталық депозитарийге сұрату жіберсін.

5 5. Орталық депозитарий осы қаулының 4-тармағында көрсетілген тіркеушінің сұратуын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тіркеушіге сұрату бойынша мәліметтерді жіберсін.

6

6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізуге арналған үлгі шартты бекіту туралы» 2008 жылғы  29 желтоқсанда № 239 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5538 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

7

7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осы қаулыға қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағының он сегізінші және он тоғызыншы абзацтары 2013 жылғы 1 қыркүйектен кейін туындаған қатынастарға қолданылады.

0 Қазақстан Республикасының қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 215 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

1 1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2 2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3

3. «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5531 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесінде:
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақта көрсетілген бөлімшелердің қызметкерлеріне басқа бөлімше қызметкерлерінің функциялары мен міндеттерін қоса атқаруға жол берілмейді.»;
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

2 «2) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясына ие;»;

16 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

16 «16. Орталық депозитарий қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді тіркеу жөніндегі операцияларды және ақпараттық операцияларды мыналардың:

1 1) осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың тиісті бұйрықтарының;

2 2) сауда-саттықты ұйымдастырушының бұйрықтарының;

3 3) клиринг ұйымының бұйрықтары;

4 4) эмитентің бұйрығы және тіркеушінің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде орталық депозитарийге ашылған жеке шот бойынша жүргізілген осы эмитент шығарған қаржы құралдарын айырбастаған кездегі қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеу бойынша операциялар туралы хабарламасы (есебі);

5 5) орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында белгіленген тәртіпте орталық депозитариймен шарт жасаған депонент клиентінің бұйрығы негізінде жүзеге асырады.

Ақпараттық операциялар орталық депозитарийдің ережелер жиынтығында көзделген жағдайларда депонент клиенттерінің бұйрықтары негізінде жүзеге асырылады.»;
17-тармақта:

1 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

1

«1) орталық депозитарий клиентінің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға арналған іс-қимылын тоқтата тұрғанда немесе лицензиясын айырғанда (басқа депоненттерге номиналды ұстауға қаржы құралдарын аудару жөніндегі немесе орталық депозитарийдің номиналды ұстауындағы қаржы құралдарын шығарған операциялар мен ақпараттық операцияларды қоспағанда);

3 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

3

«3) бағалы қағаздар шығару талаптарына сәйкес бағалы қағаздар айналысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған кезде (ақпарат операцияларын, номиналды ұстау ауысқан кезде немесе осындай бағалы қағаздарды өтеу кезінде жүргізілетін қажетті операцияларды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына ашылған қосалқы шоттардан бағалы қағаздарды есептен шығару және жинақтаушы зейнетақы қорларына ашылған қосалқы шоттарға енгізу операцияларды қоспағанда);»;

8 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

8 «8) бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздарға ауыртпалық салынғанда;»;

11 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

11 «11) қаржы құралдарын номиналды ұстауға (ұстаудан) енгізуге (шығаруға) орталық депозитарийдің бұйрығын есепке алу ұйымының орындамағаны туралы хабарламаны алған кезде;»;

мынадай мазмұндағы 27-1, 27-2 және 27-3-тармақтармен толықтырылсын:

27-1

«27-1. Тіркеушінің сұратуы негізінде орталық депозитарий орталық депозитарийдің ережелер жиынтығында белгіленген тәртіппен айналыс мерзімі өткен, эмитенттің оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамауы нәтижесінде осы талап ету құқығы туындаған эмитенттің эмиссиялы бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының сәйкестендіргішін беруді жүзеге асырады және тіркеушіге:
осындай эмиссиялық бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіргіш нөмірін көрсете отырып эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының берілген сәйкестендіргіші туралы;
айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған эмитенттің қосалқы шотында және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің қосалқы шоттарында өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны туралы;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың қосалқы шотында оқшауланған бағалы қағаздардың саны туралы мәліметті жібереді.

27-2

27-2. Тіркеушіден айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын есепке алу бойынша бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде орталық депозитарийге ашылған жеке шот бойынша жүргізілген операциялар туралы хабарламаны (есепті) алғаннан кейін орталық депозитарий осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды (номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде оқшаулау операциясы жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) депоненттердің және олардың клиенттерінің қосалқы шоттарынан есептен шығару және осындай бағалы қағаздар (ауыртпалық салу, сенімгерлік басқару) бойынша туындаған міндеттемелерді сақтай отырып эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын есепке алу бойынша операцияларды жүргізеді және депоненттерге мыналар:
айналыс мерзімі өткен және эмитент эмиссиялық бағалы қағаздарды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитент жіберген дефолт;
эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша берілген талап ету құқығының сәйкестендіргіші;
орталық депозитарийдің есепте алу жүйесінде айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды депоненттердің және олардың клиенттерінің қосалқы шоттарынан есептен шығару және эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын есепке алу бойынша жүргізілген операциялар туралы мәліметтерден тұратын хабарламаны жібереді.
Орталық депозитарий эмитенттің айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы сәйкестендіргішінің тізілімін жүргізеді.

27-3

27-3. Орталық депозитарий орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде эмиссиялық бағалы қағаздарды оқшаудан шығару бойынша операцияны жүргізген күннен кейінгі келесі жұмыс күннен кешіктірмей тіркеушіге ол туралы хабарлама жібереді.».

4 4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 10 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

0.1 _______________________________________________________________ 20__ жылғы ___ ________ жағдай бойынша __ №___ бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірме

Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығының
мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілердің тізбесіне
1-қосымша
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің
жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Нысан
_______________________________________________________________ 20__ жылғы ___ ________ жағдай бойынша __ №___ бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірме

0.2 Тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, нөмірі, телефоны, факс

Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығының
мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілердің тізбесіне
2-қосымша
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің
жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Нысан
Тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, нөмірі, телефоны, факс

Қолданыстағы