О совершенствовании работы по начальной военной подготовке Күшін жойған
Басқа 0
Бастапқы әскери дайындық жөніндегі жұмыстарды жетілдіру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2004.05.14 N 44 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 «Бастапқы әскери даярлық туралы» қаулысын орындау үшін және жұмысты әрі қарай жетілдіру мақсатында:
Тармақ 1
1. Қалалар және аудандар әкімдері әскери комиссариаттармен бірлесе отырып жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін жас өспірімдермен бір немесе бірнеше кәсіпорында немесе қорғаныс – спортты сауықтыру лагерінің (ҚССЛ) негізінде бастапқы әскери даярлау (БӘД) оқу пунктерін қалпына келтіру жөніңдегі жұмыстарды жалғастырсын.
Тармақ 2
2. Облыстық білім беру департаменті (Е.П.Бекметов) және облыстық әскери комиссариат (М.Е.Дарманқулов) жыл сайын облыс қалалары мен аудандарындағы оқу орындары, оқу пунктері, қорғаныс – спортты сауықтыру лагерлеріндегі БӘД ұйымдастыру және өткізу, шақыруға дейінгі және шақырылу жасындағы жастардың дене тәрбиесі дайындығын және әскери – патриоттық тәрбиелеуді арттыру жөніндегі негізгі шараларының біріккен жоспарын әзірлесін, бастапқы әскери даярлық жағдайын тексеру жөніндегі комиссия құрамын тексеру кестесін бекітсін.
Тармақ 3
3. Облыстық білім беру департаменті (Е.П.Бекметов):
- оқу орындарының бастапқы әскери даярлаулы ұйымдастырушы оқытушылармен жинақталуына бақылау жасауды және жыл сайын олардың біліктілігін арттыру курстарына, медициналық- санитарлық даярлау оқытушыларының дексаулық сақтау, білім беру, ТЖ жөніндегі басқармалар органдарымен бірлескен әдістемелік сабақтарға жіберілуін жүзеге асырсын;
- жалпы білім беретін мектептердің мектеп бітіруші және бітіретін сыныптары, меншік нысанына қарамастан кәсіптік мектептер мен колледждердің бітіруші және бітіру курс оқушыларын, оларды одан кейін жыл сайын қорғаныс - спортты сауықтыру лагерлеріндегі оқу - дала жиындарына қатыстыру үшін БӘД толық қамтылуына қол жеткізсін;
- облыс оқу орындарында бастапқы әскери даярлаудың оқу - материалдық базасының толық жинақталуына қол жеткізсін;
- әрбір оқу орынында әскери патриоттық тақырыпты баяндайтын көрнекті үгіт жасау материалдарын жүйелі түрде жаңартсын;
- әскери комиссариатпен бірлесе отырып, орта білімі жоқ әскерге шақыру жасындағы азаматтарды анықтау және оқу орындарына бекіту жөніндегі жұмыстар жүргізсін, олардың міндетті орта біліммен толық қамтылуына қол жеткізсін;
- әскери комиссариатпен бірлесе отырып, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ дене тәрбиесі факультетінде әскери даярлау оқытушыларына кандидаттар іріктеу жөнінде жұмыстар жүргізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық, қалалық және аудандық әскери комиссариаттар облыстағы әскери комиссариаттар жанынан кұрылған штаттан тыс әдістемелік кеңестердегі БӘД жөніндегі оқуәдістемелік жұмыстарғы басшылық жасасын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ.Қ.Ермекбаев) медициналық -санитарлық даярлау оқытушыларын іріктеуді, даярлауды және олардың жұмысын бақылауды қамтамасыз етсін. Оқу орындарына оқушылармен машықтық сабақтар өткізу үшін емдеу мекемелерін бекітсін және олардың дайындығына бақылау жасауды жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық ТЖ жөніндегі басқарма (М.К.Ысқақов), облыстық туризм және спорт комитеті (В.Л.Громов) облыстық білім беру департаментімен бірлесе отырып, жастардың тұрмыс тіршілік қауіпсіздік негіздері бойынша оқуына, шақыруға дейінгі және шақырылу жасындағы жасөспірімдердің дене тәрбиесі дайындығына бақылау жасасын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуы туралы ақпарат жыл сайын 20 шілдеге тапсырылсын.
Тармақ 8
8. Облыс әкімінің 1999 жылғы 6 қырқүйектегі «1998-1999 оқу жылдарында бастапқы әскери даярлау жүргізудің қортындылары және 1999-2000 оқу жылдарында оны жақсарту жөніндегі міндеттер туралы» № 155 шешімінің күші жойылған деп табылсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімнің орынбасары Х.Б.Қабжаңовқа жүктелсін.