Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О работе служб ГО и ЧС Восточно-Казахстанской области для проведения спасательных и неотложных работ в случае возможного землетрясения в г. Алматы

Өзге акт · № 945 · қабылданған 16.11.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7499/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-22 · adilet.kz
О работе служб ГО и ЧС Восточно-Казахстанской области для проведения спасательных и неотложных работ в случае возможного землетрясения в г. Алматы Күшін жойған 16.11.2000 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О работе служб ГО и ЧС Восточно-Казахстанской области для проведения спасательных и неотложных работ в случае возможного землетрясения в г. Алматы

Күшін жойған Өзге акт № 945 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О работе служб ГО и ЧС Восточно-Казахстанской области для проведения спасательных и неотложных работ в случае возможного землетрясения в г. Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласында жер сiлкiнiсi болуы мүмкiн жағдайда Шығыс Қазақстан облысы АҚ және ТЖ қызметтерiнiң жұмысы туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
945
Қабылданған күні
16.11.2000
Көрсетілген редакция
16.11.2000 7499_261329.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00V0000396
ЭКБ идентификаторы
7499
Редакция идентификаторы
7499_261329
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:10
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Алматы қаласында жер сiлкiнiсi болуы мүмкiн жағдайда Шығыс Қазақстан облысы АҚ және ТЖ қызметтерiнiң жұмысы туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы N 31 шешімімен.
"Алматы қаласында, Алматы және Талдықорған облыстарында болуы мүмкiн жер сiлкiнiстерiнiң залалын азайту және олардың зардаптарын жою жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 1490 Қаулысының және "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 1490 Қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 қаңтардағы N 25 Қаулысының талаптарына сәйкес, сондай-ақ алдын-ала ескерту шараларын, апаттан құтқару қызметтерi мен бөлiмдерiн қосымша жарақтандыру мен дайындық сапына келтiрудi жүргiзу, құлақтандыру жүйесiн әзiрлеу, қажеттi материалдық-техникалық қорларды жасау мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:

1. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстың АҚ және ТЖ қызметтерiнiң бастықтары Алматы қаласында бүлдiргiш жер сiлкiнiсi болған жағдайда құтқару және шұғыл қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн (N 1 қосымша) күштер мен құралдарды бөлудi және iске қосуды қамтамасыз етсiн. Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар басқармасымен бiрге жаттығулар мен оқу-үйренудi үзбей жүргiзудi жалғастырсын.

2. Алматы қаласына құтқару және шұғыл қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге бөлiнген күштер мен құралдарды жiберудi қисындастыру әдiсiмен - әуе, темiржол және автомобиль көлiктерiмен жүргiзу жүзеге асырылсын.

Құрылымдардың жеке құрамын жiберу (N 2 қосымша) Өскемен және Семей қалаларының аэропорттарынан әуе көлiгiмен жүзеге асырылсын.
Жеке құрам мен техниканы темiржол көлiгiмен жiберу (N 3 қосымша) Защита, Семей, Зырян, Жалғыз Төбе стансаларынан жүзеге асырылсын.
Автомобиль колонналарымен жiберу негiзгi екi бағытта жүргiзiлсiн: Семей-Алматы және Өскемен-Алматы.

3. Шығыс Қазақстан облысының АҚ және ТЖ көлiк қызметiнiң бастығы көлiкпен қамтамасыз ету есебiн талдап жасасын. әуе, темiржол және автомобиль көлiгi органдарымен бiрге АҚ және ТЖ құрылымдарының жеке құрамын, техникасы мен мүлкiн құтқару және басқа шұғыл жұмыстар жүргiзу орындарына жеткiзудi жүзеге асырсын. Жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жою және зардап шеккен адамдарға көмек көрсету үшiн апаттан құтқару қызметiнiң жеке құрамын және арнайы жүктердi бiрiншi кезекте жеткiзу қамтамасыз етiлсiн.

4. Алматы қаласында болуы мүмкiн жер сiлкiнiстерiнiң зардаптарын жою үшiн күштер мен құралдар бөлетiн облыстың қалалары мен аудандарының әкiмдерi облыстың сауда және тамақтандыру қызметтерiнiң бастықтарымен, сондай-ақ АҚ және ТЖ жанар-жағар май материалдары қызметтерiнiң бастықтарымен бiрге жiберу уақытын ескере отырып үш тәулiкке жеке құрамды тамақтандыруды қамтамасыз ететiн азық-түлiк және жанар-жағар май материалдарының қорын жасасын, сондай-ақ мынадай есепте жанар-жағар май материалдарының: темiржол көлiгiмен жiберiлетiн техника үшiн бiр рет құюға, қалған техника үшiн өз жүрiсiмен бүкiл жол жүру бойына жетерлiк қоры жасалсын, бұл үшiн автомобиль колонналарында талап етiлетiн отын мөлшерi бар жанар-жағар май құятын көлiк қажеттi мөлшерде болсын.

5. Облыстың АҚ және ТЖ құлақтандыру және байланыс қызметтерiнiң бастықтары байланыс схемасын жасасын және жол жүру кезiне автомобиль колонналарымен және облыстық төтенше жағдайлар басқармасымен байланыс ұйымдастырсын.

6. АҚ және ТЖ қоғамдық тәртiптi сақтау қызметiнiң бастығы автомобиль колонналарының жүру бағыттарында жол қозғалысын, сондай-ақ автомобиль колонналарын құру аудандарында, аялдайтын, темiржол көлiгiмен жiберiлетiн техниканы тиеу және түсiру жерлерiнде, сондай-ақ аэропорттарда қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз етсiн.

7. Автомобиль колонналарын құру және жол жүру барысына басшылық ету мыналарға жүктелсiн: N 1, 2, 4, 6, 7 колонналары - Өскемен қаласының әкiмiне; N 3 колонна - Лениногор қаласының әкiмiне; N 5 колонна - Семей қаласының әкiмiне.

8. Қоғамдық тәртiптi сақтау, құлақтандыру және байланыс; сауда және тамақтандыру; жанар-жағар май материалдары, көлiк қызметтерiнiң бастықтары облыстан бөлiнетiн күштер мен құралдарды қамтамасыз ету жөнiнде тиiстi есептер әзiрлесiн және 2000 жылғы 30 қазанға дейiн облыстық төтенше

жағдайлар басқармасына тапсырсын.

9. Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы,

облыстық күштер мен құралдар бөлетiн қалалары мен аудандарының әкiмдерi
2000 жылғы 1 желтоқсанға дейiн жер сiлкiнiстерiнiң зардаптарын жою үшiн
күштер мен құралдар бөлу жоспарын жасап, түсiнiк қағазын берсiн.

10. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы

әкiмiнiң орынбасары Ю.П. Швайченкоға жүктелсiн.

Алматы қаласының жер сiлкiнiс болған кездердегi зардаптарды жоюына Шығыс Қазақстан облыстан бөлiнетiн күштер мен қаражаттар

Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң

2000 жылғы 16 қараша N 945

шешiмiне N 1 қосымша

Алматы қаласының жер сiлкiнiс болған кездердегi зардаптарды
жоюына Шығыс Қазақстан облыстан бөлiнетiн күштер мен қаражаттар

Мемлекеттiк мекеменiң

"Шығыс Қазақстан облысының төтенше

жағдайлар жөнiндегi басқармасы"

бастығы

Алматы қаласындағы бүлдiргiш жер сiлкiнiстен кейiн зардаптарды жоюға Шығыс Қазақстан облыстан бөлiнетiн күштер мен қаражаттардың есебi (анықталған)

Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң

2000 жылғы 16 қараша N 945

шешiмiне N 2 қосымша

Алматы қаласындағы бүлдiргiш жер сiлкiнiстен
кейiн зардаптарды жоюға Шығыс Қазақстан облыстан
бөлiнетiн күштер мен қаражаттардың есебi (анықталған)

"Шығыс Қазақстан төтенше

жағдайлар жөнiндегi басқармасы"

Мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы

Алматы қаласындағы бүлдiргiш жер сiлкiнiстен кейiн зардаптарды жоюға Шығыс Қазақстан облыстан бөлiнетiн темiр жолымен жеткiзу күштер мен қаражаттардың есебi (анықталған)

Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң

2000 жылғы 16 қараша N 945

шешiмiне N 3 қосымша

Алматы қаласындағы бүлдiргiш жер сiлкiнiстен кейiн
зардаптарды жоюға Шығыс Қазақстан облыстан бөлiнетiн
темiр жолымен жеткiзу күштер мен қаражаттардың есебi (анықталған)

ЕСКЕРТУ:

1. Эшелондар таблицаға түкті түсру стансасына келу уақыты бойынша

тiркеледi.

2. Топқа азаматтық қорғаныс құрылымдары, штаттық апаттық құтқару

қызметтері, Министрлiктермен, ведомстволардың және басқаларының
құрылымдары қосылады және басқа құрылымдар.

3. Есептер 2-данада жiберiледі (бiрiншiсi ҚРТЖА не, екіншiсi

3. Есептер 2-данада жiберiледі (бiрiншiсi ҚРТЖА не, екіншiсi
Алматы қ.).

"Шығыс Қазақстан облысының төтенше

жағдайлар жөнiндегi басқармасы"

Мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы