О выдаче и удостоверении сертификатов о происхождении товаров Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тауарлардың шығу тегi туралы сертификатты беру және куәландыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен "Тауардың шыққан елiн анықтаудың тәртiбi туралы" Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Үкiметтерi Басшылары Кеңесiнiң 1993 жылғы 24 қыркүйектегi шешiмiнiң 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында тауарлардың шығу тегi туралы сертификат беру мен куәландыру жөнiндегi өкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi болып табылады деп белгiленсiн. 📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақтағы сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.08. N 505; 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.03. N 634 қаулыларымен .
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi сауда режимi туралы келiсiмдермен көзделген преференцияны Қазақстан Республикасына тарату үшiн ТМД-ға мүше мемлекеттердiң сыртқы экономикалық ведомстволарына, ЕЭҚ-ға және басқа шетелдерге мөрдiң және тауарлардың шығу тегi туралы сертификаттарды растауға өкiлеттi адамдардың қойған қолының үлгiлерiн жiберсiн.