О введении системы безналичной оплаты парковки автотранспорта на временных стоянках г. Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласындағы уақытша тұрақтарда автокөлікті қоюдағы аударым төлемі жүйесін енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 06.08.2004 № 3/648 қаулысымен.
Алматы қаласындағы уақытша тұрақтарда автокөлікті қоюдағы аударым төлем жүйесін жақсарту, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру, ақша қаражатының жиынын толықтыруды қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 1999 жылдың ішінде Алматы қаласындағы уақытша тұрақтарда автокөлікті қоюдағы аударым төлем жүйесі енгізілсін.
Тармақ 2
2. "Инфотранс" АҚ-ның (Н.К. Әбдіғалиев) Алматы қаласындағы уақытша тұрақтарда автокөлікті қоюдағы аударым төлем жүйесін енгізу туралы ұсынысы қабылдансын (№ 1 қосымша).
Тармақ 3
3. "Көріктендіру" АҚ (А.Я. Карпов) бір айдың ішінде "Инфотранс" АҚ-мен уақытша тұрақтардағы автокөлікті қоюдағы аударым төлем жүйесін енгізу туралы шарт жасасын және оны енгізгеннен кейін ақша қаражатын қайтаруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қалалық экономика комитеті (Л.А. Васильева) уақытша автотұрақтарда олардың шығының ескеріп, аударым төлем жүйесінің енгізілу мерзімін және жаңа коэффициенттерді енгізуді ескеріп, ақша қаражатының түсу жоспарына түзетулерді жүргізсін.
Тармақ 5
5. Коммуналдық меншікті басқару департаменті (А.Қ. Қасымов) "Инфотранс" АҚ-ның енгізу, реттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейінгі осы жүйенің балансын ұстаушыны анықтасын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Я.И. Заяцқа жүктелсін.
Басқа 7. Жұмыс бағдарламасы
Алматы қаласы Әкімінің
1999 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 1155 шешіміне
№ 1 қосымша
Автокөлік қоюдағы төлемді жинауда аударым
жүйесін енгізу жөніндегі
Жұмыс бағдарламасы
Тармақ 1
1. Кіріспе
Осы құжатта Алматы қаласында уақытша тұрақтарда аударым есеп жүйесін ұйымдастыру тұжырымдамасы ұсынылады.
Тармақша 1.1
1.1. Алматы қаласының уақытша тұрақтарында тұрақ орындарындағы төлем жүйесін жүзеге асыру бағалары.
Уақытша тұрақтардың құрамы мен оның сипаттамасы бірінші кестеде көрсетілген.
Уақытша тұрақтардың тиімділігін анықтайтын негізгі сипаттамаларға мыналар жатады:
- тұрақ орындарының саны - Тос;
- автокөлікті ауыстыру тиімдігі - Аат;
- төлем тиімділігі - Тт;
- бір айдағы есептесу күндері - Баек;
- бір қойылым күніндегі өлшем тарифі - Бқкөт.
Берілген сипаттамадағы орташа көрсеткіш, осыларды мына мағынада пайдалануға болады:
Аат = 1,5; Тт = 0,6; Баек = 25 күн; Бқкөт = 50 теңге. (1)
Бір тұрақтағы ақша айналымы бір айдың ішінде мыналарды көрсетеді:
Бтаа = Аат х Тт х Баек х Бқкөт теңге (2)
Тұрақтағы бір анықталған орын мынаны құрайды:
Бтаа = 1,5 х 0,6 х 25 х 50 = 1125 теңге
Уақытша тұрақтағы ақша айналымы мынаны құрайды:
Утаа = Бтаа х Аат теңге
Тұрақтағы ақша айналымының жинау ерекшелігі бақылауды күшейтіп, жиынды тұрақтандыруға арналған, бұл жағдайда төлем жөніндегі түбіртек беріледі. Осыларды беруді күн сайын уақытша тұрақтың басқармасы жүзеге асырады.
Осы есептемелер бойынша барлық тұрақтардағы төлем тиімділігі бірліктен төмендеу болады. Кейбір тұрақтарда (мәселен, "Сауран" құрылыс базары) мұның тиімділігі тек қана 0,31, сондай-ақ "Қайрат" тұрағында осы көрсеткіш бірліктен төмен Тт = 0,8. Сонымен тиімді тіректі бар болса жедел бақылаудың арқасында тұрақтардағы жиылымның өсе түсуі байқалады, (1,5-2 есе) өседі деген сөз.
Тармақша 1.2
1.2. Осы мәселелерді шешу жолдары:
Европа мен Азияның көптеген елдерінде тұрақтардағы қызмет көрсету мынадай жолдармен шешіледі.
Тұрақтардағы көптеген автомобильдердің тығыздығынан былайша айтқанда, тұрақтар құрылады. Жүргізуші белгіленген көрсеткіштер бойынша тұраққа келеді, арнаулы картаның көмегімен немесе нақты ақшамен тұрақты уақытысын төлейді. Бұл төлем өзгеруі мүмкін. Тұрақтардағы төлемнің дұрыстығын тексеру әртүрлі жолмен анықталады, көрсеткіш техниканың есептерін үнемі бақылау, тұрақтар аралығында орталық хабарландырулар, яғни уақытша тұрақ жұмысының аяқталғандығы жайлы және басқалар.
Жүйенің ерекшілігі - тұрақтардағы қозғалыс кезінде адамдардың болмауы немесе ең аз құраммен қызмет көрсету.
Кемшіліктер - капиталдың көп жұмсалуы, тұрақтардың қорғалмауы, тұрақтардағы тәртіпке келтіруді ұзарту. Уақытты азайту әрі десе толық жиынды жинап алу үшін қосымша қаржы қажет, тұрған жерді қоршау, қалқан орнату, қайткен күнде осылардың бәріне қол жеткізу.
Тармақ 2
2. Жоғарыда аталған тәжірибені
Алматы жағдайында қолдану
Алматы қаласындағы уақытша тұрақтарда аударым жүйесі төлемін енгізу былайша ұсынылады.
Тұрақтағы тексеруші барлық жүйенің қозғаушысы болып табылады. Оның міндетіне автокөлікті бос орындарға тұрақтауды бақылау және жүргізушіні аударым жүйесін төлеуді жүзеге асыру болып табылады. Ең соңғыны орындау үшін бақылаушыда пластикалық карта (бұдан әрі - ридер) келіп түскен ақпараттарды есептеу үшін қондырғысы болады.
Аударым төлем жүйесі ретінде тұрақ жағдайында чиптік пластикалық карточка пайдаланылады (бұдан әрі - ПК). ПК-ні автокөлік жүргізушісі бөлшек сауда нүктелерінен, банкілерден және басқа мекемелерден сатып ала алады. ПК әртүрлі бірліктегі күндерге арналған төлемді дебиторлық карточка ретінде пайдаланылады (тұрақтардың, уақытша тұрақтардың саны мен уақыты және басқалар).
Автокөлік тұрақтарындағы төлем жүйесі мынадан қалыптасады.
Тұраққа келген автомашина жүргізушісі бақылаушыға ПК-ні береді. Бақылаушы ПК-ні ридерге жалғастырады, тұраққа тұру кезіндегі қаражаттың жеткіліктілігін анықтайды және қажетті ақшаны керегіне қарай аударады. Бұдан кейін бақылаушы жүргізушіге төлем жүргізгеннен түбіртегін береді. Жүргізуші өз кезегінде оны автокөліктің әйнегіне бекітеді. Уақытша тұрақ кезінде бақылаушы жүргізушісі ПК-сін бергенде, оған белгі қояды, одан кейін ПК-ні өзіне қалдырады. Ал жүргізушіге оның орнына нөмірі қойылған жетон береді. Бәрібір бұл да автомашинаның терезесіне бекітілуі тиіс. Тұрақ уақытысы аяқталысымен жүргізуші бақылаушыға ПК-ді бер дейді, бақылаушы ПК-ні ридерге жалғастырады. Уақытының аяқталғанын белгілейді және уақытша тұрақтың қажетті сомасын есептейді. Бұдан кейін ол жүргізушіге ПК-сін береді және төлем түбіртегін қоса тапсырады. Жоғарыда аталған ақша төлемі ридерге сақталады.
Ауысым аяқталысымен бақылаушы бір күнде болған ақша төлемдерін бақылау картасында белгілеп (БК), бұдан кейін ПК-ні жедел есептеу көлемімен арнаулы жерге тапсырады.
БК-мен болған күнделікті ақша айнылымының төлемдерін уақытша тұрақтың басқармасынан күн санап құбылыс ақша жинау орталығы қабылдап алады (ҚАЖО). ҚАЖО жайлы қызмет көрсету аясындағы қозғалыстарға жедел бақылау жүргізуді Алматы қаласының барлық тұрақтарында қамтамасыз еткен компьютерлік орталықты білдіреді. Күн санап ҚАЖО барлық көрсеткіштерді пайдаланып, тұрақтардағы жоспарлы жұмыс көрсеткішіне бақылау орнатады. Қозғалысқа жіберген ҚАЖО-ның орындары белгіленген нысандағы есептердің берілуі кіреді.
Алматы қаласының уақытша тұрақтарындағы аударым жүйесінің төлемін енгізудің құрамы және бірегей төлемі екінші кестеде көрсетілген.
Тармақ 3
3. Жүйені қаржыландыру сұлбасы
Тармақша 3.1
3.1. Қаржыландырудың негізгі көздері:
а) ҚАЖО-ны жүзеге асыру есебінен алынған қосымша жоспарланған табыс;
б) қалалық бюджетке жоспарлы аударым.
ҚАЖО-ны жүзеге асыру есебінен алынған қосымша табысқа мынадай ұсыныстармен рұқсат берулерді пайдаланып, баға беріледі:
- ҚАЖО-ны жүзеге асыру 1999 жылы енгізіледі;
- ҚАЖО-ны кезеңмен енгізуді уақытша тұрақтардың бақылаушылары жүзеге асырады;
- тұрақтарға ҚАЖО-ны кезеңмен енгізу кезінде төлемдерді қолма-қол, сондай-ақ ҚАЖО-мен төлеуге рұқсат беріледі.
Уақытша тұрақтарда қосымша сипаттамаларды енгізудегі мынадай мән-жайларды ескеру:
- бір тұраққа күнделікті жүзеге асырылатын ҚАЖО;
- ҚАЖО-ға күнделікті тұрақ орындары;
- бір бақылаушының көлік құралын қайталап, қызмет көрсету тиімділігі;
- жаңа технология бойынша бір тұрақтың табысы;
- жаңа технология бойынша бір тұрақтың тарифі.
Бір тұрақтағы бір айда ақша айналымын анықтау үшін мынадай қатынастар пайдаланылады:
Бтк = Бтг + (То - Қкт) х Бтт х Баек (4)
Сонымен, Бқкөт = 50 теңге, Баек = 25 күнге Қкт = 2 қосындысы;
Бтт = Бтт + (5 - 2) х 5,0 х 25 = Бтт + 3750 теңге
Салыстармалықтан көрінгендей (3) және (4), қосымша көрсеткіштер (То - Қкт) х Бтт х Баек, бұлар 3750 теңге қосымша табысты білдіреді, То = 5 және Қкт = 2. Соңғы вариант бойынша То = Қкт-ге. Жаңа технология бойынша бір тұрақтың табысы осы технология жүзеге асырылған кезіндегі табысқа теңеледі.
Жоғарыда аталған үлгіден мыналарды көреміз: ҚАЖО-ны енгізгенде екі жылдың ішінде жүйені толығымен ақтайтын қосымша табысты болжамдауға болады.
Тармақша 3.2
3.2. Алматы қаласындағы автокөлік қоюдағы төлемді жинауда аударым жүйесін енгізу жөніндегі шарт лизинг шарты қоса берілгенде ғана анықталады.
Басқа 15
Алматы қаласы Әкiмiнiң
1999 жылғы 1 желтоқсандағы
N 1155 шешiмiне қосымша
1 кесте
Алматы қаласында автокөлiк тiректерiнде
аударым есебiмен есеп айырысу жүйесiн енгiзу
үшiн уақытша тұрақтардың
ТIЗБЕСI
Тұрақтардың аталуы
Тұрақтардың сипаттамасы
Тұрақтағы орындардың саны
Машиналардың
айналымы
Төлем %
Жоспарлы
аударым
"Тастақ" базары
200
1,6
0,56
225000
"Жұлдыз" базары
170
3
0,81
468800
"Никольский" базары
75
1,8
0,37
52500
Құрылыс базары
30
2
0,53
43750
"Юбилейный" магазинi
20
1,3
0,42
15600
Солянка
40
1,5
0,5
40000
Мечников БТИ-i
30
2
0,24
15400
Диагностика
30
1
0,33
11000
"Кәрiм" базары
35
1,1
0,3
15000
"Әлия" қонақ үйi
35
1,1
0,3
18000
"Тигрохауд" базары
220
1,2
0,61
260000
Таугүл
50
1,2
0,53
48000
"Жаңа" базары
120
1
0,96
130000
Сары-Арқа
40
1,2
0,54
35000
"Арыстан" базары
40
1,2
0,54
47500
"Баян ауыл" базары
320
1
0,4
160000
2-Вокзал
70
1,4
0,61
78000
Әмбебап базар (солтүс.)
830
1,8
0,65
1150000
"Заңғар" ЖШС
100
2
0,44
132000
Жiбек жолы - Қонаев
84
0,7
0,23
15500
Қонаев - Аймауытов
120
1,2
0,51
93600
"Саяхат" автобекетi
30
0,6
0,62
15500
Жiбек жолы - Желтоқсан
40
1
0,25
15500
"Сауран"құрылысбазары
30
1,3
0,31
15500
Гоголь-Панфилов
70
0,7
0,24
18200
Атакент
80
1,2
0,48
57500
"Қайрат" базары
90
0,8
0,63
80000
"Көрiктендiру" АҚ
30
0,8
0,42
20000
Казкоммерцбанк
30
1
0,53
17600
Абай-Әуезов
40
1
0,3
15000
"Архан" ӨБ
50
2
0,62
87000
Береке - Жiбек жолы
430
1,5
0,67
540000
Тұлпар
40
1,2
0,42
25500
"Саяхат" автобекетi
20
1,2
0,67
20000
Ақ-Бұлақ
40
2,1
0,45
42500
"I-Алматы" базары
180
2,5
0,3
150000
Әуежай
200
2,2
0,69
218400
"I-Вокзал"
160
2,9
0,35
111000
Алтай
20
1,2
0,33
12500
Барлығы
4239
4516350
Басқа 16
Алматы қаласы Әкiмiнiң
1999 жылғы 1 желтоқсандағы
N 1155 шешiмiне қосымша
2 кесте
Алматы қаласындағы уақытша тұрақтардағы тұрған
көлiктердi аударыммен есеп айырысу
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
N
р/с
Жабдықтар, жұмыстар құрамы
Өлшем
бiрлiгi
Саны
USD
бағасы
USD
құны
1.
Төлем терминалы
(ридер)LPD-6000
дана
243
960
233280
2.
Бақылаушының микрожүйелiк
картасы
дана
1215
5
7575
3.
Карта-жетон
дана
10000
1
10000
4.
Тұрақта тұрған көлiктердi аударыммен есеп айырысу жүйесi, оның iшiнде:
жинақ
1
33050
33050
4.1.
Сервер Pentium II 300
Мгц/64Мб/2,5Гб/Мультимедиалық/тоқты құралдармен/ПК қалташығымен
дана
1
3050
3050
4.2.
Пластикалық карточкаға бейненi түсiру үшiн термопринтер
дана
1
5750
5750
4.3.
Бағдарламалық қамтамасыз ету:
- жүйелiк
- таңдамалы
- терминалдық
дана
дана
дана
1
1
1
4000
11000
9000
4000
11000
9000
4.4.
UPS
дана
1
250
250
5.
Монтаж, жөндеу, оқыту
56700
6.
НДС 20%
68137
Жиынтығы:
408823
(Маман: Сариева А.)