Шаруашылық есептегі «Қызылордасу-шаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шаруашылық есептегі «Қызылорда су-шаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 маусымдағы № 966 «Кейбір су шаруашылығы объектілерін Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне беру туралы» қаулысын іске асыру, және біздің облыс үшін су шаруашылығының аса маңыздылығын, онын ерекшеліктерін, облыс көлемінде және халықаралық деңгейде су шаруашылығы саясатын, мемлекетаралық су бөлу, Арал теңізі проблемалары жоне Сырдария өзенінің мәселелерімен айналысатын су шаруашылығы органын, оның қүрылымын өзгерту арқылы сақтап қалу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН.
Тармақ 1
1. «Қызылордасушаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны негізінде құрылымдық құрамы № 1 қосымшаға сәйкес шаруашылық есептегі «Қызьлордасушаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын.
Тармақ 2
2. Шаруашылық есептегі «Қызылордасушаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жарғысын және оның кұрылымын бекіту үшін 10 күн мерзім ішінде ұсыныс берілсін.
Тармақ 3
3. Шаруашылық есептегі «Қызылордасушаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын қаржыландыру жергілікті бюджеттен, су тұтынушыларға су жеткізіп беру қызметі және басқа шаруашылық қызмет түрлерінен түсетін қаражат есебінен жүргізілетін болып белгіленсін.
Тармақ 4
4. Шаруашылық есептегі «Қызылордасушаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бұрынғы «Қызылордасушаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мүлік және басқа да құқықтық иеленушісі болып есептелсін.
Тармақ 5
5. Шаруашылық есептегі «Қызылордасушаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны суармалы егістікке су жеткізіп беру қызметіне алынатын төлемді жинауды Қызылорда облысы шағын бизнесті қолдау жөніндегі департаментінің тоқсан сайынғы бекіткен тарифы бойынша жүргізсін.
Тармақ 6
6. «Қызылордасушаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (Ә.Құтжанов) белгіленген тәртіп бойынша «Қызылордасушаруашылығы» республикалык мемлекеттік кәсіпорнын қайта құру және тарату жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 7
7. Облыс әкімінің орынбасарына (Б.Нұртазаев) шаруашылық есептегі «Қызылордасушаруашылығы» облыстық коммуналдык мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп экономиканың су шаруашылығы секторының және су шаруашылығы саясатының 2000-2005 ж. арналған стратегиялық дамуы туралы іс-шаралар жасап, 2000 жылдың қыркүйегіне дейін ұсыныс беру тапсырылсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Нұртазаевқа жүктелсін.
Басқа 9
Облыс әкімінің 2000 жылғы 7 қыркүйектегі № 299 шешіміне № 1 қосымша «Қызылордасушаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының құрылымдық құрамына кіретін кәсіпорындар мен мекемелердің тізімі
Тармақ 1
1. Жаңақорған аудандық су жүйелері басқармасы (СЖБ).
Тармақ 2
2. Шиелі СЖБ
Тармақ 3
3. Қызылорда СЖБ
Тармақ 4
4. Сырдария СЖБ
Тармақ 5
5. Жалағаш СЖБ
Тармақ 6
6. Қармақшы СЖБ
Тармақ 7
7. Қазалы СЖБ
Тармақ 8
8. Қызылорда су торабы
Тармақ 9
9. Қазалы су торабы
Тармақ 10
10. Жаңадария каналдар басқармасы.