Об утверждении Правил привлечения добровольными накопительными пенсионными фондами добровольных пенсионных взносов Күшін жойған
Басқа 0
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидаларын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"
2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 213 қаулысымен
бекітілген
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидалары
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту тәртібін белгілейді.
Тармақ 1
1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры – ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару қызметін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
Тармақша 2
2) ерікті зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртiппен зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың өзінің бастамасы бойынша салатын ақшасы;
Тармақша 3
3) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – бiр тараптан ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және екiншi тараптан салымшы (зейнетақы төлемдерiн алушы) жасасатын, ерікті зейнетақы жарналарына, жинақтарына және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерін алуға байланысты құқықтық қатынастарды орнату, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;
Тармақша 4
4) ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы – ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын өзiнiң меншiктi қаражаты есебiнен жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 5
5) зейнетақы қағидалары – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басқару органы бекіткен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаты;
Тармақша 6
6) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.
Тармақ 2
2. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – Қор) қызметін ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға уәкілетті орган берген лицензия негізінде жүзеге асырады және Қағидаларда, Қордың зейнетақы қағидаларында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен және талаптарда ерікті зейнетақы жарналарын тартады.
Тармақ 3
3. Қор ерікті зейнетақы жарналарын тарту барысында:
Тармақша 1
1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға ниеттенген тұлғаларға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді;
Тармақша 2
2) Қордың зейнетақы қағидаларында бекітілген тізбеге сәйкес құралдарды пайдалана отырып, өзінің қызметі туралы ақпаратты таратады;
Тармақша 3
3) әлеуетті салымшылармен олардың есебінен ерікті зейнетақы жарналарын зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына не егер ол жеке тұлға болса, салымшының пайдасына жүзеге асыру үшін тарту мақсатында ғана өзара әрекет жасайды;
Тармақша 4
4) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға ниеттенген тұлғаларды Қордың зейнетақы қағидаларымен және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен таныстырады;
Тармақша 5
5) Қордың зейнетақы қағидаларында көзделген өзге де іс-шараларды жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қор Қағидалардың 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру үшін Қордың атқарушы органы бекіткен оқыту бағдарламасы бойынша оқудан өткен Қордың қызметкерлерін ғана жібереді.
Тармақ 5
5. Қордың қызметкерлерін Қағидалардың 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға жіберуге арналған оқыту бағдарламасын Қордың атқарушы органы бекітеді және онда мыналар қамтылады:
Тармақша 1
1) жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызметін және Қордың инвестициялық портфелін басқару жөніндегі қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын зерттеу;
Тармақша 2
2) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға ниеттенген салымшыларға Қордың қызметі туралы дәйексіз ақпарат бергені үшін Қордың және оның қызметкерлерінің жауапкершілігін түсіндіру;
Тармақша 3
3) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару қызметі шеңберінде Қор жасайтын бизнес – процестерді зерттеу;
Тармақша 4
4) Қордың атқарушы органының шешіміне сәйкес өзге ережелер.
Тармақ 6
6. Қағидалардың 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру кезінде ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға тартылған тұлғаларға:
Тармақша 1
1) ерікті зейнетақы жарналарының салымшысына (алушысына) ерікті зейнетақы жарналарына инвестициялық кіріс алуға кепілдік берілмейтіні;
Тармақша 2
2) салымшылардың (алушылардың) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын инвестициялау нәтижесінде инвестициялық кіріс алынуы да, сондай-ақ инвестициялық шығын келтірілуі де мүмкін екенін;
Тармақша 3
3) алушы зейнетақы төлемдерін алу құқығын иелену сәтінде инфляция деңгейі ескеріле отырып нақты енгізілген зейнетақы жарналары мөлшерінде зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша мемлекеттің кепілдігі ерікті зейнетақы жарналарының салымшыларына (алушыларына) қолданылмайтыны;
Тармақша 4
4) Қордан зейнетақы төлемдерін алу құқығы Заңның 33-бабына сәйкес туындайтыны түсіндіріледі.
Тармақ 7
7. Қордың меншікті активтері бойынша бюджет сметасында ерікті зейнетақы жарналарын тартуға арналған шығыстардың жекелеген бабы көзделеді.
Тармақ 8
8. Қордың атқарушы органы ерікті зейнетақы жарналарын тартуды:
Тармақша 1
1) Зейнетақы қағидаларына ерікті зейнетақы жарналарын тарту барысында салымшылар (алушылар) мен Қордың арасындағы құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін айқындайтын іс-шараларды енгізу;
Тармақша 2
2) Қағидалардың 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға жіберілген Қор қызметкерлерінің іс-әрекеттерін айқындайтын толық бизнес – процестерді әзірлеу;
Тармақша 3
3) Қағидалардың 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға жіберілген Қор қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына халыққа Қордың және (немесе) басқа қаржы ұйымдарының қызметі туралы дәйексіз ақпарат бергені үшін олардың жауапкершілігі айқындалатын ережелерді енгізу;
Тармақша 4
4) Қағидалардың 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға жіберілген Қор қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне Қордың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен тұрақты тексерулер жүргізу;
Тармақша 5
5) жеке және заңды тұлғалардың Қағидалардың 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға жіберілген Қор қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағымдарын қарау және оларды қанағаттандыру бойынша шаралар қабылдау жолымен бақылайды.
Тармақ 9
9. Қордың атқарушы органының тарапынан ерікті зейнетақы жарналарын тартуға бақылау жасау нәтижелері Қордың басқару органына Қордың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жіберіледі.