Об утверждении Правил планирования и проведения путевых работ по обеспечению безопасности судоходства на внутренних водных путях Қолданыста
Басқа 0
Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Су көлігі департаменті (Қ.Н. Тілепов):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралында ресми жариялануын, оның ішінде оны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 761 бұйрығымен
бекітілген
Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың іс-әрекеті «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 281) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның бұйрығымен кеме қатынасы санатына жатқызылған ішкі су жолдарына қолданылады.
Тармақ 4
4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арналық іздестіру - су жолдарын зерттеу мен барлық жол жұмыстарының түрлерін техникалық құжаттамамен қамтамасыз етуге бағытталған топографиялық және гидрографиялық кешен;
Тармақша 1-1
1-1) жер қазу керуені – құрамына көп жапырақшалы грейфермен жабдықталған арнайы түбін тереңдету снаряды немесе жүзбелі кран кіретін, түбін тереңдету (жер қазу) немесе түзету жұмыстарын орындауға тартылған техникалық флоттың қосалқы кемелер тобы;
Тармақша 2
2) жер үстi су объектiлері - су айдындары (өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар) мұздықтар, батпақтар;
Тармақша 3
3) жол жұмыстары – iшкi су жолдарындағы су түбiн тереңдету, түзеп-жөндеу, тральдау, су түбiн тазарту, iздестiру және навигациялық жабдықтарды орналастыру мен күтiп-ұстау жөнiндегi басқа да жұмыстар;
Тармақша 4
4) кеме қатынасы – шағын көлемді кемелерді пайдалана отырып атқарылатын қызметті қоспағанда, жүктерді, жолаушылар мен олардың багажын, почта жөнелтілімдерін тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, балық аулауды және өзге де кәсіпшіліктерді, құрылыс, жол, гидротехникалық, су асты-техникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық алып өтуді, құтқару операцияларын жүргізу, су объектілерін қорғау, оларды ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, суға батқан мүлікті көтеру, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін кемелерді пайдалануға байланысты қызмет;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының iшкi су жолдары (бұдан әрi - iшкi су жолдары) - кеме қатынасы мақсатында пайдалануға болатын табиғи немесе қолдан жасалған қатынас жолдары;
Тармақша 6
6) навигация - кеме қатынасын жасау мүмкiн болатын уақыт кезеңi;
Тармақша 7
7) навигациялық белгілердің сызбасын орналастыру – белгіленген тәртіпте навигациялық жабдықтар белгілері көрсетілген өзен учаскесінің сызбасы;
Тармақша 8
8) тұру пунктi - кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн жөндеу, олардың жылдың жазғы және қысқы мезгiлiнде тұруы, оларды техникалық байқаудан өткiзу мақсатында жайластырылған және жабдықталған жер учаскесi мен су бетi объектiсiнiң акваториясы;
Тармақша 9
9) түзету жұмыстары – кеме жүрісінің габариттерін ұстау мен жиектің жанамасын бекітуді және бөгеу мен басқа гидротехникалық құрылыстарға бөгетті отырғызуға әзірлеуге бағытталған жол жұмыстарының түрі;
Тармақша 10
10) уәкiлеттi орган – iшкi су көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 11
11) уәкiлеттi органның кәсiпорны - қызмет көрсететiн шекаралар шегiнде кемелердiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету мақсатында iшкi су жолдарын және кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерін) тиiсiнше күтiп-ұстау мен дамыту үшiн өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру негiзгi мiндетi болып табылатын iшкi су көлiгiнiң мемлекеттiк кәсiпорны;
Тармақша 12
12) ішкі су жолдарының сызбасы (лоцман картасы) – кеме жүрісінің тереңдігі мен габариттері көрсетілген, навигациялық белгілер мен бағдарлау, су жүрісі көрсетілген өзен учаскесінің сызбасы (картасы).
Тармақ 5
5. Жол жұмыстары уәкілетті органның кәсіпорны ішкі су жолдарындағы кеме қатынасын құру, күтіп-ұстау, дамыту және қауіпсіз пайдалану мақсатында жүргізіледі.
Жол жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз ету астананың жергілікті атқарушы органына жүктелген, астананың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі Есіл өзенінің кеме қатынасы учаскесін қоспағанда, су жолы жұмыстарын, оның iшiнде мемлекет меншiгiндегi порттарда рейдтер және осы порттардың айлақтарына кiреберiстердi жасау мен күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудi, сондай-ақ кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын күтiп ұстау мен тасымалдаушының технологиялық байланысты ұйымдастыруын уәкiлеттi органның кәсiпорындары жүзеге асырады.
Порттарға осы Қағидалардың 5-тармағының екінші абзацында көрсетiлмегендерiне кiреберiстердегi, сондай-ақ тоқтау пункттерiндегi жол жұмыстарын жүргiзудi олардың иелерi жүзеге асырады.
Iшкi су жолдарын және олардағы кеме қатынасы гидротехникалық құрылыстарын күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстар жол жұмыстарын жүргiзуге арнайы рұқсатсыз жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті органның тиісті кәсіпорындары су жолдарының әрбір учаскесі бойынша ішкі су жолдарының схемасын жасайды (лоцманды карталар).
Тармақ 7
7. Өзенде навигациялық белгілерді орнату схемалары уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің ұсынымдарын есепке ала отырып жыл сайын түзетіледі. Көлдер мен су қоймаларында 5 жылда 1 реттен кем емес.
Тармақ 8
8. Навигациялық белгілерді орнату схемалары навигация кезеңінде түзетілуі мүмкін.
Навигация кезінде ішкі су жолдары күйімен және навигациялық жабдықтарымен болған барлық өзгерістер кеме жүргізушілерінің назарына дер кезінде жеткізіледі.
Тармақ 9
9. Уәкілетті органның тиісті ішкі су жолдарының әрбір учаскесі бойынша кеме жүру кезеңіне немесе ұзақ мерзімге, бірақ 3 жылдан көп емес жол жұмыстары жобасын құрастырады.
Тармақ 10
10. Кеме қатынасы жағдайында су жолдарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау кезінде жол жұмыстарының жобасы басшылық құжат болып табылады.
Тармақ 11
11. Жол жұмыстары жобасының міндеттері:
Тармақша 1
1) белгілерді орнатудың схемасын жасау;
Тармақша 2
2) шектеулі қайраңды анықтау;
Тармақша 3
3) объектілер бойынша мүмкін болатын жұмыс көлемін есептеу;
Тармақша 4
4) оларды орындаудың реттілігін анықтау;
Тармақша 5
5) табиғи жағдайдың және учаскеде болып жатқан арнаның қайта құрылу есебімен техникалық құралдарды орналастырудың оңтайлы нұсқасын таңдау болып табылады.
Тармақ 12
12. Жол жұмыстары жобасының басты негізі алдыңғы жылдарда жасалған арналық іздестіру болып табылады.
Навигация барысында кеме қатынасы су жолдарындағы гидрологиялық жағдайдың өзгеруіне қарай уәкілетті органның кәсіпорны уәкілетті органмен келісу арқылы жол жұмыстары жобасына әрбір жол учаскесі бойынша бұрын іске асыру жоспарланған жұмыстардың көлемдерін қайта бөлу, мерзімдерін (кезеңін), ұзақтығын, орындарын және орындалу кезектілігін өзгерту бөлігінде түзетулер енгізуге жол береді.
Тарау 2. 2. Жол жұмыстарын жоспарлау тәртібі
2. Жол жұмыстарын жоспарлау тәртібі
Тармақ 13
13. Жол жұмыстарын жоспарлау уәкілетті органмен кеме жүретін күйде су жолдарын қамтамасыз ету және шлюздерді ұстау бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырманы әзірлеу шеңберінде уәкілетті орган кәсіпорны ұсынған деректер негізінде жүзеге асырылады және келесілерден тұрады:
Тармақша 1
1) кеме жүзетін жағдайда су жолдарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары;
Тармақша 2
2) навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алу) және қызмет көрсету бойынша іс-шаралар кестесі.
Iшкi су жолдарындағы құрылыстардың (оның iшiнде салынып жатқан құрылыстардың) иелерi жол жұмыстарын қажеттілігіне қарай жоспарлауды жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Кеме жүзетін жағдайда су жолдарды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарымен орындалатын жол жұмыстарының түрлері, олардың орындалу мерзімдері, ай бойынша бөліп табиғи бірлік өлшемінде және ақшалай түрде орындалған жұмыстардың көлемі белгіленеді.
Тармақ 15
15. Кеме жолындағы навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алу) және қызмет көрсету бойынша жұмыстардың көлемі навигацияның тәуліктік созылуына кеменің жүретін жолдың километрі ұзақтығын көбейтумен километр-тәуліктерде анықталады.
Түбін тереңдету және түзету жұмыстарының көлемі өткен жылдардағы жұмыс талдауларын және техникалық құралдардың бар болу мүмкіндігін есепке ала отырып арналық іздестіру түсірілімдері бойынша мың текше метрмен анықталады.
Түбін тереңдету жұмыстарының көлемі өткен жылдардағы жұмыс талдауларын және техникалық құралдардың бар болу мүмкіндігін есепке ала отырып тралдау жұмыстарын және су шайып кететін жағалауларды барлау кезіндегі зерттеу нәтижелерімен құрастырылған жол шеберлерінің актілері бойынша тоннамен анықталады.
Тралдау жұмыстарының көлемі сүзілетін еніне, сүзілген су жолдары ұзындығының туындысы ретінде есептеп шығарылатын шаршы километрмен сүзілетін ауданмен анықталады.
Арналық іздестірудің көлемі кеме жолы бойынша түсірілген учаскенің километрінде анықталады.
Тармақ 16
16. Навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алу) және қызмет көрсету бойынша іс-шаралардың кестесімен ішкі су жолдарының ұзақтығы, навигациялық жабдықтардың қолданылу мерзімі, судың жобалық деңгейін және тірек су өлшегіш су бекетін немесе гидроэлектростанция жармаларындағы судың ең аз шығынын көрсету арқылы кеме жүретін жолдың кепілді көлемдері, навигациялық белгілердің мөлшері белгіленеді.
Тарау 3. 3. Жол жұмыстарын өткізу тәртібі
3. Жол жұмыстарын өткізу тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Арналық іздестіру жұмыстары
1-параграф. Арналық іздестіру жұмыстары
Тармақ 17
17. Жол жұмыстарының барлық түрлерін жобалау және ұйымдастыру үшін негіз болып арналық іздестіру жұмыстары табылады.
Тармақ 18
18. Арналық іздестірулер осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес кемелерінің құрамындағы арналық іздестіру партияларымен орындалады.
Тармақ 19
19. Арналық іздестіру партияларының штатын жұмыс жағдайына, сипаттамасына, көлемі мен ұйымдастыруына байланысты уәкілетті органның кәсіпорны белгілейді.
Тармақ 20
20. Арналық іздестіру партиялары брандвахталарда немесе өздігімен жүретін кемелерде орналасады. Жер қазумен байланысты көлемі бойынша көп емес жұмыстарды бір уақытта орындау үшін партияның құрамынан отрядты бөлу кезінде оның балшық сорғыш кемелеріне орналасу мүмкіндігі туындайды.
Тармақ 21
21. Арналық режимді одан әрі жақсы зерттеу, жұмыстың сапасын жоғарылату және өндірісті тездету мақсатында әрбір арналық іздестіру партияларына су жолдарының арнайы учаскелері уәкілетті органның кәсіпорны бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 22
22. Кеме жолдарын күтіп ұстау мақсатында ішкі су жолдарында орындалатын іздестіру жұмыстарының құрамына келесілер кіреді:
Тармақша 1
1) арналық түсірілімдер мен гидрологиялық ізденістерді орындау үшін жоспарлы және биіктік негіздемелерін (іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін геодезиялық негіз) құру және орнату жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
Тармақша 2
2) неғұрлым қиын учаскелерді анықтау үшін навигация басталғаннан бастап кеме жүрісінің жай-күйіне тексеру жүргізу;
Тармақша 3
3) жол жұмыстарын жүргізудің кезектілігі мен мерзімдерін айқындау;
Тармақша 4
4) жол жұмыстарын жобалау және жоспарлау, олардың тиімділігін анықтау үшін қажетті бастапқы, қайталама және бақылау арналық түсірілімдерді орындау;
Тармақша 5
5) түбін тереңдету ойықтарын трассалау, оларды табиғатқа шығару, түзеу құрылыстарының жобаларын сыртқа шығару;
Тармақша 6
6) ойықтардың ірілендірілген жоспарларын жасау және түбін тереңдету жұмыстарының көлемін есептеу;
Тармақша 7
7) алынатын топырақ үйінділерінің орнын анықтау;
Тармақша 8
8) ішкі су жолдарының карталарын және кеме жолдарының сызбаларын жасау.
Тармақ 22-1
22-1. Ойықтағы алынатын топырақ көлемін есептеуді уәкілетті органның кәсіпорны бағдарламалық қамтамасыз ету құралдары арқылы жүргізеді.
Тармақ 22-2
22-2. Арналық іздестіру партиясының жұмысы жоспарланғанға дейінгі жылдың соңына дейін жасалатын іздестіру жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда, навигациялық кезеңде іздестіру жұмыстарын жүргізу жоспарын түзетуге жол беріледі.
Тармақ 22-3
22-3. Навигация аралық кезеңде іздестіру жұмыстары келесі жағдайда орындалады:
Тармақша 1
1) навигация аяқталғаннан кейін арналық іздестіру партиясының мамандары барлық алынған навигациялық материалдарға камералдық өңдеуді жүргізеді және қағаз бен цифрлық жеткізгіштерде орам жоспарларының альбомын дайындайды;
Тармақша 2
2) жол жұмыстарының жобасын әзірлеу үшін арналық іздестіру партиясының мамандары түсірілім негізінде түбін тереңдету, түзеу және түбін тазарту жұмыстарын жүргізу схемаларын, жұмыс көлемінің және топырақ үйіндісі орнының есептеулерін әзірлейді.
Тармақ 22-4
22-4. Навигациялық кезеңде арналық іздестіру партиялары іздестіру жұмыстарын жүргізу жоспарына және уәкілетті органның кәсіпорны бекіткен оларды жүргізудің ай сайынғы күнтізбелік кестесіне сәйкес түсірілім жүргізеді.
Түбін тереңдету ойықтарын бақылап түсіруді арналық іздестіру партиясының мамандары уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен орындайды.
Іздестіру жұмыстарының жұмыс журналы негізінде жасалатын ай сайынғы есеп және арналық іздестіру партиясының басшысы толтыратын наряд-тапсырмалар жолды пайдалану қызметіне (немесе ұқсас функцияларды орындайтын өзге де қызметке) тапсырылады және бес жыл бойы сақталады.
Тармақ 2. 2-параграф. Түбін тереңдету (жер қазу) жұмыстары
2-параграф. Түбін тереңдету (жер қазу) жұмыстары
Тармақ 23
23. Түп тереңдету (жерқазу) жұмыстары құрамы қолданылатын жерснарядтың түріне, өңделетін топырақтың қасиеттеріне, топырақты тасымалдау шарттарына, гидрологиялық жағдайлардың сипаттамаларына байланысты болатын жер қазу керуендерімен орындалады.
Жеңіл және ауыр топырақтарда жұмыс істеуге арналған жер қазу керуендері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес кемелерден тұрады.
Тармақ 24
24. Техникалық флот кемелерінің жылжуы диспетчерлік қызмет арқылы қосалқы буксир кемелерімен жүзеге асады.
Тармақ 25
25. Судың саяз жеріндегі түбін тереңдету (жер қазу) жұмыстарын ұйымдастыру арналық іздестіру түсірілімдердің жоспарына сәйкес жүзеге асады.
Тармақ 26
26. Тілікке жерснарядын орнатуға дейін жергілікті жерде тіліктің шекаралық белгілері (жармалар) орнатылады, сонымен қатар жұмысты орындауға қажетті техноголиямен қамтамасыз ету үшін (транштардың ұзыны бойындағы жармалары, топтамалардың арасындағы көлденең шекараларының жармалары) қажетті белгілер орнатылады. Жармалар арналық түсірілімдердің жоспарларына сәйкес орнатылады.
Тармақ 27
27. Жерснарятты орналастыру қатаң түрде жергілікті жерлерде орнатылған жармалар (немесе координаттар) бойынша жүзеге асады.
Тармақ 28
28. Тіліктен алынған топырақты төсеу арналық түсірілімдердің жоспарында көрсетілген жерде орындалады. Топырақтың үйіндісі кемелердің жүзуіне ешқандай кедергі жасамауы тиіс және қайтадан тілікке түспеуі қажет.
Тармақ 3. 3-параграф. Түзету жұмыстары
3-параграф. Түзету жұмыстары
Тармақ 29
29. Түзету жұмыстары түп тереңдету (жерқазу) жұмыстарымен кешенді түрде жер қазу керуендерімен жеркаравандармен және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес кемелерінің құрамындағы түзету бригадаларымен орындалады.
Тармақ 30
30. Түзету құрылыстарының түрлері және техникалық құралдарының түрлері оларды тұрғызу үшін судың саяз жеріндегі гидрологиялық сипатталамаларына және болып жатқан арналық қайта қалыптастыруларға байланысты таңдалады.
Тармақ 31
Тармақ 32
32. Түзету құрылыстарын тұрғызу бойынша жұмыстар арналық іздестіру түсірілімдердің жоспары бойынша орындалады, онда жоспарда түзету құрылыстың орналасуы, қондырғының параметрлері (ұзындығы, ені, қажетті топырақтың көлемі), құрылысты салып алу үшін топырақты үйіп алу орны көрсетіледі.
Тармақ 4. 4-параграф. Түбін тазалау жұмыстары
4-параграф. Түбін тазалау жұмыстары
Тармақ 33
33. Түбін тазалау жұмыстары арнайы техникалық құралдарымен (карчекрандар, жүзу крандары) орындалады. Кеме жолдарынан жеке карчтарды жинау жұмыстары кеме жолдарынан тыс сүйреу жолымен сүйрейтін кемелермен жүзеге асуы мүмкін, одан әрі карчекранның көмегімен жағалауға бір жола алынып тасталады.
Тармақ 34
34. Өздігімен жүре алмайтын түбін тазалау снарядтарын пайдалану кезінде оларды жұмыс орнына қарай сүйрету және жұмыс орнына бекіту жұмыстары қосалқы сүйрейтін флот көмегімен жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Кеме жүзу басталған кезде ең алдымен кеме жолдарының шегінде орналасқан және тар жағалауларда апатты жағдай жасайтын барлық су асты кедергілері жойылады. Жұмыстар жоғарғы учаскеден басталады.
Тармақ 36
36. Учаскенің төменгі шекарасына дейін түскеннен соң түбін тазалау снаряды қайта жоғары учаскеге көтеріледі. Егер де түбін тазалау снаряды өздігімен жүре алмайтын болса, онда ол қосалқы сүйрейтін кемелерге жалғанады.
Тармақ 37
37. Екінші жолда төменгі ағыс бойынша снарядпен су жолдарының тең екілік кепілді енінің бойында пайда болған кедергілер жойылады.
Тармақ 38
38. Үшінші жол кезінде, су тасу уақытында өзен арналарында кедергілердің пайда болуын болдырмау үшін, сумен шайылатын жағалауларда жағалау тазалау жұмыстарын орындайды.
Тармақ 39
39. Алынған кедергілер сумен шайылмайтын жағалауға немесе ескі арнаға көшіру қажет және де келесі жолы су тасу мен мұз жару уақытында өзеннің арнасына қайта шайылып кету мүмкіндігін болдырмау есебімен жиналу қажет.
Тармақ 40
40. Алынған кедергілерді тасымалдау және оны қауіпсіз жерге тиеу үшін қосалқы флот (сүйрегіштер, баржылар, шаландылар) пайдаланылады.
Тармақ 5. 5-параграф. Навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алу) және қызмет көрсету бойынша жұмыстар
5-параграф. Навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алу) және қызмет көрсету бойынша жұмыстар
Тармақ 41
41. Ахуал қызметіндегі негізгі өндірістік буын (навигациялық жабдық қызметі) болып жол шеберімен басқарылатын ахуал учаскесі табылады.
Тармақ 42
42. Ахуал учаскесінде жұмыстың көлеміне, кеме жолының қарқындылығы мен сипаттамасына байланысты қызмет көрсетудің бригадалық, постық және бригадалы-посттық нысандары қолданылады.
Тармақ 43
43. Ахуал учаскелерінің шекарасы уәкілетті органның кәсіпорнымен белгіленеді.
Тармақ 44
44. Ішкі су жолдарының кеме жүретін учаскелерін күрделілік санаттары бойынша сыныптау кеме жүрісінің белгіленген кепілдендірілген габариттеріне және навигациялық жабдық құралдарының әрекет ету режиміне байланысты жүзеге асырылады.
Учаскелер мынадай санаттарға бөлінеді:
бірінші санат – арнасы тұрақсыз, шектейтін таяз өткелдері бар учаскелер;
екінші санат – гидроморфологиялық жағдайлары тұрақты учаскелер.
Тармақ 45
45. Ішкі су жолының кеме жүретін учаскесін жағдайлық бригадаға бекіту ұзындығы оның күрделілік санатына қарай айқындалады және:
бірінші санаттағы учаске үшін – 15-тен 50 километрге дейін;
екінші санаттағы учаске үшін – 51 және одан да көп километр қамтиды.
Тармақ 46
46. Ахуал учаскелерінің ұзақтығы посттық қызмет көрсету нысаны кезінде 5-14 шақырым құрайды.
Тармақ 47
47. Навигациялық жабдықтың белгілерін орнату навигацияның ашылуына дейін 3-4 күн бұрын басталады.
Тармақ 47-1
47-1. Кеме қатынасы қарқындылығының дәрежесіне және кемелердің ішкі су жолдары бойынша қозғалысының қажеттілігіне қарай түнгі уақытта навигациялық жабдық жарықтандырылмайтын, шағылыстыратын немесе жарықтандырылатын болуы мүмкін.
Тармақ 48
48. Навигациялық жабдықтардың белгілерін шешу навигацияның жабылуынан кейін 3-4 күн ішінде жүргізіледі.
Тармақ 49
49. Навигациялық жабдықтың белгілерін құру және алу кезінде қосымша қосалқы флот пайдаланылады, яғни 1-2 бригадаға сүйрейтін кемемен қоса бір баржы-алаңша есептеледі.
Тармақ 50
50. Навигациялық кезеңде ахуалдық учаскелерді айналып өту уәкілетті органның кәсіпорнымен әзірленетін айналып өту кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 51
51. Айналып өту кезінде тереңдерді өлшеу, белгілердің орнын ауыстыру, белгілерді қоқыстар мен шөптерден тазалау, су болып қалған және сынған белгілерді ауыстыру, жарық сигналдық қондырғыларды тексеру және ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Тармақ 52
52. Ахуалдық базада болған жағдайда навигациялық белгілері жөндеу, оларды кептіру, тазалау және бояу, жаңа белгілерді жинау, зәкірлерді дайындау бойынша жұмыстар, сондай-ақ кемелерге және басқа да жүзу құралдарына (қайықтар, понтондар) қызмет көрсету жұмыстар орындалады.
Тармақ 6. 6-параграф. Трал жұмыстары
6-параграф. Трал жұмыстары
Тармақ 53
53. Трал жұмыстарын арнайы тралдық бригадалары орындайды. Қажет болған жағдайда жергілікті және авариялық тралдауды жабдықталған бригадамен орындауға болады.
Тармақ 54
54. Тралдық бригадалар кемелерде орналасады. Бригадалар міндетті түрде екі моторлы қайықпен, қатты және жұмсақ тралмен жабдықталған болуы тиіс.
Тармақ 55
55. Трал жүргізудің сипаттамасы және мерзімі бойынша жалпы, жергілікті және авариялық болып бөлінеді.
Тармақ 56
56. Жалпы трал уәкілетті органның кәсіпорнымен бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.
Тармақ 57
57. Жалпы трал бойынша жұмыстар жоғары учаскеден су тасқынының төмендеуінде басталады.
Тармақ 58
58. Кепілдендірілгеннен 1,5 есе асатын терең өңіп кеткен учаскелерден басқа жалпы тралдау жұмыстарын транзиттік кеме жолдарының барлық бойында орындайды.
Тармақ 59
59. Жергілікті трал жұмыстарын жалпы тралдау жұмыстары кезіндегі аралықта барлық судың саяз жерлерінде, босағаларда, кеме тоқтайтын жерлерде және де жағалаулардың қатты шайылған учаскелерінде, сондай-ақ кеме жолдары такелажбен, бөренелермен ластануы мүмкін учаскелерде жүргізеді. Тралданатын жолдың ені кеме жолдарымен жүретін жүзбелі белгілермен қоршалған еніне сәйкес болуы керек.
Тармақ 60
60. Авариялық тралдау жұмыстары қандай да бір су жолының учаскелерінде кемеге қауіп туғызатын зәкір, лот немесе басқа да бір зат суға батқан кезде, немесе кеме әлде салдар апатқа ұшыраған жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 7. 7-параграф. Кеме қатынасының қарқындылығына талдау жүргізу
7-параграф. Кеме қатынасының қарқындылығына талдау жүргізу
Тармақ 61
61. Су жолдарының қызмет көрсетілетін кеме қатынасы учаскелерінің ұзақтығына қажеттілікті айқындау және жол жұмыстарының жоспарланып отырған көлемін өзектендіру мақсатында кеме қатынасының қарқындылығына талдау жүргізіледі.
Тармақ 62
62. Ішкі су жолдарындағы кеме қатынасы учаскелерінде кеме қатынасының қарқындылығын талдауды уәкілетті орган уәкілетті органның кәсіпорнымен бірлесіп бес жылда бір рет жүргізеді.
Тармақ 63
63. Кеме қатынасының қарқындылығын талдау жоспарланған тасымалдау маршруттары және кеме қатынасы ұйымдары ұсынатын жүктер мен жолаушыларды тасымалдау маршруттары туралы деректер негізінде жүргізіледі.
Басқа 1. Жол жұмыстарын орындау үшін қолданылатын кемелердің құрамы
Ішкі су жолдарында кеме
қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз
ету жөніндегі жол жұмыстарын
жоспарлау және жүргізу
қағидаларына
қосымша
Жол жұмыстарын орындау үшін қолданылатын кемелердің құрамы
Р/с №
Атауы
Кеме түрі
Саны
1
Өзендердегі жабдықталған бригада
Жабдықталған кеме
1 бірлік
2
Су қоймаларындағы жабдықталған бригада
Буксирлік сүйрейтін кеме немесе жабдықталған кеме
1 бірлік
Жабдықталған баржа
1 бірлік
3
Арналық іздестіру партиясы
Іздестіру кемесі немесе өлшеу катері
1 бірлік
Мотоқайық
1 бірлік
Брандвахта
1 бірлік
Буксирлік сүйрейтін кеме*
1 бірлік
4
Түзету бригадасы
Грейферлі қалқымалы кран
1 бірлік
Мотозавозня
1 бірлік
Қызметтік-қатынау кемесі
1 бірлік
Мотоқайық
1 бірлік
Буксирлік сүйрейтін кеме*
1 бірлік
Экологиялық кеме*
1 бірлік
Мұнай құятын баржасы*
1 бірлік
5
Түбін тазарту бригадасы
Буксирлік кеме
1 бірлік
Кәріз жинайтын кеме (кран)
1 бірлік
6
Жеңіл топырақта жұмыс істеуге арналған жер қазу керуені
Рефулерлік немесе фрезерлік жерснаряд
1 бірлік
Мотозавозня
2 бірлікке
дейін
Брандвахта
1 бірлік
Буксирлік сүйрейтін кеме*
3 бірлікке
дейін
Экологиялық кеме*
1 бірлік
Мұнай құятын баржасы*
1 бірлік
7
Ауыр топырақта жұмыс істеуге арналған жер қазу керуені
Көпшөмішті жерснаряд немесе грейферлі қалқымалы кран
1 бірлік
Мотозавозня
2 бірлікке
дейін
Баржа немесе шаланда
2 бірлікке
дейін
Брандвахта
2 бірлікке
дейін
Буксирлік сүйрейтін кеме*
3 бірлікке
дейін
Экологиялық кеме*
1 бірлік
мұнай құятын баржасы*
1 бірлік
* - Аралас учаскелерде жұмыс істейтін бірнеше бригадаларға қызмет көрсетуге рұқсат етілген кемелер