Об утверждении типового договора сдачи внаем (поднаем) жилища детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей Күшін жойған
Басқа 0
Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін жалдауға (қосымша жалдауға) берудің үлгі шартын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін жалдауға (қосымша жалдауға) берудің үлгі шарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін жалдауға (қосымша жалдауға) берудің үлгі шарты
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 8 қарашадағы
№ 1172 қаулысымен
бекітілген
Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін жалдауға (қосымша жалдауға) берудің үлгі шарты
_______________ облысы, қаласы 20__ жылғы «___» ________________
№ __________ шарт
Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын ____________________
_____________________________________________________________________
(жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалардың Т.А.Ә.)
атынан ______________________________________________________________
(жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
орналастыру туралы ЖАО шешімі)
негізінде әрекет ететін жалға беруші _______________________________,
(баланың заңды өкілінің Т.А.Ә.)
жеке куәлігі/паспорты ______________________________________________,
(нөмірі, кім және қашан берілген, ЖСН)
және азамат(ша) _____________________________________________________
(жалға алушының (қосымша жалға алушының) Т.А.Ә.)
тұлғасындағы жалға алушы
жеке куәлігі/паспорты ______________________________________________,
(нөмірі, кім және қашан берілген, ЖСН)
төмендегілер туралы осы Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балалардың тұрғын үйін жалдауға (қосымша жалдауға) берудің
шартын (бұдан әрі - шарт) жасасты:
Тарау 1. 1. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні
1. Жалға беруші жалға алушыға (жалға алушының онымен бірге
тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелері болған жағдайда олардың
Т.А.Ә. және туыстық дәрежесі көрсетіледі) ___________________________
(жетім балалардың,
_____________________________________________________________________
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________ тиесілі
_____________________________________________ мекенжайында орналасқан
сипаттамасы осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын тұрғын үйді
қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген ____ бөлмеден тұратын, пайдалы
алаңы ______ шаршы метр, оның ішінде тұрғын алаңы _______ шаршы метр,
тұрғын емес алаңы ______ шаршы метр тұрғын үйді жалға (қосымша жалға)
береді.
Тұрғын үйді қабылдау-тапсыру актісі еркін нысанда жасалады,
онда тиісті актіге қол қою сәтіндегі тұрғын үйдің санитарлық,
техникалық жай-күйі және басқа да сипаттамалары көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Шарт жасасудың негіздері
2. Шарт жасасудың негіздері
2. ____________________________________________________________
(қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды
жүзеге асыратын органның атауы)
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
органының жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалардың тұрғын үйін жалға (қосымша жалға) беру мүмкіндігі туралы
20__ жылғы «___» ____________ № _____ келісімі осы шартты жасасу үшін
негіз болып табылады.
Тарау 3. 3. Есеп айырысуды жүргізу тәртібі
3. Есеп айырысуды жүргізу тәртібі
Тармақ 3
3. Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем айына __ теңгені құрайды
(төлем мөлшері өңірдегі нарықтық құн бойынша тұрғын үйді жалдаудың
(қосымша жалдаудың) бағасы ескеріле отырып белгіленеді).
Жалға беруші тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шарты бойынша алған
төлем жалға берушімен жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балалардың банктегі есепшотына аударуға жатады.
Тармақ 4
4. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға
жұмсалатын шығыстар үшін төлемді жалға алушы кондоминиум объектісін
басқару органының шоттары бойынша жүргізеді.
Жалға алушы қызмет көрсетушіге жеке шарттар бойынша
көрсетілетін коммуналдық және басқа да қызметтерге ақы төлеуді
тікелей жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Осы шарт бойынша бүкіл есеп айырысулар мынадай тәртіппен
жүргізіледі:
Тармақша 1
1) жалға алушы (қосымша жалға алушы) осы шартты жасасқан сәттен
бастап күнтізбелік бес күн ішінде тұратын алғашқы айға толық көлемде
алдын ала толем жасайды;
Тармақша 2
2) одан кейінгі төлемді жалға алушы айдың бесінші күнінен
кешіктірмей жүргізеді. Төлем мерзімдері сақталмаған жағдайда мерзімі
өткен әрбір күнге төлем сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде өсімпұл
есептеледі.
Тармақ 6
6. Осы шарт бойынша бір айдан артық ақы төленбеген жағдайда
жалға беруші тұрғын үйді босатуды талап етуге немесе сот шығындарының
орнын толтыра отырып, жалға алушыдан төлемді мәжбүрлеп өндіріп алу
туралы сотқа жүгінуге құқылы.
Тармақ 7
7. Жалға алушы тұрғын үйді, инженерлік желілерді және ортақ
пайдаланылатын орындарды тұрғын үй элементтерінің техникалық
сипаттамасының нашарлауына, ақауына, бүлінуіне, қирауына алып
келетіндей тиісінше күтіп пайдаланбаған кезде жалға беруші жалға
алушы өтеуге тиіс келтірілген зиян мөлшерін көрсете отырып, акт
жасайды. Келтірілген зиянның көрсетілген мөлшерінің құнына жалға
алушы келісім берген кезде Тараптар актіге қол қояды. Жалға алушы
өтеуге жататын келтірілген зиянның құнымен келіспеген жағдайда
өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Тараптардың құқықтары
4. Тараптардың құқықтары
Тармақ 8
8. Жалға беруші:
Тармақша 1
1) жалға алушының немесе жалға алушы отбасының кәмелетке толған
мүшесінің (бар болған жағдайда) келісімі бойынша және қатысуымен
берілген тұрғын үйдің тұрғын және қосалқы үй-жайларының техникалық
қондырғылары конструкцияларының жай-күйіне тексеру жүргізуге;
Тармақша 2
2) осы шартты 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексінің 401, 402, 403-баптарының негізінде
бұзуға және (немесе) өзгертуге;
Тармақша 3
3) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақының уақытында және
толық аударылуын, тұрғын үйдің мақсатты пайдаланылуын бақылауды
жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмысының нәтижесін тараптар кол
қойған қабылдау-тапсыру актісі бойынша қабылдауға құқылы.
Тармақ 9
9. Жалға алушы:
Тармақша 1
1) өзі және (немесе) өзінің отбасы мүшелері (бар болған
Тармақша жағдайда
жағдайда) алты айдан артық мерзімде болмаған кезде жалға берушіні бұл
туралы жазбаша хабардар еткен және болмаған бүкіл кезеңі үшін тұрғын
үйді пайдаланғаны үшін төлемақыны енгізген және осы шарт бойынша
міндеттемелерін орындаған жағдайда тұрғын үйді пайдалану құқығын
өзіне қалдыруға;
Тармақша 2
2) жалға алушы уақытша болмайтын тұрғын үйде тұрып жатқан жалға
алушының отбасы мүшелері (бар болған жағдайда) осы шартта белгіленген
талаптар бойынша тұрғын үйді пайдалануға құқылы. Бұл ретте олар осы
шарт бойынша құқықтарды жүзеге асырады және міндеттерді атқарады;
Тармақша 3
3) қажет болған жағдайда, жалға берушіден тексеру актісін жасай
отырып, берілген тұрғын үйдің, оның ішінде конструкциялар мен
техникалық құрылғылардың жай-күйіне жоспардан тыс тексеру жүргізуді
талап етуге;
Тармақша 4
4) жалға беруші жалға алушыны жалға берілген мүлікке үшінші
тараптың барлық құқықтары туралы (сервитут, кепіл құқығы және т.б.)
ескертуге байланысты міндеттерін орындамаған жағдайда мүлікті
пайдаланғаны үшін төлемді азайтуды немесе шартты бұзуды талап етуге
құқылы.
Тарау 5. 5. Тараптардың міндеттері
5. Тараптардың міндеттері
Тармақ 10
10. Жалға беруші:
Тармақша 1
1) осы шартқа Тараптар қол қойғаннан кейін күнтізбелік бес күн
ішінде қабылдау-тапсыру актісі бойынша жалға алушыға белгіленген
техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға жауап
беретін жай-күйдегі тұрғын үй беруге;
Тармақша 2
2) жалға алушыны жалға берілген мүлікке үшінші тараптың барлық
құқықтары туралы (сервитут, кепіл құқығы және т.б.) ескертуге;
Тармақша 3
3) жалға алушыны (оның талабы бойынша) тұрғын үйді
күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге арналған тарифтермен және
есептемелермен таныстыруға;
Тармақша 4
4) егер тұрғын үй-жай не тұрғын үй (тұрғын ғимарат) Тараптарға
байланысы жоқ мән-жайлардың әсерінен мақсаты бойынша пайдалануға
жарамсыз жай-күйге, авариялық жай-күйге түссе немесе бұзылуға тиіс
болса, жалға беруші аталған жағдай анықталғаннан бастап үш ай мерзім
ішінде осы шартты бұзуға;
Тармақша 5
5) авариялар болған және форс-мажорлық ахуалдар туындаған
жағдайда, оларды жою бойынша дереу барлық қажетті шараларды
қабылдауға;
Тармақша 6
6) жалға алушыға осы шартта белгіленген тәртіпте тұрғын үйге
иелік етуге және пайдалануға кедергі келтірмеуге;
Тармақша 7
7) осы шарттың талаптары немесе тұрғын үйді пайдаланғаны үшін
төлем мөлшері өзгерген жағдайда тұрғын үйді пайдаланғаны үшін кезекті
төлем енгізуден күнтізбелік отыз күн бұрын жалға алушыға осы жағдайды
хабарлауға;
Тармақша 8
8) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем енгізудің кезекті
мерзіміне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мерзімі өтіп кеткен
төлемдер үшін өсімпұл және айыппұл есептелгені туралы жалға алушыға
жазбаша хабарлауға міндетті.
Тармақ 11
11. Жалға алушы:
Тармақша 1
1) тұрғын үйді тікелей мақсатына сай пайдалануға;
Тармақша 2
2) тұрғын үйді техникалық жарамды және тиісті санитарлық
жағдайда күтіп-ұстауға;
Тармақша 3
3) тұрғын үйді, ортақ пайдаланылатын орындарды пайдаланудың
қағидаларын, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін және үй
маңындағы аумақты күтіп-ұстау қағидаларын, өртке қарсы және
техникалық қауіпсіздік қағидаларын сақтауға;
Тармақша 4
4) жалға (қосымша жалға) берілген тұрғын үйдің суды, электр
энергиясын есептеу аспаптарының, электрмен жабдықтау, жылумен
жабдықтау, сумен жабдықтау, суды бұру жүйелерінің, басқа
элементтерінің ақаулары анықталғаны туралы жалға берушіге уақтылы
хабарлауға;
Тармақша 5
5) тұрғын үйді қайта жаңартуды, қайта жоспарлауды және қайта
жабдықтауды жүргізбеуге;
Тармақша 6
6) тұрып жатқан тұрғын үйді (пәтерді, бөлмені) басқа жалға
алушылармен ауыстыруды жүргізбеуге;
Тармақша 7
7) осы шарттың талаптарына сәйкес белгіленген мөлшерде тұрғын
үйді пайдаланғаны және коммуналдық қызметтер үшін уақытында төлем
енгізуге;
Тармақша 8
8) күндізгі уақытта, ал төтенше жағдайлар кезінде түнгі уақытта
да тұрғын үйдің элементтерін қарауды және жөндеуді жүргізу үшін
авариялық қызметтер өкілдерін кіргізуге;
Тармақша 9
9) жалға берушіге жалға алушының немесе оның отбасы мүшелерінің
(бар болған жағдайда) кінәсінен болған тұрғын үй мен оның
жабдықтарының бүлінуіне байланысты залалдарды өтеуге;
Тармақша 10
10) осы шартты мерзімінен бұрын бұзған немесе оның мерзімі өтіп
кеткен кезде он күнтізбелік күн ішінде Тараптар қол қойған тұрғын
үйді беру актісі бойынша жалға берушіге тұрғын үйді қайтаруды
қамтамасыз етуге;
Тармақша 11
11) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін аванспен төлемдер жасауға;
Тармақша 12
12) тұрғын үйге жылына бір реттен сиретпей ағымдағы жөндеу
жүргізуге;
Тармақша 13
13) шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда бұл туралы жалға
берушіге кемінде бір ай бұрын ескертуге не сол ай үшін шартта
белгіленген ақыны төлеуге міндетті.
Тарау 6. 6. Жалдау шартын тоқтатудың негіздері, салдарлары және тәртібі
6. Жалдау шартын тоқтатудың негіздері, салдарлары және тәртібі
Тармақ 12
12. Осы шарт Тараптардың бірінің бастамасы бойынша кемінде
күнтізбелік отыз күн бұрын басқа Тарапқа жазбаша ескерте отырып,
кез-келген уақытта бұзылуы, тоқтатылуы мүмкін.
Тармақ 13
13. Осы шарт мынадай:
Тармақша 1
1) осы шарт мерзімі аяқталған;
Тармақша 2
2) тұрғын үй иесі жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балалардың тұруы қажет болған (жетім балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда болу мерзімінің
Тармақша аяқталуы
аяқталуы);
Тармақша 3
3) жалға алушы осы шарт талаптарын орындамаған жағдайларда
өзінің қолданысын тоқтатады.
Тармақ 14
14. Осы шарт тоқтатылған не бұзылған жағдайда жалға алушы мен
онымен бірге тұратын отбасы мүшелері (бар болған жағдайда) шығарылуға
жатады.
Тармақ 15
15. Жалға алушының жеке қаражаты есебінен жүргізілген жөндеу
және үйдің конструкцияларына зиян келтірмей бөліп алынбайтын тұрғын
үйді жақсарту жалға берушіге тұрғын үймен бірге тапсырылады және
жалға берушінің тарапынан өтеуге жатпайды.
Тармақ 16
16. Осы шартты тоқтату, бұзу кезінде Тараптардың қатысуымен
тұрғын үйді жалға алушыдан жалға берушіге тапсыру актісі жасалады.
Тарау 7. 7. Тұрғын үйді қабылдау-тапсыру мерзімі және тәртібі
7. Тұрғын үйді қабылдау-тапсыру мерзімі және тәртібі
Тармақ 17
17. Жалға беруші осы шартқа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік
бес күн ішінде Жалға алушыға тұрғын үйді қабылдау-беру актісі бойынша
тапсырады.
Тармақ 18
18. Жалға алушы тұрғын үйді осы шартты тоқтату, бұзу мерзімдері
аяқталған кезден бастап бір күнтізбелік күн ішінде жалға берушіге
Тараптар қол қойған тұрғын үйді тапсыру актісі бойынша тапсырады.
Тарау 8. 8. Дауларды қарау тәртібі
8. Дауларды қарау тәртібі
Тармақ 19
19. Осы шарттан немесе оған байланысты туындауы мүмкін
Тараптардың арасындағы даулар келіссөздер арқылы, ал келісімге қол
жеткізілмеген жағдайда сот тәртібімен шешіледі.
Тарау 9. 9. Қорытынды ережелер
9. Қорытынды ережелер
Тармақ 20
20. Осы шарт бірдей заңдық күші бар мемлекеттік және орыс
тілдерінде үш данада жасалды. Осы шарттың бір данасы баланың заңды
өкілінде сақталады, екіншісі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органға беріліп, қатаң есептілік құжаты
ретінде сақталады, ал үшіншісі жалға алушыға беріледі және тұрғын
үйге қоныстануға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады.
Тармақ 21
21. Осы шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша
нысанда жазылса және оларға Тараптар қол қойса, жарамды болады.
Тармақ 22
22. Осы шарт 20__ жылғы «___» _____________ бастап күшіне енеді
және 20__ жылғы «___» ______________ дейін қолданылады.
Тарау 10. 10. Тараптардың мекенжайлары және деректемелері
10. Тараптардың мекенжайлары және деректемелері
Жалға беруші Жалға алушы
___________________________ __________________________
___________________________ __________________________
___________________________ __________________________
Тараптардың қолдары
Жалға беруші ______________ Жалға алушы ______________
(Т.А.Ә., қолы) (Т.А.Ә., қолы)
Ескерту: Жалға алушының онымен бірге тұратын кәмелетке толған
отбасы мүшелері болған жағдайда олардың осы шарттың талаптарымен
танысқандығы жөнінде белгі қойылады.