Об утверждении типового паспорта антитеррористической защищенности объектов, уязвимых в террористическом отношении Күшін жойған
Басқа 0
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспорты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспорты
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 1217 қаулысымен
бекітілген
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспорты
____________________________________________
(объектінің атауы)
БЕКІТЕМІН: КЕЛІСІЛДІ:
Объектінің басшысы Бастық
_____________________________
(аумақтық ішкі істер органы
бөлінісінің атауы
____________________________ _____________________________
(қолы, Т.А.Ә.) (қолы, Т.А.Ә.)
20__ жылғы "___" ___________ 20__ жылғы "___" ____________
мөр орны мөр орны
________________________
(елді мекеннің атауы)
________________
(жасалған күні)
Мазмұны
Тармақ 1
1. Объекті туралы жалпы мәліметтер
Тармақ 2
2. Объектінің сипаты
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес объектінің инженерлік-техникалық жарақтандырылуы және терроризмге қарсы қорғалуы туралы мәліметтер
Тармақ 4
4. Объектінің жоспары
Тармақ 5
5. Объекті ғимаратының (құрылысының) қабат бойынша жоспарлары
Тармақ 6
6. Объекті ғимаратының (құрылысының) инженерлік коммуникациялық схемасы
Тарау 1. 1-тарау. Объект туралы жалпы мәліметтер
1-тарау. Объект туралы жалпы мәліметтер
Тармақ 1
1. Объект туралы жалпы ақпарат:
Тармақша 1
1) санаты;
Тармақша 2
2) қызметінің бейіні;
Тармақша 3
3) толық және қысқаша атауы;
Тармақша 4
4) ведомстволық тиесілігі, ұйымдық-құқықтық нысаны;
Тармақша 5
5) мөр бедерінің үлгісі;
Тармақша 6
6) пошталық мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы;
Тармақша 7
7) басшының, басшы орынбасарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жұмыс, үй және ұялы телефондары).
Тарау 2. 2-тарау. Объектінің сипаты
2-тарау. Объектінің сипаты
Тармақ 2
2. Объектінің жалпы алаңы (шаршы метр).
Тармақ 3
3. Аумақта автопаркингтің (тұрақ орнының саны), бөлек ғимараттар мен құрылыстардың болуы.
Тармақ 4
4. Периметрі бойынша қоршау, периметрді және объектінің периметрімен шектесетін басқа да аумақтың учаскелерін күзет шебімен жабдықтау.
Тармақ 5
5. Объектінің әрбір жеке ғимаратындағы және құрылысындағы үй-жайлардың саны (бірлік, шаршы метр).
Тармақ 6
6. Объектідегі әрбір ғимараттың есепті сыйымдылығы (ең көп/ең аз адам).
Тармақ 7
7. Объектінің жұмыс (объектіге келу) режимі.
Тармақ 8
8. Әрбір ғимаратқа және құрылысқа арналған кіретін және шығатын бөлек есіктерінің (оның ішінде қосымша және апаттық) саны.
Тармақ 9
9. Эвакуация жолдарының болуы және саны.
Тарау 3. 3-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес объектінің инженерлік-техникалық жарақтандырылуы және терроризмге қарсы қорғалуы туралы мәліметтер
3-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес объектінің инженерлік-техникалық жарақтандырылуы және терроризмге қарсы қорғалуы туралы мәліметтер
Тармақ 10
10. Объектіні жеке күзету бойынша қызметтер көрсететін күзет қызметі субъектісі (бұдан әрі – КҚС) _______________________________.
(КҚС-тың атауы, күзет қызметтеріне арналған шарт №, күзет қызметімен айналысу құқығына арналған лицензияның №, берілген күні, кім берді)
Тармақ 11
11. Объекті қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған адамдардың (оның ішінде жеке күзет ұйымы, тәуліктік жасақ, қарауыл, кезекші жауынгерлік ауысым жұмыскерлерінің) саны:
Жұмылдырылған жұмыскерлердің, қызметкерлердің, әскери қызметшілердің барлығы: __;
күндізгі ауысымға: ____ ___сағат__минуттан ___сағат___ минутқа дейін;
түнгі ауысымға: ____ ___сағат__минуттан ___сағат___ минутқа дейін;
тәулік бойы: ____ ___сағат__минуттан ___сағат___ минутқа дейін.
Тармақ 12
12. Объекті қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған, оның ішінде тәуліктік жасақтағы, қарауылдағы, кезекші жауынгерлік ауысымдағы жеке күзет ұйымы жұмыскерлерінде, қызметкерлерде, әскери қызметшілерде қару-жарақ пен арнайы құралдардың болуы:
қызметтік, табельдік атыс қаруы _______ бірлік.
арнайы құралдар ________________________________________________;
(әрбір түрінің және моделінің атауы мен саны көрсетілсін)
қызметтік (қарауылдық) иттердің саны ___________________________.
Тармақ 13
13. Техникалық қауіпсіздік құралдарының көмегімен объектіні күзету қызметтерін көрсететін күзет қызметінің субъектісі __________.
(КҚС-тың атауы, күзет қызметтеріне арналған шарт №, күзет қызметімен айналысу құқығына арналған лицензия №, берілген күні, кім берді)
Тармақ 14
14. Объектінің терроризмге қарсы қорғалуы бойынша қойылатын талаптарға сәйкестігі ______________________________________________.
(сәйкестік дәрежесін көрсету: толығымен сәйкес келеді/ішінара сәйкес келеді/сәйкес келмейді)
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қойылатын талаптарға сәйкес объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген қосымшамен ресімделеді).
Тарау 4. 4-тарау. Объектінің жоспары (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымшамен ресімделеді)
4-тарау. Объектінің жоспары (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымшамен ресімделеді)
Тармақ 16
16. Объектінің жоспарында:
Тармақша 1
1) учаскенің (объекті аумағының) шекарасы, атауы, сондай-ақ объекті аумағына іргелес көшелер мен өту жолының орналасуы;
Тармақша 2
2) объекті аумағында бөлек ғимараттар мен құрылыстардың орналасуы;
Тармақша 3
3) объекті аумағына/аумағынан кіретін/шығатын (негізгі, қосалқы, авариялық) есіктер;
Тармақша 4
4) объектінің инженерлік коммуникациялық (объекті аумағында жүргізілген, ғимараттар мен құрылыстарды электрмен, сумен, газбен және жылумен жабдықтау желілері ауаны желдету және баптау) сызбасы;
Тармақша 5
5) күзет, тәуліктік жасақтар, қарауыл, кезекші жауынгерлік ауысым қызмет өткеретін бекеттер, сондай-ақ техникалық бақылау құралдары, күзет сигнализациясы, бейнебақылау камералары орналастырылған жерлер;
Тармақша 6
6) жарылғыш қауіпті, өртке қауіпті, улы заттарды, қауіпті биологиялық, ядролық және радиоактивті материалдарды сақтау (өндіру) орындары;
Тармақша 7
7) төтенше жағдайлар, оның ішінде терроризм актілері қаупі туралы хабарлау құралдарының болуы көрсетіледі.
Тарау 5. 5-тарау. Объекті ғимараттарының (құрылыстарының) қабат бойынша жоспары (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымшамен ресімделеді)
5-тарау. Объекті ғимараттарының (құрылыстарының) қабат бойынша жоспары (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымшамен ресімделеді)
Тармақ 17
17. Қабат бойынша жоспарда:
Тармақша 1
1) ғимараттан/ғимаратқа шығатын/кіретін (негізгі, қосалқы, авариялық) есіктер;
Тармақша 2
2) техникалық бақылау құралдары, күзет және өрт сигнализациясы, бейнебақылау камералары;
Тармақша 3
3) күзет, тәуліктік жасақтар, қарауыл, кезекші жауынгерлік ауысым қызмет өткеретін бекеттерінің орналасуы;
Тармақша 4
4) авариялық және төтенше жағдайлар туындаған кезде персонал мен келушілерді эвакуациялау схемасы;
Тармақша 5
5) зардап шеккендерді орналастыруға және алғашқы көмек көрсетуге арналған болжамды орындар («Ғимарат ішіндегі қауіпсіз аймақ», пана) көрсетіледі.
Тарау 6. 6-тарау. Объекті ғимараттарының (құрылыстарының) инженерлік коммуникациялық схемалары (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымшамен ресімделеді)
6-тарау. Объекті ғимараттарының (құрылыстарының) инженерлік коммуникациялық схемалары (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымшамен ресімделеді)
Тармақ 18
18. Объекті ғимаратының (құрылысының) инженерлік коммуникациялық схемасында:
Тармақша 1
1) объекті ғимаратын (құрылысын) электрмен жабдықтау схемасы;
Тармақша 2
2) объекті ғимаратын (құрылысын) сумен жабдықтау схемасы;
Тармақша 3
3) объекті ғимаратын (құрылысын) газбен жабдықтау схемасы;
Тармақша 4
4) объекті ғимаратын (құрылысын) жылумен жабдықтау схемасы;
Тармақша 5
5) телекоммуникация, ауаны желдету және баптау желілерінің схемасы;
Тармақша 6
6) құлып салынатын люктар мен торлар орнатылған (ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларында) жерлер, сондай-ақ олардың кілттерін сақтайтын орындар көрсетіледі.
📌 Ескертпе. Ішкі істер органдарының мемлекеттік бақылауына жатпайтын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспорттары «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөліністері басшыларымен келісуге жатпайды.