О некоторых мерах по защите прав и охраняемых законом интересов инвесторов на рынке ценных бумаг Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау жөніндегі кейбір шарлар туралы Бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңы (бұдан әрi "Заң" деп аталады) 10-бабының алтыншы азатжолын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағының 17) тармақшасын орындау үшiн, Заңның 34-бабы 9-тармағының, аталған Ереженiң 4-тармағы 23) тармақшасының және 5-тармағы 11) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 шiлдедегі N 944 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу туралы ереженiң 41-тармағы в) тармақшасының негізiнде Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Тiркеушiнiң (ол Заңның 2-бабында айқындалған) ол қызмет көрсететiн эмитенттердiң мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссияларының жай-күйiне бақылау жасауды осы эмитенттердiң Ұлттық комиссияға бағалы қағаздарын шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептер беру мерзiмдерiн дербес есептеу арқылы:
Тармақша 1
1) эмитенттердiң Заңның 24-бабы 1-тармағында белгiленген мiндетiне;
Тармақша 2
2) эмитенттердiң бағалы қағаздардың эмиссиясына қатысты ұсынған құжаттарына (бағалы қағаздардың эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктерге, бағалы қағаздар эмиссияларының проспектiлерiне/шығарылым шарттарына, Ұлттық комиссияның бағалы қағаздардың эмиссияларына ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру туралы хаттарына (куәлiктерiне) және өзге де ықтимал құжаттарға) сүйене отырып жүзеге асыруға мiндеттi белгіленсiн.
Тармақ 2
2. Тiркеушiнiң ол қызмет көрсететiн эмитенттерге Ұлттық комиссияға бағалы қағаздарын шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептер берудiң қажеттiлiгi туралы жазбаша ескертпе жiберуге мiндеттi екендiгі белгiленсiн. Аталған жазбаша ескертпе:
Тармақша 1
1) эмитентке Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұлттық комиссияға бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептi берудiң соңғы күнi басталғанға дейiн кемiнде жиырма күнтiзбелiк күннен бұрын кешiктiрмей жiберiлуi керек;
Тармақша 2
2) жазбаша ескертпенiң мазмұнында эмитенттiң тiркеушiге Ұлттық комиссияға бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептi бергендігін растайтын құжаттарды ұсынудың қажеттiлiгі туралы жазба болуы керек;
Тармақша 3
3) жазбаша ескертпенің мазмұнында тiркеушi эмитенттен Ұлттық комиссияға бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептi бергендiгін растайтын қүжаттарды алмаған жағдайда, тiркеушiнiң осы Қаулының 3-тармағында белгiленген әрекеттердi қолданатындығы туралы жазба болуы керек. Аталған жазбаны енгiзудiң орнына жазбаша ескертпеге тиiстi сiлтеме енгiзе отырып жазбаша ескертпеге қосымша ретiнде осы Қаулының көшiрмесiн эмитентке жiберуге жол берiледi.
Тармақ 3
3. Тiркеушi эмитенттен Ұлттық комиссияға бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептi бергендiгiн растайтын құжаттарды алмаған жағдайда, тiркеушiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұлттық комиссияға аталған есептi берудiң соңғы күнiнен кейiнгi күнi:
Тармақша 1
1) соттың заңды күшiне енген шешiмiн орындау жөнiндегi; үзiндi-көшiрмелерге осы бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар жүргiзудi тоқтата тұру туралы жазбаны мiндеттi түрде енгізе отырып бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiнен үзiндi-көшiрмелер беру жөнiндегі операцияларды қоспағанда: эмитентпен осы бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргізуге жасасқан шартты (бұдан әрi "Шарт" деп аталады) қолдануды бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар (оның iшiнде бағалы қағаздарды эмитенттiң эмиссиялық шотынан бағалы қағаздар ұстаушылардың дербес шотына аудару жөнiндегі операциялар) жүргiзу бөлiгiнде тоқтата тұруға;
Тармақша 2
2) эмитенттi; тiркеушiнiң бас кеңсесiнде және филиалдарында осы бағалы қағаздарды ұстаушылар үшiн қолайлы орындарда тиiстi хабарландырулар орналастыру арқылы осы бағалы қағаздарды ұстаушыларды; бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушыларына жеке хабарлар жiберу арқылы (оларға өздерiне тиесiлi бағалы қағаздарын нақтылы ұстауға берген тұлғаларды олардың дербес шоттары бойынша операциялар жүргiзудi тоқтата тұру туралы жазбаша ескерту мiндетiн жүктей отырып) бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушыларын; өздерiнiң трансфер-агенттерiн (оларға олардың трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асыруға қатысатын бөлiмшелерiнiң үй-жайларында тиiстi хабарламалар орналастыру мiндетiн жүктей отырып): бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар жүргізу бөлігінде Шартты қолдануды тоқтата тұру туралы жазбаша ескертуге;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар жүргiзу бөлігінде Шартты қолдануды тоқтата тұру туралы және тiркеушiнiң қолданған әрекеттерi туралы Ұлттық комиссияға хабарлауға мiндеттi екендігі белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар жүргізу бөлiгiнде Шартты қолдануды тоқтата тұрудың осы бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушының олармен осы нақтылы ұстаушының клиенттерiнiң арасында, сондай-ақ нақтылы ұстаушының және оның клиенттерiнiң арасында операциялар жүргiзудi тоқтата тұруға әкеп соғатындығы белгiленсiн. Бұл ретте нақтылы ұстаушы тиiстi клиенттердi бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар жүргізу бөлiгiнде Шартты қолдануды тоқтата тұру туралы, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың эмиссиясын Ұлттық комиссия Заңның 21-бабы 1-тармағының төртiншi азатжолына және 24-бабының 5-тармағына сәйкес болмаған деп тану мүмкiн екендігі туралы жазбаша ескертуi керек.
Тармақ 5
5. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың дербес шоттары бойынша операциялар (оның iшiнде бағалы қағаздарды эмитенттiң эмиссиялық шотынан бағалы қағаздар ұстаушылардың дербес шотына аудару жөнiндегi операциялар) жүргізу бөлiгiнде Шартты қолдануды жаңартуды эмитенттiң бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есептi Ұлттық комиссияға бергендігін растайтын құжаттардың негiзiнде тiркеушiнiң жүзеге асыратындығы белгiленсiн. Бұл ретте тiркеушi Шартты қолдануды жаңарту туралы эмитенттi, осы бағалы қағаздардың ұстаушыларын (оның iшiнде осы бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушыларын), өздерiнiң трансфер-агенттерiн және Ұлттық комиссияны осы Қаулының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген тәртiпте жазбаша ескерту керек.
Тармақ 6
6. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндігі белгiленсiн.
Тармақ 7
7. Тiркеушiлер осы Қаулы күшiне енгiзiлгеннен бастап алпыс күн iшiнде өздерiнiң бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргізу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерiне оларды осы Қаулымен белгіленген нормаларға сәйкес келтiру мақсатында өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге мiндеттелсiн.
Тармақ 8
8. Тiркеушiлерге осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) олар қызмет көрсететiн эмитенттердiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндет жүктелсiн.
Тармақ 9
9. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқарммасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және "Қазақстан Тiзiлiм ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң мүшелерi болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алуға ниет бiлдiрген ұйымдардың назарына жеткiзсiн.
Тармақ 10
10. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының корпоративтiк қаржылар басқармасына және Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсiн.